Қос ғасырдың куәсі (Несіпбек Таңатаров 100 жасқа толды)

Қос ғасырдың куәсі (Несіпбек Таңатаров 100 жасқа толды)

Ғасыр жасаған ардагер 1918 жылдың 20 ақпанында Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылған. Осы жылы алғаш Куйбышев қаласындағы 217-ші полкта болып, Украинаның Житомир қаласына жіберіледі. Онда екі жыл борышын өтегеннен кейін Приморье өлкесіне, Владивосток қаласында болады. Соғыстың қарсаңында Киевте Отан алдындағы борышын өтейді. Ал соғыс басталысымен, бірден майдан даласына аттанады. Соғыс даласында Полтава түбінде екі рет жараланып, госпитальға түскен. Дәл осы кезде қала жаудың қоршауында қалып кетеді. Немістер госпитальда жатқандарды тұтқындайды. Тұтқындалғандардың қатарында Не сіпбек Таңатаров та болады. Ол 1945 жылға дейін тұтқында болып, одан кейін екі жыл Донбасста зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына араласқан.

Елге 1947 жылы оралып, туған ауылында 20 жыл шопан болған. 1976 жылы зейнетке шыққанша құрылыс саласында тер төккен. Несіпбек ата әр жылдары Ұлы Отан соғысының мерекелік медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ «Үздік шопан» деген атаққа да ие болған. 100 жасаған ардагерді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова мен ТИГУ-дің қызметкерлері құттықтап барды. Қонақтарды мерейтой иесінің өзі қарсы алып, емен-жарқын әңгіменің тиегін ағытты.

Сондай-ақ олармен суретке түсіп, сауалдарына жауап беріп отырды. Осы арқылы ол ғасырды еңсерсе де әлі қуатты екенін байқатып, соғыстағы естеліктерімен бөлісті. Несіпбек ата ұзақ жасаудың ешқандай құпиясы жоқ екенін алға тартып, әрқашан көңілді жүру қажет екенін айтады. Сонымен қатар жан-жағындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, туындаған мәселелерді жүрекке алмау қажет екенін де тілге тиек етті. Ақсақалдың осыншама жасқа келуінің тағы бір сыры – өмір бойы таза ауамен тыныстап, дала еңбегімен шұғылданған. Сол әдетінен әлі күнге дейін танбаған Несіпбек ата қазір де үй шаруасына араласып кетуге бейім екен. Бүгінде қос ғасырдың куәсі болған ҰОС ардагері 5 ұл, 1 қызынан 21 немере мен 10 шөбере сүйіп отырған бақытты қария.

Шынболат Сейдуалиев

Жамбыл-Тараз. — 2018. — 23 ақпан



Майдангерлермен мақтанамыз

Майдангерлермен мақтанамыз (Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев )

Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің ерлігі, өнегеге толы өмірі арада қанша жыл өтсе де, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ретінде айтыла береді. Өйткені Жеңіс мерекесі – жер басып жүрген барша адамзат баласы үшін мерейлі той.

Осындай қуанышты мерекеге орай «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл медициналық колледжінің студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев және «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Дүкенбай Ермековпен кездесті. Сол сұрапыл отты жылдарда кеудесін оққа тосып, ерліктің үлгісін көрсеткен жерлес жауынгерлердің арасында Шалданбай Шаңбаевтың есімін ерекше атауға болады. Тағдырдың жазуымен қаршадайынан соғысқа аттанған ол кезінде өзі секілді барлық майдангердің көкейінде тек бір ғана мақсат болғанын айтты: «Ол – Отанды жаудан қорғау және тек қана жеңіс» болатын. Міне, сол мақсатқа жеткен, бізге бүгінгі бейбіт тірлікті сыйлаған аға буын өкілдеріне құрметтің қандайы да лайық.

Шалданбай ата 1924 жылы Т. Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Балалық шағы, отызыншы жылдардағы қиын нәубет жылдары әлі күнге дейін көз алдында. Сол тұста көрген қиындықтар бала Шалданбайды төзімділікке тәрбиелеп қана қоймай, басқа түскен ауыртпалықтарды жеңе білу қасиеттерін де бойына сіңіре береді. 1942 жылы әскерге шақыру хатын алған кезде ол он сегіз жаста еді. Әскери жолы Волга өзенінің бойында оқу-жаттығудан басталады. Осында төрт ай оқығаннан кейін 27 желтоқсанда параходпен Сталинград қоршауына аттанады.

– Сол кезде тізеден қар, үскірік аяз болды. Соған қарамастан жеңіс үшін тек қана алға қарай адымдай бердік, – деп еске алады ақсақал.

Осы жерде немістермен алты ай қырғын соғыс болады. Генерал Павел Павлович басқарған Сталинград майданының әскерлері келіп, жауды артқа шегіндіреді. Павловичтің әскеріне қосылып, ол Кательниково, Запорожье, Одесса қалаларын, Румыния мен Венгрияны жаудың қолынан азат етуге қатысқан. Содан Франкфурт-на-Одере қаласы арқылы Берлинге жақындайды. Осылайша 9 мамырда Жеңіс күнін Берлинде тойлайды. Соғыс біткеннен кейін 1946 жылы елге аман-есен оралады. Алайда ауылға келген кезде Шалданбай ата ағасының соғыста хабар- ошарсыз қалғанын естиді. Ағасының 2 ұл, 2 қызын асырап-бағу үшін оқудан бас тартып, тракторшы болып жұмыс істейді.

Бүгінде 95 жасқа қараған Шалданбай ата ағайын-туғандары, бала-шағасының ортасында бақытты да, берекелі ғұмыр кешіп отыр. Тоғыз ұл-қыз өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отырған ақсақал әлі де тың, сергек. Кеудесіндегі орденьдер мен медальдар – ардагердің жүріп өткен жолдарының бедерлі белгісіндей. Осылайша әсерлі әңгімесімен бөліскен Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев студенттерге оқуда озат, еңбекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болуларын айтып, ақ батасын берді. Бұдан соң «Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ төрағасы Дүкенбай Ермеков сұрапыл соғыста елдігімізді нығайта білген азаматтардың ерен ерліктерін баяндап, жастарға үлгі етті. Оның айтуынша, Ауған соғысына облыстан 2200 азамат аттанып, оның 71-і келмеген.

Сондай-ақ кездесуде әскери дайындық тобының студенттері «Соғыс сабақтары» атты ойын-тренинг өткізіп, қонақтарға автоматты шашып-жинау бойынша біліктіліктерін көрсетті.

Шынар Асанқызы

Жамбыл — Тараз. — 2018. — 11 мамыр

  • 3201
  • 72
  • 107
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ. csmb@bk.ru,
Разработано: Агентство «5-й Элемент»

Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі / Байтұрсын Маймышұлы

Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі / Байтұрсын Маймышұлы

Сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін кеудесін оққа тосқан миллиондаған қазақстандық майдангер-сарбаздардың бірі атам – Байтұрсын Маймышұлы еді.

Атамыз Байтұрсынның әкесі Маймыш Бекжанов 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде отбасымен Талас ауданы, Ойық ауылынан қазіргі Тараз қаласына қоныс аударады. Сөйтіп қала аумағындағы Бурыл қыратының етегінде диханшылықпен айналысып, отбасын аштықтан сақтап қалыпты. Ал жолдасы, әжеміз Сәтбике Көшербайқызы қолынан келген әр түрлі жұмыстарды кәсіп етіп, қиын-қыстау кезеңде жан бағудың амалын жасайды. Маймыш пен Сәтбикеден Бәтшай, Байтұрсын, Жексенәлі, Ақшай есімді ұл-қыз тарап, бүгінде бір қауым елге айналған.

Атамыз Байтұрсын Маймышұлы 1915 жылы дүние есігін ашады. Ескіше сауат ашқан. Қалаға көшіп келгенде 15-16 жасар бозбала болған екен. Қаладағы мектептердің бірінде 8-сыныптық білім алады. Мектепте оқи жүріп, халықтан жүн-тері жинайтын мекемеде жүн жинаумен, кейінірек қабылдаумен айналысады. Жастайынан еңбекке жақын, пысық, ержүрек, палуан, жекпе-жектің хас шебері болып өскен атамыз Байтұрсын 1937-1938 жылдары әскерге шақырылып, Қиыр Шығыстағы Владивосток флотында азаматтық борышын өтеген. Фин соғысына қатысып, 1941 жылы қаңтар айында кіші командир дәрежесімен міндетін аяқтап, елге оралады. Сөйтіп Жамбыл қалалық (қазіргі Тараз) әскери комиссариатында жұмыс істеп, 1941 жылы маусым айында әскер қатарына сұранған. Алайда әскери комиссариат Жамбыл қаласы азаматxadтарынан әскер қатарына жауынгерлер дайындау керек болғандықтан, оны 1941 жылдың тамыз айына дейін соғысқа жібермеген.

Әскерге кеткен Байтұрсын атамыздан 1941-1942 жылдары «Взвод командирімін, үнемі жау тылында (разведчик болған) боламын» деген хаттар келіп тұрған. Сонымен қатар «Егер менен хат-хабар келмесе, елге көшіп барыңдар» деген аманат та айтады. 1942 жылдың соңынан бастап атамнан хат келу тоқтаған. Іздестіру барысында 1942 жылы маусым айынан із-түссіз жоғалғандар тізімінде деген ақпарат қана таба алдық.

Бірақ қаншама айлар, жылдар өткенімен ерлік ешқашан естен шықпайды. Қай кезде болмасын лайықты құрмет көрсетіледі. 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай, Ойық ауылында майдангерлердің құрметіне соғысқа ауылдан аттанған азаматтардың есімдері жазылған мемориалдық тақта ашылды. Сонымен қатар облыс орталығындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде ҰОС қатысқан майдангерлердің есімдері қашалып жазылған мәрмәр қабырғаға да Байтұрсын Маймышұлының есімі бедерленген. Бұл ұрпақтары үшін мақтаныш және ұрпақтың аталар аманатына деген құрметінің үлкені болса керек. Біз атамызды әрдайым құрметпен еске алып, ерлігіне тағзым етеміз.

Ал атамыздың бауыры Жексеналы Маймышев (1926 жылы туған) соғысқа жасы жетпегендіктен еңбек армиясына барып, Сібірде ағаш кесіп, Жеңістің жақындауына үлес қосқан. Кейін елге оралып, Ұлбосын Жаханқызына үйленіп, елге көшкен. Әжем Сәтбике әскерге кеткен офицердің анасы есебінде өмірінің соңына дейін Үкіметтен көмек алып тұрды.

Жеңіс күні – ұлы мереке. Отаны үшін қанын төккен майдангерлер мәңгілік есте қалады. «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аға буын ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Бекбол Маймышев, немересі

Arai. – 2020. – 7 мамыр

Әкемнің ерлігі – ұрпаққа үлгі / Әуесбек Бекболатов

Әкемнің ерлігі – ұрпаққа үлгі / Әуесбек Бекболатов

Ұлы Отан соғысында Кеңес үкіметінің көзсіз ерлік көрсетіп, неміс басқыншыларына қарсы соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын жеңіс жолында жанын шүберекке байлап айқасқан жауынгерлер қатарының сиреуі өкінішті, әрине. Сол қанды майданда елі үшін соғысқа аттанған батырлардың қатарында менің әкем Әуесбек Бекболатов та болған.

«1932 жыл адамзат тарихындағы ірі оқиғаның орын алған кезі. Жанталас жолындағы адамдардың басына түскен қайғыны 8 жасар Әуесбек өз көзімен көрді. Аспан асты, жер үстінде тіршіліктің тамыры үзілгендей. Киіз үйлер босап, қаңырап жатты. Бүкіл халықтың басына төнген нәубет өмірден біраз адамды өзімен бірге алып кетті. Халық саны күрт азайып, ел арасында жұқпалы індет те тараса керек-ті. Қайта үкімет қамқорлық жасап, балаларды орталықтағы интернатқа оқуға алып кетіп жатты». Бұл оқиғаны айтуға аштықтың зардабын татқандардың жүрегі дауалай бермейді.

