Дымбілмес Күн қаласында

Бұл жолы Сіздерге Николай Носовтың «Дымбілмес Күн қаласында» атты ертегі-романын ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0Шығарма — өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының орта шенінде жарық көрісімен-ақ Кеңес Одағындағы, сондай-ақ дүние жүзіндегі көптеген халықтардың тілдеріне аударылған, миллиондаған оқушылардың ыстық ықыласына ие болған туынды.

xa0 xa0 xa0Шығарма кейіпкері Дымбілмес (орысша есімі — Незнайка) — ертегілер елінде, ергежейлілер қаласында өмір сүретін құртақандай ғана сүйкімді балақан. Есімінің Дымбілмес болуы да кездейсоқ емес, әрине. Өзі құралыптас балақандар сияқты, ол да талай-талай тәтті қиялдарға бой алдырады. Бірақ әрдайым сәтсіздіктер мен күлкілі жайларға ұшырап қала береді. Сонда да қиялдауын, керемет бір ғажап істер тындырып тастауға, әртүрлі қызықты саяхаттарға шығуға құштарлығын қойған жоқ. Осының арқасында оның басынан талай-талай ғажайып оқиғалар өтеді. Сиқырлы таяқшаның құдіретімен орын алған таңғажайып жайттар шебер баяндалған. Саяхаттауға шыққан кейіпкерлер жаңа достармен танысып, Күн қаласындағы озық технология, заманауи қызмет көрсету түрлеріне таңырқаумен болады.

xa0 xa0Жазушы Дымбілместі ар-ұжданымен сөйлестіру арқылы балаларды адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеп, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Соның бәрін орыстың аса шебер балалар жазушысы Н.Носов үш ертегі-романға арқау етіп, қызғылықты баяндайды. «Дымбілмес пен достарының хикаялары» (Приключения Незнайки и его друзей»), «Дымбілмес Күн қаласында» («Незнайка в Солнечном городе»), «Дымбілместің Айға саяхаты» («Незнайка на Луне») деп аталатын шығармалар әрқайсысы жеке-жеке күйінде де, бір мұқабаның ішіне біріктіріліп те, жоғарыда айтқанымыздай орыс тілінде, сол кездегі Кеңестер Одағының және дүние жүзінің көптеген халықтарының тілінде сан мәртебе басылып шықты. Жазушының атағын бүкіл әлемге жайды. Қай халықтың тілінде шықса да балалардың, олардың ата-аналарының шексіз сүйіспеншілігіне ие болды. Өйткені балаларының бас алмай, құмартып оқитын шығармаларына ата-аналарының да немқұрайлы қарай алмайтыны белгілі. Мұның үстіне Н.Носовтың Дымбілмес пен оның достары туралы жазылған кітаптары — жас жеткіншектерді ғана емес, балалық бал дәуренді әлдеқашан артқа тастаған ересектерді де бірдей баурайтын тартымды туынды.

xa0 xa0 xa0Н.Носов бірде өзінің осы шығармасы жайында айта келіп, бұл ертегі-романдарында да ол (барлық өзге шығармаларындағы сияқты) адамгершілік, батылдық, досқа және жолдасқа адалдық, жігерлілік, алға қойған мақсатқа жету жолындағы табандылық қасиеттерді сөз ететінін, даңғойлық, қызғаншақтық, қорқақтық, өтірікшілік, мақтаншақтық, дөрекілік сияқты адамдардың бойында кездесіп қалатын ұнамсыз қасиеттерді әжуалайтынын айтқан еді. Көркемдік дәрежесі жоғары, тәрбиелік қуаты мол осы ғажап трилогияға 1969 жылы РСФСР-дың Н.К.Крупская атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.

xa0 xa0 xa0Шығарма авторы туралы бірер сөз: Н.Носов 1908 жылы туып, 1976 жылы қайтыс болған. Қолынан қаламы түспеген қырық жылдай уақыт ішінде ол аталмыш трилогиядан басқа «Көңілді семья», «Коля Синицынның күнделігі», «Витя Малеев мектепте және үйде» (1952 жылы бұл шығармасы СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды), «Досым Игорь туралы хикая», «Құдық түбіндегі құпия» атты хикаяттар мен көптеген әңгімелер жазды. Оның қаламынан шыққан дүниелердің барлығын — балалар әдебиетінің шын мәніндегі асыл туындылары, ешқашан маңызын жоймайтын классикалық шығармалар деуге болады.

xa0 xa0 xa0Әлемге әйгілі жазушысының шығармалары балаларға да, ересектерге де арналған.

