Саңырық батыр Тоқтыбайұлының — 335 жылдығы (1691-1740)

Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батыр, қолбасшы.

Жамбыл өлкесінің тарихында ақын-абыздар, би-шешендер, батырлар, әулиелер өте көп болғаны белгілі. Солардың ішінде халық жады мен тарихи жазбаларда сақталған қазақтың Саңырық батырының алатын орны ерекше.

Жаугершілік заманда өзінің ел-жұртына әділдігімен медет болған Саңырық батырдың XVIII ғасырда жоңғарларға қарсы соғыста тойтарыс беріп қана қоймай, Бұланты, Аңырақай, Қаратаудағы шайқастарында айрықша көзге түсуі — батырдың тарихи тұлғасын айқындайды.