Менің әкем Әуесбек те 8 жасында интернатқа оқуға барғандардың бірі еді. 1924 жылы дүниеге келген әкемнің балалық шағы баянды болмағаны анық. Ол да ауылдағы балалар секілді интернатта 7 жыл білім алған. Ол оқуды үздік бітіріп, Мойынқұм ауданы, бұрынғы «Қоқи» кеңшары, қазіргі Қарабөгет ауылына, туған жеріне қайта оралады. Бұл кезде елдің тұрмысы тіктеліп қалған. Сөйтіп, колхозда жұмыс істеп жүргенде соғыс басталады. 1942 жылы ауылдағы мұғалімге де соғысқа шақырту келіп, ол да ауылдағы жігіттермен сарбаздардың қатарына қосылады. Дәл осы шақта аудандық білім бөлімінің басшысы колхоз басшысынан оқыған, білімі бар азаматтарды сұрастырыпты. Сонда колхоз басшысы әкем Әуесбекті көрсетіпті. Осыдан кейін екі колхоздың бастауыш сыныптарын біріктіріп, ауылдағы мектептің меңгерушісі әрі мұғалімі етіп 17 жасар бозбаланы тағайындайды. 1943 жылдың ақпанында әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Алдымен Омбы қаласында алты айлық оқу-жаттығудан өтіп, сержант шенін алады. Артынша жеті-сегіз адам болып, Ресейдің Нижний Тагил қаласында 19-шы полктің танкистер дайындайтын екінші батальонына қабылданып, «командир орудия» қызметіне тағайындалады. «Командир орудия» деген – танктің ішіндегі зеңбірек атушы сарбаз. Сонда майдан даласында танкте жүріп соғысқа кірген қазақ балалары да некен-саяқ болған. Ол кездерді әкем де кейін еске алып айтқаны бар.

– Нижний Тагил қаласына келгенде, майдан даласына шығатын күннің жақын екенін білдім. Бір күні танктің ішінде зеңбірек ататын сарбаздардың барлығын жинап, сапқа тұрғызды. Кілең орыстың еңгезердей жастары сапты бастаған соң, мен олардың саясында қалып қойғандай болдым. Осыдан кейін танктің командирлері келіп, өздеріне бір-бір баладан бөліп әкетіп жатты. Ең соңғы болып мен қалдым. Бір кезде алып денелі, салмақты аға лейтенант Дедов дейтін кісі «пойдем» деп танк жаққа алып кетті. Көп ұзамай атыс алаңында дайындықты пысықтайтын кез де келді. Сондағы үздік нәтиже көрсетіп, аға лейтенант Дедовтың басқа командирлерге қарап мақтанғаны бар, – дейді әкем.

Сол командир Дедовтың мақтағанындай-ақ әкем соғыс жылдары қырағылығымен көзге түседі. Сондай-ақ әкем сол командирдің соғыс тактикасын шебер жүргізгенін әлі күнге дейін айтып отырады. Алдыңғы шепте жүрсе де, командирдің шеберлігінің арқасында әкем отырған танктің 5 сарбазы да көп соғыстан дін-аман шығыпты. Сондай соғыстың бірінде көп танкілер өртке оранып жатқанда командир Дедов қатты жараланып, госпитальге кетеді. Сөйтіп, көпке дейін сақталған құрам өзгеріп, басқа экипаж жасақталған.

Басқыншыларға тойтарыс беріп қана қоймай, елден ығыстыра қуған Кеңес жауынгерлері немістің Хойнице қаласына дейін барады. Одан кейін Руммельсбург, Полнов, Балтық теңізі жағалауындағы Кезлин, Штольп, Лауэнбург, Картузы, Диршау, Нойштадт қалаларын босатуға қатысып, Шығыс Померанияда фашистерді қоршауға алған кеңестік әскердің ішінде болады. Кескілескен шайқастың бірі – немістің мықты қорғаны саналатын Балтық теңізіндегі фашистердің бірінші класты базасы Гданьск (Данциг) қаласын басып алуы болды. Осы ұрыстағы ерлігі үшін әкем Әуесбек Бекболатов «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Негізі әкем Польша бағытында, Балтық теңізінің жағалауында көп соғысқа кірген. Ал соғыс аяқталар тұста сәуір айындағы Берлин маңындағы шайқастың орны тіптен бөлек болған. Қанды майданның даласында қасындағы жолдастары жан тапсырып жатқан соғыстың бірінде әкем қатты жараланған.

– 1945 жылдың 26 сәуірінде таңғы сағат 6:00-де жасыл белгі (сигнал) берілді. Шабуылдауды білдіретін белгіден кейін барлаушы топ алда күшті қорғаныс шебі күтіп тұрғанынан хабардар еткен. Қару-жарақ дайындалып, алғы шепті атқылай шабуылдадық. Ондай сәтте көзіңе не көрінсе, соны қарауылға аласың. Бір уақытта танкі шайқалып кеткендей болды. Есімді білмей қалдым. Танкіге снаряд тиген екен. Ол оқтың танкінің ішіне кіріп қана қоймай, майда темір шашырататын қасиеті бар болатын. Ауыр жараландым. Оң аяғымның үлкен сүйегі сынды, екі қолымнан бірдей жараланып, танкінің ішінен өздігімнен шыға алмадым. Оң жақ төменде отырған украин жігіті радист-атқыш мерт болыпты. Механик-жүргізушіміз де жараланған, бірақ ол аяғына тұрып, сыртқа шықты. Танкіні оқтаушы дін-аман, механик-жүргізуші кейін басын таңып алыпты. Мен жоғары люктен шығуға талпыныс жасап едім, оң аяғым тіреуге келмеді. Екінші мәрте күшімді жинап, сол аяғымды тіреп шықпақшы болдым. Сол уақытта сырттан командирдің «тірі, тірі екен» деген дауысын естідім. Командир мені кеудемнен құшақтай тартып шығарып, жерге түсірді. Үшеулеп мені көтеріп алып, санитарлар жаққа әкелді. Онда санитарлар аяғымды тартып таңып тастады, – дейді әкем.

Зұлмат замандағы майдан даласында жүріп, неміс ауылдарына барғанын да жиі айтады. Онда ауылдардың жақсы дамып, жаңа технологияларды игеріп кеткенін, тіпті сол кездері төселген жолдардың өзі біздердің қазіргі жолдардай екен айтып отырады.

Жеңіске жетуге санаулы күндер қалғанда ауыр жараланған әкеме ота жасалады. Төрт ай бойы аяғы гипспен таңылған. Германия жерінде бір қаладан екінші қалаға, госпитальден госпитальге ауыстырылып жүріп, соңында Мәскеуге таяу қаладағы ауруханаға жеткізіледі. 1946 жылдың қаңтарында балдақпен жүре алатын жағдайға жеткенде, ол Ұлы Отан соғысының II топтағы мүгедегі болып елге оралды. Әрине, майдан даласында замандастарының оққа ұшқанын көру де оңай емес. Кеңес әскерінің жеңіске жеткенін көрмей кеткен сарбаздардың өзі қаншама?! Ұлы Отан соғысы сол үшін де майдан даласынан оралған күрескерлердің өмірінде өшпес із қалдырған.

Сөйтіп, майдан даласынан оралып ауылға келсе, апамыз әкемнің мұғалім болып жүргендегі қаулысын сандықтың түбіне сақтап қойыпты. Сол арқылы ауылдағы Қызылотау бастауыш мектебіне мұғалім болып орналасады. Ұстаздық қызметте жүріп, Жамбыл педагогикалық училищесінде (қазіргі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі) білім алып, оны үздік түлек ретінде тәмамдайды. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына (қазіргі ҚазҰПУ) түсіп, оны 1955 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік аяқтайды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ғибратты ғұмырының 58 жылын ұстаздық қызметке арнайды. Оның 18 жылында оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры сияқты жауапты қызметтер атқарған. Мемлекеттік қызмет саласында қызмет еткені де бар.

Соғыс жылдарындағы жастарды сол дәуірдің тіршілігі мен майдан даласы ерте есейткен. Соғыстан кейінгі жылдарын босқа өткізбей, нақты іспен айналысқан әкем де 96 жасқа таяп қалыпты. Қазіргі жастардың да бойында сондай табандылық болса, елі үшін қызмет ететін патриот жастардың қатары көбейер еді. Соған қарап көрінген нәрсенің жетегіне ермей, өзінің таңдаған бағытымен болашаққа қадам жасаған жастардың түбі жетістікке жететініне сенім білдіруге болады. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласындағы жан алысып, жан беріскен жауынгерлердің отансүйгіштігі ғасырдан ғасырға жалғасып айтыла бермек. Тарих қойнауында өшпес із қалдырған батырлардың ерлігін үлгі ететін жастардың көп болу – Мәңгілік ел болудың кепілі екенін ұмытпайық!

Серікхан Бекболатов,

Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Jambyl -Taraz. — 2020. — 29 сәуір

  • 3200
  • 72
  • 106
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ. csmb@bk.ru,
Разработано: Агентство «5-й Элемент»

Бала сүю бақытын сыйлаған. Салтанат Байқошқарова

Бала сүю бақытын сыйлаған. Салтанат Байқошқарова

ДТҰ нәтижесінде 15 мыңға жуық нәресте өмірге келген.

Ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Ұлттық медицина ассоциасыңың «Алтын дәрігері», «Құрмет» орденінің иегері. Ана Мен бала денсаулығы жайында сөз қозғалса, әлбетте Салтанат Байқошқарова есімі аталмауы мүмкін емес.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел ішінде ерекше ықыласқа бөленіп жүрген «Қазақстанньщ 100 жаңа есімі» белгілі болды. Еліміздегі бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы — «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың есімі сол тізімнен табылатынына ел сенді. Бәрі бірдей дауыс берді. Себебі ол кісі репродуктология саласьшда үлкен жетістікке қол жеткізіп, күні бүгінге дейін каншама ата-ананың бала сүю бақытына себепші болып келеді. Осылайша белсіздік пен бедеулікке душар болған көп отбасының үміт отын қайта жақты, сеніміне селкеу түсірмеді.

Салтанат Берденқызы өзі берген сұхбатында «Экомед» емханасын ашуға бастамашы болып, осы істің 6%сы-қасынан табылған жолдасы Батыр екенін жиі айтады. Мәскеудегі «ЭКО» орталығының директоры, профессор Валерий Здановскийдің және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмахан Құралбаевтың көмегі көп тигенін көпшілікке айтудан да жалыққан емес. Ақ халатты абзал жан осы азаматтарға әрқашан алғысын айтып жүреді.

— Біз бұл әдісті 1995 жылдан бастап қолға алдық. Жұмысты жүйелі жүргізгеніміздің нәтижесі ғой, клиника ашылғаннан кейін, 9 айдан соң, 1996 жылдың шілде айында, денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісінің көмегімен орталығымызда алғашқы бала дүниеге келді. Қазір оның жасы 22-де. Шетелде окып жұр. Одан бері 15 мыңға жуьщ бала өмір есігін ашты.Орталықтың Астана қаласында бес жыл бұрын «Экомед Плюс» деп аталатын филиалы ашылған болатын. Қазіргі таңда Қазақстанда кішісі бар, үлкені бар 10-нан астам ДТҰ лабораториялары бар. Соның бірі Тараз қаласында. Бұл күнде қазақстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінетін шетелдік азаматтардың қатары да артқан. Америка, Англия, Ресей, Германия, Түркия сынды елдерден келіп ем қабылдаған науқастардың дені сауығып, бала сүйіп жатыр.

Денеден тыс ұрықтандыру әдісіне мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, үш жылдан бері өздігінен бала көтеруге қабілеті жоқ, әлеуметтік жағдайы темен отбасыларға республика бойынша арнайы 700-ге жуық квота бөлінеді. Жалпы есеппен ДТҰ жылына үш мыңнан аса әйелдің бағын ашады, — дейді дәрігер-ғалым.