Андерсен Г.Х. Ертегілер

Құрметті балақайлар, бұл жолыxa0дат жазушысы, әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторыxa0Ганс Кристиан Андерсеннің үш тілде жарық көрген ертегілер кітабына саяхат жасаймыз.

xa0 xa0 xa0Түрлі-түсті әсем суреттермен безендірілген кітапта Ганс Христиан Андерсеннің әлемдік мәдени мұра болып табылатын ең атақты ертегілері қазақ тіліне аударылып берілген. Бүкіл дүние жүзі балаларының сан буыны осы ертегілерді оқып өсті.

xa0 xa0 xa0Бұл кітаптың көркемдеуші редакторы Даурен Кастеев.

xa0 xa0 xa0Андерсен, Г.Х.xa0Ертегілер [Мәтін] = Tales = Сказки / Ганс Христиан Андерсен. — Шымкент: Shuģylakitap, 2020. – 480 б.

xa0 xa0 Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылы Данияның Оденсе қаласында, кедей отбасында дүниеге келеді. Әкесі Ханс етікшілікпен айналысса, анасы Анна Мари Андерсдаттер нәпақа табуға болатын жұмыстың қай-қайсысынан да қашпайтын. Ырым-жырымға сенгіш Анна Мари балшыларға баласының болашағын болжатуға құмар етін. Солардың бірі: «Күндердің күнінде ұлыңыз атақты адамға айналады», – депті. Өкінішке орай, ғазиз ана жалғызының «әлем балаларының сүйікті ертекшісі» атанғанын көрмей кеткен.

Ханс әкесінен қызықты әңгімелерді, қиял-ғажайып ертегілерді, аңыз-хикаяларды тыңдап өседі. Балалық шағын «Менің өмірімнің ертегісі» атты кітабында былайша еске алыпты: «Әке-шешемнің жалғыз баласы болғандықтан, ерке өстім. Анам маған: «Сен бақыттысың. Нағыз графтың баласысың», – дейтін.

Әкесінен айрылған соң жасөспірім Ханс үй ішіне көмектесу үшін мата, темекі фабрикаларында жұмыс істейді. Істеген жұмыстары нәтижесіз аяқталғанымен, өзінің «қайтпас қайсар қалайы солдаты» секілді алға ұмтылуын тоқтатпайды. Енді ол жазушылыққа шындап кіріседі. 1829 жылы Ханстың «Холмен каналынан Амагераның шығыс шетіне дейін жаяу саяхат» атты шытырман оқиғалы әңгімесі жарық көреді. Дат жұртшылығы тырнақалды туындыны жақсы қабылдапты. Жазушы содан бастап қаламынан еш ажырамаған.

Балалар «ертегі патшасы» Андерсенніңxa0«Ұсқынсыз үйрек балапаны»xa0ертегісін білесіздер ме?

xa0 xa0Зерттеушілердің айтуынша, ондағы балапанның прототипі – ертекшінің өзі. Жексұрын үйрек балапанынан асыл аққуға айналатын кейіпкердің хикаясы, шынымен, оның өз өміріне негізделген…

xa0 xa0 Махаббат үшін қандай да болсын құрбандыққа барған су перісінің хикаясы – адал сезімнің гимні іспетті.

xa0 xa0 Бүгінде Копенгаген портына көрік беріп тұрған «Су перісі» мүсіні Дания астанасының символы саналады. Жалпы, Андерсенxa0 ертегілерінің көптеген кейіпкерлері махаббат үшін тіпті, өз өмірін құрбан етуге де әзір.

xa0 xa0 Ал, әйгілі «Қар патшайымы» ертегісінде кішкентай Герда досы Кай үшін көп қиянат көргені есіңізде ме?! Ал, Сіз осындай ерлікке дайынсыз ба?

xa0 xa0Андерсеннің ертегілерінде тікелей ақыл үйрету жоқ. Алайда, олар оқырманды мейірімділікке, қайырымдылыққа шақырады. Өзінің айтуынша, ол ертегілерінде өзіне жетіспеген не шынайы өмірден таба алмаған адами құндылықтарды сөз етуге тырысты.

