
Абай атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 мамырдағы №1279 «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында «Кітап – рухани сарқылмас қазына» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқудың маңызын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зерделі ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.
Әдеби кеш барысында кітаптың адам өміріндегі рухани және тәрбиелік мәні кеңінен сөз болып, қатысушылар әдеби-танымдық сайыс арқылы білімдерін сынады. Оқырмандар өздері оқыған шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, сүйікті кітаптары мен әдеби кейіпкерлері туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар кітап пен заманауи ақпараттың өзара сабақтастығы, бүгінгі жастардың кітаптан іздейтін құндылықтары және зерделі ұрпақ қалыптастырудың маңызы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті.