Зеріккен балақайларға арналған ойындар

Іш пысқанда не істейсіздер? Бұл сұраққа әртүрлі жауап беруге болады. Бірақ зерттеулерге сүйенсек, балалардың 72%-ы іші пысқанда теледидарға телміреді, планшеттен түрлі бейнежазбалар көреді немесе компьютердің алдына жүгіреді екен.

Иә, бұлар сіздерге жағымды көңіл күй сыйлайтынына сенімдіміз. Алайда мидағы миллиардтаған нейрон үшін пайдасы бар деп айта алмаймыз.

Экран алдында өткен уақыт бізге бақыт әкелсе де, көп ұзамай зерігу сезімі одан сайын арта түседі. Себебі теледидар мен әртүрлі гаджеттер мидағы керек керемет әсерді сыйлай алмайды.

Сонымен, іш пысқанда не істеу керек? Қол құсырып қарап отырамыз ба? Әрине, жоқ! Адам баласын басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін ең негізгі екі қасиетіне жүгінеміз: «Әрекет ету және көңіл көтеру!» Бұл үшін өзіміз білетін ең тиімді әдісті қолдансақ жеткілікті: «Ойын ойнау!»

Достар, сіздер бос уақытты қызықты өткізу үшін логикалық ойлау, зейін қою қабілетті дамытатын 53 түрлі ойын берілген кітапты ұсынамыз.

xa0 xa0Тонгар, Х.К. Зеріккен балақайларға арналған ойындар [Мәтін] / Хатидже Кюбра Тонгар. ; [түрік тілінен ауд. Д. Телманов].- Астана : Фолиант, 2024. – 96 б. : сурет

Олар «Өзің ойнайтын ойын», «Бауырыңмен ойнайтын ойын», «Отбасымен ойнайтын ойын», «Достармен ойнайтын ойын» деген санаттарға топтастырылған. Осылайша, әрі зерікпейсіздер, әрі айналадағы адамдарға жақсы көңіл күй сыйлайсыздар.

Айтпақшы, Америкада Ойын терапиясы орталығын ашқан Гарри Л. Лэндрет мырзаның айтқан мына бір сөзін естеріңізде сақтаңыздар: «Құстар ұшады, балықтар жүзеді, балақайлар ойнайды».

Ендеше, кітаптың келесі беттерін ашайық!

 

 

 

Кішкентай Мук

Келесі ұсынатын кітабымыз немістің танымал жазушысы Вильгельм Гауфтың «Кішкентай Мук» атты ертегісі.

xa0 xa0 xa0Гауф, В. Кішкентай Мук [Мәтін] : ертегі / Вильгельм Гауф. ; ауд. Т. Әукенова. — Астана : Фолиант, 2024. — 32 б. : сурет;

Қала балалардың мазағына айналған бақытсыз ергежейлі туралы оқиға. Ол тағдырдың ұшырайды: ешқандай іске икемі болмайды, жастайынан жетім қалады, тауыстарының зулымдығын көреді. Бұл-адамды сырт келбетіне немесе қоғамда алатын орнына қарап бөлуге болмайтынын үйрететін мағыналы ергтегі. Ертегінің сараңдықпен қызғаныштың алысқа апармайтының, жақсылықтың жамандықты жеңітінін еске салар тағылымы баларға сабақ болары сөзсіз.

Ертеде аласа бойлы, шағын денелі бір адам өмір сүріпті. Оның есімі Мукраһ болатын. Алайда ел оны Кішкентай Мук деп атаушы еді. Бойы бар болғаны үш футтай ғана болатын адамға осындай есім әбден лайық. Оның денесі шағын болғанымен, басы басқаларға қарағанда ерекше үлкен болатын. Мук үлкен үйде жалғыз өзі тұратын. Егер ай сайын белгілі бір күнде серуендеуге шықпаса, ешкім оның өлі-тірісін білмеуші еді. Оның көшеге шыққаны балалар үшін үлкен мереке болатын. Айына бір рет ашылатын есіктен әуелі үлкен сәлде ораған үлкен бас шығатын. Содан кейін өңі тозған шапан киген шағын денесі көрінетін. Содан кейін жалпақ белдік байлаған кең шалбарын да көруге болатын еді. Белдікте үлкен қанжар салбырап тұратын. Қанжардың үлкен болғаны сонша, Мук қанжар тағынып жүр ме, әлде қанжар Мукты көтеріп жүр ме, анықтау қиынға соғар еді. Сырт келбеті осындай Кішкентай Мук сыртқа аяқ басқан сәтте-ақ көше күлкі мен айқайға толып кететін. Біреулері қалпақтарын аспанға атып қуанса, басқалары оның айналасында билеп жүріп, әндететін:

