Жамбыл — ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы, шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын. Ол өзінен кейінгі әр ұрпақтың ат басын арнайы бұрып, шөліркегенде тұнық жырларынан сусындар тұма бұлағы.
Жыр алыбы Жамбылдың асқақ жырлары бүгінде дәуір үніндей жаңғырығып, ақын есімін асқақтатып келеді.
Айтыс өнерінің біртума ақтаңгері.
ХХ ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері ерекше болғаны анық. Оның есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген. Жыр алыбының үздік шығармалары 40-тан астам тілге аударылған.