Бала сүю бақытын сыйлаған. Салтанат Байқошқарова

Бала сүю бақытын сыйлаған. Салтанат Байқошқарова

 ДТҰ нәтижесінде 15 мыңға жуық нәресте өмірге келген.

Ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Ұлттық медицина ассоциасыңың  «Алтын дәрігері», «Құрмет» орденінің иегері. Ана Мен бала денсаулығы жайында сөз қозғалса, әлбетте Салтанат Байқошқарова есімі аталмауы мүмкін емес.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел ішінде ерекше ықыласқа бөленіп жүрген «Қазақстанньщ 100 жаңа есімі» белгілі болды. Еліміздегі бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы — «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың есімі сол тізімнен табылатынына ел сенді. Бәрі бірдей дауыс берді. Себебі ол кісі репродуктология саласьшда үлкен жетістікке қол жеткізіп, күні бүгінге дейін каншама ата-ананың бала сүю бақытына себепші болып келеді. Осылайша белсіздік пен бедеулікке душар болған көп отбасының үміт отын қайта жақты, сеніміне селкеу түсірмеді.

Салтанат Берденқызы өзі берген сұхбатында «Экомед» емханасын ашуға бастамашы болып, осы істің 6%сы-қасынан табылған жолдасы Батыр екенін жиі айтады. Мәскеудегі «ЭКО» орталығының директоры, профессор Валерий Здановскийдің және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмахан Құралбаевтың көмегі көп тигенін көпшілікке айтудан да жалыққан емес. Ақ халатты абзал жан осы азаматтарға әрқашан алғысын айтып жүреді.

— Біз бұл әдісті 1995 жылдан бастап қолға алдық. Жұмысты жүйелі жүргізгеніміздің нәтижесі ғой, клиника ашылғаннан кейін, 9 айдан соң, 1996 жылдың шілде айында, денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісінің көмегімен орталығымызда алғашқы бала дүниеге келді. Қазір оның жасы 22-де. Шетелде окып жұр. Одан бері 15 мыңға жуьщ бала өмір есігін ашты.Орталықтың Астана қаласында бес жыл бұрын «Экомед Плюс» деп аталатын филиалы ашылған болатын. Қазіргі таңда Қазақстанда кішісі бар, үлкені бар 10-нан астам ДТҰ лабораториялары бар. Соның бірі Тараз қаласында. Бұл күнде қазақстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінетін шетелдік азаматтардың қатары да артқан. Америка, Англия, Ресей, Германия, Түркия сынды елдерден келіп ем қабылдаған науқастардың дені сауығып, бала сүйіп жатыр.

Денеден тыс ұрықтандыру әдісіне мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, үш жылдан бері өздігінен бала көтеруге қабілеті жоқ, әлеуметтік жағдайы темен отбасыларға республика бойынша арнайы 700-ге жуық квота бөлінеді. Жалпы есеппен ДТҰ жылына үш мыңнан аса әйелдің бағын ашады, — дейді дәрігер-ғалым.

Бедеулік пен белсіздіктің белең алып бара жатқаны қазір күллі дүние-жүзін алаңдатып отыр. Ұрпақ өрбіту жолындағы мүндай қиындыктарға кезігіп жатқан жастарымыз көп жасырмасақ. Өкінішке карай, бұл дерт ұлттық демографиялық трагедиямызға айналып барады. Бүгінде Қазақстанда жаңадан отау қүрған отбасылардың 15 пайызы «бедеу» деген ауыр дертті аркалап жүр. Республика бойынша 14 мың әйел бедеу, мыңнан астам еркек белсіз екен. Статистиканы сөйлетсек, солай дейді. Әке атанып, ана болу бақытына қаншама жандар зәру десеңізші. Әрине, мұндайда көңілге медеу болатыны Салтанат Берденқызының ізденіске толы ерен еңбегі. Ол салаға келуіне 7 жылы бойы бала көтере алмауы себеп болғанын жасырмайды. Өзін мысал ете отырып, аталған дертке душар болған жандарға тығырықтан бірлесе шығуға болатындығын айтудан жалыққан емес.

Знамя труда. – 2018. – 8 марта