Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым

Абай атындағы кітапханада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында «Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым» тақырыбында Көкшетау мен тараздық кітапханалар арасында опlіпе-телекөпір өткізілді. Жиынның басты мақсаты — ақын жырларының поэтикалық қуатына үңіліп, өмір жолы мен шығармашылығын талдап, насихаттау болды.

Іс-шараны Көкен Шәкеев атындағы Көкшетау қалалық жас ақындар мектебінің жетекшісі Мұхамед Қоңқаев пен Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абзал Есенұлы жүргізіп отырды.Online — телекөпір барысында XX ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың өмірі мен өнеріне кеңінен шолу жасалып, бейнематериалдар көрсетілді.

Сонымен қатар Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тілегенова, «Руханият және тарихтану» орталығының «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Қалыбек Атжан, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Тәліпбекқызы ақынның жыраулық қасиеті, айтыс өнеріндегі орны жайлы кеңінен толғанды. Бұдан соң Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Аягөз Махметова бастаған өзге де қатысушылар Жамбыл мұрасының маңызы жайлы ой қозғады.

Іс-шара барысында И.Панфилов атындағы гимназия мектебінің оқушылары Ақбота Ермекбай «Өмір жолы», Жұлдыз Бектемісова «Абайдың суреті» және жас кітапханашы Нұрлан Қыстаубаев «Ленинградтық өренім» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Балым Өскенбай,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.

Aq jol. – 2021. – 23 ақпан