«МУЗЫКА — ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТІЛІ»

Ұлы дала шағын ауданының кітапханасында оқырмандарға Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай композитордың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Музыка — ұлттық рухтың тілі» атты өнер сағаты өткізілді.