xa0Кішкентай Мук, Кішкентай Мук,

xa0Жалғыз өзі тұрады.

xa0Бір ай бойы көрінбей,

xa0Тек бір күні шығады.

xa0Кіп-кішкентай денесі,

xa0Қазандай алып басы бар.

xa0Кішкентай Мук қанекей,

xa0Мықты болсаң ұстап ал!

xa0Кішкентай Мук балалардың мазағына тіпті де ренжімейтін. Аяғындағы үлкен сандалын сүйреткен күйі олардың жанынан күлімсіреп өте шығатын. Серуен аяқталғаннан кейін ол үйіне кіріп кететінxa0 де, ол жерден бір ай бойы қарасын көрсетпейтін. Кішкентай Мухты елдер дәулетті деседі. Алайда, ол қашан көрсең де үстіндегі көне киімдерін тастамайтын.

xa0Не үшін олай екен? Ол туралы білгілерің келсе кітапты оқуға ұсынамыз.

xa0

 

Шырын. Басшы болу оңай ма?

Құрметті балақайлар!

Әдеттегідей сіздерге керемет, қызықты кітаптарды ұсынуға асығамыз!

Түрік балаларының сүйікті шығармасына айналған Бирсен Еким Өзеннің «Шырын» атты кітабын ұсынамыз. Басты кейіпкер Шырын — қиялы жүйрік, арманшыл, жанашыр, батыл әрі аңғал қыз.

xa0 xa0 xa0 xa0Өзен, Б.Е. Шырын. Басшы болу оңай ма? [Мәтін] / Бирсен Еким Өзен. ; [түрік тіл. ауд. Қ. Қабай] ; сурет. С. Ышык. — Алматы : Мазмұндама, 2024. — 100 б. : сурет

Айналасын әлі толық танып үлгермеген оған бәрі қызық, бәрі таңсық. Осы қызығушылығының әсерінен кейде үлкендерден ұрыс еститін сәттері де аз емес. Бірақ жүрегі кіршіксіз таза, қулық-сұмдықтан ада. Соңында басынан кешкен оқиғадан өзінше ой түйіп, сабақ алады.

xa0 xa0 xa0 xa0«Бүгін сонғы сабақтан кейін сыртқа шығып бара жатып қабырғаға ілінген хабарландыруды байкап қалдым. Жаңа саяхат жоспарланған болса, немесе мектепке театршылар келіп койылым қоятын болса, осындай хабарландырулар ілінетін. Сондай бірдеңе ме деп қарап едім, өзгеше хабарландыру екенін байқадым;

xa0 xa0 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Осы аптада мектебіміздін, басшысын сайлаймыз. Оқушылар дауыс беруге түгел қатысуға тиіс».

Бұл не деген сөз сонда?

Мектеп басшысы сайлана ма?

Шырын үшін мектеп басшысы болу сыныпта кезекші болудан да маңызды қызмет. Сол үшін де бұл қызметке үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қалай ойлайсың балақай,

Шырын басшы бола ала ма?

Шығарманың тілі жеңіл, ойнақы, жинақы, еріксіз езу тартқызатын юморға бай.

