Андерсен Г.Х. Ертегілер

Құрметті балақайлар, бұл жолыxa0дат жазушысы, әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторыxa0Ганс Кристиан Андерсеннің үш тілде жарық көрген ертегілер кітабына саяхат жасаймыз.

xa0 xa0 xa0Түрлі-түсті әсем суреттермен безендірілген кітапта Ганс Христиан Андерсеннің әлемдік мәдени мұра болып табылатын ең атақты ертегілері қазақ тіліне аударылып берілген. Бүкіл дүние жүзі балаларының сан буыны осы ертегілерді оқып өсті.

xa0 xa0 xa0Бұл кітаптың көркемдеуші редакторы Даурен Кастеев.

xa0 xa0 xa0Андерсен, Г.Х.xa0Ертегілер [Мәтін] = Tales = Сказки / Ганс Христиан Андерсен. — Шымкент: Shuģylakitap, 2020. – 480 б.

xa0 xa0 Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылы Данияның Оденсе қаласында, кедей отбасында дүниеге келеді. Әкесі Ханс етікшілікпен айналысса, анасы Анна Мари Андерсдаттер нәпақа табуға болатын жұмыстың қай-қайсысынан да қашпайтын. Ырым-жырымға сенгіш Анна Мари балшыларға баласының болашағын болжатуға құмар етін. Солардың бірі: «Күндердің күнінде ұлыңыз атақты адамға айналады», – депті. Өкінішке орай, ғазиз ана жалғызының «әлем балаларының сүйікті ертекшісі» атанғанын көрмей кеткен.

Ханс әкесінен қызықты әңгімелерді, қиял-ғажайып ертегілерді, аңыз-хикаяларды тыңдап өседі. Балалық шағын «Менің өмірімнің ертегісі» атты кітабында былайша еске алыпты: «Әке-шешемнің жалғыз баласы болғандықтан, ерке өстім. Анам маған: «Сен бақыттысың. Нағыз графтың баласысың», – дейтін.

Әкесінен айрылған соң жасөспірім Ханс үй ішіне көмектесу үшін мата, темекі фабрикаларында жұмыс істейді. Істеген жұмыстары нәтижесіз аяқталғанымен, өзінің «қайтпас қайсар қалайы солдаты» секілді алға ұмтылуын тоқтатпайды. Енді ол жазушылыққа шындап кіріседі. 1829 жылы Ханстың «Холмен каналынан Амагераның шығыс шетіне дейін жаяу саяхат» атты шытырман оқиғалы әңгімесі жарық көреді. Дат жұртшылығы тырнақалды туындыны жақсы қабылдапты. Жазушы содан бастап қаламынан еш ажырамаған.

Балалар «ертегі патшасы» Андерсенніңxa0«Ұсқынсыз үйрек балапаны»xa0ертегісін білесіздер ме?

xa0 xa0Зерттеушілердің айтуынша, ондағы балапанның прототипі – ертекшінің өзі. Жексұрын үйрек балапанынан асыл аққуға айналатын кейіпкердің хикаясы, шынымен, оның өз өміріне негізделген…

xa0 xa0 Махаббат үшін қандай да болсын құрбандыққа барған су перісінің хикаясы – адал сезімнің гимні іспетті.

xa0 xa0 Бүгінде Копенгаген портына көрік беріп тұрған «Су перісі» мүсіні Дания астанасының символы саналады. Жалпы, Андерсенxa0 ертегілерінің көптеген кейіпкерлері махаббат үшін тіпті, өз өмірін құрбан етуге де әзір.

xa0 xa0 Ал, әйгілі «Қар патшайымы» ертегісінде кішкентай Герда досы Кай үшін көп қиянат көргені есіңізде ме?! Ал, Сіз осындай ерлікке дайынсыз ба?

xa0 xa0Андерсеннің ертегілерінде тікелей ақыл үйрету жоқ. Алайда, олар оқырманды мейірімділікке, қайырымдылыққа шақырады. Өзінің айтуынша, ол ертегілерінде өзіне жетіспеген не шынайы өмірден таба алмаған адами құндылықтарды сөз етуге тырысты.