Руф Сандерсон балаларға арналған 75 кітаптың иллюстраторы ретінде танымал. Оның баяндауында «Он екі биші ханшайым», «Күлше қыз», «Ғажайып түс» атты танымал ертегілер жарық көрген.
Алтын шашты қыз бен үш аю [Мәтін] / баяндап, суретін салған Руф Сандерсон ; ауд. Гүлзат Ақжолова. — Астана : Фолиант, 2018. – 32 б.
Орман шетіндегі жалғыз үйде аюлар отбасы тату – тәтті тұрып жатты. Олар әр таң сайын жеміс-жидек теріп, серуендейтін. Міне осындай күндердің бірінде Алтын шашты кішкентай қыз аюлардың үйіне тап болады. Үйге кірген кезде үш орындықты көреді, сөйтіп әр қайссысына отырып шығады, ыңғайлап ең кішісіне отырып, әр орындықтың алдында ботка тұрады, әр қайсысынан дәм тәтіп ең кішкентай табақтағы ботқаны тауысып қояды. Орындықта шайқалып отырып, қатты шайқалғаны сонша, орындық шашылып кетті.
Алтын шашты қыз шаршағанын сезіп, келесі бөлмеге кіріп, онда үш төсекті көреді. Әр төсектің ыңғайлығын тексеріп, тұп-тұра өзіне арналғандай үшінші төсекке жайғасып, тәтті ұйқыға кетеді. Сол арада үш аю үйлеріне қайтып келеді. Үш аю адасып кеткен Алтын шашты қызды қалай қарсы алар екендігін білгілеріңіз келсе ертегіні оқуға кеңес береміз.