«ТЕАТР – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ ОРТАСЫ»

«ТЕАТР – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ ОРТАСЫ»

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай М.Әуезов атындағы кітапханасы  оқырмандарға театр өнерінің адам тәрбиесіндегі, рухани дамуындағы маңызын түсіндіру мақсатында «Театр – тәлім-тәрбие мен тағылым ортасы» атты ауызша журнал өткізді. Ауызша журнал барысында театрдың құрылу тарихы, М.Әуезовтің қазақ драматургиясына қосқан үлесі, сахна саңлақтарының шығармашылығы туралы мағлұмат берілді.