Питер Пән

xa0 Қиял ғажайып әңгімелер сол арман мен ойдан құрастырылған әңгіме. Балалалар, бұл жолы сіздерге шотланд драматургы Джеймс Барридің «Питер Пән» атты ең үздік туындыларының бірін ұсынамыз.

xa0 xa0 Барри, Д. Питер Пән [Мәтін] / Джеймс Барри.; ауд. Г. Исмағұлова.- Алматы : Мазмұндама, 2023. — 208 б.

xa0 xa0 xa0 Джеймс Мэтью Барриxa01860 жылдың 9 мамырында Кирримьюрда (Шотландия) дүниеге келген — 1937 жылдың 19 маусымы Лондонда дүниеден өткен) — шотландxa0 драматургы және романшы, танымал «Питер Пән» балалар әдебиетінің авторы. Ол тоқымашы отбасының тоғызыншы ұлы болған.

xa0 xa0 xa0 Питер Пән, бұл — есейгісі келмейтін, үнемі балалық xa0шақта уайым-қайғысыз жүретін және ұшатын тентек бала туралы таңғажайып ертегі.xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa0

xa0 xa0 xa0Әлемдегі бір баладан басқа барлық бала ерте ме, кеш пе өседі. Венди мұны жақсы білді.

xa0 xa0 xa0Білетін себебі — ол екі жасар кезінде бақшада ойнап жүріп, таңғаларлық әдемі гүлді көрді де, жұлып алып, анасына тұра жүгірді. Венди осы сәтте өте әдемі де сүйкімді болған-ау, өйткені анасы Дарлиң ханым:

xa0 xa0 — Сенің мәңгі осы қалпыңда қалмайтының қандай өкінішті! — деді дауыстап. Бар болғаны осы-ақ. Сол сәттен бастап Венди өзінің есейетінін білді. Адам бұл туралы әдетте екі жасында-ақ аңғаратын болса керек…

xa0 xa0 xa0Ертегі қолда барды қадірлеу, жақындарыңның сүйіспеншілігін бағалай білу, оларға мейірім мен қамқорлық таныту сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге баулиды. Шығарманың тілі жеңіл, оқиғасы қызықты әрі тартымды оқылады.

xa0 xa0 xa0Шығарма жасөспірім балаларға арналған.

Том Сойердің басынан кешкендері

Шытырман, жұмбағы көп, тылсым оқиға адамзатты ерте кезден-ақ өзіне қызықтырып, баурап тұратыны белгілі. Адам табиғатының да ерекшелігі сол, ол өзіне белгісіз, қызығы мол, күрделі дүниені тануға ұмтылады.

xa0 xa0 xa0 Достар, сіздерге шытырман оқиғаға толы Американың аса көрнекті жазушысы Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты кітабын ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0 Твен, М. Том Сойердің басынан кешкендері [Мәтін] : хикаят / Марк Твен. ; [кітапты баспаға әзірлеген «Мазмұндама» қоғамдық қоры; орыс тілінен ауд. Ф. Оңғарсынова]. — 2 -ші бас. – Алматы : Мазмұндама, 2021. — 240 б.

xa0 xa0 xa0 Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Кейіпкерлер және оларды өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі, яғни ХVШ ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашықтар тұрғындарының күнделіктіxa0 жұмысxa0 тіршілігі,xa0 қарапайымxa0 адамдардың,xa0 діни
қызметкерлердің психологиясы,xa0болмысы,xa0түсінігі көзxa0алдыңа келеді.

xa0 xa0 xa0 Кейбір тұстардағы суреттер мен оқиғалар қазақ ауылындағы өмірді көз алдыңа әкелгендей болады.

xa0 xa0 xa0 Марк Твеннің 1876 жылы шыққан, азамат соғысына дейін Американың оңтүстігіндегі шағын қалада өмір сүрген балалардың қызықты оқиғалары туралы ромаxadны. Том Сойер — өте ширақ, тапқыр және ұшқалақ он екі жасар жетім бала. Романда ол ғашық болады, кісі өліміне куә болады, қылмыскерді әшкерелейді, үйден қашып, аралда тұрады, үңгірде адасып, одан дін аман шығады, ақыры, қазынаға кез болады.

xa0 xa0 xa0Шежіре баланың тарихы болғандықтан, осы жерде тоқтауы керек, ал егер жалғаса берсе, ересек адамның тарихына айналады. Ересек адамдар туралы роман жазсаң, қай жерге нүкте қою керектігін алдын ала білесің; айталық, үйлену тойында. Балалар жайлы жазсаң, нүктені өзіңе ыңғайлы жерде қоюыңа тура келеді.

xa0 xa0 xa0Осы кітаптағы кейіпкерлердің көбісі әлі арамызда бақытты өмір сүріп жатыр. Мүмкін, автор біраз уақыт өткен соң жас кейіпкерлердің алдағы тағдыры жайында баяндағысы келген.

xa0 xa0 xa0Оқиға осындай шытырманға толы бөлімдерден тұрады. Осы кітапты оқи отырып, қызықты оқиғаларға куә боласыздар.

