Зеріккен балақайларға арналған ойындар

Іш пысқанда не істейсіздер? Бұл сұраққа әртүрлі жауап беруге болады. Бірақ зерттеулерге сүйенсек, балалардың 72%-ы іші пысқанда теледидарға телміреді, планшеттен түрлі бейнежазбалар көреді немесе компьютердің алдына жүгіреді екен.

Иә, бұлар сіздерге жағымды көңіл күй сыйлайтынына сенімдіміз. Алайда мидағы миллиардтаған нейрон үшін пайдасы бар деп айта алмаймыз.

Экран алдында өткен уақыт бізге бақыт әкелсе де, көп ұзамай зерігу сезімі одан сайын арта түседі. Себебі теледидар мен әртүрлі гаджеттер мидағы керек керемет әсерді сыйлай алмайды.

Сонымен, іш пысқанда не істеу керек? Қол құсырып қарап отырамыз ба? Әрине, жоқ! Адам баласын басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін ең негізгі екі қасиетіне жүгінеміз: «Әрекет ету және көңіл көтеру!» Бұл үшін өзіміз білетін ең тиімді әдісті қолдансақ жеткілікті: «Ойын ойнау!»

Достар, сіздер бос уақытты қызықты өткізу үшін логикалық ойлау, зейін қою қабілетті дамытатын 53 түрлі ойын берілген кітапты ұсынамыз.

   Тонгар, Х.К. Зеріккен балақайларға арналған ойындар [Мәтін] / Хатидже Кюбра Тонгар. ; [түрік тілінен ауд. Д. Телманов].- Астана : Фолиант, 2024. – 96 б. : сурет

Олар «Өзің ойнайтын ойын», «Бауырыңмен ойнайтын ойын», «Отбасымен ойнайтын ойын», «Достармен ойнайтын ойын» деген санаттарға топтастырылған. Осылайша, әрі зерікпейсіздер, әрі айналадағы адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайсыздар.

Айтпақшы, Америкада Ойын терапиясы орталығын ашқан Гарри Л. Лэндрет мырзаның айтқан мына бір сөзін естеріңізде сақтаңыздар: «Құстар ұшады, балықтар жүзеді, балақайлар ойнайды».

Ендеше, кітаптың келесі беттерін ашайық!