«Су патшалығындағы» ханшайым

     Қыздар жағы мектеп бітірерде әдетте мұғалім, дәрігер болуды, әдебиет, мәдениет бағытын таңдап жатады. Ал, Салиха болса, ер азаматтардың өзі тәуекел ете бермейтін су шаруашылығының әйдік маманы болды да шықты. «Ертеден кешке дейін үй бетін көрмей аңызақ далада канал жағалап, суқоймалардың жағдайын бақылап, керек болса белуардан су кешіп коллекторлардан егістікке бөлінген су деңгейін өлшеп жүру қыздарға лайық па?» дерсіз. Ал, Салиха Қасабекқызы үшін бұл өмірінің мәніне айналғалы жарты ғасырдан асыпты.

     Шыны керек, тәуелсіздік жылдары су шаруашылығына жете мән беріле қоймады. Кеңес үкіметі кезінен бері бүкіл елге су мамандарын дайындап келген жалғыз оқу орны – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты жабылды, су шарушылығы министрлігі таратылды. Суқоймаларын, өзен-көлдерді, каналдарды бақылауға бөлінетін қаржы азайды, мардымсыз жалақымен қалған су мамандары басқа салаларға кетіп жатты. Оның зардабы көп күттірген жоқ, бұрнағы жылы ғана жарты Қазақстанды жайпап өткен алапат су тасқынынан кейін шұғыл түрде барлығы орнына келтіріліп жатыр. Министрлік қайта құрылды, Тараздағы арнайы оқу орны да қайтадан ашылды. Міне, осының өзі-ақ біздің кейіпкеріміз таңдаған мамандықтың қаншалықты маңыздылығын көрсетсе керек-ті.

Салиха да әуелде мұғалім болмақшы еді. Өйткені, Михайловка (бүгінде Қарасай) ауылдық мектебінде қырық жылдан аса ұстаз болған әкесін өзіне мият тұтты. Бастауыш сыныптар мұғалімі Қасабек Сатылғанов бүкіл ауылға қадірлі кісі болатын. Анасы Бүбіхан да бес бала тәрбиелеген елге сыйлы жан еді. Олардың қолдауымен Салиха мектеп бітірген 1973 жылы Қырғыз мемлекеттік университетіне құжатын тапсырып, өзі жақсы оқып меңгерген неміс тілін таңдайды. Бірақ, аяқ астынан ауырып мемлекеттік емтиханға қатыса алмай қалады. Сөйтіп, келесі жылды тосуға тура келеді. Бір жыл үйде бос отырғанша деп аудан орталығында тұратын әпкесіне келеді. Ол кезде әпкесі Роза банкир, жездесі Рахат Смағұлов Төменгі Шу суландыру жүйелері басқармасында бас инженер болатын. Олар Салиханы су технигі етіп жұмысқа орналастырады, «уақытша істей тұрсын, келесі жылы қалаған оқуына түсе жатар» деп ұйғарысты. Бірақ, бұл «уақытшаның» бүкіл ғұмырына созыларын ол кезде кім болжапты? Алғашқы тәлімгері болған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген гидротехнигі Иван Андреевич Леонтьев оған өз мамандығының қыр-сырын ыждаһатпен үйретіп, сүйіспеншілігін де оята білді. Жаратылысынан елгезек, не жұмысты да тыңғылықты атқаратын ойы жүйрік, қолы епті пысық қыз лайықты білім алса, бұл саланы да игеріп кетері анық еді. Сөйтіп, облыстық су шаруашылығы басқармасының мінездемесімен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына келіп түсті.

Кезінде бұл оқу орнының мәртебесі биік болды. Бүкіл республикадан жыл сайын екі жүзден аса бала қабылданатын. Көбіне ер балалар, қыздар жағы саусақпен санарлық. Оқу орыс тілінде жүреді, бірыңғай сызбалар, есептеулер, тіл бұрайтын ауыр терминдер. Оқуға түскендердің барлығы бірдей институтты аяқтай да бермейтін. Ауылда орыс мектебінде оқыған, әрі неміс тіліне жетік Салихаға «Кең профильді гидромелиорация» факультетінде оқу аса қиын болмаған. Есесіне, сызудан, техникалық есептеулерден алдына жан салмайтын-ды.

Үшінші курсты бітірген жылы институтта бірге оқитын Аманғалимен тұрмыс құрды. Ол бұдан бір курс төмен оқитын. Салиха инженер-гидротехник мамандығымен оқуын бітіріп, жолдамамен Қордай ауданына жіберіледі. Бір жылдан кейін ері де дипломын алып, екеуі қол ұстасып оның туған жері Атырауға жол тартады. Бірақ, батыстың ауа райы оңтүстіктің қызына жақпай, бір жылдан соң олар қайта Қордайға келді. Аманғали – «Искра Ленина» ұжымшарының бас инженер-гидротехнигі, Салиха – Төменгі Шу суландыру жүйелері басқармасында паспорттау ісімен айналысып жатты. Ол кезде бұл жүйе облыстағы Қордай, Шу, Мойынқұм, Меркі, Луговой сияқты бес бірдей ауданды сумен қамтитын ірі құрылым еді. Осы бес ауданның су шаруашылығы нысандарын паспорттау айтқанға ғана оңай, бірақ өте маңызды міндет. Әр суқойманың, каналдың, арық-атыздардың сыйымдылығы, ұзындығы, көлбеулігі, су өткізу мүмкіндігі тәрізді техникалық өлшемдері алынып, құжатталуы тиіс. Бұл қолда бар су ресурстарын дәл есептеп, суды дұрыс бөлу арқылы егістіктің өнімділігін арттыруға жол ашады.

Жылдар өтіп жатты, Салиханың да тәжірибесі молайды, басқармадағы беделді де білікті мамандардың біріне айналды. Қатардағы маманнан бас маманға, одан бөлім басшысына өсті. Одан әрі 2004- 2008 жылдары жаңа құрылған «Қордай берекесі» кәсіпорны су шаруашылығы бастығының орынбасары, кейіннен 2015 жылға дейін жеті жылдай бастығы болып еңбек етті. Арасында бір маусым «Алтын қазық» ауылдық су пайдаланушылар кооперативін басқарғаны бар. Зейнетке шыққан соң да оны демалысқа жібермей, осында су пайдалану бөлімінің бас маманы болып тағы екі жыл жүрді. Бүгінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне қарасты «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің Шу, Қордай, Мойынқұм аудандары бойынша бөлімшесінде өзі бастық, өзі инженер-гидротехник. Шу, Мойынқұм тараптағы бес-алты, Қордайдағы үш – «Алтыайғыр», «Ешкілі Қордай» және «Майбұлақ» суқоймаларының жай-күйін қадағалау міндеті мойнында.

С.Қасабекованың он жеті жасынан бастап елу жылдан аса су шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі әріптестері тарапынан лайықты бағалануда. «Ол өз ісін нақты білетін маман, су шаруашылығы жүйесіндегі көп жылдық еңбек жолында бай тәжірибеге ие болды. Жауапкершілікті обьектілерде жұмыс істей жүріп, өзіне жүктелген тапсырмаларға аса зор жауапкершілікпен қарады, еңбекқор және сауатты маман ретінде танылды» деп жазды Салиха туралы облыс су шаруашылығы саласының майталман маманы Дәулет Асамбеков «Су патшалығымен сырласқан жылдар» деген естелік кітабында. Сондай-ақ, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында қызмет еткен ғылым докторы, академик Оразхан Қарлыханов, КСРО кезінде Мелиорация және су шаруашылығы министрі болған Нариман Қыпшақбаев, гидроқұрылғылар бойынша ұтымды жобаларды басқарған Нұртаза Құдайбергенов тәрізді сала корифейлері де Қордайдағы қаршадай сушы қыздың еңбегіне құрметпен қараған екен.

Иә, Қордай ауданының 55 мың гектар суармалы егістіктеріне жалпы ұзындығы 150 шақырымдық қым-қиғаш тармақты каналдармен су жеткізудің қиындықтарын сол саланың мамандары мен диқандар ғана біледі. Үкіметаралық келісім бойынша егістік суының 80 пайызын трансшекаралық Шу өзенінен алатын аудан егіншілері үшін әр тамшы су алтындай бағалы. Кейде қырғыз ағайындар шөміштен қысып, су бөлуде алашапқын тудыратыны бар. Диқан қауымның ала жаздай кетпен көтеріп, бел талдырып еткен еңбегінің еш кетпеуі – суды қасықтап өлшеп, әділ бөлуге жауапты су мамандарына да ауыр сынақ. Ал, сонау Қарасайдан мына жағы Қайнарға дейінгі аралықтағы жүздеген шаруа қожалықтары мен агросеріктестіктердің егіншілері мен диқандары үшін Салиха өз адамына айналып кеткелі қашан. Оның әйел басымен уақытпен санаспай судың басынан табылатынын, өз ісіне жоғары жауапкершілігі мен принциптілігін құрметтейді.

     – «Су – өмірдің нәрі» деп тегін айтылмаған. Халықтың саны ұдайы өсуде, егістік көлемі артып, өсірілетін дақыл түрлері де көбейіп жатыр. Бірақ, судың көлемі өспейді, тіпті, жаһандық жылынудың салдарынан барған сайын оның тапшылығы арта бермек. Сондықтан, әр тамшы суды тиімді пайдалану күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге айналған. Суды үнемдеудің тамшылату, жаңбырлату тәрізді озық технологияларын барынша кең қолданатын кез қазір, – дейді Салиха Қасабекқызы.

