Сәлеметсіңдер ме балақайлар!

xa0 xa0 xa0Бұл жолы сіздерді күй әлеміне саяхаттауға шақырамыз. Өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0Күй — бұл музыкалық жанр, қазақxa0халқының аспаптық пьесасы.xa0Домбыра,xa0ерте заманда xa0шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ,xa0қырғыз,xa0өзбекxa0халықтарының аспаптық музыкасына тән атау.

xa0 xa0 Имайо, Ә. Сиқырлы скрипканың ертегілері [Мәтін] = Сказки волшебной скрипки = Fairy tales of the magic violin / Әсел Имайо.; [бас ред. Қ. Байғабылова; сурет. А. Алмасбаева]. — Алматы: Аруна, 2021. – 67 б.

xa0 xa0 «АРТ-МИРАЙ» қазақтың музыка мұрасын сақтау қорының негізін салушы Әсел Имайоның қиялынан туған «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын кітап балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Оқиғалары қызық, безендірілуінің өзі өзгеше. Кітап үш тілде әзірленген.

xa0 xa0 xa0 Балақайлар сіздер «Ахау, бикем» қазақтың халық әнін, адемі күй ретінде де, тыңдайаласыздар.

xa0 xa0 xa0Бұл — жай ғана ертегілер жинағы емес, бұл сиқырлы кітап. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың музыкалық шығармаларынан шабыт алып жазған автордың ертегілерін оқып қана қоймай, QR-кодтың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдай да алады. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өту керек.

xa0 xa0 Кітаптың суреттерін жас суретші Айсұлу Алмасбаева салды.

xa0 xa0Кітап жасөспірімдерге және xa0ересек балаларға арналады. Барлықтарыңызды «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын оқуға шақырамыз.