Құрметті жасөспірім оқырмандар!
Сендер ертегіні өте жақсы көресіңдер, бұл ешбір күмән тудырмайтын ақиқат шындық! Өйткені сендер кішкентай кездеріңнен ата-әжелеріңнен естіген ертегілерге бауыр басып, солардан алған үлгі-өнегелеріңе еліктеп, өсіп келесіңдер.
Осылайша ертегі кейіпкерлерінен үйренген: сүйіспеншілік, татулық, мейірімділік, ұстамдылық, адалдық сияқты адамзат үшін айрықша бағалы саналатын асыл қасиеттерді бойларыңа толассыз сіңірудесіңдер.
Бүгінде әлем балаларының сүйікті жазушыларына айналған Шарль Перро мен Ағайынды Гриммдердің «Ертегілер» жинағын назарларыңызға ұсынамыз.
Перро, Ш. Ертегілер [Мәтін] / Перро Ш., Гриммдер А. ; [сурет. А. Құлбаева ; құраст. Ә. Файзуллаұлы ; дизайні Н. Айымбет]. — Алматы: Балауса, 2025. — 240 б.
Бұл жинаққа әлемге кеңінен танымал Шарлъ Перро мен Ағайынды Гриммдердің ең көркем ертегілері енгізілген.
Олар ғасырлар бойы балалардың қиялын баурап, жақсылық пен жамандықты, адалдық пен сатқындықты, еңбекқорлық пен жалқаулықты айқын бейнелер арқылы көрсетіп келеді. Әр ертегіде ғибратты ой, адамгершілікке тәрбиелерлік тағылым бар.
Жинақ жас оқырманды қиял-ғажайып әлемге жетелеп, мейірім мен әділетке, адалдық пен батылдыққа баулиды.
Бұл ертегілер бүгінде әлем балаларының ең сүйіп оқитын туындыларына айналған. Қаламгердің осынау шығармаларының өміршеңдігін паш етіп, бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде осылардың желісімен жазылған талай-талай опера мен балеттер қойылып келеді.
Бүгінде бұл жинақ ең үздік туынды ретінде әлем балалар әдебиетінің алтын қорына қосылған.

Бұл кітаптан орын алған «Қасқыр мен жеті лақ», «Жіп иіруші үш әйел», «Бақа патшазада», «Бұрқасын патшайым», «Құстұмсық король», «Ақылды Эльза» деп аталатын біраз ертегілері балақайларға ұсынылып отыр.
Бір ғажабы, халық арасынан жинақталған ежелгі көне ертегілерді күні бүгінге дейін балалар да, үлкендер де барынша зейін қоя қызығып оқиды.
Ендеше, балалар, ертегілер әлеміне қош келдіңдер!
Кітапханамызға келіп, осы ғажайып ертегілер жинағын оқып, рухани байыңыздар!
Ертегі — тәрбие мен қиялдың қазынасы