Мамандыққа адалдық – С.Қасабекқызының еңбек жолының айқын көрінісі. Нағыз ер азаматтарға лайық жұмыстың басы-қасында жүріп талай мәрте төтенше жағдайлармен бетпе-бет келіпті. 2008 жылы «Георгиевка» каналының оң тармағы «Поле чудес» тұрғындар аумағының тұсынан жырылып кетіп, қаншама үйді лай су басып қалды. Салынғанына сексен жылдан асқан топырақ каналдың бұзылуына оны бойлап ін қазған көртышқандар «кінәлі» деп танылды сол кезде. 2010 жылы «Алтыайғыр» суқоймасы жауын-шашынның нормадан көп болуынан ернеулей толып, желдің әсері су айдынында толқындар тудырып, бөгетті бұзып кету қаупі туғаны ше? «Қарақоңыз», «Қақпатас» суқоймаларында да осындай жағдайлар орын алып, су мамандары қауіпті сейілтуге бірнеше күн ұйқысыз жанталасқан кездер қалай ұмытылсын. Тағы бірде Салиха бухгалтері, шофері үшеуі «Нива» көлігімен көктемде суы тасып жатқан Қақпатас өзенінің ортасында қалып қояды. Бұлардың белуардан су кешіп көлікті итеріп шығармақ болған әрекетінен түк өнбейді, талай дүниелері суға ағып та кетеді. Салиха болса ерте көктемдегі еттен өтіп, сүйекке жеткен мұздай суға қарамастан, сушыларға апара жатқан жалақы қаражаттары салынған сөмкеден тістей қатып айырылмайды…

Өмірдің, көңілі қалаған кәсіптің осындай ыстық-суығын тең тата жүріп, бүгінгі күнге жетті. Аманғали ертерек өмірден өтіп кеткен. Шүкір, бір ұл, бір қызын өзі өсіріп, адам қатарына қосты. Ұлы Нұрғали полиция майоры, келіні Флюра кәсіпкер, немерелері Әділхан Испанияда, Раяна Алматыда оқып жүр. Қызы Жұлдыз Астанада қызмет етеді. Екі інісі Жақсылық пен Жангелді әкеден қалған қара шаңырақты шайқалтпай келеді. Кейде өзінің желкілдеп өткен балалық шағы, жас кездері ойға келеді. Бақытбек, ерлі-зайыпты Мэлс пен Нағипа, Ғани, Раул, Дүйсенкүл сынды сыныптастарымен өткен күндер қандай ғажап еді. Германияға, Ресейге көшіп кеткен Наталя Гельман, Зинаида Шамина деген неміс, орыс достарын да сағынады. Институтта бірге оқыған курстастарының көбімен әлі де тығыз байланыста. Өткен айда ғана Ақтөбеден Рая Аманова, Шымкенттен Баян мен Әзиза, Құланнан Айымкүл Мұсаева келіп, тараздық Тамара Егембердиевалармен емен-жарқын кездесу өтіпті.

Өмір бір орында тұрмайды, жастар өсіп аға ұрпақтың орнын басып жатыр. Бүгінде «Қазсушар» Жамбыл филиалының «Қордай» өндірістік бөлімшесін басқарып отырған Мақсұт Ершібұлов та шәкірттерінің бірі. Елу жыл бұрын өзі де осылардай жас болса, енді міне, тәлімгер, ана, әже атанып отыр. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін 2018 жылы сол тұстағы облыс әкімі Асқар Мырзахметов өз қолымен кеудесіне тағып еді. Өткен жылдың қараша айында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың Алғыс хаты, ҚР «Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісі, «АMANAT» партиясы облыстық филиалының құттықтау хаты тапсырылды. Жалпы, оның «Су патшалығында» қызмет еткен жарты ғасырлық еңбегі сала министрлігінің, облыс, аудан әкімдерінің, мәслихаттардың, облыстық ардагерлер кеңесінің нешеме Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен бағаланған.

  Құрманбек Әлімжан,

ардагер журналист, Қордай ауданының Құрметті азаматы

Ar-Ai. — 2026. — 6 наурыз.

Адал еңбек абыройға бөлейді

   Елімізде ұзақ жылдар бойы маңдай терін төгіп, адал еңбегімен елге танылған абыройлы жұмысшылар аз емес. Солардың қатарында жуалылық білікті маман Дәулетбай Нұрабаев та бар. Ол ауылшаруашылығының маңызды тармағы саналатын сушаруашылығы саласында жарты ғасырға жуық уақыт табанды еңбек етіп, өз ісіне адалдығымен және кәсібилігімен көпке үлгі болды.

    Дәулетбай Мырзайұлы 42 жылдан бері «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының Жуалы аудандық «Ақсай» өндірістік бөлімшесінде қызмет атқарып келеді. 1984 жылы аталған өндірістік бөлімшеге су бақылаушы маманы болып жұмысқа орналасып, алғашқы еңбек жолын осында бастаған. Талапты жас қызмет барысында сатылап өсіп, өндірістік бөлімшенің «Ақсай» каналы участогының, 2000 жылы «Ақсай» өндірістік бөлімшесінің басшысы болып тағайындалады. Содан бері қызметін асқан жауапкершілікпен және абыройлы атқарып келеді.

Кейіпкеріміз 1963 жылы Қайрат ауылында туған. Осындағы №2 Мыңбұлақ (бұрынғы «Октярьдің 40 жылдығы» атындағы) орта мектебін жақсы үлгеріммен бітірген талапты жас алғашқы еңбек жолын аудандағы «Ақсай» сушаруашылығы мекемесінде су бақылаушы болып бастаған. 1984-1989 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында инженер-гидротехник мамандығында оқып, білімін жетілдіреді. Институт бітіргеннен кейін өндірістік бөлімшеде инженер-гидротехник қызметін атқарған оның майталман мамандардан үйренгені көп болды. Атап айтқанда, бас инженерлер Тұрғынбек Сыдықов, Еділбай Ақынтаев секілді алдыңғы буын ағалардан мол тәжірибе жинақтаған ол да өз кезегінде жас мамандарға үйретуші тәлімгер бола білді.

Дәулетбай Мырзайұлының тәлімін алған шәкірттері Мұхамеджан Әсемов, Ыбырай Асықбаев, Рамазан Шоңғаров, Нұржан Қолаханов, Нұрлан Ілесов, Абзал Байдосов және Ринат Сейділдаев бүгінде «Ақсай» өндірістік бөлімшесіндегі тәжірибелі мамандарға айналып отыр. Ауданның ауылшаруашылығы саласының жоғары қарқынмен дамуы мен еңбек өнімділігін арттыруда «Ақсай» өндірістік бөлімшесінің де қосқан үлесі зор. Бөлімше аудандағы 7 000 гектардан астам егістік алқапты суландыруға қауқарлы. Суару маусымы кезеңінде өндірістік бөлімшеге қарасты «Көксай» каналынан 74, «Ақсай» каналынан 76, ал «Тихий» каналынан 150 шаруа қожалық тұрақты түрде су алып, егіс алқаптарын ағын сумен қамтамасыз етіп отыр. Бөлімшеден келісімшарт арқылы су алатын шаруашылықтарда негізінен көпжылдық шөп, арпа, бидай, картоп, жүгері, күнбағыс және бақша дақылдары орналастырылып, суарылу үстінде.

Қазіргі таңда аудандық «Ақсай» өндірістік бөлімшесінде барлығы 41 сушаруашылығы маманы мен жұмысшылар тұрақты қызмет атқарады. Мұндағы жұмыстар кәсіби маман, жұмысшылармен қатар, арнайы техникалардың күшімен атқарылу үстінде. Өңірдегі шаруашылықтардың егістік алқабын суландыру үшін бөлімшеге қарасты каналдар тұрақты жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, 2013-2015 жылдары «Көксай» каналының 20,5 шақырымына жерасты темір-бетон құбыр-лотоктар қойылып қолданысқа берілсе, «Ақсай» каналының да 5 шақырымына темір-бетон лоток қойылған. Бір сөзбен айтқанда, «Ақсай» өндірістік бөлімшесі өңірдің сушаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Өндірістік бөлімшені ширек ғасырдан бері басқарып келе жатқан Дәулетбай Нұрабаевтың еселі  еңбегі мемлекет тарапынан елеусіз қалмай, бірқатар медальмен марапатталған. Ол әр жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Сушаруашылығы саласының ардагері» салалық медаліне, «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медаліна ие болса, ал былтыр 9 шілде – Сушаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекесінің қарсаңында «Құрмет» орденін кеудесіне жарқырата тақты.

– Былтыр бір топ әріптестеріммен  бірге Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Президенттің сала мамандарына деген құрметі мен жылы лебізін естуге мүмкіндік туғанына шын жүректен қуаныштымын. Қабылдауда Президент отандық сушаруашылығының үздіктеріне жоғары наградалар табыстап, оның ішінде мен де «Құрмет» орденіне ие болдым. Бұл марапатты – жалғыз менің емес, ұжымдық еңбектің ортақ жемісі деп қабылдадым. Қазір Президенттің тікелей тапсырмасымен сушаруашылығы саласының дамуына мемлекет деңгейінде жіті көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылғанын ерекше атап өткен жөн. Мен сушаруашылығы саласында 40 жылдан бері тұрақты еңбек етіп келемін. Қызмет барысында жинаған мол тәжірибемді жас мамандарға үйретуден жалыққан емеспін. Сала жұмысын дамытуға сүбелі үлес қосуды өзіме азаматтық парыз санаймын, – дейді Дәулетбай Нұрабаев.

Адал еңбекті ту етіп, ауыр жұмыстан қашпаған кәсіби маманның еңбегін мемлекет те жоғары бағаласа керек. Жұмысты дұрыс жолға қойып, тиімді ұйымдастыра білгеннің нәтижесінде «Ақсай» өндірістік бөлімшесінің жұмысы облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Дәулетбай Нұрабаев сушаруашылығы саласында еңбек ете жүріп, отбасын құрған. Отанасы Анар Болысбекқызы екеуі отбасында төрт ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ұлағатты жандар. «Әке көрген оқ жонар» деген қағиданы алға ұстаған ұлы Жанболат әкесінің жолымен инженер-гидротехник мамандығын игеріп, қазір «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында су реттеуші болып қызмет атқару үстінде.

Өмірдің өзі дәлелдегендей, «ақырын жүріп, анық басып», адал еңбек еткен жан ғана биік абыройға бөленеді. Абыройдың биігінде болу азаматтың өзіне тікелей байланысты екенін ұмытпайық.

Нұржан Манасұлы, журналист, Жуалы ауданы

Ar-Ai. — 2026. — 18 ақпан.

Жүрекке әжім түспейді

     Шерхан Мұртазаның «Жүрекке әжім түспейді» әңгімесін оқыған сайын жақсы тақырыптың жарты мақала ғана емес, тіпті тұтас туындының жүгін көтеретін құдіреті бар екендігіне одан сайын көз жете түскендей болады.

  Жүрекке әжім түспейді… Шынымен де, осы бір-ақ ауыз сөз әңгімені оқыған әр оқырманның жүрегіне өшпестей жазылары анық. Өзінің де өткенін (бәлкім бүгінгі күйін), өміріндегі сәулелі сәттер мен жүрегінің түкпірінде аялаған (мүмкін жасырған) аппақ армандарын алақанына салып, бір сәтке жан тереңіне үңіліп, толғанары хақ. Сонда өзі де алыстағы Энжесін сағынып, ғұмыр бойы ғашығына ынтыққан Сағын ақсақалдың аппақ әлемі мен ішкі толғаныстарының ішіне түсіп кеткендей сөзбен айтып жеткізгісіз сұмдық бір сәулелі сезімді бастан кешері сөзсіз. Себебі жүрегі бар пенденің қай-қайсысының да мына өмірде махаббатқа бір жолықпай кеткені (өткені) жоқ шығар. Ал сексенге келіп те сезіміне селкеу түсірмей, адамдық арына адал бола алу — үлкен ерлік. Ондай қасиет тек жүрегі таза, жаны кіршіксіз жандардың маңдайына бұйырған бақ болса керек.

