Еңбектің адал адамы (Әбдір Сағынтаев)

Еңбектің адал адамы (Әбдір Сағынтаев)

«Болат қайнауда шынығады, ер майданда шынығады», «Жаниналмай, жұмыс бітпес, талап қылмай, мұратқа жетпес», «Ер дәулеті — еңбек». Осы бір мақал-мәтелдің бәрі де шынашақтай кезінен сурапыл соғыс даласында, оқ пен оқтың ортасында жүрген, «батыр бір оқтық» екенін білсе де, сезінсе де, жүрегі елім, Отаным деп соққан Әбдір Сағынтаевқа арналған сынды. Иә, ол майдан даласында жүрді, еңбектің қайнаған ртасын көріп, өнбегін көрді…

Жамбыл облысының батыс түстігіндегі Таласxa0ауданына қарасты Үшарал ауылында 1921xa0жылдың жетінші қарашасында дүниеге келген Әбдір Сағынтаев 1941-43 жылдарыxa0Ұлы Отанxa0соғысына аттанды.

Олxa0екіншіxa0дүниежүзілікxa0соғысxa0жиырмаxa0жастаxa0еді.xa0Қатарластарынанxa0қалмай,xa0қолынаxa0қаруxa0алып,xa0байтақxa0xa0даланы,xa0Ұлыxa0Отанынxa0қорғаудыxa0азаматтықxa0парызымxa0депxa0білді.xa0Өлімxa0менxa0өмірдіңxa0ортасындаxa0жүріп,xa0серткеxa0берікxa0ерлершеxa0жауменxa0арпалысқанxa0Әбдірxa0Сағынтаевxa0үшxa0жылxa0майданxa0шебіндеxa0өзініңxa0адалдығын,xa0азаматтығынxa0айқындады.xa0Жарақатxa0алмағандаxa0Ұлыxa0отанxa0соғысыxa0жеңісінxa0жауынгерлерменxa0біргеxa0тойлапxa0таxa0қайтарxa0маxa0еді,xa0кімxa0білсін?!xa0Олxa0кездеxa0Мәскеудіxa0жанынxa0салаxa0қорғау,xa0кескілескенxa0ұрыстаxa0ерліктіңxa0үлгісінxa0көрсетуxa0екініңxa0біріненxa0қолынанxa0келеxa0бермейтін.xa0Шынтуайтындаxa0Ржевxa0шайқасыxa0өткенxa0күндерxa0-ізбегінеxa0көзxa0жүгіртсек, «ажалxa0аймағы»xa0атанғанынxa0пайымдаймыз.xa0Сондайxa0″өлімxa0территориясы»xa0дегенxa0атқаxa0иеxa0болғанxa0ұрысxa0даласынанxa0елгеxa0есенxa0зралғанxa0Әбдірxa0Сағынтаевқаxa0қандайxa0мақтауxa0сөзxa0айтсақxa0таxa0жарасатындай.

Кейіпкеріміздіңxa0Ұлыxa0Отанxa0соғысынанxa0зралғаннанxa0кейінгіxa0еңбеккеxa0араласуынxa0жазушыxa0Мақұлбекxa0Рысдәулеттіңxa0″Егеменxa0Қазақстанғаxa0жазғанxa0мақаласынанxa0даxa0білеміз.xa0Олxa0мақаласында: «Әбдіредіңxa0майданнанxa0келіп,xa0алғашxa0еңбеккеxa0араласқаныxa0жөніндеxa01961xa0жылыxa0белгіліxa0жазушы,xa0қоғамxa0қайраткеріxa0Балғабекxa0Қыдырбекұлыxa028xa0жасындаxa0Батырxa0атанғанxa0Әбдірxa0Сағынтаевxa0туралыxa0қаламxa0тербеген. «Атаданxa0қалғанxa0мұра»xa0аттыxa0көлемдіxa0очеркіндеxa0былайxa0депxa0-толғапты: «Әбдірxa0жетіxa0классxa0бітіргенxa0соңxa0Ұлыxa0Отанxa0соғысьнныңxa0алдындаxa0әкесінеxa0жәрдемшіxa0болыпxa0қойxa0бақты.xa0Кейінxa0соғыстанxa0жараланыпxa0кайтқандаxa0олxa0қойшылыққаxa0келді.xa0Сауатты,xa0озатxa0қойшыxa0бірxa0күніxa0ферманыңxa0басқарушылығынаxa0жоғарылатыладыxa0да,xa0артынанxa0осыданxa0төртxa0жылxa0бұрынxa0өзіxa0көпxa0еңбекxa0сіңіріп,xa0Социалистікxa0Еңбекxa0Еріxa0атағынxa0алғанxa0совхозынаxa0директорлыққаxa0қойылды».