 

 

«Жануарлар» 1100 қызықты дерек

Білуге ұмтылу – қоршаған ортаны, әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға деген құштарлық әрбір адамның бойынан табылады.

xa0 xa0 xa0 xa0Балақайлар бұл жолы сіздерді жануарлар әлеміне саяхаттауға шақырамын. Өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «Жануарлар» 1100 қызықты дерек атты топтаманы ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0Жануарлар әлеміне сапар шеккен адам әр жануардың тек өзіне ғана тән тіршілік ету ерекшелігі бар екенін түсінеді. Жануарлардың көптігі сонша, ешкім олар туралы бәрін білем деп айта алмайды. Жануарлардың әрқайсысының өзіндік өмір сүру ортасы мен мінез-құлқы болады.

xa0 xa0 xa0Жер жүзінде бір миллионнан астам жануар түрі тіршілік етеді. Олардың ішінде бауырымен жорғалаушылардың — 6000, өрмекшілердің -73000, биттердің 73000 түрі тараған. Әлемде әр адамға 200 миллион жәндіктен келеді.

xa0 xa0 Жануарлар класы дегеніміз — ғалымдар бір-біріне ұқсас деп есептейтін жануарлардың үлкен топтары.

xa0 xa0 Қолыңыздағы кітап жануарлардың дене пішіні, түр-сипаты, мекендейтін жері, қорегі, түрлі қылықтары, жайлы әңгімелейді.

xa0 xa0 xa0Білесіңдер-ме, арыстандардың бет-әлпетіндегі әртүрлі мимика мен дене қимылдарынан оның көңіл күйі мен ойындағысын түсінуге болады, олар 12 метрге дейінгі қашықтыққа секіруге қабілетті.

Алтын шашты қыз бен үш аю

Руф Сандерсон балаларға арналған 75 кітаптың иллюстраторы ретінде танымал. Оның баяндауында «Он екі биші ханшайым», «Күлше қыз», «Ғажайып түс» атты танымал ертегілер жарық көрген.

xa0xa0xa0xa0xa0Алтын шаштыxa0қызxa0бенxa0үшxa0аюxa0[Мәтін] /xa0баяндап,xa0суретінxa0салғанxa0Руфxa0Сандерсон ; ауд. Гүлзатxa0Ақжолова. -xa0Астанаxa0:xa0Фолиант, 2018. – 32 б.

xa0xa0xa0xa0xa0Орман шетіндегі жалғыз үйде аюлар отбасы тату – тәтті тұрып жатты. Олар әр таң сайын жеміс-жидек теріп, серуендейтін. Міне осындай күндердің бірінде Алтын шашты кішкентай қыз аюлардың үйіне тап болады. Үйге кірген кезде үш орындықты көреді, сөйтіп әр қайссысына отырып шығады, ыңғайлап ең кішісіне отырып, әр орындықтың алдында ботка тұрады, әр қайсысынан дәм тәтіп ең кішкентай табақтағы ботқаны тауысып қояды. Орындықта шайқалып отырып, қатты шайқалғаны сонша, орындық шашылып кетті.

xa0xa0xa0xa0Алтын шашты қыз шаршағанын сезіп, келесі бөлмеге кіріп, онда үш төсекті көреді. Әр төсектің ыңғайлығын тексеріп, тұп-тұра өзіне арналғандай үшінші төсекке жайғасып, тәтті ұйқыға кетеді. Сол арада үш аю үйлеріне қайтып келеді.xa0Үш аю адасып кеткен Алтын шашты қызды қалай қарсы алар екендігін білгілеріңіз келсе ертегіні оқуға кеңес береміз.