Есіңізде ме, Сағын ақсақалдың: «Уақыт, көп болса, сенің бетіңді әжімдеген шығар, ал жүрекке әжім түспейді» деген бір-ақ ауыз сөзіне қанша мағына, тіпті өмірдің бүкіл пәлсапасы сыйып жатқан жоқ па? Осы сөзді айтқан кейіпкерді қалай кемеңгер, айтқызған жазуының жүрегін қалай ғарыш демессің?

Жалпы, Шерхан Мұртазаның жазушы ретінде, әсіресе әңгіме жазудағы шеберлігі осындай көңілдің ішкі иірімдерін асқан сезімталдық һәм сұңғылалықпен сезіне отырып, содан өмірдің өлмейтін құндылықтарын әспеттей алғанында, байыппен байқай білгендігінде жатса керек. Әйтпесе жүрек дейтін бір кесек ет бәрімізде де бар ғой. Ал соған әжім түсірмей, көңіл көзін кірлетпей өмір бойы оны әсемдік пен тазалыққа бағыштай алғанымыз қайсы?

«Ауру адамдай мең-зең халге душар болдым. Бозым бозбала шаққа қайта оралғандай, жүрегі түскір тәтті бір сезімнен уылжып қоя берді. Адам қартайса бала болады, деуші еді бұрынғылар. Сол рас, «бала болдым ба?» деймін өзіме өзім. Бірақ есілдертім Энжеде. Қартайғанда қара басты ма, мұнша толқып, топалаң тигендей аласұрған не деймін».

Әңгімедегі Сағынның осы бір сөзі-ақ шын сүйген жанның көңілі мәңгілік көктем, жаны жайқалған жаз екендігін ұқтырмай ма? Демек жүрекке де әжім түсірмеу осындай адал сезім, ақ адал пейілмен астасып жатса керек, біздіңше. Иә, мынау аппақ ғаламда пенделіктің, тұрмыстың тұсауына былғанбай, ғаламның ғажабын көкірек көзімен көре алудың өзі де теңдессіз тарту шығар. Әйтпесе сексенге келмей-ақ сезімін суытып, жүрегін кірлеткендер қатарымызда қаншама? Бұл алағай да бұлағай шақта жүрегін сақтай алғандар – шын бақыттылар!

 Назерке Жұмабай

Egemen Qazaqstan. — 2025. — 13 ақпан.

Арман Сартаевтың ұстанымы – адалдық

      Төтенше жағдай адам үшін айтып келмейтін апат екені анық. Сол үшін де бұл саладағы қызметкерлердің еңбегі ерен. Олар күн сайын әртүрлі жағдайға тап болады. Алайда олар тез арада шешім қабылдау, осылайша, адам өмірін құтқару, төтенше жағдайдың алдын алу, оның өршіп кетуіне жол бермеу секілді маңызды жұмыстарды бірінші орынға қояды. Көмекке зәру азаматтарға ең алғашқы болып қол ұшын созатын бейбіт күннің батырлары Тараз қаласының төтенше жағдайлар қызметінде жетерлік. Дәл сондай жандардың бірі – азаматтық қорғау подполковнигі Арман Сартаев.

Кейіпкеріміз 30 жыл бойы өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде еңбек етіп келеді. Оның мамандығы қауіп-қатерге толы, әп-сәтте сауатты шешім қабылдауға, тәуекел етуге иетермелейтін және адамның өмірін сақтап қалу парыз етілген ұғыммен тікелей байланысты. Өрт сөндіруші болу – күнделікті ерлікке, бір сәттік шешім қабылдауға әрқашан дайын болу.

Қазіргі таңда Арман Сартаев өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кезекші бөлімінде жедел кезекші болып еңбек етеді.

Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында туған ол бала кезінен осы салада қызмет етуді армандаған. Мектептен кейін екі мамандандырылған училищені бітіріп, 1995 жылы азаматтық қорғау органдарында қызметін бастады.

     – Суворов училищесінің түлегімін. 1992 жылы оқуымды аяқтағаннан кейін Алматы өрт-техникалық училищесіне жолдама алдым. Үш жыл оқып, 1995 жылы Алматы гарнизонында азаматтық қорғау органдарында қызметімді бастадым. Отбасы жағдайына байланысты 2004 жылы Таразға ауыстым. Биыл төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп жүргеніме 30 жыл толып отыр, – дейді А.Сартаев.

Табаны күректей 30 жылдық қызметі барысында Арман Молдатайұлы сенімділік пен кәсібиліктің үлгісіне айналды. Ол тұрмыстық өрттерден бастап ауқымды апаттарға дейінгі көптеген шақыртуларға шыққан. Ең есте қалғандарының қатарында «Мыңбұлак» сауда орталығындағы алапат өртті сөндіру оқиғасы бар. Сонымен қатар ол химиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық жаттығуларға қатысқан және жанып жатқан жатақханадан 50-ден астам адамды құтқарып қалған сәтін тебірене еске алады.

     – Кезекшілікке түскенде мен облыс бойынша өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына шығуым керек. Өрт гидранттары туралы барлық мәлімет, тәулік ішінде болған өрттер туралы ақпарат 101 нөміріне шалынған қоңыраулардан кейін біздің кезекші бөлімге түседі. Ол ақпарат кезекші ретінде маған жедел баяндалады. Оқиға орнына жеткен соң, мен өрт сөндірудің орталық байланыс пунктіне жағдайды хабарлаймын. Ненің жанып жатқаны, қанша нысан қамтылғаны, өрт аумағы қанша, қанша адам эвакуацияланғаны секілді жағдайлар тәптіштеледі, – дейді А.Сартаев.

Кейіпкеріміз сабырлы, өзіне сенімді жан. Қимылдары нақ, шешімдері батыл. Жылдар бойы ол өз ісінің шеберіне айналып, талай сын сәттерде кәсібилігімен көзге түсті. Әрбір тапсырманы жауапкершілікпен орындап, өзгелерге үлгі бола білді. Уақыт өте келе ол тек тәжірибелі құтқарушы ғана емес, жас әріптестеріне бағыт-бағдар беретін тәлімгер дәрежесіне көтерілді. Оның сабырлы мінезі, табандылығы мен батылдығы айналасындағыларға сенім ұялатып, нағыз құтқарушының бейнесін айқындайды.

     – Арман Молдатайұлымен бірге қызмет атқарып жүргеніме шамамен 10 жыл болды. Мен бөлімге келгенімде ол менің ауысымымда жедел кезекші болатын. Сол кезден бері 10 жыл бойы өрт сөндіруді басқарып келеді. Ол – гарнизондағы ең үздік басшылардың бірі, өте тәжірибелі тәлімгер, – дейді Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Шухрат Муртаев.

Өрт сөндіру қызметіндегі жедел кезекшінің жұмысы жоғары біліктілікті, жылдам әрекетті және күрделі жағдайда шешім қабылдай білуді талап етеді. Оның әрекеттері құтқару операцияларының нәтижесіне және азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұнда маманның жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы аса қажет.

Ал қызметтен тыс уақытта Арман Молдатайұлы сүйікті отбасына қамқор отағасы. Жұбайы Айсулу екеуі Мадияр мен Дана есімді ұл-қыз тәрбиелеуде. Ұлы әке өнегесінен шабыт алып, жолын жалғастыруды ойлап жүр.

Өрт сөндіруші мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді, бұл ерлік пен қайсарлықтың мектебі. Қиындыққа қарамай халықтың амандығы үшін қызмет ету – әрбір өрт сөндірушінің басты борышы. Арман Сартаевтың өмір жолы осы міндетке деген адалдықтың, іске беріктіктің, рухы мен жүрегі мықты азаматтың айқын үлгісі.

  Ақтоты Жаңабай

Ar-Ai. — 2025. — 27 тамыз.

 

 

 

Қазақ қолөнерін қастерлеген Қамзақ

      Қайталанбас туындыларымен елдің есінде қалған таланттар аз емес. Сондай дара тұлғаның бірі – құландық қолөнер шебері, марқұм Қамзақ Төлендиев. Аталған ауданның Әбжаппар ауылында дүниеге келген шебердің есімі талайға таныс.

14 жасынан қолөнер шебері, ұсталық кәсіппен айналысқан Қамзақ Төлендиев ағаш ұстасы ретінде талай марапаттарға ие болған. Ұзақ жыл аудандық құрылыс мекемесінде ағаш шебері болып еңбек етуіне де осы бойындағы таланты себеп болыпты. Республикалық жас құрылысшылардың слетіне де делегат болып қатысады.

1963 жылы Бішкек қаласындағы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Училищенің бірінші курсын бітірген жылы ауырып, алты жыл төсек тартып жатады. Жап жас жігіт үшін бұл азапқа толы уақыттар еді.

Дегенмен, жасымай бар уақытын қолөнер жұмысына арнайды. Әр алуан тақырыптарда сурет салып, ағаштан түйін түюге ден қояды. Бірнеше мәрте республикалық, одақтық көрмелерге қатысып, оңдаған дипломдар мен лауреат деген атақтарға ие болды. 1978 жылы Халық шебері атағы берілді.

«Қамзақ Төлендиев сол ауру меңдеп, 1989 жылы өмірден озды. Бірақ, өз ғұмырында қолөнер саласына үлкен қолтаңба қалдырды. Қазіргі таңда ағамыздың қолынан шыққан бұйымдары аудандық тарихиөлкетану музейінде сақтаулы тұр. Солардың бірі «Жастық пен кәрілік» деген бейнесі. Бұл туынды бір ағаштың діңінен шабылып, аса шеберлікпен жасалған, – дейді аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Эльдар Өтембаев.

Аталған туындылар Қамзақ Төлендиевтің керемет талант иесі екенін дәлелдей түседі.

Есет Жаңабайұлы,

Т. Рысқұлов ауданы

Aq jol. — 2025. — 31 шілде.

Шотайдың шыңы

Шотай Тайбағаров 1945 жылы ауданымыздағы Қылышбай ауылында туған. Сол ауылдағы Карл Маркс жетіжылдық мектебінде оқып жүрген кезінен бастап, кеңшардың сан-салалы жұмысына қолғабыс тигізіп, қой қырқу науқанына қатысып жүрді.

