Ермек Серкебаевтің — 100 жылдығы (1926-2013)

Кеңес Одағының халық әртісі, Қазақ­­­стан­­ның халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мем­лекеттік сыйлық­тарының лауреаты, Социа­листік Еңбек Ері, әйгілі әнші Ермек Бек­­­­мұ­хамедұлы Серкебаев.

Қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан, халық әндері мен халық композиторларының мәңгі жасайтын інжу-маржан шығармаларына табынып, құлшына шырқаудан танбаған, сондай-ақ, орыс және батыс классикалық туындыларын келіміне келтіріп, кемел орындаумен ерте танылған тау тұлға.

Ұлт мәдениетінің, әсіресе, классикалық музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол өнердегі жолын Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқи жү­ріп, 1947 жылы Абай атындағы опера және ба­­­лет театрында қойылған А.Жұбанов пен Л.Ха­­­­­ми­дидің классикалық туындысы — «Абай» опе­ра­сындағы Абай партиясын орындаудан бастады.