Күләш Ахметованің — 80 жылдығы (1946-2025)

    Ақынжурналистаудармашы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Күләш Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

Ақынның «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ — жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары бірнеше буын оқырмандардың жүрегінде із қалдырған.