Болмысы «Бетегеде биік, жусаннан аласа болуды» қалаған Әбдір Сағынтаев майдан даласынан оралған соң еңбекке шындап кірісті. Қарапайым жұмыста өзінің еңбекқорлығын, істің көзін табатын іскерлігін танытқан Әбекең зоотехник, ферма меңгерушісі қызметін де жемісті, жеңісті атқарады. 1954-1956 жылдары Қапланбек зоотехникумы жанындағы 2 жылдық курс тыңдаушысы болған ол 1957-1985 жылдар аралығында Талас мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры қызметін де абыройлы атқарған Әбдір Сағынтаев 1967 жылы жүзсалуықтан 147,1982жылы 126 қозыдан алып, аман өсірді. 1966- 71 жылдары қылышынан қан тамған кеңестік кезеңде КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі, кейіннен КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Шынашақтай кезінен маңдай терін сығымдап,xa0еткен еңбегінің өнбегін көрген Әбекең 27 жасындаxa0ферма басқарып, мемлекетке қараөткел елтірісінің 80 пайызын 1 сұрыппен өткізген. 28xa0жасында «Социалистік Еңбек Ері» атанған. Үшxa0мәрте Ленин орденін, «Қызыл жұлдыз», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту» және «Құрмет белгісі» ордендері кеңес дәуірінде ердің еріне,xa0адалдықты жанына ту еткен арда азаматқа ғанаxa0берілсе керек. Әбдір Сағынтаев сондай құрметxa0пен мапаратқа бөленген сиректердің бірі әрі бірегейі.

Ол сонау бір атейстік көзқарас атқа мінген шақта ауылындағы мешітті сақтап қалып, бұздырмапты. Мұның өзі Әбекеңнің имандылығының, азаматтығының бір көрінісі емей немене?

«Еңбек ері, майдангер Әбдір Сағынтаевтың кіндік қаны Үшарал ауылында тамған. Ол кісі майдан барып, от кешті. Соңыс даласынан есен оралып, ер ағасы жасында елге тұтқа болып, ел басқаруға сатылап жетті. Көргенxa0білгені мол басшы еліне маңдай терімен қызметxa0етті. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» демекші, сол дәуірдегі Әбекеңніңxa0даңқы ізіндегілерге әлі күнге қызмет етіп келеді.xa0Кешегі Үшарал мектебі Әбдір Сағынтаевтың атында. Мектеп фоэсіне Еңбек ерінің кеуде мүсіні қойылған. Музейі ашылған. Орталық көшеге есімі берілді.

xa0Бірақ, әрине, мемлекеттік қоғамдық құрылыстың құбылуынан шаруашылықтың бағыты өзгеріп, «Таластың атын шығарғанxa0қаракөл қойының саны он есеге дейін күрт кеміпxa0кетті», депxa0жақсы адамның еңбегін еске аладыxa0талай қызметте табысты еңбек атқарған Болатxa0Мәйкенов «Жүректе жанған жұлдызы» атты кітапта жазғылған ой-пікірінде.