Бедеулік пен белсіздіктің белең алып бара жатқаны қазір күллі дүние-жүзін алаңдатып отыр. Ұрпақ өрбіту жолындағы мүндай қиындыктарға кезігіп жатқан жастарымыз көп жасырмасақ. Өкінішке карай, бұл дерт ұлттық демографиялық трагедиямызға айналып барады. Бүгінде Қазақстанда жаңадан отау қүрған отбасылардың 15 пайызы «бедеу» деген ауыр дертті аркалап жүр. Республика бойынша 14 мың әйел бедеу, мыңнан астам еркек белсіз екен. Статистиканы сөйлетсек, солай дейді. Әке атанып, ана болу бақытына қаншама жандар зәру десеңізші. Әрине, мұндайда көңілге медеу болатыны Салтанат Берденқызының ізденіске толы ерен еңбегі. Ол салаға келуіне 7 жылы бойы бала көтере алмауы себеп болғанын жасырмайды. Өзін мысал ете отырып, аталған дертке душар болған жандарға тығырықтан бірлесе шығуға болатындығын айтудан жалыққан емес.

Знамя труда. – 2018. – 8 марта

Еңбектің адал адамы (Әбдір Сағынтаев)

Еңбектің адал адамы (Әбдір Сағынтаев)

«Болат қайнауда шынығады, ер майданда шынығады», «Жаниналмай, жұмыс бітпес, талап қылмай, мұратқа жетпес», «Ер дәулеті — еңбек». Осы бір мақал-мәтелдің бәрі де шынашақтай кезінен сурапыл соғыс даласында, оқ пен оқтың ортасында жүрген, «батыр бір оқтық» екенін білсе де, сезінсе де, жүрегі елім, Отаным деп соққан Әбдір Сағынтаевқа арналған сынды. Иә, ол майдан даласында жүрді, еңбектің қайнаған ртасын көріп, өнбегін көрді…

Жамбыл облысының батыс түстігіндегі Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында 1921 жылдың жетінші қарашасында дүниеге келген Әбдір Сағынтаев 1941-43 жылдары Ұлы Отан соғысына аттанды.

Ол екінші дүниежүзілік соғыс жиырма жаста еді. Қатарластарынан қалмай, қолына қару алып, байтақ даланы, Ұлы Отанын қорғауды азаматтық парызым деп білді. Өлім мен өмірдің ортасында жүріп, сертке берік ерлерше жаумен арпалысқан Әбдір Сағынтаев үш жыл майдан шебінде өзінің адалдығын, азаматтығын айқындады. Жарақат алмағанда Ұлы отан соғысы жеңісін жауынгерлермен бірге тойлап та қайтар ма еді, кім білсін?! Ол кезде Мәскеуді жанын сала қорғау, кескілескен ұрыста ерліктің үлгісін көрсету екінің бірінен қолынан келе бермейтін. Шынтуайтында Ржев шайқасы өткен күндер -ізбегіне көз жүгіртсек, «ажал аймағы» атанғанын пайымдаймыз. Сондай «өлім территориясы» деген атқа ие болған ұрыс даласынан елге есен зралған Әбдір Сағынтаевқа қандай мақтау сөз айтсақ та жарасатындай.

Кейіпкеріміздің Ұлы Отан соғысынан зралғаннан кейінгі еңбекке араласуын жазушы Мақұлбек Рысдәулеттің «Егемен Қазақстанға жазған мақаласынан да білеміз. Ол мақаласында: «Әбдіредің майданнан келіп, алғаш еңбекке араласқаны жөнінде 1961 жылы белгілі жазушы, қоғам қайраткері Балғабек Қыдырбекұлы 28 жасында Батыр атанған Әбдір Сағынтаев туралы қалам тербеген. «Атадан қалған мұра» атты көлемді очеркінде былай деп -толғапты: «Әбдір жеті класс бітірген соң Ұлы Отан соғысьнның алдында әкесіне жәрдемші болып қой бақты. Кейін соғыстан жараланып кайтқанда ол қойшылыққа келді. Сауатты, озат қойшы бір күні ферманың басқарушылығына жоғарылатылады да, артынан осыдан төрт жыл бұрын өзі көп еңбек сіңіріп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған совхозына директорлыққа қойылды».

Болмысы «Бетегеде биік, жусаннан аласа болуды» қалаған Әбдір Сағынтаев майдан даласынан оралған соң еңбекке шындап кірісті. Қарапайым жұмыста өзінің еңбекқорлығын, істің көзін табатын іскерлігін танытқан Әбекең зоотехник, ферма меңгерушісі қызметін де жемісті, жеңісті атқарады. 1954-1956 жылдары Қапланбек зоотехникумы жанындағы 2 жылдық курс тыңдаушысы болған ол 1957-1985 жылдар аралығында Талас мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры қызметін де абыройлы атқарған Әбдір Сағынтаев 1967 жылы жүзсалуықтан 147,1982жылы 126 қозыдан алып, аман өсірді. 1966- 71 жылдары қылышынан қан тамған кеңестік кезеңде КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі, кейіннен КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Шынашақтай кезінен маңдай терін сығымдап, еткен еңбегінің өнбегін көрген Әбекең 27 жасында ферма басқарып, мемлекетке қараөткел елтірісінің 80 пайызын 1 сұрыппен өткізген. 28 жасында «Социалистік Еңбек Ері» атанған. Үш мәрте Ленин орденін, «Қызыл жұлдыз», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту» және «Құрмет белгісі» ордендері кеңес дәуірінде ердің еріне, адалдықты жанына ту еткен арда азаматқа ғана берілсе керек. Әбдір Сағынтаев сондай құрмет пен мапаратқа бөленген сиректердің бірі әрі бірегейі.

Ол сонау бір атейстік көзқарас атқа мінген шақта ауылындағы мешітті сақтап қалып, бұздырмапты. Мұның өзі Әбекеңнің имандылығының, азаматтығының бір көрінісі емей немене?

«Еңбек ері, майдангер Әбдір Сағынтаевтың кіндік қаны Үшарал ауылында тамған. Ол кісі майдан барып, от кешті. Соңыс даласынан есен оралып, ер ағасы жасында елге тұтқа болып, ел басқаруға сатылап жетті. Көрген білгені мол басшы еліне маңдай терімен қызмет етті. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» демекші, сол дәуірдегі Әбекеңнің даңқы ізіндегілерге әлі күнге қызмет етіп келеді. Кешегі Үшарал мектебі Әбдір Сағынтаевтың атында. Мектеп фоэсіне Еңбек ерінің кеуде мүсіні қойылған. Музейі ашылған. Орталық көшеге есімі берілді.

Бірақ, әрине, мемлекеттік қоғамдық құрылыстың құбылуынан шаруашылықтың бағыты өзгеріп, «Таластың атын шығарған қаракөл қойының саны он есеге дейін күрт кеміп кетті», деп жақсы адамның еңбегін еске алады талай қызметте табысты еңбек атқарған Болат Мәйкенов «Жүректе жанған жұлдызы» атты кітапта жазғылған ой-пікірінде.

«Ол кісі жердің жайын өте жақсы біледі. Ешқашан жолдан адасқан емес. Мәшинеге мінгеннен алдындағы темір тұтқадан сығымдап ұтсап алады. Өмір бойғы әдеті сол. Радиодан жаңалықтар тыңдайды. Ондайда назарын бөлуге болмайды. Боздатып келе жатқаныңца алдыңнан айрық жол шығады. «мынаған бұрылсам ба, анаған бұрылсам ба» деген дүдәмалынды сезіп қояды. Тұтқадан ұстаған жұдырығын жазбаған күйі не оң қолының не сол қолының бармағын бас бармағын бағыттайды. Қай қолдың бармағы көтерілсе, солай қарай рульді икемдейсің. Сұқ саусағын көтергені: «Тоқта!» дегені. Кейде мені босататыны бар. «Жұмысың бар ма еді?» дейді. «Бар ғой…» дейсің… Немесе «Құндыз екеуің бір жаққа барасың» дейді. Әлде «Құндызбен Ойыққа барып кел. Кешке сағат бесте үйде болатын бол» дейді. «Ертең мәшине жөндейсің. Ахай кәрияға барасың. Атты әкеледі, үйге келсін» деп айтады. Онысы атпен шығамын дегені. Жәкемнің өзінің жүгені бар. Атқа қалай мінеді десейші. Жалдан уыстап ұстайды да, «бісміллә рахман рахим» деп, аттың арқасына дік ете қалады. Мен өйтіп міне алмаймын. Қасындағы кісі желе жортып ілеседі. Баратын жері қанша қашық болса да, «уһ» демейді. Кейде қызығып атын сұрап мінемін. Бұл кісі шамамен 1977-78 жылдарға дейін атқа мініп жүретін.

Өзі зейнет жасына шықса да, мені жұмысқа орналастырғызды. Қойма меңгерушісі болдым. Бір күні маған: «Жарты ақшаңды дайында, мәшине алып берейін. Саған әбден сеніп алыппын. Көлік жүргізе алмайды екенмін. Саған сенгендей ешкімге сене алмаймын. Шаршамасаң, маған керексің, ренжімей жет», деді. «Ойбай, о не дегеніңіз жәке» дедім.

Ол кісі кенеттен кетіп қалды ғой. Бәрін нар сияқты көтеріп жүргенде, жүрегі тіс жұлдырғанға салған дәріні көтере алмады. Құдайдың ісі ғойғ кейде есіме түссе, «ол кезде қасында болғанымда бұл кісіге қандай дәріні салып, қайсысын салуға болмайтынын айтар едім» деген ойлар маған тыным бермейді. Ол кісі маған өмір университетін үйретті»,-дейді аталмыш кітапта ұзақ жылдар Әбекеңнің сенімді серігіне айналған көлік жүргізушісі Серік Сәрсенов Алаштың арда азаматы жайлы ойымен бөлісіп.

Жалпы аталмыш кітапта жаны жайсаң, жүрегі тазалыққа толы Әбдір Сағынтаев туралы белді, беделді азаматтардың барлығы да толымды пікір, орамды ойлар айтқан. Азаматтың іскерлігі, пайым-парасаты, елге қамқорлығы, қоғамдағы белсенділігі бәрі де кеңінен қамтылған. Сол жазбаларды оқи отырып біз Әбекенді «Адал еңбек-бәрін жеңбек» қағидатын ұстанған атпал адам, болмысы бөлек басшы ретінде тани түсеміз. Иә, «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды….

ӘЙЕЛ ЗАТЫНЫҢ ДАНАСЫ, ТЕКТІ ҰРПАҚТЫҢ АНАСЫ

Задында ел басқару қызметінде жүрген, беделі бір басына жетіп артылатын атпал азаматтың асыл жары болу — үлкен жауапкершілік. Социалистік Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтің зайыбы Құндыз Бештайқызы сол жауапкершілік жүгін қыңбай көтерген, текті ұрпақты тәрбиелеген асыл жан.

Жанарынан мейірім нұры себезгілеп тұратын абзал жан, асыл анаға Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алаштың аяулы ақыны Күләш Ахметова:

«Жүрегі жақсылықпен толған ана,

Бак пен дәулет қонған ана.

Адамға жақсы, жаман деп қарамай,

Аймақтың қамқоршысы болған ана.

Жақынның өас-қабағын баққан ана,
Бәріне ағайынның жаққан ана.
Арттырып отбасының берекесін,
Ақылмен бақыт кілтін тапқан ана.

Ілуін ізетімен білген ана,

Сабырмен сұлу өмір сүрген ана.

Жат кылмай құда-жекжат, дос, бауырды,

Дәстүрін жол-жобасын білген ана.

Батасын көпшіліктің алған ана,

Батамен Ай, жулдызы жанған ана.

Әулетін жақсылармен жақындатып,

Араға алтын көпір салған ана»- деп өз өлең шумақтарында асыл ананың портретін суретпен салып, бейнелеп, бедерлепті.

Ақыннан асырып айта аламыз ба, сірә?

