«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі»

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» xa0– деп атап өтті. Осы орайда Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында біздің болашағымыз балғын балаларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, әділдікке тәрбиелей отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында xa0«Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты ашық есік күні өткізілді.