Ақын және Ғайып Ерен Қырық Шілтен — С. Томанов
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Ақыннан қалған өлеңдер ел-жұртқа екі кітап болып жетті: Томанов С. Пәруана / Алғы сөзін жазған Маралтай Райымбекұлы. – Алматы: Үш қиян, 2004; Томанов С.У. /Құрастырғандар Марал Томанова, Еркін Жапаров;xa0Алғы сөзін жазған Абдұлла Бақбергенов. — Алматы: Атамұра, 2006.xa0xa0Екі кітап та ақынның өзі дүниеден өткен соң жарық көрді.
xa0
Серіктіңxa0өлеңіxa0толқығанxa0жанныңxa0шындығынан,xa0тебіренгенxa0жүректіңxa0сырынанxa0туған.xa0Ақынxa0жаныныңxa0шындығындаxa0саз,xa0ақынxa0жүрегініңxa0сырындаxa0назxa0болғандықтан,xa0ақынныңxa0өлеңіxa0деxa0саздыxa0жәнеxa0назды.xa0Саздыxa0әріxa0наздыxa0өлеңненxa0жүреккеxa0ыстық,xa0жанғаxa0жайлыxa0лепxa0еседі.xa0Халықтың: «Өнерxa0алдыxa0-xa0қызылxa0тіл», -xa0депxa0сүйінуіxa0саздыxa0әріxa0наздыxa0өлеңніңxa0жүреккеxa0ыстық,xa0жанғаxa0жайлыxa0жайсаңxa0лебінеxa0байланыстыxa0боларxa0маxa0депxa0ойланамыз.
Жаратушыxa0жаратқандарыныңxa0әрқайсысынаxa0лайықтыxa0қасиетxa0дарытқан.xa0Олардыңxa0бірінеxa0дарығанxa0қасиетxa0өніп-өседі,xa0бірінеxa0дарығанxa0қасиетxa0өліп-өшеді.xa0Ақындықxa0өнерге,xa0ақындықxa0болмысқаxa0біткенxa0қасиеттіңxa0жөніxa0бөлек.xa0Оныңxa0жарығыxa0менxa0жалыныxa0тілденxa0шығады.
Жырларымаxa0таңданбаxa0жарықxa0көрген,
Жүрегімеxa0жүгінбеxa0шабытxa0керген.
Шынxa0құдіретxa0—xa0тілімде,xa0жырымдаxa0емес,
Шыңырауданxa0шындықтыxa0алыпxa0берген, — дегенxa0өлеңxa0жолдарынаxa0акынныңxa0шынxa0кұдіретіxa0тіліндеxa0екендігіxa0туралыxa0ойxa0өзекxa0болған.xa0Әдеттеxa0ақындықxa0қасиеттіxa0табиғаттанxa0дегенxa0ілгерідеxa0өткенxa0данышпандардыңxa0сөзінxa0тілгеxa0тиекxa0етіпxa0айтатынымызxa0бар.xa0Акындықxa0өнерді,xa0ақындыкxa0қасиеттіxa0іштейxa0құрамдасxa0бөліктергеxa0бөліп,xa0жіктейтінімізxa0деxa0болады.xa0Өлеңдегіxa0мазмұнxa0менxa0пішінді,xa0ойxa0менxa0сезімдіxa0жекеxa0алыпxa0қарастыруxa0тәжіxadрибесіxa0деxa0кездеседі.xa0Солардыңxa0арасындаxa0өлеңніңxa0тілі,xa0ақынныңxa0тіліxa0-xa0өзxa0алдынаxa0ұланғайырxa0бірxa0дараxa0сала.xa0Ғылымиxa0еңбектердеxa0өлеңxa0мәселелерінxa0мұндайxa0салаларғаxa0бөліпxa0зерттеуxa0ғылымиxa0танымxa0жүйесінеxa0сайxa0жұргізіледі.xa0Алxa0ақынныңxa0өзxa0өнерініңxa0«шынxa0құдіретін»xa0тіліненxa0табуында, «жарықxa0көргенxa0жыр», «шабытxa0көргенxa0жүрек»xa0жайынxa0көре-білеxa0тұрып,xa0ақындықxa0өнерініңxa0«шынxa0құдіретіxa0тілімде»xa0депxa0білуіндеxa0шығармашылықxa0сараxa0танымxa0бар.xa0Ақынныңxa0даралығыxa0оныңxa0шығармашылықxa0сараxa0танымынаxa0негізделеді.
