Қазақстан динозаврлары

Құрметті жас ізденушілер!

      Динозаврлар — жер бетінде мезозой дәуірінің басым бөлігінде үстемдік етіп, сондай-ақ, жойылып кеткен омыртқалы жануарлардың Dіnоsauгіа атты жоғары тобына жататын өкілдері. Бұл дәуір үш кезеңді қамтиды:

     Триас (шамамен 252-201 млн жыл бұрын),  Юра (201-145 млн жыл бұрын) және Бор кезеңі (145-66 млн жыл бұрын). Алғашқы динозаврлар триас кезеңінде пайда болып, тез арада барлық құрлықтарға таралып, түрлі экологиялық орталарда тіршілік ете бастаған.

Динозаврлардың басты ерекшелігі — олардың аяқтары денені тік ұстап тұру қалпы. Бұл ерекшелік оларды басқа жорғалаушылардан ерекшелендіріп тұрады.

Жас оқырмандар, сіздерге Гүльжан Назымбетованың (ғылыми-танымдық кітап) «Қазақстан динозаврлары» атты кітабын ұсынамыз.

  Назымбетова, Г. Қазақстан динозаврлары [Мәтін] — Dinosaurs of Kazakhstan — Динозавры Казахстана : (ғылыми-танымдық кітап) / Гульжан Назымбетова. — Алматы: Дәуір, 2025. — 80 б.

«Қазақстан динозаврлары» атты ғылыми-танымдық кітаптан, оқырман көне дәуір кезеңінде динозаврлардың Қазақстанның қай аймағында тіршілік еткенін, олардың өмір сүру салты мен жойылып кету себептерін біле алады.

Жинақта динозаврлардың сыртқы бейнесі, мінез-құлқы мен өмір сүру ортасын көрнекі түрде сипаттайтын 65 түрлі-түсті иллюстрация берілген. Бұл көрнекі материалдар, динозаврларды жақсырақ түсініп, ежелгі жануарлардың түрлерін есте сақтауға көмектеседі.

 Кітап оқушыларға, студенттерге, мұғалімдерге және оқытушылар мен ғалымдарға, сондай-ақ, дүниежүзінің көне тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған

 

Сенің алғашқы миллионың

Құрметті жас оқырмандар!

     Балалар, сендер ақша туралы білгілерің келе ме? Ақшаны қалай жинауға болады, қалай дұрыс жұмсау керек, тіпті бір күні миллионер болуға болатынын ойлап көрдіңдер ме?

     Міне, осы сұрақтардың бәріне қызықты да түсінікті жауап беретін кітап — «Сенің алғашқы миллионың»!

     Бұл кітапта үш тамаша автор — Джеймс Маккена, Джанин Глайста және Мэтт Фонтейн — бізге ақшаның құпияларын қызықты тілмен түсіндіреді.

   Маккена, Д. Сенің алғашқы миллионың [Мәтін] / Джеймс Маккена, Джанин Глайста, Мэтт Фонтейн. ; [ағыл. тіл. ауд. Г. Әбішева]. — Астана: Фолиант, 2025. — 144 б.

     Табысқа жету жолындағы алғашқы қадамыңның бастамасы. Бұл тек ақша туралы ғана емес, еңбек, табандылық, арман мен мақсатты жүзеге асыру жайлы мотивациялық ой. Әр адамның өз жолы бар, ал бұл жол — сеніммен басталып, еңбектену арқылы миллионға жетелейді. Ең бастысы — өзіңе деген сенім мен нақты қадам болу қажет.

     Қарапайым тілмен жазылған бұл кітап баланың қаржылай тәуелсіз және сауатты болып өсуіне, дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауына және өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуіне көмектеседі.