  Бесінші сыныптың бозбаласы қой қырқудан ауылдың жеңімпазы атанып, алтыншы сыныпта оқып жүргенде сол кездегі «Фурманов» кеңшарының жеңімпазы болып, бағалы сыйлыққа ие болады. Қой фермасының меңгерушісі Әлкен Жапаров бозбаланы аудан орталығына алдыртып, қой қырқудың ата-бабадан келе жатқан әдіс-тәсілдерінен мағлұматтар беріп, қойдың аяғын байламай, жамбасқа жатқызып, басынан құйрығына дейін үзбей қырқуды, тағы басқа әдістері туралы кеңесін беріп, қамқорлығына алды.

№62 кәсіптік-техникалық учи-лищені бітірген жас жігіт Шотай, сол шаруашылықтың Әлкен Жапаров басқаратын бөлімшесіне келіп, жүгерішілер бригадирі болып тәлімгер ағасымен қоян-қолтық еңбекке араласып кетті. Шотай 1967 жылы, 22 жасқа толған кезінде КСРО бойынша қой қырқудан жарыстарға шыға бастады. 1968 жылы бүкілодақтық жарысқа мойынқұмдық жас Шотай алғаш рет қатысты. Ал, 1969 жылы Херсон облысында 11 одақтас республикадан 116 қырықтықшы қатысқан бәсекеде алдына жан салмай бас бәйгені жеңіп алды. Рекордтық көрсеткіш, әр қойды 2 минут 12 секундта қырқып 100 мүмкіндіктен 100 балл жинап, жеңімпаз атанды. 23 жастағы Ш.Тайбағаров КСРО чемпионы атанды. Кейіннен осы атақты екінші рет иеленіп, Қазақстанның жеті дүркін жеңімпазы болды.

1970 жылы Рессейдің Белгород облысында өткен қырықтықшылардың Одақ бойынша біріншілігінде атақты рессейлік қырықтықшылар Н.Холод пен С.Байрамқұловтарды артқа тастап бас жүлдені жеңіп алып, осы саланың ең жоғарғы марапаты «Алтын жабағы» алтын медалін тақты. Сол жылы Польша, ГДР, Венгрия, Болгария, Монғолия және Чехословакияның дүлділдерімен тұңғыш халықаралық бәсекеге қатысып, үшінші орынды иеленді. Қазақстанды, қазақ деген ұлт-ты дүниенің түкпір-түкпіріне танытты. 1979 жылы Болгарияның Толбухин қаласында өткен Еуропа елдері мен Монғолия қырықтықшылары қатысқан жарыста 100 мүмкіндіктен 95,11 балл жинап чемпион атанды. 10 қойды 29, 27 минутта сапалы қырқып, басымдыққа ие болды. Бұл атақты екі рет жеңіп алды.

Дүниежүзінің чемпионы Годфри Боуэн Англиядағы халықаралық жарыста 9 сағат ішінде 559 қой қырқып ерлеген болатын. Осы кездесуде Шотай мен Г.Боуэн жеке бәсекеге түсіп, Шотай бір қойды 1 минут 15 секундта, ал Г.Боуэн 1 минут 35 секундта қырқып шықты. Жеңілісін мойындаған әлем чемпионы, Шотайдан:

– Сен, қандай тәсілмен қырықтың – деп сұрайды.

Аз ойланып алған Шотай:

– Оны «Әлкен тәсілі», – деп атайды, –дейді.

Классикалық еш тәсілді меңгермей қазақы болмыспен, табиғат берген қуатпен жарысқа түсіп жүрген Шотай өмірлік ұстазының атын осылай анықтамаларға енгізген.

Риза болған Г.Боуэн Шотай інісін Австралияға қонаққа шақырады. Бұл орындалмаған арман болып қалды.

1972 жылы Шотай мен жары Жаңыл жеңгемізді Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаев қабылдап, ұзақ әңгімелеседі.

Әңгіменің үстінде:

– Шотай күніне қанша қой қырқып жүрсің, – деп сұрайды.

– 400 — 500 қой…

– Бригада құрсаң бір ауданның қойын өздерің қырықсаңдар да болады екен ғой, – дейді, риза көңілмен, елағасы.

– Иә, бір аптада бір кеңшардың қойын қырқып беріп жүрміз, Пернебай, Төлеген сияқты жігіттердің басын қосып, – деп жауап берді, жас жігіт. Сол жолы Шотай темір тұлпар мініп қайтты.

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев Шотайды жанынан қалдырмай ертіп жүріп, елмен араластырды. Жас жігіт Жазатаның батасын алып еңбекке құлшына кірісті. Жүгері өсіріп, егіс бригадасын ұйымдастырды. Бұл салада да абырой биігінен көріне білді. Бүгінде Шотай егін еккен Радай өзенінің жағасындағы алқапты жерлестері «Шотай алқабы» атап кеткен.

Ел құрметіне бөленген Шотай Айқожаұлы КСРО-ның «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қылышбай топырағында дүниеге келген Шотай Тайбағаров ауылымыздан шыққан тұңғыш Парламент депутаты болып Қазақстан тарихына енді.

  Мақсат Сейдалиев,

еңбек ардагері, Мойынқұм ауданы

Ғүмыр-Дария. — 2024. — 25 шілде 

Кран тізгіндеген келіншек

Бүгінгі қоғамда әйелдер араласпайтын сала жоқ десек, қателеспейміз. Әрі қай мамандықтың иесі болса да, биікке өрлеп, ерге бергісіз қабілетімен талайды тамсандырып жүрген нәзікжандылар арамызда көп-ақ.

Жуырда редакцияға бойшаң келген, сұлу мүсінді, ашық-жарқын бір әйел кіріп келді. Ол кран машинисі Оксана Глазетдинова еді. Ер азаматтардың өзі жүрексінетін бұл қызмет түрімен айналысып келе жатқанына 20 жылға жуықтапты. Оксанамен әңгімелесіп, салаға қалай келгені және жұмысының қыр-сыры жайында сұрап білдік.

Оксана Валерьевна Мойынқұм ауданы «Шығанақ» станциясында орналасқан «Эврика-Барит» ЖШС-нде мұнара аспалы кранының машинисі болып жұмыс істейді. Айта кетейік, «Эврика-Барит» ЖШС — барит рудасын өндірумен айналысатын Жамбыл облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Аталмыш кәсіпорынның қызметкері Оксананың міндеті — кранның жағдайын күнделікті бақылап, содан соң техниканың көмегімен 1,5 тонналық қаптарды көліктерге салып, жөнелтіп отыру. Мұның бәрін ол 30 метр биіктіктен басқарады. Ол өз жұмысының қиын емесін, жиырма жылдың ішінде үйреншікті болып кеткенін айтады. «Биіктік — бұл менің таңдауым», — дейді өзі.

Оксана — Ақсүйек ауылының тумасы. Қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпорын бұрын сол жерде орналасқан екен. Тұрақты табыс табуды мақсат еткен ол кран басқаруды сол кезде үйреніпті.

— Өндіріс орны өзі оқытты. Бастапқыда, әрине, қорқыныш болды. Бірақ, менің бастығым айтпақшы, «Бәрі уақытпен және сынақпен келеді». 10 жылдай сол жерде мұнаралы кранда жұмыс істедім, вагондарға жүк тиейтінмін. Біздің жұмыс өте қауіпті. Тіректі кранның биіктігі — 10 метр, аспалы кранның биіктігі 40 метрді құрайды. Аспалы кранда істеп жүргенімде, «аман-есен түсейінші» деп Құдайдан сұрайтынмын. Өйткені балаларым бар. Бір күні оқыс оқиға орын алды. Желді ауа райының салдарынан кран құлап, ана дүниеге аттана жаздағанмын. Қайта дәл сол уақытта мен төмен түсіп үлгергеніме шүкір, — деген ол қызмет жолында түрлі жағдайлар орын алғанын айтады.

— Бұл жылдар ішінде жылататын да, күлдіретін де оқиғалар болды ғой. Қараша айының соңы болатын, дала тұман. Оған қарамай біз көліктерді жөнелтіп жатырмыз. Мен жүк ілдірушінің бұйрығымен ғана жұмыс істеймін. Ол маған төменде қолымен бұйрық беріп отырады. Сол кезде бір қызметкеріміз қаптарды тиегенге көмектеспекші болады. Бірақ қолында арнайы қолғабы жоқ, мен жүк ілдірушінің бұйрығымен қапты көтере бергенде, байқамай әлгі кісінің саусағын жаншып алыппын. Осы оқиғадан кейін өзімді кінәлі сезініп, жұмыстан кетуге арыз жазған болатынмын. Бірақ «басшылық басқа істейтін адам жоқ деп жібермеді», — дейді Оксана.

Иә, онын мамандығын естіген адам таңданысын жасыра алмайды. Ал өзі бұл жұмысын жақсы көреді. Оксана вахталық әдіспен жұмыс істейді, 15 тәулік өндірісте, 15 тәулік отбасының жанында. Десек те, күш-жігері тасыған келіншек демалыста да қол қусырып отырмайды екен. Ол адамдарға өзінің клинингтік қызметін көрсетеді. Үй-жайды тазалаумен айналысып келе жатқанына 4 жылдың жүзі болыпты. Осы уақыт аралығында тұрақты клиенттерін де жинап үлгерген. «Егер адамда таңдаған кәсібіне деген қызығушылығы, жүрек қалауы болмаса, оған кірісудің қажеті жоқ», — деп санайды Оксана.

— Бізге түрлі қыз-жігіттер келеді, осы күнге дейін сегіз адамға кранды басқаруды үйретіппін. Қазір, мысалы, 20 жасар бойжеткен менің жанымда өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Бірақ мен барлығына «биіктікте жұмыс істегенше, жерде жүріңдер» деп кеңес беремін. Өйткені біздің жұмыста қауіп-қатер көп және жұмыс көлемі де үлкен. Тәулігіне 12 сағат жұмыс істейміз. Бұрын уақытқа қарамай, жұмысымды аяқтамайынша төменге түспейтінмін. Бір күні дала тас қараңғы, кранның ішінде отырмын. Төменге қарасам, бәрі қайтып бара жатыр, мені ұмыт қалдырып, — дейді кейіпкеріміз.

Кран машинисіне қойылатын басты талап — қан қысымының қалыпты болуы, көзінің көруі және есту қабілеті жақсы болуы қажет. Оксананың жұмыс күні күнделікті медицина маманынан тексерістен өтуден басталады.