Ақынxa0«шынxa0құдіретxa0-xa0тілімде»xa0дегенде,xa0өзініңxa0тілін,xa0өзініңxa0өлеңініңxa0тілінxa0ғанаxa0айтпайды,xa0анаxa0тілінxa0мадақтайды,xa0анаxa0тілінxa0ардақxa0тұтады.xa0Серіктіңxa0өлеңініңxa0құдіреті,xa0рас,xa0тілінде.xa0Анаxa0тілініңxa0нәрінxa0бойынаxa0анаxa0әлдиіменxa0сіңірген,xa0бабаxa0өмірініңxa0мәнінxa0ойынаxa0атаxa0сөзіменxa0сіңіргенxa0ақынныңxa0тіліxa0әрлі,xa0ойыxa0нәрлі.xa0Ақынxa0өлеңіндегіxa0ойxa0образды,xa0сөзxa0суретті,xa0сезімxa0сұлу.xa0Ақынныңxa0образдыxa0ойы,xa0суреттіxa0сөзі,xa0сұлуxa0сезіміxa0-xa0бәріxa0тілxa0кұдіретіxa0арқылыxa0өріледі.xa0Ақынныңxa0тіліxa0тауxa0бұлағындайxa0мөлдір,xa0таңxa0самалындайxa0таза.xa0Ақынныңxa0тілініңxa0ұшындаxa0тұрғанxa0жаныxa0жібекxa0жалаудай:xa0самалxa0лебінxa0сезінсе,xa0алтындыxa0шашағынxa0желбіретіп,xa0елбірепxa0тұрады.xa0Шөлxa0даладағыxa0шөлxa0өсімдігініңxa0арманынxa0сезінсеxa0деxa0үлп-үлпxa0етіп,xa0үлбірейxa0жөнеледі.
Тағдырыңаxa0тауфиқсызxa0әліңxa0келмей,
Алаxa0жаздайxa0бірxa0тамшыxa0жауынxa0көрмей,
Өткіздіңxa0беxa0өмірдіxa0үмітпенен,
Жауынxa0құмарxa0жаныңаxa0дамылxa0бермей.
«Күз. Шөл өсімдігін жұбату» өлеңі осылай басталады. Шөл өсімдігінің аты-жөні, түр-түсі белгісіз. Бірақ оның тірлігі, әл-ахуалы, жай-үйі толық көрініс тапқан. Төрт жолдың әркайсысының өз мәні, өз мағынасы бар. Шөл өсімдігі. Тауфиқсыз тағдыр. Тауфиқсыз тағдырға әлі келмеу. Үш бунақтан тұратын бір тармақта осындай үш түрлі сындарлы ой өзегі бар. Шөл өсімдігі. Шөлге біткен, шөлде өнген өмір. Шөлдің шөлі қанатың болса, ол шөл бола ма. Шөлде өскен өсімдіктің шөліркемейтіні бола ма. Шөлде өсіп, шөліркеген өсімдіктің шөлін басу үшін көл жағасына барып өсуіне тағдыр жаза ма, шөл өсімдігі көлге бітіп, шөлін бассын деп тауфиқсыз тағдыр өзгере ме… Шөлде өніп, шөлде өсу — тағдырдың жазуы. Ала жаздай бір тамшы су татпау — тағдырдың жазуы. Өмірді үмітпен өткізу — тағдырдың жазуы. Тауфиқсыз тағдырды өзгертуге акынның Ғайып Ерен Қырық Шілтені ғана себепкер болуы мүмкін еді.
