Ал келесі ұсынатын кітабім альпі халқының «Хайди» атты ертегісі.
Хайди [Мәтін] : [альпі ертегісі бойынша/ бас ред. Қ. Байғабылова; ағыл. тілінен ауд.Ү. Кеңесбаева]. — Алматы: Аруна, 2015. – 32 б.
Ертегіде Тобиас атты бала орта дәулетті шаруаның отбасында туып-өсті. Ол егістік алқабында таңертеңнен кешке дейін ерінбей жұмыс істеп, еңбексүйгіш боп ержетті. Тобиас Аделаида есімді қызды жақсы көрді. Аделаида да оны қатты ұнатты. Тағдырдың қысылтаяң шағында бір-бірін ешқашан тастап кетпеуге ант беріседі.
Тобиас пен Аделаида тату-тәтті өмір сүріп жатады. Арада біраз уақыт өткенде Аделаида дүниеге Хайди атты сүйкімді сәби әкеледі. Бірақ көп кешікпей ерлі-зайыптылар көлік апатына ұшырап, күтпеген жерден қаза табады.
Хайди атасының қолында тәрбиеленеді. Олар Швейцариядағы Альпі тауының басында тұрады.
Кішкентай қыз айналасындағыларды мейірімділігімен, сүйкімділігімен өзіне баурап алады. Хайдидің Петер есімді досы болады. Ол – қойшы. Петер Хайдимен көгалда ойнағанды жақсы көреді.
Мейірімді қыздың тағы бір досы – Клара. Ол ауыр сырқатқа шалдығып, жүре алмай қалады. Хайди Клараның емделуіне көмектеседі.
Хайдидің өмірі әрі қарай немен жалғасқанын осы ертегіні оқып біле аласындар.
Кітап кішкантай балақайларға, көпшілік қауымға арналады.