«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ»

«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ»

№5 кітапханасында 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орайxa0 «Алғыс айту — парызым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесініңxa0 мамандары Досыбаева Валентина Николаевна, Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы, «Тараз-Болашақ» медициналық орталығының медбикесі Дәрібаева Күлшат Сапашқызы қатысып, елімізде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп жатқандығы туралы, елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіретін күнxa0 екендігі туралы, мерекенің мән-мағынасы туралыxa0 әңгіме өрбітті.xa0 Тақырыпқа байланыстыxa0 «Алғыс айту парызым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.