 

Таза бұлақ

xa0 «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар, тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар» деп, «өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды» деп озық елдерді жастарға үлгі тұтқан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин.

xa0 xa0 xa0 xa0Құрметті достар! Сіздердің назарларыңызға, қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» атты жинағын ұсынамыз:

xa0 xa0 xa0 xa0Алтынсарин, Ы. Таза бұлақ [Мәтін] / Ыбырай Алтынсарин.; [сурет. А. Акимова,xa0 А. Ерназаров; «Мазмұндама» қоғамдық қоры]. — Алматы: Мазмұндама, 2023. — 160 б.

xa0 Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлға.

xa0 xa0 xa0 xa0Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, достыққа, еңбекке, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді және жастарға бала кезінен бастап дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Жазушы әңгімелері еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез–құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті.

xa0«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», — дейді.

Ыбырай Алтынсарин бар саналы ғұмырын өз халқына білім беруге арнаған. Кітапқа жазушының өлеңдері, мысалдары, әңгімелері, ертегілері топтастырылған.

Достар, «Кел балалар оқылық!» — деп сіздерді Ыбырай Алтынсариннің кітабын оқуға шақырамыз!

Жусан иісі

xa0Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылардың арасында деңгейі төмені жоқ. Оның шығармалары оқиға желiсiнiң шынайылығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерiмен ерекшеленіп тұрады.

xa0 xa0 xa0Балалар, бұл жолы сіздерге жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін назарларыңызға ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0Мұратбеков, С. Жусан иісі [Мәтін] / Сайын Мұратбеков.; [ред. Б.Хасанова; сурет. xa0xa0xa0xa0Н.Тұрсынхан; «Мазмұндама» қоғамдық қоры]. — Алматы : Мазмұндама, 2023. – 208 б.

xa0 xa0 xa0Сайын Мұратбеков — қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шын талантымен шырқау көкке көтерілген дарынды жазушылардың бірі. Оның «Жусан иісі» повесі — халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған туынды.

xa0 xa0 xa0Шығарма Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғаларды баяндайды. Әкесі мен анасынан ерте айырылған, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткені туралы жазылған бұл повесть, әр оқырманның жүрегінен орын таба білген. «Жусан иісі» повесі — қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.

xa0 xa0 xa0Кітапта жазушының басқа да әңгімелері топтастырылған, кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Ахмет Байтұрсынұлы кім?

xa0 xa0Қазақстан тұлғалар мен атақты азаматарға бай. Балалар, сіздердің назаралынызға сондай тұлғалардың бірі, ұлтымыздың оқу-ағарту саласына өлшеусіз үлес қосқан, қазақтың әйгілі ғалымы Ахмет Байтұрсынұлына арналған кітабын ұсынамыз:

Қазыбек, М. Ахмет Байтұрсынұлы кім? [Мәтін] / Мадияр Қазыбек, Қымбат Слямбек. ; ил. Ә. Ғарифоллаұлы ; [«Мазмұндама» қоғамдық қоры].- Алматы: Мазмұндама, 2022. — 108 б.

Өзіңіз де Ахмет атамыздың есімін жиі естіп жүрген шығарсыз. Ал оның шын мәнінде кім болғанын білесіз бе? Бұл сұрақтың жауабын осы кітаптан табасыз.

