Сіздерді «Ол кім? Бұл не?» атты қызықты және танымды балалар энциклопедиясымен танысуға шақырамыз!
Энциклопедия баланың дүнетанымын жетілдіріп, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына игі ықпал ететін, адам өмірі мен тыныс-тіршілігінің сан алуан салаларымен таныстырады, оқырманның күнделікті өмірде өзін қызықтырып, сырын білгісі келген сұрақтарының шешімін табуына көмектеседі.
Энциклопедия жас оқырмандардың орта білімін арттыруға, зеректілігін шыңдауға, дүниетанымын байытуға бағытталған әлемдік және отандық ең маңызды ұғымдар, терминдер және тұлғалар еніп отыр.
Ол кім. Бұл не? [Мәтін] : балалар энциклопедиясы. 3 т. 1 т. / [құраст. И. Хасенұлы] . – [ өңд., толықт. 2-ші бас.]. — Алматы: Дәуір, 2025. — 648 б.
Бұл энциклопедия әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Мұнда ғарыш, табиғат құбылыстары, жануарлар әлемі, тарихи оқиғалар, ұлы қайраткерлер, әйгілі шайқастар, шет мемлекеттер жайлы алуан түрлі қызықты ақпараттар табуға болады.
Сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап береді. Қиял мен логикалық ойлауды дамытады.
Кітапта көп суреттер мен иллюстрациялар бар, бұл оқуды жеңіл әрі қызықты етеді.
«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы — баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін, білімге деген құштарлығын оятатын тамаша кітап. Бұл — кішкентай зерттеушілер үшін үлкен әлемге жол ашатын алғашқы қадам.
Кітапханамызға келіп, «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясымен танысып, жаңа білімге қадам басыңыз!