     «Сенін, алғашқы миллионың» — қаржы, жинақ, инвестиция, шығындар мен кірістер туралы балаларға арналған алғашқы қазақ тіліндегі басылым. Кітапта қаржылық жағдайдың баланың қабілеттеріне және қабылдаған шешімдеріне байланысты екені айтылады. Сонымен қатар ақша жинаудың және пайда табудың жолдары көрсетіледі.

     Инвестиция дегеніміз не?

     Шығын неге кірістен аз болуы керек?

     1 000 000 жинау үшін қаржылық жоспар қандай болу қажет?

     Кітаптан қаржыға байланысты басқа да қызықты сұрақтарға жауап табуға болады.

     Балақай ендеше, ақша табудың қарапайым әдіс-тәсілдерін үйреніп ал. Сенің қолыңнан келеді. Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізудің және бизнес бастаудың қыр-сырын үйрен ақша жина. Шынында, миллионерлер — ақша жұмсайтын емес, ақша үнемдейтін адамдар. Сенің де миллионер сияқты ойлайтын уақытың келді кірісіңді көбеит. Қаржы әлеміндегі инвестиция және күрделі пайыз мөлшері терминдерімен танысып, оларды тәжірибеде қолдан.

    Алғашқы миллионыңа адал еңбекпен жет.

Дрон сайыпқырандары

Құрметті жас оқырмандар!

     Бұл кітап — тек әскери техника мен дрон жайлы дерек емес, ол — ерлік пен намыс, отанға деген адалдық пен заманауи қаһармандардың шынайы бейнесін баяндайтын тағылымды еңбек. 

    Бұл туынды — қазіргі заманның батырлары туралы жазылған жас буынға үлгі болатын туынды. Технология мен рух, ұлттық сана мен жауынгерлік рух бір арнаға тоғысқан бұл кітап оқырманды терең ойға жетелеп, Отанды қорғаудың жаңа қырларын танытады. 

     Сіздердің назарларыңызға Неджати Акбабаның «Дрон сайыпқырандары» атты кітабын ұсынамыз.

     Акбаба, Н. Дрон сайыпқырандары. Жаңа өнертабыс [Мәтін] / Неджати Акбаба. ; [түрік тіл. ауд. Г. Файзулла]. — Астана: Фолиант, 2025. — 200 б.

     Неджати Акбабаның «Дрон сайыпқырандары» шығармасы. Ярен, Үміт және Окан — жақын достар. Үшеуі мектептің ең зерек оқушыларының қатарында. Олар қазір мектеп зертханасында дрон жасап жатыр. Үшеуінің арманы — нарықтағы қарапайым емес, көрінбейтін және өз-өзін қуаттайтын дрон ойлап табу.

     Мектептің бұзық балалары Неждет пен Кенан болса оларға қызғанышпен қарап, іздерінен аңдып, жобаларының күл-талқанын шығармақшы.

     Тіпті бірде олардың дронын құлатпақшы болып қауіпсіздік қызметкерлерінің аңшы дронына шабуыл жасады.

     Кенан мен Неждет қауіпсіздік қызметкерлеріне әрекеттерінің себебін қалай түсіндіреді? Ал дрон жасаушы үш дос алдарында кездескен қиындықтарды жеңіп шыға ала ма?

     Балалар осы сұрақтарға жауап беріп көрініздерші.

     Автор оқырманды түрік халқының рухы мен қайсарлығын, сондай-ақ болашақ соғыстардың сипатын терең ұғына білуге жетелейді. «Дрон сайыпқырандары» — жаңа буынды ұлттық мақтаныш пен жауапкершілікке баулитын әсерлі шығарма.

Жапон ертегілері

Құрметті балалар!

     Жапон халық ертегілері жапон мәдениетінің бай мұрасын бейнелейді. Жапон ертегілерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтары, батырлық және әділдік сияқты тақырыптар кеңінен көрініс табады. Жапон ертегілері көбінесе адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке негізделген.