Шөлде өніп, шөлде өскен де, көлге бітіп, көлде өскен де армансыз болмайды, тілеген тілегінің бәріне жетпейді. Көлде өскеннің де, шөлде өскеннің де өмірінің өзегі судан нәр алады. Көлге бітіп, көлде өскен ескіннің шөлді аңсамайтынын кім біліпті. Аңсайтын болса, ол да шөлді өле-өлгенше аңсар еді, шөлге шығып шөліркеуден ол да үмітін үзбес пе еді… Құдайдың кұдіретімен шөлге бітіп, шөлде өскендердің өзі де, өзегі де су аңсап өсіп, су аңсап өтеді. Шөл өсімдігі өссе, су аңсап өседі, шөл өсімдігі өлсе, су аңсап өледі. Шөл өсімдігінің осындай тағдыр-алайы, шөлге де, ыстыққа да үнсіз шыдаған, шыдамы жетпеген жерде үн-түнсіз үзіліп кетуге бар жай-күйі ақын жанынан мейір-шапағат сезімін туғызады. Сол сезім ақыннан ақынның лирикалық кейіпкеріне жетеді. Ойға алған көп тілегі орындалмаған, шөлі қанбай арманда қалған, өзін шаң басқан, өзегіне тамшы тамызар бір жанкүйер, бір жанашыр таппаған шөл өсімдігіне мейірімі түскен лирикалық кейіпкер оған қолынан келген көмегін көрсеткісі келеді. Шөлде өскен сол өскіннің өзіне бір жанкүйер табылғандай сезінуінен бақыт табардай толқиды, соның шөлін басқысы, соған сүйеу болғысы келеді. Жанашыр іздегенге жанашырлық көрсетуге, сусағанға су беруге, сүрінгенге сүйеу болуға, жаны жабырқағанға жансерік болуға дайын тұрған лирикалық кейіпкердің шөлге де, шөлдегі өксікті өскінге де ықыласы түсіп, жүрегі рақым нұрына, мейірім шуағына толып елжіреген қалпы — ақынxadның ішкі қуатынан, талант табиғатынан туған тамаша көрініс. Ақынның ішкі қуатынан, талант табиғатынан туған осы тамаша көрініс — ақын өнерінің асыл өзегі, ақын болмысының абзал қасиеті.
Шөлxa0өсімдігінxa0жұбатуxa0мынаxa0шумақпенxa0аяқталады:
Теңізxa0бенxa0өзендерденxa0шалғайxa0жатып,
Өмірxa0кештіңxa0таңдайғаxa0нәрxa0алмайxa0түк.
Шілдеденxa0шығаxa0алмайтынxa0шөп—шаламxa0көп,
Күресіпxa0күзгеxa0жетуxa0қандайxa0бақыт!
Жерxa0бетіндеxa0өніп-өсетінxa0жайсаңxa0өсімдіктердінxa0өмірxa0жасыxa0көктемдеxa0басталып,xa0күздеxa0аяқталады.xa0Шөлxa0өсімдігініңxa0өміріxa0деxa0осындай.xa0Бірақxa0шөлxa0өсімдігіxa0өзxa0тіршілігініңxa0әрбірxa0қас-қағымxa0сәтіxa0үшінxa0күреседі,xa0өмірініңxa0күзінеxa0толассызxa0күреспенxa0жетеді.xa0Шөлxa0өсімдігіxa0өзегінеxa0тамбағанxa0тамшыxa0судыңxa0орнынxa0қайсарxa0рухыменxa0толтырады.xa0Әйтпесеxa0өзегіxa0құрғап,xa0өзіxa0қурап,xa0желгеxa0ұшыпxa0кетпек.xa0Шөлxa0өсімдігіxa0бәрінxa0көрді,xa0бәрінеxa0төзді,xa0бәрінеxa0шыдады.xa0Өзегінxa0қайсарxa0рухыменxa0нәрлендірді.xa0Сөйтіпxa0күзгеxa0жетті.
Дүниеде шаң баспайтын ештеңе жоқ. Шаң шынның жүзі мен асылдың кезіне де қонады. Ақын өлеңінде адам өмірінің, дүние шындығының шаңнан арылып тазарған, саф алтындай сарғайған, сөйтіп сығымдалып бір тал шөл өсімдігіне айналған бейнесі жасалған. Шөл өсімдігі — сөзбен салынған сурет. Суреттің бояуы қанық. Шөл өсімдігінің таңдайына нәр алмай, сіресіп өскен, тағдырдың жазуымен тіресіп өскен қалпы, айналасы, ортасы — бәрі көңілдің көзінде, көздің алдында тұрады. Шөл өсімдігі — күрескер. Шөлде өніп, шөлде өсу, шөлмен күресіп, күзге жету — сүйегі асыл, негізі берік берен болмыстан, мұқалмас, жасымас қайсар рухтан. Шөл өсімдігі — қазақ өлеңінде бұған дейін болмаған, бұған дейін көзге түспеген, теңі де, теңдесі де жоқ образ.
Шөлxa0де,xa0шөлxa0есімдігіxa0деxa0Серіктіңxa0өміріxa0менxa0өңірінің,xa0туғанxa0өлкесініңxa0шындығы.xa0Ақынxa0өміріxa0менxa0өңірінің,xa0туғанxa0жерініңxa0шындығын,xa0туғанxa0жерініңxa0табиғатынxa0кезіненxa0тасаxa0етпеді.