«Мамамның қанша жерден шаруасы көп бопса да, менен сабағымды қалай оқып жатқанымды сұрайтын. Жәй сұрап қана қоймайды, озат оқуымды, тек қана беске оқуымды талап ететін. Тәртіптен танбай, бетіммен кетпей, бой-басым түзу жүргенімді қатты қадағалайды. Әрине күнде кешке немесе ертеңгісін қадалып отырып, әрбір пәнді шұқшиып сұрайды деп айта алмаймын. Оның себебі бар, біріншіден, бізге сабақ беретін мүғалімдеріміз мектеп директоры Ермек Дүрімбетовтен бастап, орыс тілінен сабақ беретін Алматай Төлтаев класс жетекшіміз Әбсаттар Кенжебаев үйімізге жақын тұрады. Әйтеуір, айналамыздан алыс емес, қай сабақты қалай оқитынымды сол кісілерден сұрап алады. Ойындағы бестік баға болмаса, «папаңа айтамын» дейді. Мамамның аузынан бұл сөз шықты дегенше, «Саған көңілім толмай тұр» дегенді білуің керек. Содан азаңғы шәй үстінде айтып қоя ма, әлде кешкісін «мына балаң…» деп көкемді көзіме көрсете ме деп мне үстінде отырғандай қылпылдап отырғаның. Бір-екі күн күтесің, айтпайды. «Айтар ма екен, әй, айта қоймас» деп жүргеніңде папама айтып салады. «Бітті!…» Бірақ, папам сабырлы қалпын бұзбайды. «Мұның қалай, Бақатай?» дейді. Маған осы сөздің өзі-ақ жетіп жатыр. Осымен әңгіме бітті. Мен бестен төмен баға алғаным — көптің алдында мамамның беделін түсіргенім, әрі папама ұят келтіргенім деп санайтынмын. Сол бала күннен қалған дағды, күні бүгінге дейін ата-анамның атына, абырой-беделіне нұқсан келтірмесем деп келемін»-дейді бүгінде еліміздің Премьер-министрі секілді ірі лауазымды қызметін атқарып отырған абыройлы азамат, Әбдір Сағынтаев қарияның ұлы, тектіден тараған Бақытжан Сағынтаев балалық шағын еске алып.

Иә, ата-ананың әрбір тәлімге толы сөзін, салмақты ойларын, берген тәрбиесін көкейге түйіп өскен азаматтың беделі биіктемесе, абыройы асқақтамаса, кемімек емес. Саналы ғұмырында өз жұмысын сапалы атқарып, елінің мақтанышына, жұртының арқасүйеріне айналған Бақытжан Сағынтаев ағамыз сөзіміздің айшықты дәлелі болса керек.

«Бақытжан маған үйленбек болып, ойындағысын айтқан кезде мамам мен жайында: «Қаланың қызы ғой, қазақшасы, қазақшылығы қалай екен?» деп жәй ғана сұрапты. Әйтпесе, «келін бақ, келмей жатып сөзін бақ» деп маған еш уақытта қырын қараған емес. Керісінше шыққан тегімді, жақсы ана мен, жақсы әкенің жемісі екенімді біліп, мәпелеп бақты.

Бақытжан екеуміздің шаңырақ көтеруіміз отбасындағы ауыр бір кезеңге тап келді. Бірақ осы күндері бізден өткен бақытты ерлі-зайыпты жоқ деп айтып отырамын. Тіпті, біз дүрілдетіп той да жасаған жоқпыз. Атамыздың топырағы кеппей жатып, ұлан-асыр тойлатып жатқанды басы артық көрдік, екі жақ соған тоқтасты.

Мамам Бақытжанды ерекше жақсы көрді. Өзі Бақытжанға аяғы ауыр болған кезде дәрігерлер бала табуға тыйым салыпты. «Сөйткен Бақатайым қазір бәріңді асырап отыр. Сендер күн сайын таңертең тұрғанда осындай баланы дүниеге келтірген менің аяғыма жығылып, алғыс айтсаңдар да артық етпейді деп барлық береке бастауы өзі мен әкелері екенін астарлап жеткізетін. Жалпы менің өз басым «тілімнің тікенегі» бар: «Мамау, айтса бірге өскен бауырлары мен алдыңғы абысындарым айтсын. Сен ғой енді келін болып түстім. Бақытжанмен біраз жыл отасайын сосын көре жатармын» деп әзілге бұрамын. Сонда түк қабақ шытпайды. Келінімнің өзі тілге ұста, аталары іске ұста» деп отыратын»,- дейді Бәкеңнің келіншегі, Құндызай әжейдің ерке келіні Ғалия енесі туралы естеліктерімен «Әулеттің асыл құндызы атты кітапта бөлісіп.

Сартап сағыныштар мен есті естеліктерге толы осы бір жинақта Орынбасар Кемелова, Нұртілеу Бертаев, Таймас Сағынтаев, Күләсан — Наурызбекова, Гүлжиян Бабасова, Қыстаубай Зағынтаев, Гүлшат Тәттібаева, Ғалымжан Зағынтаев, Қарашаш Жұматаева бастаған осы бір үлгілі әулеттің ұлдары, келіндері, қыздары мен күйеубалалары Әбдірдей абыз қарияның азаматтық бейнесі, құндызайдай асыл знаның қазақ әйеліне тән биязылығы, нәзіктігі, жанының тазалығы, адалдығы туралы кесек-кесек ойларын іріпестен айтыпты. Осы бір ойлы сөздерді, пәлсапалы пайымдарды оқып отырып: «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөздің мән-мазмұнына тағы да бір мәрте терең бойлай түскендей боласың.

Жалпы, ұлт, ұрпақ тәрбиесі аталуы қасиетті ұғымдардың бәрі де ананың тәрбиесінен бастау аларсы сөзсіз. Қазақта. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген әдемі сөз бар. Сол сөз үлкен, өнегелі әулеттің ұйытқысы бола білген, жүрегі жақсылыққа, мейірімге, жанары шуаққа толы Құндызай әжейге қаратып айтылғандай ма деген де ойға шомасың.

Жас балаларының текті ұрпақтың жалғасы болып өсуіне саналы ғұмырын арнаған Құндызай әжейдің өмірі — бүгінгі қыз келіншектердің қайсысына болсын, үлгі екені анық. Ерін қазақ әйеліне тән ибалықпен күтіп-баптаған, үлкенге ізетпен, кішіге құрметпен қараған кейуана — бізге кейде бүгінгі қазақ әйелдерінің эталоны секілді көрінетіні бар.

Қазақы тәрбиеге қанығып өскен Сағынтаевтар әулетінің әрдайым тасы өрден табылсын. Ұлттық тәрбие қайнарынан сусындап өскен ұрпақтың алар асуы әрқашан ұшар биікте болсын.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Білім және өнер. — 2017. — №1-2.

Берден Байқошқаров биігі

Берден Байқошқаров биігі

Берден Байкошқаровты алғаш көрген сәтте түсі сұсты, суык адам болып көрінген. Жо-жоқ, олай болмады. Дәл сол алғашқы кездескен сәттің өзінде ұзақ әңгімелескенбіз. Мен туып-өскен «Ойык» кеңшарын жақсы біледі екен. Институтты жаңадан бітірген жылдары біздің кеншарда гараж меңгерушісі, механнк болыпты. Әкемнің ағасы, ақындығымен Таласқа танымал болған Несіпбай көкемді жақсы танитын болып шықты. Басқаларға суык болса суық шығар. Өзіме сол сәттен шуағын төгіп, жақын тартқаны рас. Берден Байқошқаров өзінің туып-өскен Аманкедді (қазіргі Тамабек) ауылынан мешіт салдырып, оған қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың атын берген: Осылайша, өзіне жанашыр болған ұлы адамға ұлкен сыйлық жасағанына бәріміз куә болғанымыз бар.

Берденнің балалығы соғыс жылдарына тап келді. Бәлкім бала болып, қатарларымен алқұн-жұлқын алысып ойнамаған да болар. Әкесі Байкошкар майданға кетті. Аман оралды. Әкесі елге келген соң аз ғана күн тынығып, еңбекке араласып кетті. Ұзамай колхоз төрағалығына сайланды. Байкошқар бастық болған жылы егін бітік шықты. Сол жылы гектарына 25 центнерден астық бастырылды. Жылқы саны 1200 басқа, қой-ешкі саны 25 мың басқа жетті. Осындай айрықша елеулі еңбек көрсеткіштері ұшін бірден ауылдың 6 еңбеккері Социалистік Еңбек Ері атанды. Олардың ішінде Байқошкар Мұсірәлиев те бар.

Сол Еңбек Ері атанған кайран әке «Менін он жасар Берден деген балам бар. Соған мұра етіп калдырар байлығымнын ең үлкені — адалдығым» деген екен. Берден Ақкелдегі мектепті күміс медалмен бітірді. Білімге күштар бала бірден Алматы ауыл шаруашылығы институтының механика факультетіне түсіп кетті. Білімдіге қайда да жол ашық кой. Ал Сәбира жеңгеміз болса кыздар институтына 1957 жылы келіп түскен екен. Ол кезде Берден болса ауыл шаруашылығы институтының 3- курсында оқитын. Бір жарым жыл бойы кездесіп сөйлесіп жүрді. Институтты бітірген бойда үйленіп, шаңырак көтереді. Студент досы, ақын Әбдірахман Асылбеков бұлардың тойына арнап «Жар-жар» әнінің жаңа мәтінін жазды. Осы мәтіндегі «Жар-жар» Берден мен Сәбираның үйлену тойында алғаш рет орындалды. Бұл — 1958 жылы болған еді.

Содан бері «Жар-жардың» бұл мәтіні мыңдаған жастардын шаңырак көтерген тойларында шырқалды.

Қолына диплом алысымен бірден Жамбылға тартты. Жүрегі алып ұшып облыстық ауыл шаруашылығы баскармасының табалдырығынан аттады. Баскарма бастығы кезекті іс сапармен жолға шығып кеткен екен. Оның кадр мәселесімен айналысатын орынбасары Гречухин деген жас жігіт орнынан табылды. Кезегі келіп, Гречухиннің кабинетіне беттеген Берденмен бейтаныс қартаңдау кісі бірге кірді. Бұл сол кезде Талас ауданының кұрамында болған «Қызыл октябрь» колхозы басқармасының төрағасы Байбатшаев екен. Гречухин жасқаншақтап отырып, сыпайы сөйлеген Берденге оң ықылас танытты. Тіпті оны Байбатшаевқа да жақсылап таныстырды.

Осылайша Берден «Қызыл октябрь» колхозынан бірақ шықты. МТМ меңгерушісі жұмысына белсене кірісті. Ұшымжардың бұзылып тұрған машина-тракторлары шетінен «оталып» қатарға қосыла бастады. Байбатшаев та үнемі жас маманды қолдап, демеу болып, жылы сөзін арнап жүрді.

«Ер туған жеріне» демей ме казақ. Арада бір жыл өткенде Талас ауданындағы «Ойық» совхозына оралды. Совхоздың сол кездегі директоры Әнуарбек Тәжімбетов жас маман-инженерді жылы қабылдады. Совхоздың механигі әрі машина-трактор жөндеу шеберханасының менгерушісі қызметін сеніп тапсырды.

Байкошқаровтың бұл қызметтегі тың ізденістері, еңбекқорлығы, табандылығы сол жылдардағы Талас, Сарысу аудандары бойынша аумактық өндірістік баскармасының бастығы Төребай Ақбозовтың назарына ілікті. Көп ұзамай мұны Ақбозов өзіне шакыртыпты да, бірден басқарманың бас ішженерлігіне ұсынды. Ал бұл қызметті аткарып жүрген Руденко деген кісі — ғылым кандидаты, әрі Социалистік Енбек Ері болатын. Бұл болса «Тым болмаса, бір жыл сол Руденкоға көмекші болайын, сосынғысын көре жатарсыз» деуге батылы жетті. Арада 3 ай өткенде Байқошқаров аумактық өндірістік басқармасының бас инженерлігіне тағайындалды. Көп ұзамай осы басқарма басшының орынбасарлығына жоғарылады.

