«Әулиеатаның киелі жерлерінің» картасы дайындалады

«Әулиеатаның киелі жерлерінің» картасы дайындалады

xa0xa0Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындагы «Қазақстанның киелі Жерлерінің географиясы» жобасы аясында Жамбыл облысында тиісті жұмыстар жургізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығыныңxa0 басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері саясаттанушы Айдос Сарым, саясаттанушы, журналист Әміржан Қосановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Елбасы мақаласы негізінде Мәдениетxa0xa0xa0 жәнеxa0xa0xa0xa0 спорт министрлігі «Қазакстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің картасын» жасау жобасы бекітілді. Осы бағытта Республика көлемінен киелі жерлердің тізімі жинақталған болатын.

Арнайы «Қасиетті Қазақстан» экспедициясы жүріп жатыр. Осыған орай Жамбыл облысына келдік. Алдында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында болдық. Негізгі мақсат ұсынылған тізімдердегі нысандар мен кешендерді өз көзімізбен көріп, анықтау,-дейді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали.

Аталған жобаны іске асыру бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама баскармасының жетекшілігімен жұмысшы топ құрылып, комиссия шешімімен «Қазакстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының тізіміне енгізу үшін 33 тарихи-мәдени нысан ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан»xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 орталығына жолданды.

Ғылыми-зерттеу орталығы Жамбыл облысынан ұсынылған 33 нысанның ішінен, ұлттық сарапшылар кеңесінің отырысында 8 тарихи-мәдени ескерткішті іріктеп алып, «Қазакстанның 100 киелі нысаны» тізіміне енгізді. Атап айтсақ, тізімге Тектұрмас, Қарахан кесенелері, Айша бибі, Бабажы Хатын мазарлары, Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі, Ақыртас сарай-кешені, «Ежелгі Тараз калашығы» және «Меркі-Жайсан»xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 ғұрыптық кешені енгілді.

«Қасиетті Қазақстан» экспедициясын жүргізуші топ облыс көлемінде орналасқан ескерткіштерге еліміздң жетекші жоғары оқу орындарының және ғылыми зерттеу институтының тарихшы, археолог, өлкетанушы ғалымдарынан тұратын сарапшылар кеңесі мен жұмысшы тобы құрылатын айтты. Экспедиция құрамы тарихи-мәдениxa0xa0xa0xa0 ескерткіштерге оның ішінде халық арасында кеңінен танымал киелі орындарға жан-жақты зерделеу жүмыстарын жүргізетін болады. Жинақталған материялдар негізінде «Әулиеатаның киелі жерлерінің» картасы дайындалады. Дайын болған карталар мен бүктемелер баспадан шығарылады. Ғаламтор желісіне де «Сакралды картаның» 3Д форматы және галограммасы электронды түрде енгізіледі.

Экспедиция нәтижесінде архелогиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген тарихи-мәдени ескерткіштерге қайтажаңғырту жұмыстары жүргізіліп, «Әулиеатаның киелі жерлерінің» картасына енген ескерткіштерді туристер жиі келіп тамашалайтын киелі орталыкқа айналатын болады. Жоғарыда аталған мамандардың қатысуымен «Жамбыл облысының киелі жерлерінің географиясы» жобасына енгізілетін жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени нысандар бойынша экспедиция ұйымдастырылып, қорытындысы негізінде дөңгелек үстел өткізілетін болады.

xa0xa0Айгерім Иембердиева

Арстан. – 2017. – 1 желтоқсанxa0