Баймаханбет Ахмет Тоққошқарұлы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында 1956 жылы 12 тамызда туылған. ТарМУ-дің әлем тілдері факультетін филолог мамандығы бойынша бітірген. Баспасөз саласындағы еңбек жолын 1987 жылы Талас аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінде әдеби қызметкер болып бастап, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары секілді қызмет баспалдақтарынан өткен. 1997 жылдан бері облыстық «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді. Бүгінде газеттің «Руханият» бөлімінің меңгерушісі. Баспасөз саласындағы көп жылдық еңбегі үшін Мәдениет және ақпарат министрінің, Жамбыл облысы әкімінің, облыстық Мәслихттың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше өлеңдер, әңгімелер, эсселер жинақтары жарық көрген. Бірқатар облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.