xa0xa0xa0xa0xa0xa0″Ол кісі жердің жайын өте жақсы біледі. Ешқашан жолдан адасқан емес. Мәшинегеxa0мінгеннен алдындағы темір тұтқадан сығымдапxa0ұтсап алады. Өмір бойғы әдеті сол. Радиоданxa0жаңалықтарxa0xa0xa0 тыңдайды.xa0xa0xa0xa0 Ондайдаxa0xa0xa0 назарынxa0бөлуге болмайды. Боздатып келе жатқаныңца алдыңнан айрықxa0жол шығады. «мынаған бұрылсам ба, анаған бұрылсам ба»xa0деген дүдәмалынды сезіп қояды. Тұтқадан ұстаған жұдырығынxa0жазбаған күйі не оң қолының не сол қолының бармағын бас бармағын бағыттайды. Қай қолдың бармағы көтерілсе, солайxa0қарай рульді икемдейсің. Сұқ саусағын көтергені: «Тоқта!» дегені.xa0Кейде мені босататыны бар. «Жұмысың бар ма еді?» дейді. «Бар ғой…» дейсің… Немесе «Құндыз екеуің бір жаққа барасың» дейді. Әлде «Құндызбен Ойыққа барып кел. Кешке сағат бесте үйдеxa0болатын бол» дейді. «Ертең мәшине жөндейсің. Ахай кәрияғаxa0барасың. Атты әкеледі, үйге келсін» деп айтады. Онысы атпенxa0шығамын дегені. Жәкемнің өзінің жүгені бар. Атқа қалай мінеді десейші. Жалдан уыстап ұстайды да, «бісміллә рахман рахим» деп, аттың арқасына дік ете қалады. Мен өйтіп міне алмаймын.xa0Қасындағы кісі желе жортып ілеседі. Баратын жері қанша қашық болса да, «уһ» демейді. Кейде қызығып атын сұрап мінемін. Бұл кісі шамамен 1977-78 жылдарға дейін атқа мініп жүретін.

xa0xa0xa0Өзі зейнет жасына шықса да, мені жұмысқа орналастырғызды.xa0Қойма меңгерушісі болдым. Бір күні маған: «Жарты ақшаңдыxa0дайында, мәшине алып берейін. Саған әбден сеніп алыппын. Көлік жүргізе алмайды екенмін. Саған сенгендей ешкімге сене алмаймын. Шаршамасаң, маған керексің, ренжімей жет», деді. «Ойбай, о не дегеніңіз жәке» дедім.

xa0xa0Ол кісі кенеттен кетіп қалды ғой. Бәрін нар сияқты көтеріп жүргенде, жүрегі тіс жұлдырғанға салған дәріні көтере алмады. Құдайдың ісі ғойғ кейде есіме түссе, «ол кезде қасында болғанымда бұл кісіге қандай дәріні салып, қайсысын салуға болмайтынын айтар едім» деген ойлар маған тыным бермейді.xa0Ол кісі маған өмір университетін үйретті»,-дейді аталмыш кітаптаxa0ұзақ жылдар Әбекеңнің сенімді серігіне айналған көлік жүргізушісіxa0Серік Сәрсенов Алаштың арда азаматы жайлы ойымен бөлісіп.

xa0xa0Жалпы аталмыш кітапта жаны жайсаң, жүрегі тазалыққа толы Әбдір Сағынтаев туралы белді, беделді азаматтардың барлығыxa0да толымды пікір, орамды ойлар айтқан. Азаматтың іскерлігі,xa0пайым-парасаты, елге қамқорлығы, қоғамдағы белсенділігі бәріxa0де кеңінен қамтылған. Сол жазбаларды оқи отырып біз Әбекендіxa0″Адал еңбек-бәрін жеңбек» қағидатын ұстанған атпал адам, болмысы бөлек басшы ретінде тани түсеміз. Иә, «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды….

ӘЙЕЛ ЗАТЫНЫҢ ДАНАСЫ, ТЕКТІ ҰРПАҚТЫҢ АНАСЫ

xa0xa0xa0Задында ел басқару қызметінде жүрген, беделі бір басынаxa0жетіп артылатын атпал азаматтың асыл жары болу — үлкенxa0жауапкершілік. Социалистік Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтің зайыбы Құндыз Бештайқызы сол жауапкершілік жүгін қыңбай көтерген, текті ұрпақты тәрбиелеген асыл жан.

xa0xa0Жанарынан мейірім нұры себезгілеп тұратын абзал жан, асыл анаға Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығыныңxa0лауреаты. Алаштыңxa0xa0 аяулыxa0xa0xa0 ақыны Күләш Ахметова:

«Жүрегі жақсылықпен толған ана,

xa0Бак пен дәулет қонған ана.

