«ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ДҮЛДҮЛІ»

Абай атындағы орталық кітапханасында «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның ақындық мұрасын насихаттау арқылы қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыру және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Өлең сөздің дүлдүлі» атты әдеби бенефист өткізілді.