     Сіздердің назарларыңызға Хирошимадағы Жапония-Евразия ұйымының, Жапония фольклортанушылар ассоциациясының, Евразия Жазушылар Одағының мүшесі, жапонта- нушы Шарафат Жылқыбаеваның аударуымен «Жапон ертегілері» атты кітабын ұсынамыз. Бұл қызыққа толы ертегі кітабы Жапон тілінен аударылған.

    Жылқыбаева, Ш. Жапон ертегілері [Мәтін] / Шарафат Жылқыбаева. ; [жапон тілінен ауд. Ш. Жылқыбаева]. — Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. — 420 б.

     Бұл кітапта Жапонияға кең тараған ертегілер топтастырылған.

     Солтүстігіндегі Хоккайдодан бастап оңтүсгігіңдегі Окинаваға дейінгі Күншығыс аралдарыңда айтылатын қиял-ғажайып, батырлық, тұрмыс-салт, аң-құс, хайуанаттар туралы ертегілердің барлығы түпнұсқадан тікелей аударылған. Кітапқа сондай-ақ «Урашиматароу», «Ханасакаджиисан», «Кинтароу», «Иккюсан», «Ақыдды қоян», «Иссунбоуши», «Умихико мен Ямахико», «Момотароу» сияқты жапон префектураларына кең тараған ертегілер де енгізілген. Бұл ертегілерде батырлық пен адамгершілік қасиеттерін дәріптейтін оқиғалар баяндалады. Әр ертегінің өзіне тән ерекше кейіпкерлері мен сюжеттері бар.

     Жапон мұралары:

     Жапон халық ертегілері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра болып табылады. Бұл ертегілер жапон халқының дәстүрлері мен салт-дәстүрлерін сақтап, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізеді. Сонымен қатар, жапон ертегілері әлем әдебиетінде де үлкен орын алады және көптеген тілдерге аударылған.

     Бұл әдемі ертегілер тек — балаларға ғана емес, ересекетрге де ой салар рухани қазына. Олай боласа сіздерді рухани, бай ертегілерді оқуға шақырамын.

Әке үйі

Құрметті оқырмандар!

     Әр бір жанның жүрегінде әке сөзі ерекше орын алады. Әке — отбасының тірегі, баланың қорғаны, өмірдің бастапқы бағдаршамы іспетті. Оның әрбір айтқан ақылы, әрбір жасаған ісі балаға бағыт, отбасыға тұғыр. Әке тек асыраушы ғана емес, ол үлгі, тәрбие, мінез мектебі. Оның маңдай тері мен маxаббаты, үнсіз жанашырлығы мен өмірлік сабыры әр перзенттің жүрегінде өшпес із қалдырады. Әке туралы сөз — мейірім мен құрметке толы шынайы алғыс пен қадірлеудің көрінісі.

     Әке деген биік шыңы адамның,
     Әке деген — тірегі ғой ғаламның.

     Сіздердің назарларыңызға түріктің көрнекті жазушысы Орхан Кемалдың ең сүйікті танымал болған кітаптарының бірі «Әке үйі» романын ұсынамыз.

  Кемал, О. Әке үйі [Мәтін] : роман / Орхан Кемал. ; [түрік тіл. ауд. Ж. Мақсұтхан]. — Алматы: Балалар әдебиеті, 2025. — 128 б.

Бұл жазушының 2 кітаптан түратын «Кішкене адамның романы» кітабының алғашқысы. Кітапта балалық шақтан бозбалалық жас аралығын ең көркем түрде бейнелеген шығарма.

     Түрік әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Орхан Кемалдың «Әке үйі» (Baba Evi, 1949) романы — жазушының автобиографиялық шығармаларының алғашқысы. Роман оның «Балапан шақ — жастық кезең» циклінің бастамасы саналады және жазушының өмірлік жолын, әлеуметтік ортаның адам мінезіне әсерін, кедейлік пен әділетсіздікпен күрес тақырыптарын терең суреттейді.