Біз алдымен балабақшаға, сосын дайындық сыныбына барып, одан кейін 11 жыл мектепте оқимыз. Мектепті тамамдаған соң, колледж, институт немесе университетке түсеміз. Оқуды одан әрі жалғастырып, ғылым жолын таңдауға да болады. Оның арасында әртүрлі курсқа барып, білімімізді шыңдаймыз. Ахмет Байтұрсынұлының заманында мұның бірі де болған жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы тек 10 жасында ауыл мектебінің табалдырығын аттап, 2 жыл ғана білім алған. Содан соң бала Ахмет Торғайдағы училищеде 5-6 жыл оқып, білімін семинарияда жалғастыру үшін, танымайтын біреулерге ілесіп, Орынборға жаяу аттанады. Ахметтің ауылы мен Орынбордың арасы өте ұзақ жол еді. Ахмет бұл жолда біресе арбаға мінгесіп, біресе жаяулап, арып-ашып, қалаға әрең жетеді. Болашақ ғалымның Орынбор қаласында қандай білім ордасында оқығаны, немен шұғылданғаны жайында осы кітапты оқи отырып, таныса аласыз.

Кітапта қазақтың аяулы тұлғасының шығармашылық жолы, қилы тағдыры, жеңістері мен жеңілістері, ұлт болашағы үшін сіңірген еңбегі хақында сөз қозғалады.

Ұлт ұстазы деген атаққа ие болған Ахмет Байтұрсынұлы кім деген сұраққа осы кітапты оқып xa0жауабын таба аласыздар.

Ерекше ертегілер

Келесі ұсынатын кітабымыз Алуа Есболқызының «Ерекше ертегілер» атты кітабы:

Есболатқызы, А. Ерекше ертегілер [Мәтін] / Алуа Есболатқызы. ; сурет. Ж. Ерланқызы.- Алматы : altynsaga, 2021. – 44 б.

Бұл кітап балалардың ең көп кездесетін проблемаларына арналған терапиялық ертегілер жинағы.

Осы ертегілер жинағының ішінен сіздерге «Ағылшынша сөйлейтін қонжық» атты ертегін ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0Алысқырдың артында, биік-биік таулардың жанында, терең өзеннің жағасында Австралия деген керемет жер бар екен. Ол жер ғажайыптарға толы өлке болыпты. Ал сол өлкенің бұлттарының арасында бір әдемі ханшайым тұрады екен. Ол күнде кешке жақын балаларға ән айтып беретін.

xa0 xa0 xa0Бір күні кішкентай қонжық анасымен бірге балалар ән айтатын алаңқайға келіп, әдемі әуенге құлақ салады. Әнді балалармен бірге шырқағысы келсе де, қосыла алмады. Себебі қонжық ағылшынша білмейтін. Баласының қынжылып отырғанын көрген анасы: «Қаласаң бұл тілді де үйреніп ал, сонда балалармен бірге ән салатын боласың», — деп құлағына сыбырлады.

Сөйтіп қонжық күнде бір сөзден жаттап жүрді. Бір күні анасына балалар жиналатын алаңқайға тағы да апаруын өтінді. Екеуі әдемі әуенді тыңдап отырып:

Lullaby and good night

Now the daytime is over

Time to slip up to your dreamland

I will keep you safe and warm

Lullaby and good night

There is nothing to fear

Lullaby and good night

When you wake I’ll be near

деп қосылып ән салды. Анасы қонжығының тез арада ағылшынша үйреніп алғанына таңданып: «Менің қонжығымның ақылдылығы сонша, аз уақытта ағылшынша үйреніп алды», — деп қуаныпты. Сол кезден бері қонжық жаңа тіл үйренуге ерінбей, ұялмай, ағылшынша тез сөйлеп кетіпті.

Бұл ертегіде анасының айтқан бір сөзі қонжыққа керемет ынта беріп, соның арқасында қонжық өзіне сеніп ағылшын тілін дереу үйреніп алды.

Балалар осындай терапиялық ертегілер сіздерге көмегін тигізіп, қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге септігін тигізеді.

Терапиялық ертегілердің классикалық ертегілерден айырмашылығы — белгілі бір проблемаға арналып жазылады, сонымен қатар емдік әсері болады. Баланың бойындағы қорқынышын, жаңа жерге үйренісіп кетуін, ашуын басқара алмауын, қалауын бірден орындатқысы келуін, сол сияқты басқа да мінездерін, дағдыларын аса үлкен мәселе деп көрмеуіңіз мүмкін. Дегенмен, өсе келе бұлар жиылып, баланың өтпелі кезеңінде үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Кеше ғана ата-анасының сөзін екі етпей жүрген бала күрт өзгеріп, агрессияны, сөз қайтаруды, үлкенді тыңдамауды әдетке айналдыруы ықтимал. Бірақ барлық бала түсінетін, тілі ортақ тамаша құрал бар, ол — ертегілер. Осы ертегілер арқылы бала өзіне сырт көзбен қарауды, эмоцияларын тануды, қарым-қатынастың жаңа тәсілін көруді үйренеді.