Құстар: мектеп энциклопедиясы

Құстар адамды үнемі қызықтырды. «Құстар» деген не? Одар қандай тіршілік иелеріне жатады? Әйгілі америкалық орнитолог Роджер Тори Питерсонның құстар туралы көпшілікке мәлім тамаша кітабы былай басталады: «Бүкіл жоғары сатыдағы жануарлардың ең әдемі, ең тәтті әуездісінің құстар екені сөзсіз, одар еріксіз өзіне тәнті етеді, адам көбінесе соларды зерттеп, қорғайды. Құстардың саны, басқа омыртқалылардың барлығынан едәуір артық, сондай-ақ олар жер шарының барлық жеріне дерлік — поляр мұздарының жиегінде және ең биік тау беткейлерінде өмір сүреді».

Шынында да құстар бардық жерде адамның айналасынан талбылады, тіпті кей кезде табиғи орта ретінде тұспалдауға келмейтін осы заманғы қала жағдайларынан кездестіре аламыз. Мұны адамдар көп жүретін қаланың кез келген жерінен байқап көруіне болады.

Біздіңxa0кітапханаxa0кішкентайxa0оқырмандарынаxa0«Атамұра»xa0баспасынан жарықxa0көргенxa0А.Ф.xa0Ковшарьдыңxa0«Қазақстанxa0жануарлары»xa0сериясынан «Құстар»xa0аттыxa0мектеп энциклопедиясынxa0xa0ұсынады.

Ковшарь, А.Ф. Құстар [Мәтін] : мектеп энциклопедиясы — А.: Атамұра, 2010. – 352 б. -: сүр.

xa0Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі — «Құстар класының жалпы очеркі», мұнда құстардың дене құрылысынан бастап, таралу және өмір сүруіне дейінгі құстар класына сипаттама беріледі. Осы бөлімнің бірінші және екінші тарауларынан құстар туралы мынадай жалпы түсінік берілген:

олар қандай тіршілік иелері; олардың жануарлар әлемі жүйесіндегі орны;

оларxa0қашанxa0жәнеxa0неденxa0пайдаxa0болған;

олардыңxa0денеxa0құрылысыxa0тіршілікxa0ететінxa0ортасынаxa0қалай реттеліп бейімделген;

ұшу әрекеті деген не және ол құсқа не берді — құстарда ұшпайтын омыртқалы жануарлармен салыстырғанда қандай артықшылықтар пайда болды.

Үшіншіxa0тараудаxa0құстардыңxa0жер шарында таралуына, олардыңxa0түрініңxa0санxa0алуандығына, суда, су маңында,xa0жерxa0бетінде,xa0ормандаxa0-xa0өмірxa0сүретін, яғниxa0дүниеxa0жүзіндегіxa0барлықxa0құстар туралы жалпы түсінікxa0беріледі.

Құстардыңxa0көбеюінеxa0арналғанxa0төртіншіxa0тарауда,xa0құсойнаққа,xa0ұяxa0салуға,xa0жұмыртқаларxa0инкубациясынаxa0жәнеxa0басқаxa0ұяxa0салуxa0айналымыныңxa0кезеңдерінеxa0өтеxa0айқынxa0мысалдарxa0келтіріледі.

Келесі тарауда құстардың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы туралыxa0 баяндалады. Соңғы тарау алдыңғы тақырыпты жалғастыра отырып, құстарды қорғау қажеттігін дәлелдейді.xa0xa0Кітап туғанxa0өлкеxa0тіріxa0табиғатыныңxa0тіршілігінеxa0қызығушыларғаxa0арналған.

Құлаған үйдің құпиясы

Өзіңізді детектив сезінуге, қызықты кездесулерді, шытырманға толы оқиғаларды сезінгілеріңіз келсе Зияш Телеуованың «Құлаған үйдің құпиясы» атты кітабын оқуға кеңес беремін:

xa0 xa0 xa0 Телеуова, З. Құлаған үйдің құпиясы [Мәтін] : жасөспірімдерге арналған көркем шығарма / Зияш Телеуова. — Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 144 б.

Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Сегізінші сыныптың оқушылары қысқы, жазғы демалыста жүріп, түрлі оқиғалардың куәсі болады. Бірінші — «Ит жоғалған күн» оқиғасы. Итін жоғалтқан Кәрім мен достары жоқ іздеп жүріп, құлаған үйдің жертөлесіне біреулердің кіріп-шығып жүргенін көріп, сол есікке бақылау орнатады. Құлаған үйдің жертөлесіне қоныс тепкен діни секта мүшелері діни рәсімдерін өткізу үшін қамауда тұтқын ұстайды. Жертөлеге түскен Кәрім оның үстінен шығып, құтқару әрекеттерін жасайды. Жергілікті полицияның көмегімен тыңшылар өзге діни ағымның іс-әрекеттерін әшкерелейді.

Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері — Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы, үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткіншектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түрлі қылмыс көріністеріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

Кітаптың авторы Зияш Төлеуова 1947 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Шығармашылық жолын шытырман оқиғалы кітап жазуға арнап, балаларға арналған тұңғыш детектив жанрындағы «АБКА – тобы ашқан қылмыс» (2009 жылы) кітабы «Жеті Жарғы»баспасының демеушілігімен жарыққа шықты.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиеттерді тарату» мемлекеттік бағдарламасы бойынша: Жаңа заман прозасы» сериясымен — «Банкирдің өлімі», «Махаббаттың ажалы» детектив желісіндегі романдары «Жазушы» баспасынан жарық көрді. 2017 жылы жасөспірімдерге арналған детектив кітабы — «Құлаған үйдің құпиясы» мемлекеттік сатып алу байқауынан өтіп, мемлекеттік тапсырыспен шыққан. 2018 жылы әлем әдебиетінің алтын қоры — Агата Кристидің «Тайна семи Циферблатов» — «Жеті Циферблаттар құпиясы» детектив романын қазақ тіліне тәржімалады. Бұл аударма Мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша тапсырысқа өтті.

Хайди / альпі ертегісі бойынша

Ал келесі ұсынатын кітабім альпі халқыныңxa0 «Хайди» атты ертегісі.

Хайди [Мәтін] : [альпі ертегісі бойынша/ бас ред. Қ. Байғабылова; ағыл. тілінен ауд.Ү. Кеңесбаева]. — Алматы: Аруна, 2015. – 32 б.

Ертегіде Тобиас атты бала орта дәулетті шаруаның отбасында туып-өсті. Ол егістік алқабында таңертеңнен кешке дейін ерінбей жұмыс істеп, еңбексүйгіш боп ержетті. Тобиас Аделаида есімді қызды жақсы көрді. Аделаида да оны қатты ұнатты. Тағдырдың қысылтаяң шағында бір-бірін ешқашан тастап кетпеуге ант беріседі.

Тобиас пен Аделаида тату-тәтті өмір сүріп жатады. Арада біраз уақыт өткенде Аделаида дүниеге Хайди атты сүйкімді сәби әкеледі. Бірақ көп кешікпей ерлі-зайыптылар көлік апатына ұшырап, күтпеген жерден қаза табады.

Хайди атасының қолында тәрбиеленеді. Олар Швейцариядағы Альпі тауының басында тұрады.

Кішкентай қыз айналасындағыларды мейірімділігімен, сүйкімділігімен өзіне баурап алады. Хайдидің Петер есімді досы болады. Ол – қойшы. Петер Хайдимен көгалда ойнағанды жақсы көреді.

Мейірімді қыздың тағы бір досы – Клара. Ол ауыр сырқатқа шалдығып, жүре алмай қалады. Хайди Клараның емделуіне көмектеседі.

Хайдидің өмірі әрі қарай немен жалғасқанын осы ертегіні оқып біле аласындар.

Кітап кішкантай балақайларға, көпшілік қауымғаxa0 арналады.

Алпамыс батыр

Алпамыс батыр [Мәтін] : эпостың баяны / балаларға лайықтап әңгімелеген Ақселеу Сейдімбек; сурет. Ж. Нұрбекұлы, А. Әбелдинов. — Астана: Фолиант, 2019. – 176 б.

Халық ауыз әдебиетін телегей-теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның, 6ipi — эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екен даусыз. Автор осы жауһар туындыны оның көркемдігі мен сурет-бояуына қылаудай да залал тигізбей, әсер-сезімін еш төмендетпей, ойлау, пайымдау, саралау, қабылдау қабілеті әлі толық қалыптасып үлгермеген жас жеткіншектердің таным-түсінігіне лайықтап, қара сөзбен әсерлі баяндалған. Шығарманың тілі де тартымды, ұғынықты, қарапайым.