1969 жылы ерте көктемде Талас ауданының «Кеңес» совхозына директорлық қызметке жіберілді. Бұл шаруашылықта 44 мың бас кой бар еді. 1968-69 жылдын «әйгілі» кысынан кейін 5700 бас ғана кой қалған. Байқошқаров алғашқы мақсаттарының бірі — мал басын өз төлінен еселеп көбейту болды. Жыддан жылға мал басы көбейе берді. Берден өзі де тыным таппайды, өзгеге де тыным бермейді. Мал шаруашылығына арнап 28 жаздық қора салдырды. Бұл іске Сыздык, Көбей, Нает, Бөкір секілді ел ағалары көмекке келді. «Юбилейный», «Бөлекқызыл» су коймаларын тұрғызды. «Юбилейныйға» 1,5 миллион, «Бөлеккызылға» 20 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік туды. Совхоздың егіндік даласына, ауыл турғындарының бау-бақшалығына сылдырап су келді. Ал төрт тулік малдың басы 1969 жылғы деңгейге жетті.

1972 жылдың 12 желтоқсаны. Дәл осы күні Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Дінмухамед Қонаевтың 60 жаска толған еді. Берден болса айтулы күннің карсанында Алматыға «Кеңес» совхозының тұрғындарына үйме-үй тораптық-құбырлык су жүйесі аркылы түщы су тартқызу ниетімен, соны жоспарға енгізу максатында Алматыға барған. 11 каңтар куні Республиканың Халыкка тұрмыстық қызмет көрсету министрінің бірінші орынбасары Атымтай Қисановтың қабылдауында болады. Айтқан шаруасын сол жерде шешіп берген Қисановтың:

-Қазактың болайын деп тұрған бір баласы екенсің. Алыс ауылдан елдің мәселесімен келіпсің. Бірінші хатшының ертең туған күні. Құттыктап шыкпайсың ба?- дегені.

Берден болса таң-тамаша. Бірінші хатшыға қалай кіреді? Ол — кім. бұл Берденнің таңданысын сезген

Қисанов бірден Қонаевқа телефон соғып, жағдайды айтып, Берденге жол ашып берді. «Таңертең сағат 9-00 -де кабылдаймын» депті.

Ертеңше белгіленген уақыттан сәл ертерек барды. Қабылдау бөлмесінен Димекеңнің көмекшісі Дүйсетай Бекежановты да жолықтырды. Жүрегі қобалжулы. Қанша дегенмен, оңай ма? Екеуі 30 мннут әңгімелесті. Димекең Берденге оң кабақ таньтыпы. Кетерінде :

— Берден, есіңде болсын, саған кабинетімнің де, үйімнің де есігі ашық,- деді. Берден үлкен кісінің алдынан коңілі көтеріліп, қуанып шықты.

1973 жылдың жазында мұны облыстык партия комитетінің бірінші хатшысы Хасан Бектұрғанов шақырып, Сарысу аудандык партия комитетінің екінші хатшысы кызметіне баратынын айтты. Сарысуда да сол еңбекқор қалпынан таңған жок. Мұнда да үлкен су қоймасының салынуына ықпал етті. Өзі басы-қасында жүрді. Ауданның үлкен-кішісіне түтел қадірлі болды.

Көп ұзамай Қордай ауданына әуелі аудандық атқару комитетінің төрағасы, араға 6 ай салып Қордай аудандык партия комитетінің бірішпі хатшысы болып сайланды. Қордай ауданын табаны күректей он жыл басқарды. Кеңседе отырып алмай, аяғына бірде керзі, бірде резіңке етік киіп, малшылар мен диқандардың арасында жүрді. Бұл ауданда да «Қарақоңыз» су қоймасын салдырды. «Өрікті» мал бордақылау алаңын ұйымдастырды, Қордай ауданы ұзақ жыл облыста көрсеткіштері бойынша бірінші орыннан тұспеді. Істің адамы, қашанда істің адамы. Сол Қордайда жүргеңде он жыл катарынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды…

Берден көкенің кұдай коскан косағы Сәбира апамыз:

— Бердекең қайтыс боларынан аз ғана бұрын облыстык ардагерлер кеңесінін төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған оншакты ел азаматтарын үйімізге қонак еткеңбіз. Бұл Бердекеннін облыска белгілі танымал кісілермен соңгы рет арка-жарқа сөйлесуі екен. Әлде жүрегі бірдеңені сезді ме? Сол жиында өте көңілді отырды. Әр нәрсені ақтарылып қозғады. Солтыбаев «Ойпырм -ай, Сіздін мұндай әңгімешіл екеніңізді білмеппін» деп таңқалып отырды. Бой жазғаны ма екен, сол жолы көп сырласып. көп сөйлесті. Облыстың Құрметті азаматы атағына ұсынылған еді. Үлгере алмады. Бердекеңнің қазасына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев орынбасарларымен бірге келіп, көңіл айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көп жәрдем етті. Елге сыйлы, танымал бауырлары тік тұрып кызмет жасады. Жаназаға жиналған халықта есеп болған жок. Осының барлығы елдің Бердекеңе деген құрметі, халыктың Берденді бағалағаны деп білемін. Бердекеңнің болмысы осындай еді,-деп ағынан жарылғаны бар бізге.

ТҮЙІН: Иә. Биік шыңдар аласармайды. Алатау деңгейлес биік адамдар да аласармайды. Олардың арасында халық үшін аянбай еңбек еткен ардақты ақсақал, Қордай ауданының Қурметті азаматы, ауыл шаруашылығы өндірісінің көрнекті ұйымдастырушы болган Берден Байқошқаровтың шоқтығы биік. Берден көтерілген белесті биік шыңга теңеуге болады. Сол шың басында Бердекең абыройлы жүрді. Шың басынан абыройлы түсе білді. Жоқ, ол кісі әлі де биікте, шыңның басында!

Берден Байқошқаровтың биігі аласармайды!

Есет ДОСАЛЫ.

Ғұмыр дария. 2017. – 23 наурыз

Жазылбек ата өмірі: Белгілі, беймәлім беттер

Жазылбек ата өмірі: Белгілі, беймәлім беттер

Жаз ата! Жазекең! Жазылбек Қуанышбаев! Осы бір есімді ауызға алғанда ырыс-байлықты тасқындатушы, барша шопандардың ұстазы болған, мал өсірудің шебері, қарапайым еңбек адамы, қазақтың қасиетті қара шалы, данагөй ақсақалы көз алдымызға келеді. «Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір», дегенді қазақ халқы тектен текке айтпаған ғой. Шынында да еті бал, сүті шипа, жүні алтын қой өсірудің арқасында Жаз ата абырой биігіне көтеріліп, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанды. Осындай атақ алуына байланысты көзі тірісінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Бірлік селосында Жазатаның бюсті биік тұғырға орнатылды.

Жақсымызды қадір тұтып, ел үшін еткен еңбегін үлгі еткеннен ұтылған жеріміз жоқ. Қазіргі ұрпақ үшін Жазылxadбек Қуанышбаев әлі де жұмбақ жан. Өйткені өзінің еңбегімен шопан кәсібінің абыройы мен даңқын асырып, мал шаруашылығы тарихында өшпес із қалдырған баба туралы айтатын дүние көп. Осы мақсатпен Жазекеңнің 120 жылдығы қарсаңында Мойынқұм ауданына арнайы іссапармен шығып, алғашқы бас тіреген жеріміз шопаната атындағы мұражай үйі болды. Ауылдың қақ ортасында орналасқан бұл мәдени орынға Жазатаның келіні, егіздің сыxadңары Тойшыбай ағамыздың жары Ләйла Қожагелдиева басшылық етіп отыр.

  1. Оқимын деген баланың бетін қақпаған

– Бұл музей 1973 жылдан бері халықxadқа қызмет етіп келеді, – дейді бізбен әңгіxadмесінде Ләйла. – 1986 жылдан басxadтап атамның атымен, яғни Жазылбек Қуаxadнышxadбаев есімімен аталды. 2010 жылдан бері осында директор болып жұмыс істеймін. Музей 5 бөлімнен тұрады. 6325 жәдігер жинақталған. Оның ішінде атам өз өмірінде тұтынған заттарының саны 90-нан асады. 8 адам жұмыс істейміз.

Биыл Жазылбек Қуанышбаевтың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында шопаxadн атаның еңбегін, өмір жолын түсінxadдіріп, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсаxadтында көрмелер, ашық сабақтар ұйымxadдастыруды жоспарлап отырмыз. Мойынxadқұм аудандық әкімдігі де мерейxadтойға арналған іс-шараларға көмекxadтесуге уәде берді. Бұрын жыл сайын Шопан ата атындағы қазақша күресxadтен ресxadпубликалық турнир өтетін. Жасыраxadтыны жоқ, соңғы жылдары демеуші болмағандықтан тоқтап қалды. Негізі аудандық спорт бөлімінің жоспарына енген, бірақ соңғы жылдары бірде ұйымдастырушы, бірде демеуші жоқ деп өтпей қалып жүр.

Әрине, атақты шопан туралы, ол кісінің еңбегі, жетістігі, кісілік қасиеті, жеке өмірі өте көп жазылды. Ата өз кіндігінен бала көрмей, жетпіс жасқа келгенде бәйбішесінен рұқсат сұрап, екінші мәрте үйленіп, егіз бала дүниеге келгені, олардың есімдерін Қойшыбай мен Тойшыбай деп қойғаны туралы жағдайға қалың оқырман жақсы қанық деп ойлаймын. Бұл қуанышты күн – 1967 жылдың 27 наурызы болатын. Бірінші болып дүние есігін ашқан Қойшыбайды анасы Әлімхан ана бәйбіше Жайшыбаланың бауырына салған. «Мына бала сіздің балаңыз болсын», деп оң қолымен ұсынғанда Жайшыбала апамыз егіліп жылап жіберген көрінеді. Содан кейін Қойшыбай өз анасының сүтін де ембеген, сол күйі үлкен апаның қолында өседі. Дүниеге әкелген анасын ешқашан шешем деп айтқан емес.

Көзі көргендер егіздердің дүниеге келу арасы үш сағат деп айтады. Тойxadшыбайды кіші апамыз Әлімхан бағып, сол кісінің тәрбиесінде болған. Атамыз жайлауға шықса да, ауылға келсе де екі үй болып отырған екен. 80-ші жылдары Үкімет атамыздың еңбегін ескеріп, аудан орталығынан үлкен үй салып береді. Сол үйде тұрған екі апаның ауызбірлігі, татулығы ерекше еді. Құдды бір апалы-сіңлілер сияқты сыйласып, шүйіркелесіп, өте жақсы араласты. Тіпті, бір-бірінсіз ас ішпейтін. Егер біреуі бір жаққа кетсе, екіншісі: «Сол келсін, күте тұрайық, сосын шай ішерміз», деп алаңдап отыратын. Келін болып үлкен апаммен 10 жыл, кіші апаммен 21 жыл бірге тұрдым. Екі кісінің татулығы бүкіл өміріме үлгі болды. Келіндерін айналып-толғанып, шаң жуытпай отырушы еді. Әсіресе, сәбилі болып үйге келгенімде екі апамыз да құрақ ұшып, өте жақсы күтім жасады.

Ал мына жайтты есіме алған сайын күліп аламын… Екі апамыз бір шаxadңыxadрақта тату-тәтті тұрғанымен, берxadтінге дейін балаларға келгенде бөлектеніп шыға келетін. Екі ұл 8-сыныпта оқып жүргенде күрес секциясына қатысқан екен. Бір күні үйге мектептен біреу телефон шалып: «Қайсысы екенін білмеймін, бірақ балаңыздың біреуі «аяғым» деп жылап жатыр, бақайы шығып кеткен сияқты… Ата естісе бәрімізді құртатын болды-ау…» деп тұтқаны қоя салыпты. Телефонды кіші апам көтерген ғой. Шынында егіз ұл бір-бірінен айнымайды. Мұны естіген кіші апамыз мектепке жетіп барыпты. Сөйтсе, аяғы мертіккен үлкен апамыздың баласы Қойшыбай екен. Бала шыңғырып кілемнің үстінде жылап жатса керек. Мұны көрген апамыз: «Ойбүй, менің емес, ана кісінің баласы екен ғой», деп тайып тұрыпты. Үйге кеп үлкен апаға «Менің балам ба десем, сіздің балаңыз екен ғой. Барыңыз, балаңыз жылап жатыр», депті жарықтық. Екі апаның осындай қызықтары туралы әңгіме көп… Үлкен апамыз Жайшыбала 2000 жылы, кіші апамыз Әлімхан 2011 жылы қайтыс болды.