Адамғаxa0жақсы, жаман деп қарамай,

Аймақтыңxa0қамқоршысы болған ана.

Жақынныңxa0өас-қабағын баққан ана,
xa0Бәрінеxa0ағайынның жаққан ана.
xa0Арттырып отбасының берекесін,
xa0Ақылменxa0бақыт кілтін тапқан ана.

Ілуінxa0xa0ізетіменxa0білген ана,

Сабырменxa0xa0сұлу өмір сүрген ана.

Жат xa0кылмай құда-жекжат, дос, бауырды,

Дәстүрін жол-жобасын білген ана.

Батасын көпшіліктің алған ана,

Батамен Ай, жулдызы жанған ана.

Әулетін xa0жақсылармен жақындатып,

Араға алтын көпір салған ана»-xa0деп өз өлең шумақтарындаxa0асыл ананың портретінxa0суретпен салып, бейнелеп, бедерлепті.

xa0 xa0 xa0Ақыннан асырып айта аламыз ба, сірә?

xa0 xa0″Мамамның қанша жерден шаруасы көп бопсаxa0да, менен сабағымды қалай оқып жатқанымды сұрайтын. Жәй сұрап қана қоймайды, озат оқуымды, тек қана беске оқуымды талапxa0ететін.xa0Тәртіптен танбай, бетіммен кетпей, бой-басым түзу жүргенімді қатты қадағалайды. Әрине күнде кешке немесе ертеңгісін қадалып отырып, әрбір пәнді шұқшиып сұрайды деп айта алмаймын.xa0Оның себебі бар, біріншіден, бізге сабақ беретін мүғалімдеріміз мектеп директоры Ермек Дүрімбетовтен бастап, орыс тілінен сабақ беретін Алматай Төлтаев классxa0жетекшіміз Әбсаттар Кенжебаев үйімізге жақынxa0тұрады. Әйтеуір, айналамыздан алыс емес, қай сабақты қалай оқитынымды сол кісілерден сұрап алады. Ойындағы бестік баға болмаса, «папаңа айтамын» дейді.xa0Мамамның аузынанxa0бұл сөз шықты дегенше, «Саған көңілім толмайxa0тұр» дегенді білуің керек. Содан азаңғы шәй үстінде айтып қоя ма, әлде кешкісін «мына балаң…» деп көкемді көзіме көрсете ме депxa0мне үстінде отырғандай қылпылдап отырғаның.xa0Бір-екі күн күтесің, айтпайды. «Айтар ма екен,xa0әй, айта қоймас» деп жүргеніңде папама айтыпxa0салады. «Бітті!…» Бірақ, папам сабырлы қалпынxa0бұзбайды. «Мұның қалай, Бақатай?» дейді. Маған осы сөздің өзі-ақxa0жетіп жатыр.xa0Осымен әңгіме бітті. Мен бестен төмен баға алғаным — көптің алдында мамамның беделін түсіргенім, әрі папама ұят келтіргенім деп санайтынмын. Сол бала күннен қалған дағды, күні бүгінге дейін ата-анамның атына, абырой-беделіне нұқсан келтірмесем деп келемін»-дейді бүгінде еліміздің Премьер-министрі секілді ірі лауазымды қызметін атқарып отырған абыройлы азамат, Әбдір Сағынтаев қарияның ұлы, тектіден тараған Бақытжан Сағынтаев балалық шағын еске алып.

xa0xa0Иә, ата-ананың әрбір тәлімге толы сөзін, салмақты ойларын, бергенxa0тәрбиесін көкейге түйіп өскен азаматтың беделі биіктемесе, абыройы асқақтамаса, кемімек емес. Саналы ғұмырында өз жұмысын сапалы атқарып, елінің мақтанышына, жұртының арқасүйеріне айналғанxa0Бақытжан Сағынтаев ағамыз сөзіміздің айшықты дәлелі болса керек.

