Құрметті оқырмандар!
Сіздерді қазақ п
оэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын, Қазақстанның халық жазушысы Күләш Ахметованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзияның ақ гүлі» атты виртуалды көрмеге қош келдіңіздер.
Күләш Ахметова – нәзік сезім мен терең ойды ұштастырған, жүрек лүпілін жырға айналдырған бірегей талант иесі. Ақын поэзиясында адам жанының иірімдері, аналық мейірім, туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух пен адамзаттық құндылықтар айрықша көрініс табады. Оның жырлары тазалықтың, шынайылықтың, парасат пен пәктіктің символындай болып, оқырман жүрегіне жол тауып келеді.
«Поэзияның ақ гүлі» атты бұл көрме — ақынның бай шығармашылық мұрасын насихаттауға, оның әдебиет әлеміндегі орнын айқындауға арналған рухани тағзым. Виртуалды көрме арқылы сіздер Күләш Ахметованың өмір жолымен, шығармашылық белестерімен, жыр жинақтарымен және ақын туралы құнды деректермен таныса аласыздар.
Әдебиет пен өнер — мәңгілік. Күләш Ахметованың сыршыл да сырбаз жырлары әлі талай ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани әлемін нұрландыра беретіні сөзсіз.
Көрмені қараңыз…