– Әрине, Жаз атаның отбасы туралы, кейінгі ұрпағы туралы біраз жазылды. Әйтсе де соның ішінде Қойшыxadбай мен Тойшыбайдың үйленxadгендерін әркім әртүрлі айтады…

– Атамыз көпті көрген көнекөз, ескіxadлікті, қазақтың салт-дәстүріне қанып өскен адам болған ғой. Қойшыбай мен Тойшыбай 7-сыныпта оқып жүргенде Шу ауданының орталығы Төле би ауыxadлында тұратын, үлкен апаның нағашыxadлары болып келетін бір үйдің егіз қызxadдарына жеті бие беріп, құда түсіп қойған екен. Ол қыздар да бұлармен жасxadты болған. «10-сыныпты бітіріп, егіздерді үйxadлендіріп, төртеуін бірге оқуға жібеxadреміз», деп армандапты атамыз. Бірақ, өмір ғой… Адам өз тағдырынан алшақтап қайда кетсін?!. Мектеп бітірген екі бала да «әзір үйленбейміз» деп оқуға түсіп кетеді. Кейіннен Тойшыбай әскерге кеткен. Негізі Қойшыбай ҚазПИ-дің тарих факультетін, менің жолдасым заң факультетін тәмамдаған. Жолдасым айтады: «1986 жылы әскерде жүрген маған: «Әкеңнің 90 жылдығы болады», деген жеделхат келді. Бұл кезде Саратов қаласында болатынмын. Әскери бөлім он күнге демалыс берді. Оның алты күні ары-бері жолға кетті. 1986 жылы тамыздың 29-ында әкемнің 90 жылдығы өтті. Қыркүйектің 1-і күні кешкі автоxadбусxadxadпен жолға шығамын деп отырғанмын. Сол күні кешкі бес жарымда әкем қайтыс болды. Аудандық әскери комиссариат менің демалысымды тағы он күнге созып берді», деп.

Сонымен, ата 1986 жылы қайтыс боxadлып, екі жылдан кейін Қойшыбай баяғы егіздің сыңарын алды. Ата-анасы егіз қыздардың есімдерін Жарқынай, Алтыxadнай деп қойған екен. Жарқынайды қара шаңыраққа келін етіп түсірген күні бүкіл ағайындар жиналып, Тойшыбайды да үгіттейді. «Екеулеріңнің тойларыңды бірге істейік, сен де үйлен, егіздің сыңары Алтынайды ал», деп. Тіпті, бұл іске үлкен қызметтегі кісілердің өздері де араласады. Бірақ, Тойшыбай көнбей қойыпты. Арада бір ай өткен соң Қойшыбайдың үйлену тойы болады. Ауылдың тойы кешxadкі тоғыздарда басталады емес пе? Үлкенxadдер Тойшыбайды шақырып: «Әлі де үлгересің, екінші қызды барып алып кел», деп оны ортаға алыпты. Бірақ бұл алған бетінен қайтпаған.

– Иә, Тойшыбайдың тағдыр жолы өзіңізбен тоғысты. Әйтсе де екеулеріңіз қалай қалай таныстыңыздар? Сіз бұл отбасыны бұрыннан білетін бе едіңіз?

– Менің де туған жерім – Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы. Мектептен кейін екі жылдық училищені бітіріп, аудандық білім бөлімінде жұмыс істеп жүрген кезім болатын. Бірде қасымдағы құрбым: «Кешке киноға барайықшы» деген өтініш айтты. Жұма күні ауылға қайтып, жексенбі күні кешке орталыққа оралып жүрген мен басында киноға баруға қиналған сияқты едім. Бірақ, тағдырдың жазуы ғой, Тойшыбаймен танысуыма сол қыз бен кино себепкер болды. Бұл Жазылбек атаның қайтыс болған, Тойшыбай қолдағы малды бағамын, қара шаңыраққа ие боламын деп оқуынан академиялық демалыс алып келген кезі екен. Әйтсе де атаның есімі ел ішінде дүрілдеп тұрған шағы ғой. «Егіз ұлына егіз қызды айттырып қойыпты», деген әңгімені де естігенмін. Содан Тойшыбай қыр соңыма түсті. Жұмысыма түсте де келеді, кешке де келеді. Бір жағы ұяласың. Кабинетке кеп отырып алатын. Осылайша бір жыл өтті. Ақыры 1990 жылы шаңырақ құрдық.

– Бүгінде Қойшыбай да, Тойшыбай да ердің жасы елуге жақындап қаxadлыпxadты. Қазіргі тіршіліктеріңіз қалай?

– Қойшыбайдың да, Тойшыбайдың да екі ұлы бар. Атамның 100 жылдық мерейтойында сол кездегі облыс әкімі Тараздан 4 бөлмелі пәтер сыйлаған боxadлатын. Содан кейін Қойшыбай еншіxadсін алып, облыс орталығына көшіп кетті. Атамыз армандап кеткендіктен олар үлкен баласының есімін Арман деп қойxadған. Кейінгі ұлдаxadрының есімі – Абзал, жұмыс істейді. Біздің үлкеxadніміз Еркебұлан Алматыдағы Д.Қонаев атынxadдағы университеттің заң факультетінің магистратурасын бітіріп, қазір тестке дайындалуда. Кіші ұлымыз Нұрлан ТарМУ-ді информатика мамандығы бойынша бітіріп жатыр. 2015 жылы Еркебұлан шаңырақ көтерді. Қаратау қаласынан Бекзада есімді келін түсірдік. Ол да жоғары білімді заңгер. Осы келін босағамызды оң аяғымен аттағанда атам есіме түсті. Ол кісі қызын емес, алдымен құдасын таңдап, жақсы отбасының қыздары да тәрбиелі, иманжүзді, ибалы болатынына бек сенімді болған шығар. Бірақ қазіргі жастардың дәстүрі бөлек. «Қандай үйдің қызын аламыз, қандай адамдармен құда боламыз», деген уайым болып, кезінде атамның да осындай ой кешкеніне күxadмәнім қалмады. Аллаға шүкіршілік, бәрі сәтіxadмен жүзеге асты. Қойшыбай үлxadкен апаxadның баласы болғандықтан келін түсірерде арнайы барып, рұқсат сұраxadдық. Рұқxadсаттарын беріп, баламыз үйленді.

Мамандығы заңгер Тойшыбай ауданxadдық ішкі істер бөлімінде кезекші боп жұмыс істеп, 45 жасқа толғанда құрметті демалысқа шықты. Қазір Хантаудағы цемент зауытының қоймасында еңбек етеді. Қойшыбай Алматы қаласында тұxadраxadды. Өзінің отбасылық бизнесі бар. Әйелі екеуі сонымен айналысады. Айтxadпақшы абысынымның сыңары xadАлтыxadнxadай біз үйленгеннен кейін көп ұзамай Шу аудаxadнындағы Белбасар ауылының бір жіxadгітіне тұрмысқа шықты. Өте жақxadсы араxadласып тұрамыз. Өткенде келін түсіріп, той жасағанда күйеуі екеуі келіп, көмектесіп, шапқылап жүрді.

– Қартайғанда көрген егіз ұл әкесі сияқты малсақ, шаруақор ма? Жалпы атакәсіпті жалғастыруға құлықтары болды ма?

– Атамыз өте сабырлы, тұйық, бір-ақ кесіп айтатын, көп сөйлемейтін кісі болған екен. Бұл жағынан келгенде екі ұл да әкелеріне тартқан. Негізі атамыз балаларын қатал ұстапты. Жолдасымның айтуына қарағанда: «70 жасымда көрген балаларым еді», деп еркелетпеген. Кейде көңіл-күйі жақсы кезде, дастарқан басында отырғанда екі баланың басынан сипап қана қояды екен. Бар еркелеткені сол. Ал апаларымыз бертінге дейін жаңа туған бала құсатып екеуін өбектеп отырушы еді. Шынын айту керек, екі ұлдың да мал бағуға, атакәсіпті жалғасxadтыруға икемдері болмады. Қайбір жылы малдың бәрін сатып, қалаға көшеміз деп, қайтадан басын құрастыра алмай, қиналған кездеріміз де болды. Қазақта: «Әкенің малы балаға мал болмайды», деген сөз тегін айтылмаған екен. Қойшыбай да, Тойшыбай да өте адал, өте момын жандар. Өмірі кісі алдына шаруа айтып барған емес. Ұялады, намыстанады. «Атақты адамның баласымыз», деп кеуде ұрмайды. Өздерінің адал еңбектерімен, өздерінің бейнеттерімен қарапайым ғана тұрмыс кешіп келеді.

– Екі ене, екі келін бір шаңырақта тату-тәтті тұрдыңыздар. Әйел адамxadның әңгімесі бітпейді деген бар, енеxadлеріңіз өткен күндерден қандай естелікxadтер айтушы еді?

– Әрине, атамыздың көзі тірісінде қонақжай шаңырағына небір ақын-жазушылар, әртістер, атақты адамдар көп келген ғой. Нұрғиса Тілендиев: «Бір перxadxadзентке зар болып жүрмін», деп атаxadның батасын алып кеткен екен. Екі апаxadxadның айтуына қарағанда, атаxadның қамxadқорлығын көргендер өте көп болxadған. Жетім-жесірге көп көмектескен. Оқиxadмын деген баланың бетін қақпаған ғой.

  1. Жазылбек атаның тағы бір ұлы болған ба?

Осы Мойынқұм сапары кезінде қоxadлыxadмызға бір мақала түсіп, онда жазылxadған дүниелерге аң-таң қалдық. Бір жағы солардың сырын, құпиясын білуге құмартып, мақала авторымен жолығуға асықтық. Ол 2011 жылдың 29 наурызында аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланыпты. «Әкем жайлы айтсам» деп аталатын шағын мақаланың авторы Бейбіт Қуанышбаев деген азамат екен. Онда автор өзінің Жазылбек Қуанышбаевтың үлкен баласы екенін тайға таңба басқандай етіп айқын жазады. Апыр-ау, біз білетін Жазекеңнің екі-ақ баласы бар емес пе? Қойшыбай мен Тойшыбай. Бұған дейін баспасөз бетxadтерінде Жазекең туралы қаншама дүxadниеxadлер жазылды. Неге біреуінде Бейбіт Қуаxadнышбаевтың есімі аталмайды?

Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылында тұратын Бейбіт Қуанышбаевтың үйінің табалдырығын осындай дүдәмал оймен әрі-сәрі боп аттағанымыз рас. Үйxadдегілер өте жылы қарсы алды. Бейxadбіт ағамыз да, Пернекүл жеңгеміз де қоxadнақxadшыл жандар екен. Әңгіме бірден қыза жөнелді. Әрине, «Жазылбектің туған баласымын» деп айта салу оңай. Оны барлық жағынан дәлелдеу қажет емес пе? Сондықтан, ұят та болса ағаxadның құxadжаттарын сұрадық. Көрсетті. Иә, шыxadнында да жеке куәлікте де, туу тураxadлы куәлік, яғни «метіркеде» де «Бейxadбіт Жазылбекович Қуанышбаев» деп анық жазылыпты. Енді бұл кісінің Жаз атаның баласы екеніне күмәніміз қалмады.