«Алпамыс батыр» жырының қара сөзбен баяндалып, көркем безендірілген бұл нұсқасы жас ұрпақтың ойын ұштап, қиялын қанаттандыратын кезекті рухани олжасы боларына кумән жоқ.

«Алпамыс батыр» – қазақ эпостарының ішіндегі ең көне жырлардың бірі. «Алпамыс батыр» жырында халқымыздың ежелдегі тіршілігі, жұртымыздың басынан кешкен ерлік оқиғалары жырланған. Жырда сонау заманның түсінігі, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері жинақталған.

Ертегі — ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мұң- шері, арман-мұраты бейнеленген.

Анау не? Мынау не?

 

Білугеxa0құмарлық,xa0көругеxa0ынтықxa0болуxa0xa0балаxa0атаулыныңxa0болмысынаxa0тәнxa0қасиет. Сондықтан сендерге

«Анау не? Мынау не?xa0Қайда?xa0Қашан?xa0Неге?xa0Неліктен?»xa0дегенxa0санxa0алуанxa0сұрақтарxa0қойып, оныңxa0жауабынxa0алғаншаxa0асығасыңдар. Сұрақтарыңныңxa0жауабынxa0«Анау не? Мынау не?»xa0 атты танымдықxa0кітаптарxa0топтамасынан таба аласыңдарxa0– сендердіңxa0сұрақтарыңаxa0жауап беретін пайдалы, көмекшіxa0құралдыxa0ұсынамын:

Жүрекxa0қалайxa0соғады?xa0[Мәтін] :xa0адамxa0денесіxa0туралыxa0өзіңніңxa0барлықxa0сұрақтарыңаxa0жауапxa0ал!/xa0басxa0ред.xa0Қ.xa0Байғабылова; орыс тіл. ауд. З. Башбаева. — Алматы: Аруна, 2018. – 16 б.

Ақxa0аюxa0негеxa0тоңбайды?xa0[Мәтін] :xa0жануарларxa0туралыxa0өзіңніңxa0барлықxa0сұрақтарыңаxa0жауап ал! / бас ред.xa0Қ.xa0Байғабылова; орыс тіл. ауд. З. Башбаева. — Алматы: Аруна, 2018. – 16 б.

Балықтарxa0судаxa0қалайxa0тынысxa0алады?xa0[Мәтін]: табиғатxa0туралыxa0өзіңніңxa0барлықxa0сұрақтарыңаxa0жауап ал! / бас ред.xa0Қ.xa0Байғабылова; орыс тіл. ауд. З. Башбаева. — Алматы: Аруна, 2018. – 16 б.

Ұялыxa0телефон неге дірілдейді?xa0[Мәтін]: технология туралыxa0өзіңніңxa0барлықxa0сұрақтарыңаxa0жауап ал! / бас ред.xa0Қ.xa0Байғабылова; орыс тіл. ауд. З. Башбаева. — Алматы: Аруна, 2018. – 16 б.

xa0Пияз неге көзденxa0жасxa0ағызады?xa0[Мәтін] :xa0адамxa0денесіxa0туралыxa0өзіңніңxa0барлықxa0сұрақтарыңаxa0жауапxa0ал! /xa0басxa0ред.xa0Қ.xa0Байғабыловаxa0;xa0орыс тіл. ауд. З. Башбаева. — Алматы: Аруна, 2018. – 16xa0б.

Ұялы телефон неге дірілдейді,xa0 пияз неге көзден жас ағызады, балықтар суда қалай тыныс алады, тағам асқазанға түсу үшін қанша уақыт керек,

неліктен жөтел пайда болады,xa0xa0мұрын неге бітеліп қалады, көкірек қуысының ішінде не бар сияқты көптеген сұрақтарға жауап береді.

Алдаркөсе мен Қожанасыр хикаялары

Балалар бұл жолы сендерге қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері Алдаркөсе туралы кітабын оқуға ұсынамын.

