Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік фантастикалық туындылардың топтамасын ұсынудан бұрын, ең алғашқы фантастикалық туынды туралы мәлімет алсақ. Әдебиет саласында ең алғаш фантастикалық туындыны Ф. Бекон жазған.
1627 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетіндегі фантастикалық жанр өз оқырманын, қазақ қоғамын жаңашылдыққа жетелейтін жанр. 1950 жылдан бергі жазба әдебиетіміздің ілгері жылжуына, жаңа бағытқа бет бұруына, биікке ұмтылуына әдебиеттің бұл жанры елеулі серпін берді. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік жазушыларымыздың ғылыми-фантастикалық алақандай әңгімелері қазақ қоғамын еркіндікке баулыйды.
Сәлеметсіңдер ме балақайлар!
Сіздер сиқыр мектебінде оқыр ма едіңіздер?
Иә?
Жоқ?
Үйіңе кілембуспен қоян ұшып келгенін елестете аласың ба?
Бұл, шынында да, мүмкін бе деп ойланып қаларсыздар. Әлде бұған сенбейсіздер ме?
Сауытбай, Р. Шоко әлем. Тылсым Эллипсаһар [Мәтін] / Рустем Сауытбай. — Алматы, 2020. – 352 б.
Құрметті балақайлар, біз сіздерге өте қызықты «Шоко Әлем» «Тылсым Эллипсаһар» атты фентези үлгісінде жазылған әңгімені ұсынамыз. Бұл әңгімеде қарапайым жанұядан шыққан Элия мен Райл ғажап нәрселерді бастарынан өткізеді. Олардың керемет қабілеттері бар екенін өздері де білмеген. Бір күні екеуі әжелері айтып берген үңгір арқылы Шоко Әлеміне түседі. Ол жерде олар ғажап нәрселерді жасауды үйрететін «Эллипсаһар» мектебіне шақырылады. Бірақ бәрі сіздер ойлағандай оңай емес.
Өйткені қара ниеттілер қара сиқыр үйреніп, өз жоспарларын құруда. Олар қоян Кокидің жер бетінен әкелген тастан хабардар және ол тас жай нәрсе болмай шығады…
Бұл кітап фантастиканы ұнататын балаларға арналған.

Балалар бұл жолы сіздерге
жануарлардың тауға саяхат жолында бастан кешкен қызықты сәттері баяндалған. Тау басында орын алатын шытырман оқиғалар да балаларды әңгіме әлеміне бірден елітіп әкетеді.
Бұл жолы сіздерді күй әлеміне саяхаттауға шақырамыз. Өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын ұсынамыз.
Осы жолы сіздерге аңыздар жайлы кітапты ұсынамыз. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.
Оған енген аңыздар Қазақстан өзендері мен көлдерінің, тауларының, алқаптарының, аспан шырақтары мен жануарларының пайда болу тарихы мен шыққан тегі жөнінде әңгімелейді.

Ежелгі ойын түрлері — «Жақ лақтыру», «Мұнданақ», «Атаман доп» сияқты 150-ге тарта түрі өз-өз алдына қызықты да алуандылығымен ғана емес, ұлттық даралығымен де назарға ілігеді. Соның ішінде «Балуан» (күрес) өнерін алсақ, оның өзіндік дара тарихы, іс-қимылы басқа ұлт күресінен өзгеше, әрі бұл күнде халықаралық күрес қатарынан орын алып отырғанын мақтаныш етуге болады.
Ертегідегі қаһармандардың алдынан үнемі көсе-көлденең шығып, біздің үрейімізді алатын динозавлар туралы білмейтін адам кемде-кем шығар. Ал, олардың бұрындары жер бетінде тіршілік кешіп, жұмыртқа салғандығын қазір ғылымның өзі дәлелдеп отыр. Ендеше балалар Клод Богаэрдің «Жалықтырмайтын энциклопедия. «Динозаврлар» атты кітабы арқылы динозаврлар әлеміне бірге саяхаттап көрейік.
Динозаврлардың құрып кеткендігі жайында айтылған деректерге назар аударсақ, ол жерге астероид, метеорит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пікір шындыққа жанасады.

Альберт Эйнштейн әлемге сенімді де жігерлі физик ретінде танымал. Ол әрдайым адамзатты рухани дамытатын және пайда келтіретін іс-әрекетпен шұғылдануға тырысты. Оның еңбектері әлемді дүр сілкіндірсе, тапқыр ойлары мен айтқан сөздері оқыған адамға ой салады.
Балалар осы жолы сендерді грек ғалымы, философ, Батыс Еуропа дүниетанымы тұрғысынан Аристотель туралы кітабымен таныстырамыз:
Аристотель біздің өмірімізден көрініс тапқан революциялық ойлаудың жүйесін салған алғашқы ғалым.