Бұл ертегілер ата-ананың баламен бірге, 7 жастан асқан ұл-қыздар өздері оқуына арналған.

 

Сиқырлы скрипканың ертегілері

Балалар, сіздерге ұсынатын кітап «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталады. Бұл көркем суреттермен безендірілден ғажайып кітапта, танымал музыкалық шығармалар бойынша «Арт Мирай» қазақтың музыкалық мұрасын сақтау қорының құрылтайшысы Әсел Имайоның қиялынан туындаған ертегілер берілген.

Имайо, Ә. Сиқырлы скрипканың ертегілері [Мәтін] = Сказки волшебной скрипки = Fairy tales of the magic violin / Әсел Имайо. ; [бас ред. Қ. Байғабылова ; сурет. А. Алмасбаева]. — Алматы: Аруна, 2023. – 67 б.

Кітапқа жай ғана ертегілер жинақталған кітап емес. Бұл, расында да, сиқыршы кітап. Себебі осы кітапты қолына алған кішкентай оқырманымыз QR-код (мобильді құрылғының камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код) көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін кодын сканерлеп, сілтеме бойынша өту керек.

Осы ертегі жолдарына үңілсек.

xa0 xa0 xa0 xa0Ауылдың шетіндегі тозығы жетіп, қисайған уйде бір атай тұратын. Оның бар байлығы осы ескі үйі мен скрипкасы еді.

xa0 xa0 xa0 xa0Атай кешкілік скрипкада ойнайды. Ауылдастары осы сәтті асыға күтеді. Олар ұзақ күнгі ауыр жұмыстан соң музыка әуеніне билеп, сергіп қалады. Би аяқталған соң атай балаларды үй іргесіне қатарластыра отырғызады. Енді скрипкада балаларға арналған әуезді әуендер ойналады. Әуен атайдың ғажайып ертегілеріне жалғасады. Ертегіні ұйып тыңдаған балалар жалғасын түстерінде көреді. Ауыл тұрғындары атайды сиқыршы деп атайды. Оның өзіндік себебі бар.

xa0 xa0 xa0 Бірде сәнді киінген саудагерлер алыс жерден өзгеше музыка аспабын әкеледі. Ұзақ жол жүрген олар жолай аспапты бүлдіріп алса керек. «Мұның енді қажеті бола қоймас» деп ойлаған саудагерлер оны ауыл маңында ойнап жүрген балаларға ұстата салады. Балалардың қолындағы скрипкаға көзі түскен атай оны олардан аттай қалап сұрап алады. Оның бұзылған жерлерін жөндейді, әр қырын ысқылап, жалтыратып қояды. Содан кейін өзі бұрын көрмеген аспапта ойнауды үйренеді.

xa0 xa0 Қарияның скрипкада түрлі әуендер ойнап уйренгені сондай, айналасын таңғаларлық ғажайыпқа бөлейтін болды. Бұл сиқырлы әуендер адамдарды бірде қуанышқа кенелтсе, бірде мұңайтып, жылатып та қоятын, кейде билете жөнелтетін.

xa0 xa0 xa0 Қария аспабын үнемі ұқыпты ұстайтын, оның бүйірі мұнтаздай жалтырап тұратын. Оған жаңа бұрама құлақтар қондырып, жанынан бір елі тастамайтын. Ал әр кеш сайын жиналатын балалар қарияның скрипкада жаңа әуен ойнап, таңғажайып ертегі айтқанын сондай ұнататын. Осылайша сиқыршы атайдың жаңа ертегілері көбейіп, ал оның скрипкасынан тамылжыған әуен төгілетін.

Атаның балаларға қандай ертегі айтқаны, және скрипкада қандайxa0 сиқырлы әуендер ойнағаны кітапты оқып біле аласыздар.