Битенова Ү. Ешкімге айтпаған сырларым

   Ақындық өнер — сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі.

            Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға,  қаңтар айында — Ай кітабы бетіне, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың 60 жасқа толуына орай «Ешкімге айтпаған сырларым» атты жыр жинағын ұсынамыз.

             Битенова, Ү. Ешкімге айтпаған сырларым [Мәтін] : өлеңдер, толғау, балладалар / Үміт Битенова. — Алматы: Алматы-Болашақ, 2023. — 216 б.

             «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойынша жарық көрген ақынның бұл кітабына әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған.

             Пәкиза тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт жырларының басты ерекшелігі.

             Әлеуметтiк әуенге бейiм, өлең тiлiн құрайтын сыршыл нәзiк сезiмiн оқиғалы жырларына дарыта бiлетін ақын барша адамбаласылық байыпты ойға бармайынша, адамзаттың көсегесi көгермейтiнiне көңiлдi ұйытып, көздi жеткiзедi.

            Ақынның ешкімге айтпаған сырларымен танысуға асығыңыз, құрметті кітапсүйер қауым!