Қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер.
Қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.
1959-1965 жылдары «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», «От және атом» және «Жетінші толқын» атты ғылыми-фантастикалық хикаяттары жарық көріп, жазушының соңғы шығармасы 1964 жылдан беріде мол таралыммен бірнеше мәрте басылып, 100 мың дана таралыммен орыс тілінде жарияланып, күллі Одаққа мәлім болды.
Қаламгер драма жанрымен де шұғылданған. Оның ұшқыр қаламынан 1968 жылдан беріде 7 драма туған.
Қаламгерді күллі Одаққа танытқан басты шығармасы — «Сәтбаев».
Тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтбаевтың ірі тақырыбы оның әдеби өмірбаянында басты болып табылады.
1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1986 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 2001 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
