Қазақ әдебиетінің алтын арқауы — ақындық өнер. Ел тарихының еңселі беттері, халықтың қуанышы мен қайғысы, асыл армандары мен үміттері — бәрі де ақын жүрегінен жыр болып төгілген. Осы қасиетті жолды жалғап келе жатқан жаңа толқын — бүгінгі жас ақындар.
Жамбыл өңірі — ежелден-ақ ақындықтың алтын бесігі саналған қасиетті мекен. Бұл топырақтан жыр алыбы Жамбыл Жабаев бастаған алыптар шоғыры түлеп ұшты. Бүгінде сол ұлы дәстүрді жалғап, туған елінің рухын жырға қосып жүрген жамбылдық жас қаламгерлер аз емес.
Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға лирик ақын Данияр Әлімқұлдың 35 жасқа толуына орай «Екеумізді сағындық» атты кітабын ұсынамыз:
Әлімқұл, Д. Екеумізді сағындық [Мәтін] / Данияр Әлімқұл. — Алматы: Abai, 2023. — 144 б.
Бұл жинаққа ақынның бірқатар туындылары мен кейінгі жылдар жазылған өлеңдері еніп отыр.
«Екеумізді сағындық» деген атау екі адамның арасындағы айырмашылық, бір-біріне деген сағыныш, өткен шақтың естелігі мен ықыластың іздерін білдіреді.
Данияр Әлімқұл — махаббат сезімін маздатқан лирикалық өлеңдерімен ойлы оқырманның жүрегін баурайды. Ақынның бұл кітабы поэзия сүйетін оқырмандарды терең мұң мен тебіреністі сағынышқа жетелейтін сөзсіз.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.