     Шығарма бас кейіпкердің балалық шағынан басталады. Оның әкесі — әділетсіздікке төзбейтін, бірақ мінезі қайшылыққа толы, жиі қудалауға ұшырайтын қоғам қайраткері. Әкенің күрделі мінезі, отбасылық қиындықтар, тұрмыс таршылығы баланың психологиясына үлкен әсер етеді. Бала қай жерде тұрақтап өмір сүрсе де, тағдыры біртіндеп әлеуметтік әділетсіздікпен бетпе-бет келіп, өзін және өз орнын іздеуге ұмтылады.

     Шығармада әкенің тұлғасы әрі шабыт көзі, әрі ауыр сабақ ретінде суреттеледі. Кейіпкердің өмір жолы арқылы Орхан Кемал қоғамдағы таптық айырмашылықтарды шынайы бейнелейді. Роман қиындықтарға қарамастан, адамдық қадір мен сенімнің жоғалмауы туралы.

     Орхан Кемалдың тілі қарапайым, шынайы, жылы. Ол күнделікті өмірдің ішкі драмасын асыра көрсетпей, өмірдің өзінен алынған көріністермен әсерлі жеткізеді. Бұл роман да жазушыға тән гуманистік және реалистік бағытта жазылған.

     Оқырманға жеңіл әрі әсерлі оқылады. Автордың өз өмірінен алынғандықтан, оқиға өте табиғи және сенімді. Түрік қоғамының ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік ахуалын түсінуге мүмкіндік береді.

     «Әке үйі» — Орхан Кемалдың шығармашылық әлеміне кіретін тамаша бастау. Бұл — тек әке мен бала туралы роман емес, адамның өмір жолын, оның қалыптасуы мен күресін ашатын терең туынды. Шынайылық, жылы адамгершілік пен өмірлік сабақтарға толы бұл кітап көптеген оқырмандардың жүрегіне жол тапқан.

     Оқырман бұл кітап сіздердің жүректеріңізден орын алар кітап екені белгілі. Олай болса «Әке үйі» романын оқуға шақырамыз.

Тағамдағы минералдар

Құрметті жас оқырмандар!

     «Денсаулық — зор байлық» орынды айтылған сөз, және жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы — қоғамның байлығы деуге болады. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» — деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатыны анық. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып, салауатты өмір салтын ұстану, және де дұрыс тиімді тамақтану болып табылады. Осы орайда оқырмандарымызды дұрыс тамақтану және тағамдағы минералдардың маңыздылығы туралы хабардар етуді жөн көрдік.

      Сіздердің назарларыңызға «Тағамдағы минералдар» — танымдық энциклопедиясын ұсынамыз. Бұл кітаптан минералдар, олардың пайда болуы мен қолданылуы туралы көптеген қызықты жайттарды оқи аласыздар.

    Тағамдағы минералдар [Мәтін] : балаларға арн. энциклопедия / [Талғар жоғары медициналық колледжі ; жалпы ред. басқарған: А.О.Қасымбекова ; құраст. М. У. Кенжебаева]. — Алматы: Дәуір, 2025. — 48 б.

      Адам ағзасына тіршілік етуі үшін қоректік заттар қажет. Қоректік заттар макро және микроэлементтерге бөлінеді.

      Микроэлементтер — дәрумендер және минералдар.

     Минералдар — өте маңызды қоректік заттар, олар ағзаның қалыпты жұмыс істеуі және денсаулықты сақтау үшін қажет. Адам ағзасынан 70-тен астам химиялық элементтер табылды, бұл тамақтану тұрғысынан жалпы минералдар деп аталады. Адам ағзасына қалыпты жұмыс істеу ушін кем дегенде 20 элемент қажет.

     Мысалы: минералдар ірі минералдар (кальций, калий, магний, фосфор) және кіші минералдар (темір, мырыш, мыс, йод, селен, марганец және т.б.) болып бөлінеді.

