Мемлекет басшысынын, «Жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы — еліміздің даму бағыты мен алдағы міндеттерін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Оның мән-маңызын түсіндіру, цифрландыру мен технологиялық дамудың қоғам өміріндегі рөлін кеңінен насихаттау мақсатында Абай атындағы орталық кітапханада «Цифрлық Қазақстан — болашаққа бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Танымдық басқосуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҚР ҰҚҚ) Шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының қызметкерлері мен ҚР ҰҚҚ Шекара академиясының 4-курс курсанттары қатысып, ел дамуы, азаматтық жауапкершілік және әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиында сөз алған Шекара академиясының 4-курс курсанты Нұрсұлтан Нишанұлы Мемлекет басшысы Жолдауында белгіленген басым бағыттарға тоқталып, еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын атап өтті.
Президент Жолдауында ұлттык экономиканың әлуетiн арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін игеру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру секілді маңызды міндеттер қамтылған. Баяндаманының пікірінше, бұл бастамалардың нәтижелері жүзеге асуы азаматтардың жауапкершілігіне, қоғамдағы тәртіп пен Отанға деген адалдыққа тікелей байланысты.
«Мемлекеттің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен немесе сандық мәліметтермен
ғана өлшенбейді. Оның негізгі діңгегі — азаматтардың жауапкершілігінде, коғамдағы бекем тәртіп пен Отанға деген адал қызметінде. Елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау — тек әскери қызметшілердің ғана емес, әрбір отаншыл азаматтың қасиетті борышы болуы тиіс», — деді курсант.
Жиын барысында Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің жауапкершілігі және болашақ офицерлердің кәсіби даярлығы мәселелеріне де назар аударылды. Әсіресе, шекара шебінде қызмет ететін әскери қызметшілер үшін жоғары кәсіби біліктілікпен қатар, төзімділік, темірдей тәртіп пен рух беріктігінің маңызы атап өтілді. Өйткені Отанға қызмет ету әскери ант қабылдаумен ғана шектелмейді. Ол — білімді үнемі жетілдіру, кәсіби шеберлікті шыңдау және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу.
«Мықты мемлекет — мықты армиядан, ал мықты армия — білімді, тәртіпті және рухы берік әскери қызметшілерден құралады», — деген пікір де баскосу барысында кенінен қолдау тапты.
Кездесу сонында катысушылар ел дамуына үлес косу әр азаматтын күнделікті ісі мен адал енбегінен басталатынын атап өтті. Мемлекет қоғамның ортақ жауапкершілігі екені айтылды.
Елдін ертеңі — білімді, тәрбиелі, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары жас ұрпақтың
Қолында. Абай атындағы кітапханада өткен басқосу жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, Отан алдындағы азаматтық борыш пен ел болашағына деген жауапкершілікті терең сезінуге бағытталды.
Снежана Альжева
Aq jol. — 2026. — 12 қараша (№127). — 9 б.