– Мен 1951 жылы қазіргі Мойынқұм ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келдім, – дейді Бейбіт Жазылбекұлы. – Әкем – Жазылбек, анам – Жайшыбала. Айдарлы ауылындағы Жиделі көшесінде тұрдық. 1966 жылы атамыз зейнеткерлікке шыxadғып, таяғын М.Бидасбаев деген жас шоxadпанға тапсырды. Ол кісінің көзі тірі, қазір сол Айдарлыда тұрады. Жазекеңнің зейнетке шығып, жас шопандарға ақ жол тілегенін кезінде телевидение де түсірген. Сол жылы Бірлік ауылына көшіп келдік. Мойынқұм ауданын 25 жыл басқарған бірінші хатшы Айтбай Назарбеков әкемнің ұзақ жылғы жемісті еңбегін құрметтеп, арнайы үй салдырып берді. Одан 1970 жылы Жазекең атақонысымыз, жұртымыз, ата-бабамыздың тұрған жері, ағайын-туыстың ортасына барамын деп Жамбыл ауылына қоныс аударды. Бұл үйде 1979 жылға дейін тұрды. Кейіннен аудан орталығына көшті. Кетерінде: «Қарашаңырақ осы. Осыған сен ие бол, балам», деп мені мына үйге қалдырып, батасын берді. Ол кезде мен үйленіп, келіншегім үлкен ұлыма босанған еді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де әкем қол қусырып отырмады. Жазылxadбекшілер мектебімен айналысып әрі Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы миxadнистрлігінің қой шаруашылығы жөніндегі инспекторлығы қызметін қоғамдық неxadгізде атқарды. Айтпақшы еліміздің энциклопедиясында: «Мойынқұмда Ж.Қуанышбаев атынxadдағы мектеп бар», деген жолдар бар. Бірақ ауданда ол кісінің атында ешxadқанxadдай мектеп жоқ. Бұл бір кездері құрылxadған «Жазылбек мектебі» ұйымын жоғарыдағылар кәдімгі орта мектеп деп түсініп, солай деп жазып жіберсе керек.

Жазылбек әкем анамыз Жайшыxadбаxadланы 1945 жылы құда түсіп алған екен. Анам Шу ауданы, қазіргі Төле би ауылының қызы болатын. Ол кісі 1948 жылы алғашxadқы Социалистік Еңбек Ері атағын алғанда Айдарлы ауылында үлкен той болыпты. Сол кездері Мойынқұм Көктерек ауданы деп аталған екен. Орталығы – Бірлік ауылы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шорабеков деген кісі болыпты. Кеңес колхозының төрағасы – Әшім Тоқсейітов. Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнаған Ізтілеу Орынбасаров деген ағамыз сол күндерді еске алып, маған талай рет әңгіме қып айтқан еді. «Менің ол кезде жасым 18-де болатын. Мектепке жаңадан мұғалім болып кірген кезім. Тойға делегаттардың бәрі атпен келді. Автомашина деген атымен жоқ кез. Олардың аттарын байлап, өздерін киіз үйлерге кіргізіп, күтіп, қызмет жасадым. Жеңіл автомашина тек аудан басшысы Шорабековте ғана болды», деуші еді Ізтілеу ағамыз өткен күндерді еске алып.

Аудан басшысы атамыздың астына ақбоз ат мінгізіп, үлкен сый-құрмет жасайды. Осы үлкен оқиғадан кейін 10 жыл өткенде, яғни, 1958 жылы әкеxadміз Жазылбек Қуанышбаев ресxadпублика тарихында тұңғыш рет екінші мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Менің жасым сол кезде жетіде болатын. Бала болсам да кейбір жайттар есімде қалыпты. Ол жылдары Көктерек ауданын Қайназаров деген кісі басқаратын еді. Кеңес ауылының Шу өзені жағасында той өтті. Орасан еңбегі үшін облыстың сол кездегі басшысы Асанбай Асқаров «Газ-69» көлігін сыйға тартты. Бұл Мойынқұмдағы алғашқы жекеге берілген машина болатын.

Одан кейін Шу өзенінің жағасында үлкен ат бәйге болғаны есімде қалды. Оған Көктерек және Шу ауданының сәйгүліктері қатысты. Бізге жақын ағайын, ағамыз боп келетін Бақдәулет Төлебеков өзінің қаракер атымен бірінші келіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Тағы бір есімде қалғаны… 8 жастамын, бірінші сыныпқа барған кезім. «Казахстанская правда» газетінен келген Скоxadробогатов деген бір тілші, қасында тағы бір әйел бар, Жазекең екеумізді суxadретке түсірді. Әкем дастарқанның шеxadтінде жастыққа жантайып жатыр, мен қаxadламмен қағаз бетін шимайлаудамын. Ол кезде суретке түсіру дегенді жақxadсы білмейміз. Ауылдағылардың бәрі қызық көріп, жиналып, екі тілші әкем екеуіxadмізді киіндіріп, дайындап, бірнеше рет суретке түсіргені есімде қалыпты. Солар кейін «Самородок Коктерека» деген шағын кітапша шығарыпты. Қаxadрасам, ішінде баяғы әкем екеуміз түскен фото бар екен. Кейіннен үлкейтіп алдым.

Кеңес Одағы кезіндегі заң бойынша еңбеккер екінші Алтын Жұлдызын алатын болса, оның туған жеріне ескерткіш орнатылады екен. Жазекеңе ескерткіш 1960 жылдың мамыр айында ашылды. Ол жылдары Жамбыл облысын Асанбай Асқаров басқарып тұрған болатын. Сол кісінің өзі жиынға арнайы келді. Жиналысты ашып, лентаны қиған Асанбай Асқаров Жайшыбала апамызға бұрылып: «Құрметті жеңгей, Жазекең қандай еңбек сіңірсе, сіз де сондай еңбек сіңірдіңіз. Тіпті, артық еңбек сіңірдіңіз», деп ризашылығын білдірді. Шынында, Жайшыбала анам әкеме лайықты жар, көмекші бола білxadген адам. Өте қонақxadжай кісі еді. Қанxadдай қонақ болса да ренжіп, қабақ шытпайтын. Қай уақытта болсын дасxadxadтарқаны кеңінен жайылып тұратын.

Айтпақшы, оның алдында мүxadxadxadxadсінxadшілер кеп Жазеxadкеңнің мүсінін жасады. Бір ай біздің үйде жатып, алдымен балшық арxadқыxadлы бейнеледі. Кәдімгі сары балшықxadтан… Ол кезде киіз үйде тұрамыз, Жазеxadкеңxadxadді күні бойы үстелге отырғызып қояxadтын.

Бір жылы көктемгі каникулда ойнап жүріп, байқамай сіріңке шағып, төлдету қораларының өртеніп кетуіне себепкер болдым. Зәрем ұшып, алды-артыма қарамай қашып, шидің арасында тығылып отырғанда әкем өзі атқа мініп іздеп, тауып алды. Жалпы, Жазекең тұйық, алайда ашуы қатты кісі еді. Менің қатты қорыққанымды байқап: «Қорықпа, балам. Бейбітжан, келе ғой, атқа мін», деп алдына мінгізіп, үйге алып келді. Біздің қыстау Сұңқардың кіре берісінде орналасқан болатын. Сол кездегі атақты қойшылардың бірі, Ленин орденді Тыныштыбай Ахметжанов біздің көршіміз болды.

Бір күні қыстауға жер-көкті гүрілxadдетіп тікұшақ келіп қонды. Ондай ғажапты сол кезде бірінші рет көруім. Кейіннен білдім, әкем партияның ХХІ съезіне делегат болып сайланған екен. Соған байланысты облыс басшысы тікұшақты арнайы жіберіпті.

Әкеміздің көп адамдарға шарапаты тиді. Жағдайы жоқ, тұрмысы нашар жандарға көмектесті, талай баланы оқуға түсірді. Оқу бітіріп келген олардың жұмысқа орналасуына септігі тиді. Содан кейін өзінің шәкірттерін дайындау мәселесіне көп көңіл бөлді. Ең бірінші Ділдәш Итбасова деген апамызды үйретті. Кейін ол кісі де Еңбек Ері атағын алды. Сондай-ақ, «Көктөбе» совxadхозында Құдайберген Біртаев, Шоман Шәріпбаев деген шәкірттері Еңбек Ері атақтарын алды.

Әкем мені де оқуға апарды. Мені ғана емес, сол жылы Мойынқұмнан үш баланы бірдей апарды. Ол кезде ҚазМУ-дің ректоры Жолдасбеков екен. Мені профессор Ермеков деген ағайға тапсырды. Емтихан кезінде менің Жазылбектің баласы екенімді мұғалімдердің бәрі біліп отырды. Содан оқуға түстім. Бірақ бір жылдай оқығаннан кейін ауырып қалдым. Одан кейін қайтып жалғастырмадым. Қараxadпайым жұмыс істедім. 1976 жылы үйлендім. Келіншегім Пернекүл осы ауылxadдың қызы. Алланың берген үш ұлы бар. Үлкені – шахтер, ортаншысы Ақбаxadқайдағы әкімдікте маман, кіші балам – өнер жолында. Немерелер сүйіп отырxadмыз. Соңымнан ерген Қойшыбай, Тойxadшыбай бауырларым бар.

Әкемнің көзіндей болған бұл қара шаңырақта қазақтың небір атпал азаматтары қонақ болды. Ғабит Мүсірепов пен Еркеғали Рахмадиевтің қонақ болғаны әлі күнге есімде. Аң аулауға шығып, Жазекең олармен бірге жүрді. Соңында аудан басшысы Ғабит Мүсіреповке ат мінгізіп, құрметтеп шығарып салды.

Әкеміздің әкесі Қуанышбай Мойынxadқұмның төменгі жағында, Бетпақдалада дүниеге келген екен. Үлкендердің айтуыxadxadна қарағанда өнерге жақын, домбыxadра тарxadтып, ән айтатын, ақын адам болыпты. Қуанышбай бабамыздың әйелі Айткүл Жетісу жақтың қызы болған.

… Міне, құрметті оқырман, біз Бейбіт Жазылбекұлының айтқан әңгімесін сол күйінде жариялап отырмыз. Бірақ біз қанша қазбалап сұрасақ та Бейбіт аға біздің: «Сіз неге осы уақытқа дейін көрінбедіңіз? Ел Жаз атаның баласы екеу-ақ, Қойшыбай мен Тойшыбай деп білді. Сіздің есіміңіз еш жерде аталмайды ғой…» деген сұрағымызға ашылып жауап бермеді. «Мен қарапайым адам болдым, қарапайым өмір сүрдім. Міне, Жазылбек әкемнің қарашаңырағында түтінін түтетіп отырмын. Құжаттарымда соның баласы екенім анық жазылған. Бұдан басқа қандай дәлел керек?» дегеннен арыға бармады. Көкейде күдік қалмас үшін Таразға келгеннен соң Мойынқұм ауданының біраз үлкендерімен, Қуанышбаевтар отбасымен жақсы араласып жүрген жандармен телефон арқылы сөйлестік. «Бейбіт – Жазылбектің ағасы Темірбектен тараған Иманқұлдың баласы. Иманқұлдың ұл-қыздары көп болған. Жазекең баласы болмағаннан кейін ырымдап асырап алған. Атаның ақжолтай болсын деген арманы орындалып, кейін Бейбіттің соңынан Қойшыбай мен Тойшыбай ілесті. Бейбіт Жазылбектің бауырында өсіп, соның баласындай сіңіп, бүгінде атаның қарашаңырағына ие болып отырғаны рас», деген де әңгімені естідік. Жалпы қазақта ырымдап бала асырап алу дәстүрі ежелден болған. Оны үлкендер жақсы біледі. Және ондай ақжолтай баланы «бөтенсің» деп айтудың өзі күнә. Тылсым дүние талай құпиясын ішіне бүгіп тұр емес пе? Соңғы жылдары Бауыржан Момышұлының қызы, Оралхан Бөкеевтің бауыры табылып, ел сүйінші сұрап жатыр. Бұл жағынан келгенде Жазылбек Қуанышбаевтың тағы бір баласы табылды десек, артық емес. «Адам ұрпағымен мың жасайды», деген. Жаз атаның үрім-бұтағы көбейіп, Алланың шапағатына бөлене берсін!

Оралхан ДӘУІТ,

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы.

Егемен Қазақстан – 2016. – 11 наурыз(№46). – 9 б.

