Ана тілім — айбыным

    Тараз қалалық №6 кітапхананың филиалында 21 ақпан — Халықаралық ана тілі күніне орай оқырмандардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, оның қадір-қасиетін бойларына дарыту мақсатында «Жасай бер, ана тілім — қазақ тілі» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыров пен Дидар Апбасов, №125 білім беру академиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің және Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Надежда Шамлидидпен Аяна Ким қатысты.

Шара барысында қатысушылар халқымыздың аса бай рухани қазынасы — туған тіліміз жайында тереңнен сөз қозғап, орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студентгері тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыса, кітапхана қызметкерлері «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрме ая-сында «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» атты кітапқа библиографиялық шолу жасалды.

Айгерім БЕКПАТШАЕВА,

қалалық №6 кітапхананың меңгеруіпісі

Jambyl-Taraz. — 2023. — 17 ақпан