— Алкотесттен өтеміз, қан қысымымызды тексереді, барлығы дұрыс болса ғана жұмысқа кірісеміз. Ал кранға отырғаннан кейін басқа нәрсемен айналысуға құқығым жоқ. Бұл — үлкен жауапкершілік. Краншы кез келген ситуацияға дайын болуы қажет, — дейді ол.

Нәзік иығымен нардың жүгін көтеріп жүрген Оксана Валерьевна ерлерге тән жұмысты істесе де, ешқашан өзінің әйел екендігін ұмытқан емес. Бұл оның жып-жинақы сыртқы келбетінен, сұлу жүзінен байқалып-ақ тұр. Оксана цехтағы жалғыз әйел екен. Қызметтестері оны өжет, ақкөңіл мінезінен бөлек, тәжірибелі, білікті маман ретінде құрмет тұтады. Жолдасы да жанында, карьерде жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Екеуі — екі қыздың ата-анасы, тәп-тәтті немерелерінің ата-әжесі.

Р.S. Оксана секілді жігері жасымаған, ісіне мығым, алдында тау тұрса да тайсалмайтын өжет мінезді жандармен аз уақыт болса да әңгімелескенде, ыстық күнде мұздай бұлақтан шөліңді қандырғандай күй кешесін, өмірге құштарлығың арта түседі.

Сәуле Мүхадинқызы, журналист, Қордай ауданы

Jambyl-Taraz. — 2024. — 8 наурыз

Жер емген қария

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы қажет.

Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға

тиіспіз. Табанды еңбек — еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын басты формуланың бірі. Тіпті, бірегейі деуге болады.

Тараз қаласында Базарбай Шалдарбеков деген қария тұрады. Мен ол кісіні көп жылдан бері білемін, араласып тұрамыз. Еңбекқор қария зейнетке шықса да үйінде кейбіреулер сияқты қол қусырып босқа қарап отырмайды. Біраз жылдан бері үй маңындағы жеріне қызанақ, қияр, асқабақ, сәбіз тұрған жерді тазалап, жем-шөбін беріп күту де аз шаруа емес.

Бақшасын суару үшін Базекең жерасты суын пайдаланып жүр. Сол үшін есігінің алдына жер астынан су соратын арнайы құрылғы орнатып алған. Зиянкестерден қорғау үшін жеміс ағаштары мен көкөністерге дәрі шашып отырады. Ауладағы сияқты көкөністерді егіп, жеміс ағаштарын өсіруді кәдімгідей кәсіпке айналдырған. Одан бөлек мал қорасында бірер бас қой ұстап, семіртіп, қажет кезінде көжеқатыққа сойып алады. Әрине, мұның бәрі оңай шаруа емес. Бақшаны арамшөптерден тазартып отырудың өзі бірталай жұмыс. Оның үстіне өсімдіктер мен жеміс ағаштарын уақтылы суарып, жерін ерте көктемде көкөністер егуге дайындай бастайды. Кейбір көкөністерді үй жағдайында ұрығынан өсірігі алып, күн тұрақты жылынғанда даладағы жеріне отырғызады. Бұл әдіс олардан өнімді жазда ерте ала бастауға мүмкіндік береді.

Базекеңнің еңбекқорлығы арқасында отбасы көп нәрсені дүкеннен, базардан сатып алмай пайдаланады. Қазір баға шарқырап тұрған кезде бұл отбасы үшін жақсы көмек емес пе. Бірде Базекеңнің үйіне барғанымда еңселі алмұрт ағашының бұтақтарында алмұрт пен асқабақ бірге салбырап тұрғанын көріп таң қалғаным бар. Сөйтсем жерді тиімді пайдалану үшін асқабақ ұрығы алмұрт ағашына өте жақын егілген екен. Асқабақжоғары қарай да өсе беретін ұзын сабақты өсімдік болғандықтан, ағаштың бұтақтарына дейін көтеріліп барып, оларға оралып алыпты.

Базарбай қария тек бау-бақшамен ғана айналысып қоймай немерелеріне көңіл бөлуге де уақыт таба біледі, сабаққа дайындықтарын қадағалайды. Күнде үш немересін жеңіл автокөлігімен кезек-кезек мектепке тасиды.

Бағбан қария үй іргесінде жеміс-жидек және көкөніс өсіруден жалыққан емес. Қайта есік алдына шығып бір мезгіл бой жазып, қимылдан, тер шығарудан рахат тапқандай болады. ІІІындығында денсаулықтың бір ұшы еңбекте жатыр ғой. «Еңбек етсең ерінбсй, тояды қарның тіленбей» деп ұлы Абай айтқан ғой. Осы ұстанымды өмірлік қағида еткен Базарбай қария әлі тың, ширақ.

Өкінішке орай, көп адамдар үйлерінің маңындағы жерлерін тиімді пайдалануға көңіл бөле бермейді. Бұған соңғы жылдары облысымызда орын алған су тапшылығы мен арықтардың көп жерлерде бітеліп қалуы әсер еткен болар. Бірақ, үй маңындағы жерлерін бау-бақшаға айналдырғысы келетіндерге жер асты суын сорғы арқылы тартып, жер асты суын пайдалануға болады емес пе.

Базекең бір сөзінде:

Мен үшін жермен айналысу дағдылы іс. Өз қолыңмен өсіріген жеміс-жидектер мен көкөністердің дәміне не жетсін?! Өз еңбегіңнің жемісін көруден артық, не бар? Ала жаздай үй іргесіндегі уылжып піскен жеміс-жидекке, көк-сөкке қарық боламыз да жатамыз,- деген.

Оның бұл сөздерінің жөні бар деп ойлаймыз. Биылғы көктем де жақындап келеді, Базарбай қариядан үлгі алып, үй маңындағы жерді игеріп, тиімді пайдалануға көңіл болейік.

Сейітқасым Тәжбенов,

ардагер дәрігер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Тараз қаласының Құрметті ардагері.

Ғұмыр дария. — 2024. — 10 ақпан

Өнердегі талғам өресі бәрінен биік болғаны жөн

Театр өнері – талай жылғы креатив пен қоғамдық ой-сананың жемісі. Өміршең салада шығармашылық ізденіс пен өнерге деген адалдықты ту еткен, көрермен алдындағы шынайылық пен жауапкершілік жүгін арқалаған жандар қызмет етеді. Осынау ізгі қасиеттерді бойына сіңіруге тырысып, саналы ғұмырын өнерге арнаған тұлғалардың бірі – танымал театр және кино актері, Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов. Мәні мен мазмұны келіскен біршама тың туындыларды театр сахнасына әкелген режиссер әрі актер Тұңғышбай ағамызбен шығармашылық жолы, бүгінгі театр тынысы, өзі баптаған шәкірттері және отандық киноиндустрияның ахуалы турасында сүбелі сұхбат құрған едік.

– Аға, жақында 75 жас меxadрейxadтойыңызды дүркіретіп атап өтxadтіңіз. Саналы ғұмырыңызды саф өнерге арнағаныңызға аз уақыт болған жоқ. Осынау жылдар ішін-де неге қол жеткіздіңіз? Неден айыxadрылдыңыз?

– 75 жасымды елім атап өтті. Мені қадірлейтін елім мен мемлекетімнің басында естияр басшының келгеніне шүкірлік. Жоғарыдан оң «дүмпу» болмаса, төменіміздің қимылдауы қиын заманда екенімізді жасырып не керек… Әлбетте, ел арасындағы азғантай абыройымыз бен еленген еңбегіміз менмұндаламаса, мұндай қолдау мен марапаттарға қолдың жетуі екіталай ғой… Тәуxadбе… Болмаса, осы жасқа жетпей, алқаланбай, сыймықтана алмай менің барлық дерлік достарым мен құрдастарым, қайсыбір шәкірттерім Раббысына кетті… Өмір ғой… Иә, мұртым теxadбінxadдеген балаң кезімдегі қыxadзығуxadшылықты қоспағанда, 53 жылxadдан астам өмірім кәсіби өнердің қаспағына дейін қырып жеуге сарп етілді. Кедергілер мен қиындықты көтере алатын ертегідегі «Таусоғар» не «Көлxadтауысар» сияқты көзсіз баxadтырмын деп кеуде қағудан ауxadлақпын, әйтсе де өнер азабына шыдас бере алмай, талай тізгін тартып, өнерге келгеніме қанша рет қарадай өкінген кездерім болмады деп те айта алмаймын… Өмір мен өнер жолы Қапшағай көліне тура баратын даңғыл жол емес деп, өзім талай айтқандай, бұрылыс, кептеліс пен тайғақ, ойлы-қырлы, жоғары-төмен тұстары болмады емес, болды. Болғанда қандай! Мәмбетовтің жерлесі, Аймановтың туысы, не Рахмадиевтің жиені емеспін… Ұстаздарым Хадиша Бөкеева мен Асқар Тоқпановтар балалар үйінде өскен жаутаңкөз ұрпақ өкілі, қолдау-тіреусіз тұл жетімдер тұғын… Өз кеудесін өздері сүйреген, өз жандарын өздері күйттеген, бірі Петербор, бірі Мәскеуде тәлім алып, жең ұшынан жалғасу дегенді білмей өткен пірәдарлар-ды… Ал мен – Сарыарқаның төсін жарып өтетін Мойынты мен Шу бойына салынып жатқан шойын жолдың бойындағы үш-төрт жанұялы, орысы мен оймауыты тұратын кішігірім разъездегі қарапайым теміржолшы Қадырдың балаxadсыxadмын, шежіреші атам Жаманқұл дейтін қазына шал мен ертегіші әжем Баршагүлдің тұңғыш неxadмеxadресімін. Айдалада жападан жалxadғыз жүрдім, анда-санда ой қуып сырласатын, бала боxadлып ойнайтын тетелестерім – қауға сақал орыс бригадир Панкратовтың тұлымы желбіреxadген бірді-екілі көккөз қыздары еді… Солармен ойнаймын деп орысша үйрендім.

