
Ұлттық музыкамызды зерттеуші ғалым, дирижер, академик, профессор, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы — қазақтың заманауи кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі.
Артына шоқтығы биік өнер туындылары мен ғылыми еңбектерден мол мұра қалдырған біртуар талант.
Қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әйгілі композитор есімі елге аян, өнегелі өмір жолы ұрпаққа үлгі.