Әбдіжәміл Нұрпейісов – XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын шығармалардың бірі Әбдіжәміл Нұрпейісовке тиесілі. Оның «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты тілге аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытып, әлем әдебиетшілерінің үздік бағасына ие болды.