…Хоош деңіз… Жоғарыдағы тізбелеген балаң кезім есте қалxadған соң, есерсоқ болып өспеxadгеніxadмнің куәсі болар. Арманшыл болдым, рас… Рас, ерте есейxadxadдім, алайда бала кездегі баxadлаң сезімді кірлетпегенім хақ. Өнерге алып келген де сол шығар. Әлбетте, тапқаным көп. Өнерге есепсіз қызметім талай адами да, суреткерлік те биіктерге жетеледі. Өнер арқылы ұлтымды терең таныдым, тарихына үңілдім. Бала кездегі неге бұлай дейтін «күн фаяxadкүн» сұрақтардың жауабын тапқандай болдым. Ол жауаптар елімнің тұманды сағымға көмілген өткенінің өкініштері түпсіз уайымxadға сүңгітіп, қан жұтардай қайғыға батырды. Есімді жиғанда еліме деген, оның өткеніне деген ерек махаббатпен бірге есейдім. Міне осылай, жеті қат жер астында қалған бабалар даусы жүрекке жеткендей әсерде жүргеніме біраз болды. Қысxadқа қайырсам, жоғалтқаным: уайымсыз күйім, тыныш өмірім… Ал тапқандарымды айттым ғой деймін: арсыда қалған алашымның арманының ащы зары, сол арқылы жүрегіме байланған мұң мен шер… Әйтпесе, өнер арқылы аста-төк өмір сүру, алқаланып кеуде керу, патxadсайы көрпе жамылып, бөз көйxadлек кигенге масайрау, сары темірxadден салқыншақ таққанға арқалану – мұңы аздардың мәресі ғой… «Ақымақтың аты арып, тоны тозбайды» деген мақалды жарықтық атам Жаманқұл жиі айтатын. Бұл мақал армансыз, мұңсыз, Мұхтар Шаxadханов ағамызша сілтесек, саxadқал-шашы күнге ағарған сондай тоны тозбайтын «жарықтықтарға» арналғандай еді…

Мың да тоғыз жүз жетпіс бірінші жылдың көктемі еді…

– Театрға аяқ басқан жылдары алғаш болып Қадыр Жетпісбаев ағамыз өзіңізге рөл ұсынған екен. Тарихы талай нарқасқалардың есімімен астасып жатқан академиялық теаxadxadтрxadxadдың табалдырығын қалай аттадыңыз?

– Имене аттағам. Ата театрға табаным тиер-ау деген астам арман болған жоқ. Шыны – осы. Екінxadші курстың студентімін, қыс көзі қырау, жадау киім, ашxadқұрсақтықтан асқазаным ауырып жүретін тырыли арық кезімде, ата театрдың басшылары орысша ілеспе аударма бөліміне, аяқ астынан отаға түсіп қалған қызxadметшісінің орнына уақытша адам іздеп жүргендерін, әншейінде еш нәрсені елең қылмайтын Хадиша апамның ести қоймасы бар ма?.. Кісіге көз тастауы былай тұрсын, тіпті түкірігі жерге түспей жүрген Мәмбетовке «менің курсымда орысшаға судай бір студентім бар, сол жұмысқа уақытша ала тұрасың ба?» дегеніне ғайыптан тайып құлақ асып, келсін депті. Сөйтіп, көрермен залының төбесі тұсында құстың ұясындай терезе-тесігінен сахнаға қарап, микрофонға үңіліп отыратын қуықтай бөлмеге аудармашы-диктор болып орналастым. Айлығым 65 сом екен. Үздік оқығаным үшін алатын лениндік 80 сом стипендиям бар, не дейсің байып шыға келдім! Менен бұрын бөлмелес Кәдірбек Демесінов, Секербек Жабықбаев, Өмірбек Боранбаевтардың жолы болды. Олар шай-суанға жарып, тоқ жүретін жағдайға жетті. Күнде кешке сабағым бітер-бітпесте зыр жүгіріп театрға жетем, сол қуықxadтай бөлмеден атынан ат үркетін актерлердің ойындарын көріп, қиялмен олармен бірге орысша «ойнап» жалым күдірейе бастағанын айтпай кетуге болмас. Сөйтіп, бригадир Панкратовтың көккөз қыздары бір кәдеге жарағаны бар емес пе! Спектакль басталарда жұртпен бірге қызметшілер кірер есіктен кіремін, аяқталғанда сорайып сол есіктен шығамын. «Мынау кім өзі?» деп үрке көз салғандардың бірі жарықтық Қадыр Жетпісбаев еді. Iлияс Жансүгіров жайлы «Дала дастаны» қойылымын дайындап жатқан кезі екен. Басты рөлде жан досым Әнуар Боранбаев болатын. Қайдан сөз шыққанын қайдам, атан түйедей, аңғал Матан Мұраталиев ағамызға телінген революционер Бейсенбай рөліне шақырды Қадыр ағам! Төбем көкке жетті! Сөйтіп, сабақтан өйтіп-бүйтіп сұранып, дайындықтарға қатыса бастадым. Әлбетте, премьераны Матан ағам ойнады, мен кейін, жаз шыға Бейсенбайдың рөлдік киімін кие бастағам. Әрине, жетістіріп ойнай алмағаным хақ, мойны ырғайдай мен қайда, батыр тұлғалы Матан ағам қайда? Бұл – мың да тоғыз жүз жетпіс бірінші жылдың көктемі еді…

– Өнер майданында жүріп тарих қойнауында есімдері алтын әріппен ойып тұрып жазылған Абылай хан, Махамбет, Сырым, Жәңгір хан, Әбілқайыр хан, Құнанбай, Қайырxadхан, сондай-ақ Эдип патшалардың ғұмырын кештіңіз. Көрермен сол заманның тұрмысын шынайы өмірxadде көрмесе де, киелі сахнадағы рөxadліңіз арқылы сезіне білді. Расында, тарихи тұлғалардың бейнесін сахнаға абыроймен алып шығу – жауапкершілігі ауыр жүк. Атынан ат үркетін тұлғалардың рөлін сомдау өміріңізге қалай әсер етті? Рөліңіз арқылы көкейге не түйдіңіз?

– Сіз аттарын атап, түстерін түзген кейіпкерлер менің өнерпаз Актер ретіндегі Бағым, бойымда ұлxadтымxadның қаны қайнап ағып жатқан Адам ретіндегі Сорым, мәңгілік Уайымым! Ол «былай болды, олай болды» деп себеп-салдарын, жөн-жосығын тізбелемей-ақ қояйын. Бәлкім, Жаратушыдан маған сондай назар түсті, соларды сахнада кейіптеу, мұңын байлау… маған бұйырды… Заманаxadлар көшінде азап шегіп, өмірі өксікпен өткен сол таxadрихи тұлғалар мені адам ретінде қайта туғызды, есімді жиғызды, актер ретінде биікке көтерді, мәңxadгілік мұңға батырды. «Мені ел таxadниды, атым әйгілі актермін» деxadген бөстеки пенделіктен, қуыс кеуде далақбайлықтан тазартты… Арсыда қалған ата-баба арманы мен аманатын мойныма артқандай болды. Балаң кезімде әкем, атам мен әжеме, орталарында еңбектеген маған, сығырайған кірәсін шамның жарығымен әндеxadтіп оқитын «Мың бір түн» мен «Даxadриxadға қыз» атты пайғамбарлар туxadралы ойға шомдырып, оңайxadшылықпен ұйықтатпайтын ұзынxadсонар жырдың оқиғалары, әжемнің Адам Ата мен Хауа Ана туралы ұзынxadсонар ертегілері түсіме жиі кіреxadxadтін «дертке» шалдығатын болxadдым. Мен сол сіз термелеген рөлдерімді ойнамадым… Олардың өмірін сүрдім! Бақыт деген осы шығар… Ұлтыңның өткенін ағза-жүрегіңнен өткізіп, қиял ғажайыпқа сеніп, Мұң байлау да бақыт екен. Менің ардың-гүрдің өмірімнің қаңғалақтап жүріп, Өнер әлемінен бір-ақ шыққанына шүкірмін, осыны түйдім, ризамын.

– Режиссер ретінде «Томирис», «Аршын мал Алан», «Қазақтар», «Ай мен Айша» қойылымдарын сахнаға алып келдіңіз. Тіпті, мерейтойыңызға орай таяуда академиялық театрда спектакльдер апталығы атап өтілді. «Әр жобаң – өз балаңдай» дейміз ғой. Жылдар бойы өнерде жасаған осынау қойылымдарыңыз театрсүйер көрерменге жетті ме?

– Жетті деп ойлаймын. Бұл қойылымдар ата театрдың абырой атағына, тақырып-талғамына сай дүниелер болды деп, кезінде талдау-таразы жасаған сары тісті сыншылар талай рет таспаға басып, пәтуәлі пікір жазған-ды. Кейбір керағар ойлы, іштеріне пышақ айналмайтын басшысымақтар, осыны «айқайлата бермей» репертуардан алып тастау керек деп мүйізгөктей берген соң қойылмай кеткені рас. Абылай, Адам Ата боп, арсыдан атой салып, «айқай саxadлып» жүрген мен екенімді көрxadген көрермен, есі бар жұрт біледі ғой… Менің режиссураммен болған спектакльдер былай тұрсын, мен актер ретінде басты кейіпкерін сүріп, көрерменге көзайым болған туындылар да осылай теперіш көргенін жасырмаймын. Абылай хан туралы екі бірдей сүйекті қойылым, Адам Ата мен Хауа ана жайындағы режисxadсуралық эстетикасы ерекше болған Әуезов театрының сахналық көркемxadдігі жоғары шығармаларын көрерxadменxadнің «жоғалтып» алғаны өтірік емес. Іздеп, сағынған көрерменнің сал шекпенін елеген ешкім болмады. Оларxadдың орнын ойсыз, мұңсыз айқайы құмығып, айшылық жерден емес, астыңнан зорға естілетін мекиен қораздың қиқуындай болған белсіздер басты.

– Кезінде «Ай мен Айша» қойылымына қатысты «Прозадан сахналық көркем шығармаға айналған қойылымның шын бағасын айта алатын теоретик аз» депсіз. Сізxadдің режиссерлік қабілетіңіздің нәтижесінде жарыққа шыққан қойылымдар лайықты бағасын алды ма?

– Лайықты бағасын алды ма, алxadмады ма… ол жайлы ойламайxadмын да, уайымдамаймын. Ең бастыxadсы, менің жанымды жеген жегі, көңілімнің төрінен орын алған, ұлтымның басынан өткен запыран уақиғалар негіз болған сол қойылымдарды сахнаға көxadшіxadруге мүмкіндік туғанына, жұxadмыс барысындағы өзім сынды өзегі таза, өткенге бейжай емес әріпxadтестеріммен суреткерлік толғақ тұсында бірге болып, мен сияқты мұңданып, мен сияқты шерленген сағаттарым мен күндерім, қанат байлаған кездерім, ұшқан тұстарым – баға жетпес қымбаттарым. Көрерxadменге жетті деген сенімім мол, оған лық толы зал куә, оларxadдың көздеріне ұялаған мұң куә, жалxadғыз тамшы көз жастары куә. Теоxadретик сыншыларға келсек, «кісідегінің кілті – аспанда» деген, әркімнің көңілі жоғары. Абай хәкім айтқандай, «құлақтан кіріп бойды алар, әнді сүйсең менше сүй»… Яғни, кейпіне енген рөлдерімнің шеменіне менше шерленіп, менше мұңға бату оларға міндет емес, олар – салқын ақыл иелері, теоретикxadтер. Менің жан дүниемді ұғып жатса, қойылымның дерті мен жүрек қағысының, жаныңды тербер қанды тақырыбы мен арманға айналған запыранды мақсат-мүддеxadсінің тереңіне батып жатса – мархамат, патша көңілдері білсін. «Демеймін мені мақтасын, я жақсын, я жақпасын»… Тек түсінсе игі, түйсінсе игі, жүрекпен зерделесе игі…

Жүрек алданып қалса да, өзі алдамауы керек

– Өзіңіз айтпақшы, «Өнер – білектің емес, жүректің ісі» деп білесіз. Театрдың киелі сахнасы актерден қандай қасиеттерді талап етеді?

