Артық білім — кітапта

     Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасы «Кітап — рухани сарқылмас қазына» атты іс-шара (оқырмандар аллеясын) ұйымдастырды. Мұнда өңіріміздің ақындары, Қазақстан Жазушылар одағының мұшелері Бақытжан Советұлы мен Ғайни Әлімбекқызы, ақын, бірнеше жыр мұшәйраларының жұлдегері Жұлдыз Бейсекпен кездесу өтіп, олардың шығармалары жайлы кеңінен айтылды. Аталған ақындардың «Бұл мен ғой…», «Шар-Айна», «Іңкәр — Ғазал» кітаптарына бибиографиялық шолулар жасалды.

Өз кезегінде Бақытжан Советұлы ақынның баласы ретінде әдеби кітаптармен сусындап өскенін мақтан етіп, әкесінен алған өнегесі жайлы сыр шертсе, Ғайни Әлімбекқызы кітаптың таусылмас байлық екенін айтып, әсерлі естеліктерімен бөлісіп, ағынан жарылды. Бұдан соң сөз алған Жұлдыз Бейсек алғашқы кітабын марқұм сіңлісі Іңкәрдің рухына арнап «Іңкәр-Ғазал» деп атағанын айтып, тыңдармандарға бірнеше жаңа өлеңдерін оқып берді. Мұнан соң кітапхана қызметкерлері де өңір ақындарының бірнеше өлеңдерін жатқа оқып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай жалпы оқырманның назарына ұсынылған 30 кітаптың арасынан Елбасының «Тәулсіздік дәуірі», Асқарбек Бектемісовтің «Тәуелсіздік тартуы», Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Періштелер өлімі», Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі» кітаптарына шолу жасап, аталмыш жинақтардың ерекшелікгеріне елдің назарын аударды.

Іс-шараны аталған кітапхананың директоры Үлбосын Сәулебаева корытындылап, ұжым кітапханашылары көпшіліктің жанын рухани байытуға күш жұмсай беретінін айтып, жүздесуге келген қонақтарға алғысын білдірді.

Жалпы, соңғы уақыттарда жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырыла бастады. Бұл бізді қуантатыны анық. Талай мықты ақындар мен жазушылар шыққан Жамбыл өңірінен әлі де көптеген қаламгерлердің жарқырайтыны сөзсіз. Тек оларды назардан тыс қалдырмасақ екен.

Есет Досалы

Aq jol. — 2021. — 15 мамыр