Сарқыпxa0ішіпxa0күзxa0лебін,xa0Сыбдырxa0қақтымxa0еменxa0боп.xa0Жазxa0кызығынxa0іздедім,xa0Жапырағымxa0елеңдеп… -xa0деп,xa0еменxa0болды,xa0қазандаxa0оңып,xa0қарашадаxa0тоңып,xa0жазxa0қызығынxa0іздеді.xa0Құстарxa0қайтқанда:xa0Қосылыпxa0кетемxa0дейxa0меxa0қатарына,xa0Қанатxa0бітіпxa0жүрегімxa0дірілдеді, -xa0деп,xa0алаңдады.xa0Таласxa0болып,xa0әттең-ай,xa0жаралғанда… -xa0деп,xa0өзенxa0болыпxa0тасыпxa0ақпағанынxa0арманxa0қылды.xa0Ауылыныңxa0қарғаларынxa0маңдайынанxa0сипап,xa0арқасынанxa0кағып:
Жамырапxa0жарxa0салатынxa0таңғаxa0қарай,
Айналайынxa0ауылдыңxa0қарғалары—ай!
Қатарыңаxa0мен—дағыxa0қосыларxa0ем,
Қанатымның,xa0қапxa0әттең,xa0болмағаны—ай!xa0-xa0депxa0өкінді.xa0Ендіxa0бірде:
Ептіxa0сұмдарxa0менxa0електенxa0өткен
Пенделікxa0пиғылxa0меніxa0өкпелеткен.
Аранынxa0ашқанxa0адамнанxa0қашқам,
Амал жоқ, сосын
Терек боп кеткем,xa0- деп, тереңге бойлады.
Ақынның «Табиғаттан тағлым» өлеңінде: Жыңғылдарым — жекжаттарым, Жусан біткен — жерлесім; Сертке берік сенімді адам — Селеу кешкен сексеуіл… — секілді шумақтар бар. Туған жерінің жыңғылдарын жекжаттарындай, жусан біткенді жерлесіндей көріп, сексеуілді өзі іздеп таппай жүрген сертке берік сенімді адамға балап, соларға құрметін білдіріп, солармен сыйласып, солармен сырласып жүрген лирикалық кейіпкердің кейпінен ақынның өз келбеті көрінгендей болады. Әр нәрседен жақсылық іздеп, бар нәрседен көңілі қайтқан ақын жарықxa0күнде шам алып іздеп таппаған адалдықxa0пен адамдықты, сыйластық пен сырластықты, ақтық пен пәктікті солардан тапқандай болып көрінеді.
Туған жер, Атамекенxa0-xa0өнер біткеннің асыл арқауы, таусылмас тақырыбы. Туған жер, Атамекен туралы қазақ сөз өнерінде жарығы мен жарқылы көз қарықтырғандай небір керемет шығармалар бар. Жарығы мен жарқылы көз қарықтарғандай осы керемет шығармалардың сәні мен салтанаты жарасқан әдемі әлемінен Серік Томановтың жүректің қылын шерткен сырлы сазы төгіледі. Сол сырлы саздың бір қайырымында ақын туған жерін жанарына көшіріп алмақ болады:
Көшсін деп көз ілмедім қыр, құмдарың,
Жиделерің, теріскен, жыңғылдарың.
Қоңыраулы шеңгелің көшсін тугел,
Жоғалтпай жанға жақын сыңғырларын.
Қыр, құм, жиде, теріскен, жыңғыл, шеңгел, жусан, селеу мен сексеуіл… Серік осылардың арасында өсті. Солардың арасында ойнады, солардың арасында күлді, солардың арасында жылады, солардың арасында жұбанды. Соларды жырлады. Кетерінде жанарына, көкірегіне соларды көшіріп алып кетті.
Ерте-ерте, ертеде өткен Аяз би атамыздың тұсында хан уәзірлері шөптің жаманын іздегенде, Серіктің қоңыраулы шеңгеліне тоқтаған. Сонда, жарықтық, Аяз би атамыз хан уәзірлеріне ақыл беріп, шөптің жаманы шеңгел емес екеніне ханның да, ханныңxa0уәзірлерінің де көзін жеткізген. Шөптің жаманы есептеліп, Аяз бидің акылы арқасында жаманның есебінен кайта шыққан қоңыраулы шеңгелін Серіктің сонша сүйіп, құрмет тұтуы, жанаxadрына, кеудесіне көшіріп алып кетпек болуы — таңданарлық талап, таң боларлық таңдау. Таңданарлық, таң боларлық таңдау ақын танымының табиғатпен тектес қасиетінен туған. Ақынның табиғатпен тектес қасиетіне сын жоқ.