     Минералдар көп қызмет атқарады. Олар негізінен сүйекті құрайды, денедегі сұйықтықтар және көптеген зат аламсулардың бөлігі болып табылады, зат алмасудың белсенділігін реттеуші ретінде өте маңызды қызметтер атқарады.

     Адам ағзасына минералдардың жетіспеушілігі келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • адам бірыңғай біркелкі тамақ ішкенде;
  • адам ұзақ уақыт бойы майлы тағамдарды немесе қантты жиі жегенде пайда болуы мүмкін;
  • нәрестелерде, жүкті, бала емізетін әйелдерде, қарттарда, спортшыларда және белгілі бір ауруларға байланысты кейбір минералдарға қажеттілік артады;
  • кофе, алкогольді шамадан тыс тұтынуда, сондай-ақ темекі шегу сияқты зиянды нәрселерді көп тұтынғанда минералдардың қалыпты сіңуі төмендейді.

     Балалар, тағамдағы минералдар туралы толық мәлімет алу үшін осы кітапты оқып, онда айтылғандарды есте сақтап, күнделікті өмірде қолданып «Салауатты — өмір салтын» бірге ұстанайық.

Роботтар мен дрондар. Кеше, бүгін, ертең

     Роботтар мен дрондар 20-шы ғасырдың жаңалығы емес, олардың тарихы әлдеқайда тереңде жатыр. Жапониядағы «каракури-нингё», әйгілі әл-Джазаридің автоматтан- дырылған субұрқағы мен заманауи сағаты олар туралы түсініктің өте ерте заманда қалыптасқанына дәлел бола алады.

     Жас оқырман, қолыңдағы қызықты иллюстрациялармен безендірілген Скотт, М. «Роботтар мен дрондар. Кеше, бүгін, ертең» атты комикс-кітап сені робототехника тарихымен, робот құрастыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдармен таныстырады.

   Скотт, М. Роботтар мен дрондар. Кеше, бүгін, ертең [Мәтін] : ғылыми комикс / Мейргрид Скотт. ; ил. Д. Чабот ; ағыл. тілінен ауд. М. Шынарбекқызы. — Астана: Фолиант, 2024. — 128 с.

Роботтар мен дрондар олар зауытта! Олар аспанда! Олар көліктер мен телефондарда! Үйіміздің бұрыш-бұрышында! Қазіргі уақытта роботтар барлық жерде! Тарихы сонау ортағасырлық Жапонияның шай ұсынатын ойыншықтарынан бастау алып, заманауи марсоходтарға дейін түрленген роботтар ғасырлар бойы адам баласының сенімді серігі, көмекшісі әрі қорғаушысы болып келеді. Қолыңдағы комикс-кітаптан әлемнің ең ежелгі роботтарының бірі Полли есімді механикалық құспен бірге роботтардың тарихымен танысып, олардың бүгінгі күнге дейін қандай өзгерістерге ұшырағанын бақылай аласың!

Сонымен, роботтар біздің күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды, уақыт өткен сайын олардың қоғамға тигізер пайдасы артуда! Олар біздің жұмысымыз бен өмірімізді жеңілдетіп, жаңа нәрселерді игеруге мүмкіндік беруде. Мысалы, қазір Марсты зерттеп жүрген роботтар бар!

Сондай-ақ біз көптеген шаруаны тындыру үшін олардың көмегіне жүгінеміз. Болашақта кей роботтар фермерлерге азық-түлік өсіруге көмектессе, күтуші роботтар қартайған адамдарға күтім жасайтын болады. Дәл қазір ақылды протездер мен экзоскелеттер мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздігінен жүруіне мүмкіндік берсе, дәрігерлер ота жасау үшін роботтарды пайдалануда. Олар кейде сондай күлкілі. Роботтардың футбол ойнағанын көргенсің бе?