– Біразын жоғарыдағы жауабымда айттым-ау деймін… Иә, өнер – жүректің ісі. Жүрек – алxadдаxadнып қалса да, өзі алдамауы керек. Театр – тірі өнер, тірі ағза болғандықтан да тірі актердің жүрегі алға шыққаны, шынайы қаққаны абзал-ды. Актер шеберлігінің К.Станиславский түзген, бүкіл төрткүл дүние мақұлxadдаған жүйе-теорияларында актер үшін біліп жүруге керекті, санасынан шығармауға тиіс үш түрлі мектеп-қағида бар: Олар мыналар: Кейіпкер СЫНДЫЛЫҚ (представление), кейіпкер ЖАНДЫЛЫҚ (переживание), кейіпкер МӘНxadДІЛІК (воплощение) деген. Алғашxadқысы – үстірт, жеңіл ойын. Ұқсап бағу, жаттанды сөз. Екіншісі – шыxadнайылық, жанын салып кейіпxadкердің бейнесін орындау, өмірін сүру емес… орындау. Ал үшіншісі – нағыз биіктік, екінің бірінің бақ-талайына бұйырмайтын өлшем! Актердің жан дүниесінің драмада жазылған кейіпкерден, оның мінез-тұрпатынан, тіпті өзінің адами ұстын-табиғатынан жоғарылап ары асып, биік өлшемге, ерекше әлемге, суреткерліктің құзар шыңына көтерілу, ұшу!.. Міне, бұл Құдірет, адам ағзасына псиxadхикиxadкалық салмақ түсіретін биоxadлогиялық өзгеріс десе де болғандай! Басыңызға басқалай, бөстеки ой келмес үшін, адам баласының қоxadлынан келмейтін нәрсе жоқ дегенді еске салсам айып етпеңіз… Өйткені біз Жаратушының сүйіп «сызған», ерекше махаббатпен жақсы көріп жаратқан пендесі, тағы да Өзі жаxadратxadқан өзге мақұлықтардан бөxadлектеп, бойымызға қайтпас қажыр мен алапат күш, бес сезім мен жылы жүрек, басқа жәндіктерге қимаған ақыл деген құдіретті дарытқан «хомо саппенс» деген құбылыспыз!

– «Бегалиндер мен Қарсақбаевxadтардың, шенеуніктің шекпеніне құл емес Қожықовтардың заманы келмеске кеткен» дейсіз. Мұның асxadтаxadрында нендей пайым жатыр? Осы тұста өнердің нағыз шыңына айналған театр сахнасының қазіргі тынысына қалай баға берер едіңіз, аға?

– Бүгінгі режиссерлер жақсы үйреніп алған кәсіби қулық-сұмxadдықxadтардан ада тұлғалар еді ғой олар… Істеген ісін жан-тәнімен, кәxadсіби адалдықпен атқарған атxadпал азаматтар еді… Абдолла Қарxadсақбаев деген ағамыздың түсірген бірде-бір фильмі экранға шықпай, «полкада» жатып қалған емес. Таxadлай рет халықаралық бәйге-фесxadтивальдардан қомақты жүлдеxadлер алып келсе де, мейманасы таxadсып, мұрнын көтермеген. Ол кісінің түсірген фильмдері қаxadзақ киносының классикасына айналxadған. Сонда да «маған атақ бер, жағдайымды жаса» деп жоғарыға телмірмеген суреткерлігі бәрінен биік, ғұмырлық кәсібіне берік кісі еді. Ал Сұлтан Қожықов ағамыз Герман соғысының сайыпқыраны болса да, халық жауының туысы болып шетқақпайланса да, ешқашан міндет қылып еліріп, еліне, мемлекетіне зар-запыранын төккен емес. Суреткерлік кредосына, шығармашылдық ұстанымына, өнерпаздық талғамына сатқындық жасамаған кісі. Бір ғана мысал: «Қыз Жібек» фильмінің сцеxadнарийін жазған, ел іші мен шенеуніктер арасында қадірі мен парқы бөлек Ғабеңнің, атышулы классик Ғабит Мүсіреповтің автор ретіндегі талабынан бас тартқаны неге тұрады! Талабы – бүгіндері белгілі, ғашық жары, өте талантты, хас сұлу актриса Раиса Мұхамедиярова басты рөлде, Қыз Жібекті ойнауы болатын… Тіпті, сценарий де сол актрисаға арналып жазылған еді! «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат» деген аталы сөзден айнымау, Ғабең деген бірге жүрген замандасы, досы дерлік жағдайда болса да адалдықтан аттамай, кәнігі актриса Мұхамедиярованы емес, ол кезде өзегі таза, өрімдей Өтекешеваны таңдауы – кісілік келбетінің, өнер деген ерек құбылысты қан жүрегіне жоғарыдағы Жаратушы теліген әуейі әлемге адалдығының айқын айғағы емес пе?! Ал Мәжит Бегалин деген маған алғаш көзі түсxadкен, кішкене эпизодтық рөлxadге шақырып, кино әлеміне аяқ бастырған менің алғашқы киноxadрежиссерім. Ал бүгінгілердің ар-ұяттан, адамгершілік сипаттан, суxadретxadкерлік адалдықтан аттай саxadлуы түк те емес! Тіпті, кино таxadбиxadxadғатына еш қатысы жоқ, екі бұтының арасына қыстырып, дәу скрипка деп түйсінген мұңы зор виоленчельдің үні жүрегі түгіл құлағына кірмей-ақ, мәдениеттің биік орынтағына қонжиған дүмше министрдің «бұйрығын» ойланбастан орындай салатын тайғанақxadтық тұрпат бар жерде қайдағы кісілік, қайдағы талғам таразысы?!. Олар оны кір кебісімен ойланбай таптап, содан барып Ұлы Өнердің Қасиеті қашатынын, Кепиеті ататынын ескермей, бір емес, бірнеше қайнауы кем шала дүние жасауға арланбайтын болған!

– Бүгінде 45 жылдан аса уақыт шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық жолында тік тұрып қызмет етіп келе жатқан жансыз. Өнер әлеміне бетбұрыс жасаған сәттен бастап қазірге дейін 200-ге таяу шәкіртіңіз бар екенінен хабардармыз. Сол шәкірттеріңіз қазір қайда жүр? «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, кіл жүйріктің арасынан суырылып шыққан, өнерімен көптің сүйіспеншілігіне бөленген шәкірттеріңіз бар ма?

– Әрине, бар! Шүкір, алды Қаxadзақxadстанның Халық артисі атаxadғына ие болып жатыр. Ол – Дулыға Ақмолда деген өнерге де, кісілікке де адал, бүгіндергі менің әріптесім. Қырғызстанның Ел артисі атаxadғына ие болған Бұсырман Одуxadрақаев деген шәкіртім Бішкекте Сервантестің Дон Кихотын кейіпxadтеп, бенефис жасап еліне елеулі боп жүр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері деңгейіне әлдеқашан жеткен тәләбаларымды санамай-ақ қояйын… Қайсыбірлері неше түрлі өнер мекемелерін басxadқарып жүр. Шәкірттерімнің жартысынан көбі өнерде өз жолын тапқанын мақтан тұтам. Адасқандары, шет қалғандары, ардан аттап, күні үшін күмілжіп, күдіре жалдыларға жарбаңдап, бірді-екілі сатылғандары да бар… Өмір ғой, бес саусақ бірдей емес.

Сана мен жан сипатындағы мүгедекке аяушылық жасау жарға жығады

– Шәкірттеріңіздің арасында өзіңізді ренжіткен, көңіліңізді қалxadдырған жандар болды ма? Жалпы, сіз кешірген, сізден кешірім сұраған кездер ше? Кімге қатты ренжідіңіз, кімнің көңілін қалдырдыңыз?

– Әзірге біреуі ғана. Тіпті, менен ұстазым емес деп бас тартып жүрген, сұхбатында барды жоққа балап, әлдебіреулерді арқа тұтып, аярлық жолына түсіп адасып жүрген жәдігөй… Ол үшін таусылып, уайымдап, жанығып, жапа шегуді қажет деп санамаймын. Ұмыттым!.. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» дегендей… Дәл мұндай сатқындыққа бара алxadған адамда кешірім сұрау деген түxadxadсінік те, түйсік те болмайды, шыxadxadрағым. Өйткені ол аттаған арсыздықтың кешірілмейтінін, менің кешірмейтінімді жақсы біледі. Тән сипатындағы емес, сана мен жан сипатындағы мүгедекке аяушылық жасау – жарға жығады. Жығыла-жығыла болдық, онсыз да тіземіз қызыл ала қан… Адами сипатынан айырылғандар Әзәзілдің ауылындағы мәңгүрт санатында ғой. Ол індет түбегейлі ірітпей, шірітпей тынбайды, көрге бірге кіреді.