Ақындық өнердің байтақ кеңістігінде ойдың да, ойлаудың да шегі болмайды. Бірақ сол шексіздіктен іздеп тапқан шекті керкемдік бейнелеу құралдарынан елесі естен кетпейтін образ жасау — шығармашылық ойлаудың кемелдігінің нәтижесі.
Акынның терекке айналып кетуінде оның ез болмысына, табиғатына, өміріне жат ештеңе жоқ. Періштелері перілерімен келіп, бұтақтарын паналар деп теректің кейпіне түсу, жанын жапырақ қылып желбірету — ақынның образды ойлауының, образ жасау жолындағы көркемдік қиялдауының бастапқы сатысындағы көріністер. Өлеңнің келесі жолдарында көркемдік қиял жаңа денгейге көтеріледі. Бұтақтарын жайып, жапырақтарын желбіреткен терек адам болып, ақын болып: Келсе ғой шіркін Ғайып-Еренім, Жасыл жанымды жайып өлермін. Жапырақтарым сыбдырлар сонда, Жолына қарап уайым жегенін, — деп армандайды.
Өмірінде ешкімге, ешнәрсеге тәуелді болып көрмеген, жалған күліп жарамсақтануды білмеген ақынның алыс сапарға аттанар қарсаңда дүниедегі ең жақындарына ашып тұрған сырынан шындықтың күйі төгіледі.
Поэзияда тал-терек аз жырланған жоқ және жақсы жырланды. Мұқағали жас қайыңға: «Өмір сүрейік алмасып», — деп сөз айтатын, «Сәби болғым келеді», — деп арман қылатын еді. Ақынның сөзінен де, арманынан да бір керемет саздың сарыны сезіледі. Мұндай сөз айтуға, мұндай арманға талпынуға негіз болған күш қандай, күй қандай… Серік терекке өмір алмасу, алмасып өмір сүру туралы сөз айтпайды. Серік «тебіренемін деп терек болып кеткен». Ол – терекпен бір. Терек — образ. Оның өзегінің бір жартысында — бал, екінші жартысында — у. Екі жарты бір бүтін болып, бөлінбей, жарылмай ағады. Екеуі де қасиетін өзгертпейді.
Ақын мен теректің тұтасып, бір бүтін болып, Ғайып Ерен Қырық Шілтенін іздегені, күткені, сол келер ме деп уайым жегені, жылау жанына содан жұбаныш тапқысы, содан жылу алғысы келгені, сол келер жолға бұтақтарын бұрып, жапырақжанын жайғаны, сол келер болса, жасыл жанын жайып өліп кетуге бары… — терек боп жайқалған жанның сыры, Терек боп тебіренген жүректің жыры, терек боп шайқалған өмірдің шыны. Сыр да, жыр да, шын да удай ащы, балдай тәтті. Теректі образ деуіміздің мәнісі осында.
Серіктің терегі, Серіктің Шөл есімдігі, Серіктің Қоңыраулы шеңгелі… – бұрынсоңды поэзия әлемінде болмаған, поэзия әлеміне Серіктің өзі алып келген сырлы да нұрлы образдар. Ақын өлеңдерінің поэтикалық қуаты тармақтар мен шумақтардың мазмұны мен мағынасында емес, ақындықxa0ойлаудың тереңінен туған образдардың мәнінде.
Серік Томанов қазақ өлеңінің көркемдік бейнелеу қорын жаңа поэтикалық өрнектермен байытты. Серік өлең өнерінің әлеміне мағыналық қатары мен қатпары табиғаттың өзіндей түрлі-түсті көркем суреттер мен образдар алып келді, қазақ өлеңіне жаңа саз, жаңа сарын қосты. Ғайып Ерен Қырық Шілтенін күтумен өткен ақын бар мен жоқтың, ащы мен тәттінің, көл мен шөлдің аралығында дариядай шалқып, сағымдай калқып аққан өмірден көргені мен білгенін, көкірегіне көшіріп, көңілінде байытқан қазынасын өлеңдеріне қалдырды, өлеңдерін өмірге қалдырды.
Алла рақым етсін, ақынның рухына!
Жанғара Дәдебаев,xa0
ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д.
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Қазақ әдебиеті. — 2016. – 27 мамыр. — 10 б.