     Роботтар әлемде қаншалықты көп таралса да, оның жетілдірілген бір ғана түрін жасау көп еңбекті талап етеді. Компоненттерді біріктіріп, қарапайым ғана тапсырманы орындайтын бір роботты жасау үшін дизайнерлер, инженерлер және бағдарламашылар біраз уақыт пен күштерін жұмсайды. Роботтар шаңды сору, аспаннан суретке түсіру және көлікті жүргізу сияқты іс-әрекеттерді жақсы жасағанмен, адамдар секілді бәрін бір уақытта жүзеге асыра алмайды. Осыған қарамастан олар күннен-күнге дамып келеді. Тіпті кейбірі машиналық оқу үлгісін пайдалана отырып өздігінен оқып, жаңа іс-әрекеттерді үйрене алады!

    Бұл комикс — балаларды технологиялар әлеміне қызықты жолмен жетелейтін көңілді әрі танымдық кітап. Онда роботтар мен дрондардың қалай пайда болғаны, олар бүгінгі таңда қайда қолданылатыны және болашақта қандай мүмкіндіктер ашатыны қарапайым түрде түсіндіріледі.

     Кейіпкерлер оқырманды алғашқы автоматтардан бастап, алғашқы роботтардың жасалу тарихына дейін алып барады. Балалар ежелгі өнертабыстардың робототехника негізін қалай қалағанын біледі.

Барлығы комикс стилінде, жарқын суреттермен және күлкілі диалогтармен көрсетілген. Сонымен қатар кітапта өз роботыңды құрастыру үшін бірнеше кеңес берілген.

«Роботтар мен дрондар: кеше, бүгін, ертең» атты комикс-кітабымен роботтар әлеміне саяхатта!

Бұл саусақ ізі кімдікі?

 Қымбатты жас ізкесуші! Құпияны ашуға дайынсың ба?

Тексеру, зерттеу, табу, салыстыру — саған қызық па? Онда бұл кітап — сен іздеген нағыз шытырман оқиға!

Эсра Авгеренің «Бұл саусақ ізі кімдікі?» атты кітабы — нағыз балаларға арналған детектив!

Авгёрен, Э. Бұл саусақ ізі кімдікі? [Мәтін] / Эсра Авгёрен. ; түрік тіл. ауд. Г. Файзулла ; сурет. И. Чифтчи. — Астана: Фолиант, 2025. — 96 б.

Фатма мен Әли бір сыныпта оқиды. Екеуінің де жасы онда. Дегенмен екеуі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Әли сабырлы болса, Фатма, керісінше, сыныптың ең белсендісі. Алайда бұл олардың дос болып кетуіне еш кедергі емес. Екеуі бірлесіп, мектепте болған жұмбақ оқиғаның шешімін таппақ.

Біреу сурет шеберханасына байқатпай кіріп, ең әдемі картинаны құртып кетіпті. Сол күні шеберхананың  дәл жанындағы кабинетте кімнің сабағы болып жатты десеңіздерші? Фатманың! Ол кім дейсіздер ме? Ешкімді жақтырмайтын, біреудің сөзін көтере алмайтын және қол ала жүгіретін он жасар оқушы қыз.

Фатма — басты күдікті. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдей алар ма екен? Мектептегі ең ақылды бала Әли Бозкурт оған көмектесуге келісе ме? Жас ізкесушілермен бірге суретті кімнің шимайлап кеткенін анықтап көрейік.

Кітап балаларға қай кезде де әділ және білімпаз болу керектігін үйретеді. Бұл кітап сені нағыз детектив болуға үйретеді! Қарапайым заттардың өзінде үлкен сыр жасырулы екенін байқап, әр ұсақ-түйекке мән беруді үйренесің.

Кітапты аш та, тергеуді баста! Саусақ ізінің сыры сені күтіп тұр!

