Сайын Мұратбековтің — туғанына 90 жыл (1936-2007)

  Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, прозашы, гуманист қаламгер, көркемсөз өнерінің үлкен шебері.

Қаламгер шығармаларында ауыл өмірі, адам тағдыры, адамгершілік, адалдық, ізгілік, табиғатпен үйлесімділік тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.

Қазақ әдебиетіне «Менің қарындасым», «Қылау», «Алғашқы қар», «Райгүл», «Жусан иісі» және тағы басқа ғажайып шығармалар берген жазушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.