– Кино тақырыбына ойыссақ. Сіздің театрдан өзге, кино саласына да қосқан елеулі үлесіңіз бен жиған тәжірибеңіздің бар екенін білеміз. Бүгінде қазақ киносы тақырыбында түйіні тарқамай келе жатқан мәселеxadлер әлі де көп. 90-жылдармен салысxadтырғанда қазақ киносында серпіліс бар. Десек те, саны артқанмен саxadпаxadxadсыз дүниелердің шеті көрініп қалатыны жасырын емес…

– Қазақ киносы ауырып жүр… Біразын жоғарыда айттым. Бұрынғы экс-министрдің құрып алған өрмекшінің торындай заң баптарынан аршыла алмай жүрген жай оларда. «Қазақфильмнің» ежелден келе жатқан үрдісін бұзып, олардың өзін тәуелді етіп қойған эксперттік орталық құрғызып, қаражат жымқырудың оңай жолы жасалған. Ол Парламентте заң жүзінде бекіген. Оны өзгерту үшін Парламент қайта қарау керек. Әлгі эксперттік орталық, «жаңбыр-жаңбырдың» арасымен жүріп, қазан шетінен қаптырып қалуға ыңғайлы болғандықтан қайсыбіреулерге ұнап қалған… Сөйтіп, киношылар қазір екіұдай күйде ұмар-жұмар. Сондай жағдаймен аңтарылған кино әлемі фильм түсіруден бұрын сол шатақтан қалай арыларын білмей әлек. Жаңа министріміз бұл торды аршымақ боп жүргенін естиміз, алайда алға жылжу сылбыр. Иә, жеке қаражатқа түсірілген авторлық фильмдер арагідік алқа тағып аттары аталып жүр, оған да шүкір. Ал ұлтымыздың ғасырлар қойнауында жатқан тарихы мен азапты тағдыры жайлы сүйекті фильмдер жасау үшін Үкімет оң көз танытып, қомақты қаржыны қызғанбай бөлуі керек. Ол қаржыға «көз алартатын» суық қолдылардың қолын шабу керек! Өйткені «Ұлы дала таңы» сынды, экс-министрдің жемсауынан артылған ақшаға, үйтіп-бүйтіп түсірілген кино біздің үңірейген жыртығымызды жаппайды. Бұл әуел баста түріктің «Ерxadтұғрыл» сериалын түсірген режиссермен жоспарланған жоба еді, 100 сериялы телефильм болмаққа керек еді… Амал не, басталмай жаxadтып, экс-министрдің қойған талапты «тәбетінен» шошынған түрік режиссері «аш бәледен қаш бәле» деп Ыстанбұлына тартып отыxadрыпты деп естідік… Естіген құлақта жазық жоқ. Содан қалған «кәxadшекке» Ақан Сатаев деген Құдайға қараған ініміз (рақмет оған), «жылап ішіп, шыңғырып дәретке барып» жүріп, қалған-құтқан тиын-тебенге қазақтың Қасым ханы жайында, амалдың жоқтығынан үзік-үзік фильм түсірді-ау әйтеуір. Кемшілігі жоқ, төрт аяғы тең дүние деп асыра мақтамайын, алайда бөлінген қаражат кемшін болса, мұндай соқталы, тарихи дүниені қолға алу – әрі патриоттық, ерлік десе де болғандай… Обал ғой, «жоқ – жомарттың қолын байлайды» емес пе?.. «Арзанның сорпасы татымайды» деп ата-бабамыз білген соң айтқан да…

– Сұхбаттарыңыздың бірінде «Киноактерлердің көбі театрдың талабына, тәртібіне пар келе алмайды, көрерменнің алдында жанын жалаңаштап, бүкіл залды соңынан ертіп, ертегіге сендіре алмайды» депсіз. Кино мен театрдың басты ерекшелігі неде? Екеуінің арасын қақ жарып тұрған нендей айырмашылық?

– Айырмасы жоқтың қасы. Теаxadтр – тірі өнер, ал кино – қимылдайтын сурет. Актердің, режиссердің сіңірер еңбегі, жараланар, жалаңаштанар жан дүниесі, мұң мен шері, сыздатып ауыртар жүрегі біреу емес пе? Араға кіріп алған жалғыз-ақ айырмашылығы бар – ол ақша деген әзәзіл. Кинодан түсетін ақша көп, қаржыгерлердің ұғымымен септесек, дивиденттері көзге де, қалтаға да бірден түседі. Ал театр деген Қасиетті қағбаның мәресі алда, болашақта! Оның мүддесі қампайтуды қам қылған қалтада емес, қағысынан айнымауды мұрат тұтқан Қазақ деген қағынан жерімеуді аманаттаған ұлттың қан жүрегінде! Сондықтан балға үйірілген аралардай өнерге емес ақшаға үйірсектер «кино ауылы да бір төбе дегендей… Реті келіп тұрғанда бұл төбеге де дәрет сындырып» кетуге арланбайтын болған.

«Көрінген көк атты» кино түсіріп, бұл өнердің қадірін кетірді

– «Шымшық сойса да, қасапxadшы сойсын» дейтін халықпыз ғой. Алайда киноиндустрияның айналасында жетік білімі мен тәжірибесі жоқ әнші-блогерлер қапxadтап кеткен жоқ па?

– Иә, оныңыз рас, қаптап кетті. «Көрінген көк атты» кино түсіріп, бұл өнердің қадірін кетірді. Қимылдайтын сурет болғанымен, бұл да өнер, техникалық мүмкінxadдікxadтері мол. Бірақ бұл өнер ас талғамайтын қомағайдың қолынxadдағы ойыншық сынды… Аңғал көрерменді алдап, арзан дүниеге әуес қылған арсыздарға керегі де сол. Өзбек халқының «есектің артын жусаң да мал тап» дейтін мазағы амалсыз еске түседі. Сол «көкаттылар» бүгінде «охранамен» жүреді екен. «Жақсы менен жаманды айырмай», талғамы белден төмен түсіп, ышқырға қол жүгіртіп, арасатта қалған қайран қазағым-ай…

– Кеңес заманында кино реxadжиссері авторлық кино түсірмес бұрын, бойындағы тәжірибесін жанрлық фильм түсіру арқылы дәлелдеуі шарт болған екен. Ал бүгінгі режиссураның ахуалы қай деңгейде? Таланты мен талабы ұштасқан білікті мамандар жеткілікті ме?

– Жалпы, режиссура деген еріккеннің ермегі болған сыxadқылды. Барды көрмей, қара асxadпанды төндіріп, ауызды қу шөппен сүртпейін. Қуантып, үміттендіріп жүрген бірді-екілі жүйріктеріміздің атын атап, түсін түстесем, мұрындарын көxadтеріп дандайсып кете ме деп қорxadқатын болдық. Абайлап мақxadтамасақ, аспандап кетіп, жер басудан жаңылып қалатын алып-ұшпа көңіл, бас бермес көк дөнен ғой… Алайда театрда да, кинода да режиссерлік финт жасап, интернет деген иттің сідігін иіскеп, өзгеден көрген өңезге елігіп, қазақта бұрын-соңды болмаған жаңа форма жасамақ болып теріс сиіп, ең маңыздысы – мазмұнды тәрк етіп «тентектік» жасағандарға, аузымызды ашып, көзімізді жұмып таңдана қарайтын кезде тұрған сықылдымыз. Кеуде қағып, «ой біз деген, қанымыз таза, ата көрген, әже ақылын сіңірген, ана сүтін арзандатпаған, баба салтынан айнымаған аруақты ұлтпыз» деп кергігенмен, шыққан тегі мақрұм, «иван – не помнящий родства» деп, өзіміз күлетін өзге ұлттың, бір кеште бес сағаттық спектакльді тапжылмай көретінін естіп-біліп, жерге қарайтын болдық… Ал кеудемсоқ қазағым екі актілі классикалық тарихи қойылымның бір актісіне ғана «шыдап», залдан шығып кететінін көргенде көрге кіруге дайынсың! Немесе түкке тұрғысыз, я мазмұннан, я ұлттық реңктен, я суреткерлік сүреден жұрдай, арзан ыржаңға құрылған күлдібадам киносымаққа құмар, кинозал толы көрерменге не дейін! Қайсыбірін айтайын! Солай, қарағым… Текті таланттан гөрі, азған заманның арсыз талабына құл болғанымызды ойлап, жаны ауырып жүрген жоғарыда да, төменде де ешкім жоқ! «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» құрдымға кетіп, құрыған жеріміз осы шығар! Қатты кетсем, ғафу… «Дос жылатып айтады» деген ескіден қалған есті сөз есте шығар…

– Әңгімеңізге рақмет, аға! Шығармашылық табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан Алтынай Бауыржанқызы

Aiqyn. — 2024. — 24 ақпан (№22). — 8-9 б.

 

Әбіл А. «Алатаудан» басталған әуен. «Тараз» триосына 50 жыл (1974-2024)

Қазақтың ән өнерінде өзіндік өрнегі бар, Жамбыл облысынан түлеп ұшқан атақты «Тараз триосы» тыңдармандардың жүрегін жаулап, елдің ыстық ықыласына бөленген өнер ұжымы.

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға «Өлкелік Арт-галерея» бетіне Әулиеата топырағынан шыққан танымал да талантты әншілер, өнер ұжымы «Алатау» болып басталған бүгінгі «Тараз» триосының құрылғанына 50 жыл толуына орай белгілі журналист Амангелді Әбілдің «Алатаудан басталған өнер» атты кітабын ұсынамыз:

Әбіл, А. «Алатаудан» басталған әуен [Текст] : «Тараз» триосына 50 жыл (1974-2024) / Амангелді Әбіл. — Алматы : Үш қиян, 2023. — 200 б.

Аталған кітап «Тараз» триосының 50 жылдығына арналып жарық көрген. Жарты ғасыр шежіресі бар Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан 500 данамен жарық көрген. Кітап Жамбыл облысын басқарған, қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің кіріспе сөзімен ашылған. Кітапта елге белгілі өнер адамдарының, мәдениет саласында басшылық қызметте жүрген азаматтардың, демеушілердің, әр жылдары триода ән салған белгілі әнші-домбырашылардың, қазіргі мүшелердің естеліктері, жергілікті ақындардың пікірі, өлеңдері берілген. Сондай-ақ, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда, әлеуметтік желіде «Алатау» ансамблі, «Тараз триосы» туралы жазылған мақалалар, сұхбаттар, фотошежіре жарияланған.

«Алатау» болып басталған бүгінгі «Тараз» триосының құрылуына Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаевтың сіңірген еңбегі зор.

Қазір «Тараз» триосының құрамында жүрген әншілер, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Ержан Ыдырысовтың да, Ноян Сейділдаевтың да әдемі естеліктерін осы кітаптан оқуға болады. Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Мәдениет қайраткері Пернебек Оспанов та біраз тереңнен сөз қозғап, трио тарихына кеңінен тоқталады. Бұл жинақтан белгілі журналистер Көсемәлі Сәттібайұлының, Оралхан Дәуіттің, Хамит Есаманның, Табиғат Абаилдаевтың және басқалардын да естеліктерін, мақалалары мен сұхбаттарын оқуға болады. Қасқырбай Нарбатырдың, Құрманғазы Демештің арнау өлендері де әсерлі. Кітап өте жеңіл тілмен жазылған, «Тараз» триосының тамаша әндерін тыңдап жүрген көрерменнің барлығына да қызықты. Ендеше, журналист Амангелді Әбіл құрастырған жаңа кітапты оқуға асығыңыздар!