Хакер әжей

Қария адамдар тек ескі заманды ғана біледі деп ойлайсың ба? Онда бұл кітап сені қатты таңғалдырады! Құрметті оқырман балақай! Сені түрік балалар жазушысы Домбайжы Нұрдың қызықты оқиғағаларға тола кітаппен таныстырам:

 Домбайжы, Н. Хакер әжей [Мәтін] / Нұр Домбайжы. ; авторы әрі иллюстраторы Н. Домбайжы ; [түрік тіл. ауд. Д. Зікірия] — Астана: Фолиант, 2025. — 168 б.

Алдыңда — ерекше оқиға. Бұл — әженің хаккер атанған сәті жайлы ғажайып әрі күлкілі хикая! Иә, иә, сен дұрыс оқыдың — Хаккер Әжей! Ол тек бауырсақ пісіріп, ертегі айтып қана қоймайды, заманауи технологияның тілін де жетік меңгеріп алған!

Бір күні Әмір нағыз ойын әлеміне тап болады. Бұл таңға- жайып оқиға сырты ерекше безендірілген үйден басталған еді. Бұл құпияға толы үйдің иесі — Ажар әжей. Бірақ ол әдеттегі әжелердің бірі емес, хакер әжей болатын. Не, сенбейсіңдер ме? Тіпті оның Джису деген цифрлық көмекшісі де бар.

Ажар әжей Әмір мен өзге де кішкентай достарына ком- пьютерлік ойын бағдарламаларын жасауды үйретеді. Сөйтіп, цифрлы әлемге енген достардың басынан небір қызық жайттар өтеді. Бірде Ажар әжей жоғалып кетеді! Қалай ойлайсыңдар, хакер әжейге не болуы мүмкін?

Егер сен жаңашыл, тапқыр, ізденгіш болсаң – бұл кітап дәл саған арналған!

Кітап оқуға дайынсың ба? Онда беттерін аш та, Хаккер Әжеймен таныс!

Айтпақшы, кітаптың ішінде Ажар әжейдің саған дайындаған тосынсыйы бар. Құпия санды тауып, хакер болуға алғашқы қадамыңды жаса.

Микроағзалардың көрінбейтін әлемі

     Құрметті жас оқырман! Сен көзге көрінбейтін, бірақ өмірімізде үлкен рөл атқаратын тіршілік иелері бар екенін білесің бе? Олар – микроағзалар! Олар біздің айналамызда ғана емес, ішімізде де өмір сүреді. Кейбірі бізге көмектеседі, ал кейбірі ауыртатын да болады.

    Томас, И. Микроағзалардың көрінбейтін әлемі [Мәтін] / Изабель Томас. ; [ағыл. тіл. ауд. Ш. Багиева]. — Алматы: Steppe&World, 2023. – 96 б. : сурет

Изабель Томастың «Микроағзалардың көрінбейтін әлемі» атты бұл тамаша кітабы сені сол ғажайып әлемге жетелейді. Бұл кітапта сен:

Вирус деген не деп ойланып көрдің бе? Rо деген не екенін білгің келе ме?

Білімпаз жастың ойына арналған қып-қысқа кіріспе сен білуге тиіс нәрсенің бәрін ұсынады.

Бұл кітап…

 

Микроағзалардың көрінбейтін әлемі мен дүниедегі ең кішкентай тіршілік иелері туралы сұрақтарға жауап береді. Ғалымдарша айтуға керек болатын фактілер, сандар мен сөздерді үйретеді. Фотосурет, иллюстрациялар, қызық комикстер мен микроағзалар әлеміндегі батырлар туралы әңгімелер ұсынып, шабыт береді.

Түсінікті тілмен, әдемі суреттермен безендірілген бұл кітап – ғылымға қадам басқысы келетін, айналадағы дүниені танығысы келетін барлық балаға арналған!

Егер сен «неге?» және «қалай?» деген сұрақтарды жиі қоятын зерек бала болсаң, бұл кітап — сен үшін таптырмас таңдау! Ғылымға саяхат жасайық!