Ол ақылды, ойлы, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі мен тапқырлығының арқасында көздеген мұрат-мақсатына жетіп отырады. Ол айналасындағы ашкөз байларды пайдакүнем саудагерлерді, әділетсіз қазыларды келеке- мазақ етеді. Мысалы, Алдаркөсе ел-жұртқа сараңдығымен әйгілі болған Шықбермес Шығайбайды масқаралап, бергісі келмеген асын ішіп, атын мініп, қызын алып кетеді. Сол сияқты байлықтың соңына түскен дүниеқұмар керуенбасын сазға отырғызып, өгіздерін олжа етеді. Әрі қарапайым халық оның бұл әрекеттерін еш уақытта айыптап кінәламайды, қайта, көптің көңілінен шыққандықта оны қоштап, әрдайым қуаттап отырады.

Алдаркөсе туралы хикаялар сонау ерте заманнан айтылып, ауыздан ауызға көшіп келе жатқан көне дүниелер. Оның өмірде болғанын, қай уақытта өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи деректер жоқ. Негізінен Алдаркөсе образының терең қатпарларында алғашқы қауымдағы мифологиялық түсініктердің ұшқыны бар екендігі белгілі фольклоршы ғалым, академик С.Қасқабасов пен әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Е.Тұрсыновтың зерттеу еңбектерінде айтылады. Олар Алдаркөсенің Шайтанмен сапарлас болуы, жын-перілердің қолбасшысымен дауласқанда әлемнің жаратылған мерзімі туралы куәлік айтуы біздің басты кейіпкердің арғы тегі мифологиядағы трикстер бейнесімен астасып жатқандығын көрсетеді деген тұжырым жасайды.

Қалай айтқанда да, қарапайым жұрттың діттеген жерінен шығып, еш ұмытылмай күні бүгінге дейін жеткен Алдаркөсе әрмен қарай да қазақ халқымен бірге мәңгі жасай бермек. Соңғы кездері осынау ғажайып кейіпкердің еліміздің театр және кино өнері туындыларына айналуы соның жарқын көрінісі болса керек. Тұңғыш рет 1942 жылы сахналанған «Алдаркөсе» пьесасы мен 1964 жылы қойылған «Алдаркөсе» фильмі келешекте дәстүрлі жалғасын табатынына риясыз сенгіміз келеді.

Ал енді Қожанасыр туралы айтар болсақ, ол түрлі халықтардың арасында ХІІІ-ХІV ғасырларда мейлінше кең таралған күлдіргі әңгімелердің ұмытылмас кейіпкері. Осынау әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде шешен тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Ол туралы хиқаялар бүкіл Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молда Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин Әпенді деген аттармен кең тараған. Оның ұлты мен туған жерін дөп басып айту қиын. Тіпті ол өмірде болмаған, халықтың қиялынан туған кейіпкер де болуы әбден мүмкін.

Қожанасыр қоғамдағы келеңсіз жайттарды күлкіге айналдырып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жеңілдетуге тырысқан. Әпенді бейнесінің ажырамас бөлігі — оның есегі.

Есек кейде қалжыңның бас кейіпкері болса, кейде Қожанасырдың айнымас серігі ретінде көрініс табады. Сол үшін де әлемнің көптеген елінде Әпендіге ескерткіш орнатқан кезде оны есектің үстіне отырғызып қояды. Сондай зәулім ескерткіштердің бірі — Өзбекстандағы Бұқара қаласында тұр.

Сайып келгенде, Алдаркөсе де, Қожанасыр да халық ұнатқан, халық таңдаған жағымды кейіпкерлер. Сондықтан да олар халықпен бірге мәңгі жасай бермек. Қос кейіпкердің бүгінгі жас буын үйренер, үлгі тұтар тұстары да аз емес деуге толық негіз бар.

Ең бастысы, олардың кедей-кепшікке, жәбір көрушілерге деген жанашырлығы, қамқорлығы һәм риясыз сүйіспеншілігі жеткіншектерге ой салғандай үлгі-өнеге болып қала бермек.

Бұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең, мағыналы, пәлсафаға толы ұтқыр әзіл-оспақтары, күйдіргідей ойып түсетін қалжың хикаялары енгізіліп отыр. Кітап жеткіншектер үшін тәлім-тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылды.

Кітаптың тартымды болып шығуы үшін, жинақты көркем безендірген елімізге жақсы танымал суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайртакері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Ағымсалы Дүзелхановтың еңбегін зор ықыласпен атап өткіміз келеді. Ойлы да әсем суреттер жинақтағы әңгімелердің ажарын мейлінше аша түскен.