Меңдібай Әбілұлы
Меңдібай Әбілұлы — ғалым, ақын, жазушы -журналист. Ғылыми еңбектері Халықаралық «Түркі әлемі», «Аймақ», республикалық «Ұлт мұраты», «Нұрлы жол» (Ташкент), Достық үні» (Нөкіс), Жамбыл облыстық Ақ жол. «Ар-стан», Тараз қалалық «Жамбыл–Тараз» республикалық «Әдебиет айдыны» газеттері мен «Вестник-Хабаршы» (ҚазМҮУ- Алматы), «ТИГУ Жаршысы» Тараз «Өркен» (Нөкіс), «Қазақ тілі мен әдебиет» (Алматы), «Ұлағат» (Алматы), «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» (Алматы . «Мәдениет мінбер» (Тараз) т.б. журналдарда жарияланған.
2003-жылы «Қазақ әдебиетіндегі діни-исламдық поэзия» (Тараз) атты монографиясы жарық көрді.
М.Әбілұлы бірнеше рет облыстық, республикалық, Халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. 2011-жылы Тараз педагогикалық институтында «Жамбыл-әлем түркілері поэзиясынын алыбы» атты баяндама жасады. 2011-жылы 10-сәуірде Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өткізілген «Жамбыл және түркі халықтарының эпикалық мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Жамбыл-әлем түркілері поэзиясының алыбы» атты тақырыпта баяндама жасады.
2012- жылы «Ежелгі дәуірдегі балалар әдебиеті’», «Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті», «Ежелгі ғұн дәуіріндегі балалар адебиет» атты оқулықтары, «Жыраулар мен ақындар поэзиясындағы діни ағартушылық сарын (ХІ-ХVІІІ ғасырлар)» атты оқу құралы жарық көрді.
2013- жылы «Ежелгі дәуірдегі балаларға арналған көне эпостар», «Ежелгі дәуірдегі балалар ауыз әдебиет» атты хрестоматиялық оқу құралдарын құрастырды.
2014- жылы «Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті» атты оқу құралы жарыққа шықты, «Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар ауыз әдебиеті» деп аталатын хрестоматиялық оқу құралын құрастырды.
2014-жылы «Ежелгі дәуірдегі отбасылық балалар ауыз әдебиеті» атты оқу құралы баспадан жарық көрді.
М. Әбілұлы 2015-жылы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы «Тілдерді дамыту басқармасы» ұйымдастырған «Ұлытаудағы ұлы сөз» атты облыстық конференцияда «Ұлытау толғауынан туындаған ой» атты баяндама жасады.