Алаштың Асанәлісі ардақталды

Алаштың Асанәлісі ардақталды

Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының оқытушылары мен студенттері Асанәлі Әшімовті құшақ жая қарсы алды. Кіреберістен би билеп, екі жақ қатарға тұрып қол шапалақтаған жастардың Еңбек Еріне деген ілтипат- құрметі ерекше еді. Өйткені Асағаңның өзі айтқандай, «30 баламен басталған оқу орны бұл күнде академияға айналған». Мұнда ұлы актердің атындағы лаборатория ашылды.

Алқызыл лентаны Қазақстан Жазушылар одағы басқарма тxadөрағасы Нұрлан Оразалин менxa0Өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова қиды. Академия оқытушылары мен студенттері жиналған конференц-залда Асанәліxa0Әшімовтің 80 жылдық мерейтойы жалғасын тапты. Халық артисі Есмұхан Обаев «Биылғы жылды «Асанәлі жылы» деп жарияласақ та болғандай екен, жер-жерде осындай керемет кештерxa0өтіп жатыр. Бұлxa0-xa0қазақ театр және кино xadөнерінің абыз тұлғасына деген ел-жұрттың үлкен құрметі» деген пікір білдірді. Нұрлан Оразалин мырза Асекеңнің xadөнердегі, xadөмірдегі азаматтық ұстанымына жоғары баға берді. Ақын Жүрсін Ерман «Біз Асанәліxa0Әшімовтің абырой-беделін айтыс xadөнерін биіктетуге пайдаланып жүрміз» деді. Дулат Исабеков болса, «Бір кезде баудағы xadөрік ағашының дәнегіндей кxadөп едік, бұл күнде аға буынның қатары сиреп барады, сондықтан қазақтың азаматтары бір-бірін ылғи қолдап жүргені абзал» деген ойын айтты. Смағұл Елубай ағамыз Асанәліxa0Әшімовтің кино саласындағы жеткен жетістіктерін айта келіп, «Біз Батырлар жырын жаттап xadөскен елміз, батыры жоқ заманда баяғы Ер Тарғын, Қобыланды батырларды ел-жұрт іздеді. Асекең сол батырлар бейнесін кинода сомдай білді. Енді жас болса келді, ел абыз бейнесін көргісі келеді, Алла жазса, Асанәліxa0Әшімов сол тұрғыда экраннан табылатын болады» деген сxadөз айтты. Ақын Маралтай xadөxadлеңін оқыды. Танымал журналист Қали Сәрсенбай інілік ілтипатын білдірді. Нұртxadөре Жүсіп Асанәліxa0Әшімовтің жазушылық қырына тоқталды.

Белгілі театртанушы Бақыт Нұрпейіс: «Актердің кинодағы алғашқы рөxadлі 1958 жылы С.Мұқановтың «Ботагөxadз» романының желісімен түсірілген фильмнен басталды.xa0Содан бері қазақ киносының әлемдік деңгейден кxadрінуінеxa0өxadз үлесін қосып келеді. «Ән қанатында», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы», «Нан дәмі», «Қазақы оқиға», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Бұлғарлар туралы баян» тағы басқа фильмдер А.Әшімов ойынында көрерменxa0xa0қауымныңxa0ыстық ықыласына бxadөленді. Оның «Қыз Жібектегі» – Бекежан,xa0«Атаманныңа қырындағы» – Шадияров, «Транссі бір экспресіндегі » Қасымханов рxadлдері актерлік шеберліктің үлгісі болып қана қойған жоқ, шын мәніндегі ішкі болмыс-бітімінің жан-жақты кxadпқырлылығымен және онда бейнеленген адамгершілік-психологиялық сипаттардың тереңдігімен ерекшеленді. Зерделі актерxa0өxadзі сомдаған бейнелер арқылы қалың кxadөпшіліктің адамдар туралы түсінік-түйсігін, эстетикалық кxadөз қарасын кеңейтіп қойған жоқ, сонымен қатар кейіпкерлер бойына xadөз қарым-қатынасын, ой-пікірін сіңіріп жеке ойын да білдіріп отырды. Кxadөрнекті актер, қайраткердің ұлттық xadөнерге сіңірген үлкен еңбегі лайықты бағасын алды. «Атаманның ақыры» фильміндегі Шадияров бейнесі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), «Қанментер» спектаклінде (Ә.Нұрпейісов, реж.xa0Ә.Мәмбетов) Еламан бейнесі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974) атанды» дейді. Қазақ кино xadөнеріне xadөлшеусіз үлес қосқан тұлғаның театрдағы рxadөлдері де бір тxadөбе. Дара актер режиссурада да xadөз қолтаңбасын қалдырды. «Саңлақ актердің режиссурасымен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», И.Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», Н.Гогольдің «Ревизор», Н.Хикметтің «Фархад-Шырын» спектакльдері қойылды. Сондай-ақ кино саласында «Аждаһа жылы» (1981), «Шоқан Уәлиханов» (1985), «Жусан» (1986), «Қозы Кxadөрпеш – Баян сұлу» (1992) және «Тұзды кxadөл жағасындағы үй» деп аталатын фильмдерін түсірді. Мұның бәрі сарабдал актердің күш-қуаты мен кxadөркемдік танымының жемісі саналып xadөнер тарихынан xadөз орнын иеленді» дейді театртанушы Бақыт Нұрпейіс. Аңыз адамның, абыз адамның жылы басталды. Бұл –xa0өнер саңлағының, Алаштың Асанәлісінің жылы. Өнердегі салмағы биік адамның xadмірдегі салмағы да осал емес. Асанәлі жылы, xadөнер жолы жалғаса бермек.

Шыңғыс Жәнібек

Айқын. — 2017. — 22 қыркүйекxa0


xa0
xa0