xa0 «Бақытжан xa0маған үйленбек болып, ойындағысын айтқан кезде мамамxa0мен жайында: «Қаланың қызы ғой, қазақшасы, қазақшылығы қалай екен?»xa0деп жәй ғана сұрапты.xa0Әйтпесе, «келін бақ, келмей жатып сөзін бақ» деп маған еш уақытта қырын қараған емес. Керісінше шыққан тегімді, жақсы ана мен, жақсы әкенің жемісі екенімді біліп, мәпелеп бақты.

xa0xa0Бақытжан екеуміздің шаңырақ көтеруіміз отбасындағы ауыр бірxa0кезеңге тап келді. Бірақ осы күндері бізден өткен бақытты ерлі-зайыпты жоқ деп айтып отырамын. Тіпті, біз дүрілдетіп той да жасаған жоқпыз.xa0Атамыздың топырағы кеппей жатып, ұлан-асыр тойлатып жатқанды басыxa0артық көрдік,xa0екі жақ соған тоқтасты.

Мамам Бақытжанды ерекше жақсы көрді. Өзі Бақытжанға аяғыxa0ауыр болған кезде дәрігерлер бала табуға тыйым салыпты. «Сөйткенxa0Бақатайымxa0 қазір бәріңдіxa0 асырап отыр.xa0 Сендерxa0 күн сайын таңертеңxa0тұрғанда осындай баланы дүниеге келтірген менің аяғыма жығылып, алғыс айтсаңдар да артық етпейді деп барлық береке бастауы өзі мен әкелері екенін астарлап жеткізетін. Жалпы менің өз басым «тілімнің тікенегі» бар: «Мамау, айтса бірге өскен бауырлары мен алдыңғы абысындарым айтсын. Сен ғой енді келін болып түстім. Бақытжанмен біраз жыл отасайын сосын көре жатармын» деп әзілге бұрамын. Сонда түк қабақ шытпайды. Келінімнің өзі тілге ұста, xa0аталары іске ұста» деп отыратын»,- дейді Бәкеңнің келіншегі, Құндызай әжейдің ерке келіні Ғалия енесі туралы естеліктерімен «Әулеттің асыл құндызы атты кітапта бөлісіп.

xa0Сартап сағыныштар мен есті естеліктерге толы осы бір жинақта Орынбасар Кемелова, Нұртілеу Бертаев, Таймас Сағынтаев, Күләсан — Наурызбекова, Гүлжиян Бабасова, Қыстаубай Зағынтаев, Гүлшат Тәттібаева, Ғалымжан Зағынтаев, Қарашаш Жұматаева бастаған осы бір үлгілі әулеттің ұлдары, келіндері, қыздары мен күйеубалалары Әбдірдей абыз қарияның азаматтық бейнесі, құндызайдай асыл знаның қазақ әйеліне тән биязылығы, нәзіктігі, жанының тазалығы, адалдығы туралы кесек-кесек ойларын іріпестен айтыпты. Осы бір ойлы сөздерді, пәлсапалы пайымдарды оқып отырып: «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөздің мән-мазмұнына тағы да бір мәрте терең бойлай түскендей боласың.

xa0 Жалпы, ұлт, ұрпақ тәрбиесі аталуы қасиетті ұғымдардың бәрі де ананың тәрбиесінен бастау аларсы сөзсіз. Қазақта. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген әдемі сөз бар. Сол сөз үлкен, өнегелі әулеттің ұйытқысы бола білген, жүрегі жақсылыққа, мейірімге, жанары шуаққа толы Құндызай әжейге қаратып айтылғандай ма деген де ойға шомасың.

xa0Жас балаларының текті ұрпақтың жалғасы болып өсуіне саналы ғұмырын арнаған Құндызай әжейдің өмірі — бүгінгі қыз келіншектердің қайсысына болсын, үлгі екені анық. Ерін қазақ әйеліне тән ибалықпен күтіп-баптаған, үлкенге ізетпен, кішіге құрметпен қараған кейуана — бізге кейде бүгінгі қазақ әйелдерінің эталоны секілді көрінетіні бар.

xa0 Қазақы тәрбиеге қанығып өскен Сағынтаевтар әулетінің әрдайым тасы өрден табылсын. Ұлттық тәрбие қайнарынан сусындап өскен ұрпақтың алар асуы әрқашан ұшар биікте болсын.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Білім және өнер. — 2017. — №1-2.xa0