Тігін фабрикасының тіршілігі қауырт. Кәсіпкер — Бағдат Майлыбаева

Тігін фабрикасының тіршілігі қауырт. Кәсіпкер — Бағдат Майлыбаева

Таразда әйелдерге арналған қазіргі заманғы сән үлгісінде киім тігетін фабрика барын көпшілік біле бермейтіні анық. Сол жерге барып көргенше, онда үлкен іс қолға алынып, ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанынан біз де бейхабар болдық. Ғимаратқа кіргенде құдды бір фабрикаға немесе үлкен бір дүкенге емес, зәулім сарайға кіргендей сезінгеніміз рас. Беймарал қалағаныңды киіп көріп, арасында демалып, шай ішіп алуға да мүмкіндік жасалған. Бұл әмбебап ғимараттың ішінде киім тігетін фабрика, дүкен, сонымен қатар ерлерге және әйелдерге арналған сұлулық салоны орналасқан. Жеке кәсіпкер Бағдат Майлыбаева «Bakonya» М.В.А сән фабрикасының ашқанда – өңірден шығарған әйелдер киімін қазақстандық брендке айналдыруды мақсат тұтыпты.

Іскер келіншектің ілкімді ісімен жақын танысқаннан кейін бұл Жамбыл жерінде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға серпін беретін бірегей жоба болады деген ой келді. Өйткені кәсіпкер осы іске бар ынтасымен кіріскені көрініп-ақ тұр. Ең бастысы кәсіп ашуда қажет ететін барлық факторлар ескерілген. Ғимараттың қала орталығында орналасуы, нарықтағы сапалы өнімге деген сұраныс, соның ішінде тауар құрамындағы синтетикасы аз маталарды қолдану сияқты талаптар назарға алынған. Әйтсе де осының бәрін іске асырғанымен бұның табыс әкелуіне әлі біршама уақыт қажет. Кәсіпкер соған қарамастан үлкен тәуекелге барып, жеке өзі инвестиция салып отыр.

– Бұл істі бастарда көп ойланған жоқпын. Көптеген кәсіпкерлер алдымен бизнес жоспарын мұқият зерделеп, одан қаншалықты пайда түсетінін есептеп жатады. Ал мен бірден тәуекел еттім. 24 жасымнан кәсіппен айналысып келемін. 1998 жылдары күрделі кезеңде ең бірініші кафе аштым. Қиындық мені шыңдай түсті. Одан кейін бірнеше кәсіпті бастап, оны ілгері дамыттық. Оның ішіндегі әлеуметтік кәсіптерім маған көп табыс әкелмесе де, ешқайсысын орта жолдан тоқтатқан жоқпын. Өйткені ол менің жүрегіме өте жақын, — дейді кәсіпкер.

Ол бұл кәсіпті ашпай тұрып, киім тігуді бір жыл бұрын бастаған екен. Қанша тігін машинасы, құрал-жабдықтар, мата түрлері, жұмыс күші қажет екенін зерттеп, қандай сән үлгілеріне сұраныс барын ескере келе осы істі бастаған. Бағдат Майлыбаева тапсырысты орындарда шығармашылықпен жұмыс істейтін, киімнің салтанатты шаралармен қатар күнделікті кигенге лайық болуына аса мән беретінін айтады. Мәселен көбісі көйлекті шифон матадан тіксе, ол оны астарына пайдаланады. Себебі киімді киген кезде денеге жағымды болуына үлкен мән береді екен. Ол қымбатқа түскенімен тиімді көрінеді. Халықтың жағдайын ескерген кәсіпкер сапасы жоғары тауарларын қолжетімді бағада қойған.

Кезінде кәсіпкерге тігін фабрикасын үлкен мегаполис саналатын Алматы, Астана қалаларында ашуды ұсынғандар болыпты. Бірақ оны туған жерге деген патриоттық сезімі жеңіп, бұл істі Таразда бастап отыр. Өнеркәсіптің дамуы экономикаға пайда әкелетіні әлемдік тәжірибеде дәлелденген. Дерекке көз жүгіртсек, Еуропада инвестицияның 65 пайызы осы салаға тиесілі.

– Бүгінде киім сататын дүкендер өте көп. Бірақ көп жағдайда тұтынушылар тауардың сапасына мән бермейді. Талап етпейді. Ал біз осында тігеміз, егер алушыға ұнамай жатса, қайтадан әкелуіне болады. Әрбір тігісіне дейін мән береміз. Түркиядан, Қытайдан, Бішкектен киім әкелген өте тиімді негізі. Бірақ сапасына келгенде ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды, – дейді ол.

Бүгінде өндіріспен айналысқысы келетіндер баршылық. Бірақ істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп алып кететіндер аз. Мәселен жеңіл өнеркәсіп терең зерттеуді қажет етеді. Бұл салада нарықтағы сұраныспен қатар сапаға мән беру керек. «Арзанның сорпасы татымас» дегендей, арзан, сапасыз киімдер аллергиялық аурулар да туғызуы мүмкін.
Ол өндірісте қолданылатын матаны, оған қажетті жабдықтардың бәрін өзі БАӘ-дан, Гуанчжоудан, Бішкектен және өзіміздің Тараздан да алатынын айтады. «Фурнитура бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданылады. Бұл салада ең қиыны осы. Матаны өзім таңдап, оның сапасына ерекше көңіл бөлемін. Оған көбіне қызым көмектеседі. Үлгілерін де екеуміз қарастырамыз. Дизайндарын өзім ойластырамын» – дейді бүгінде 30 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер.

Камила БОРАШОВА

Ақ жол. – 2018. – 20 наурыз



Қайраткер. Ардагер. Азамат / Алпысбай Смайылұлы Смайылов

Қайраткер. Ардагер. Азамат / Алпысбай Смайылұлы Смайылов

Адамның кім екенін танытатын – өмір жолындағы еңбегі. Ал өмір адамға сынақ болып келеді. Сол сынақтан сүрінбей өтіп, ақырын жүріп, анық басқан, саналы ғұмырын ел болашағы үшін сарп еткен, барша жанға таза тілек тілейтін, қазақтың даласындай кең жүректі азаматтың бірі – жеті асқардың биігіне инабатты, парасатты, иманды жан ретінде жеткен Тараз қаласының төл тумасы Смайылов Алпысбай Смайылұлы десек, онымыз артық айтқандық болмас еді.

1950 жылы 2 маусымда дүниеге келген Алпысбай Смайылұлының балалық-балдаурен шағы Ұлы Отан соғысының басылған кезеңінде өтті. Халықтың Отанға, елге деген қандай патриоттық сезімдері болғанын бала да болса көзімен көріп, құлағымен естіп өскен жас Алпысбай еңбекпен ерте есейді. Оның үстіне ата-анасы Смайыл мен Айткүл де перзентін ешкімнен кем қылмай өсірді, жақсы тәрбие берді, білім алуына, өнер үйренуіне жан-жақты жағдай жасады. Осындай бақыт ұялаған шаңырақта өмір есігін ашқан бала көпшіл, бауырмал, әр істің көзін таба білетін іскер ұйымдастырушы, ойшыл болып өседі.

Алпысбай Смайылұлының бойындағы мұндай қасиеттері 1957-1966 жылдары Микоян, қазіргі М.Мақатаев атындағы орта мектебінде, 1966-1968 жылдары кәсіптік-техникалық училищесінде білім алған, 1968-1970 жылдары Варшава келісімі елдері құрамындағы Венгрияда әскери міндетін өтеген, 1970-1972 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында оқу шебері болып еңбек еткен, 1972-1979 жылдары осы аталған оқу орнының білімгері болған кезінде оны тұрғыластарынан даралап көрсетеді. Білім ұясында мұғалімдердің үміт-сеніміне, әскер қатарында командирлерінің құрметіне, білім ордасында ғалым-ұстаздарының жоғары бағасына ие болады. Институтта оқыған жылдарында алғыр жастың қарымды қайтарымдылығына риза болған оқу орнының ректораты оны ғылыми-техникалық зерттеу секторына жұмысқа қалдырып, уақыт оздырмай зерттеу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындайды. Осы қызметте 1986 жылға дейін жемісті еңбек етеді.

Одан кейін партия, кеңес және кәсіподақ салаларында жауапты қызметтер атқара жүріп, өмірлік тәжірибе жинақтайды. Осы кезеңде облыс басшыларының көзіне түскен жігіт ағасы 1991 жылы Жамбыл облыстық жұмыспен қамту басқармасы бастығының орынбасары, кейіннен бастығы болып қызмет атқарады. Бұл уақытта Кеңес Одағы ыдырап, құлдырау дәуірі басталған кез еді. Қазақстан тәуелсіздік алып, көк туы аспанда желбірегенімен, елде ақша болмай, жұмысшыларға, зейнеткерлерге жалақы, жәрдемақылар төленбей жатты. Осындай тығырыққа тірелген шақта бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, қарамағындағы кадрларды адалдыққа, шындыққа тәрбиелеудің нәтижесінде жемісті еңбектің үлгісін көрсете білді.

Еліміздің бас қаласының Алматыдан Астанаға (қазіргі Нұр-Сұлтан) ауысуының куәсі болу бақытына ие болған Алпысбай Смайылұлы 1997-2000 жылдары Ақмола облыстық еңбекпен және жұмыспен қамту басқармасының сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшысы болған кезінде АҚШ, Түркия, Германия елдерінде өз саласы бойынша сынақ мерзімінен (стажировка) өтіп, іскерлігін одан әрі шыңдай түседі.

2000-2003 жылдары Тараз қалалық зейнетақы төлеу орталығының бөлім басшысы қызметін атқарады. Бірқатар беделді мекемелерде, Астанада министрлікте қызмет атқарып, мол тәжірибе жинақтап, еңбекте шыныққан Алпысбай Смайылұлы 2003 жылы «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады. Бұл орында да өзін салауатты, парасатты, саналы, білімді азамат екендігін таныта білді.

2008-2010 жылдары Тараз қаласындағы «Азия-Қазақстан» Концернінің директоры болды. Ал 2010-2013 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарып, осы жерден абыроймен зейнеткерлікке шығады.

Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде шаһардың қоғамдық-саяси өміріне барынша араласып, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа, адал өмір сүруге ақсақалдық ақыл айтып, белсенділік танытып келеді. Сонымен қатар оның іскерлігі мен біліктілігі жоғары бағаланып, бүгінгі таңда Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің хатшысы қызметін биік деңгейде жүргізе білуде.

Алпекеңнің кішіпейілдігі мен мәдениеттілігі, шынында да, өзгелерден ерекше. Әрбір айтқан сөзі жүрегіңде ұялап тұрады. Жаны ерекше таза. Білімділігі, біліктілігімен қатар ойы салмақты, шыншыл. Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары болғандықтан, ол қай кезеңде де сыйлы бола білді. Сонымен қатар өнер мен мәдениетті бойына жақын тұтатын оның қарапайымдылығы, адамгершілік қасиеті, жайдары мінезі, әсерлі әңгімесі әрдайым өте шынайы, тартымды шығып отырады. Алпекең бойындағы ерекшелігінің енді бір қыры – өнерпаздығы. Ол көбіне таңдап, талғап барып орындайтын Абайдың «Көзімнің қарасы», Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әндерін нақышына келтіріп шырқағанда, көпшілікті өзіне жылдам баурап алады.

Өзінің еңбек еткен жылдарында ел экономикасының өркендеуіне және жан-жақты дамуына сүбелі үлес қосты. Өз кәсібінің шыңына шықты деп айта аламыз. Осы бағытта Алпысбай Смайылұлын елі үшін елеулі жұмыс атқарған қажырлы қайраткер десек әсте жаңылыса қоймаспыз.

Қол жеткізген табыстары үшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» медальдерімен марапатталған.

Алпекеңнің көп жыл нәтижелі еңбек етуіне бақытты отбасының тікелей әсері болды. Жұбайы Күлзада Құлманқызы жан жолдасының алаңсыз қызмет етуіне бар жағдайын жасап, алтындай ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда немерелерінің сүйікті ата-әжесі болып отыр.

Өн бойына жақсы қасиеттерді ғана жиған Алпысбай Смайылұлы жұмысында абырой биігінен түскен емес. Араласатын қауымда, ағайын-бауырларының ортасында қай кезде де құрметке бөленіп келеді. Жүрегі жұртым деп соққан ақкөңіл азаматтың бойындағы кісілігіне сай кішілігі де бар. Адамдармен жылдам тіл табысып, ешкімді жатырқамайтын Алпекеңді де өскен ортасы аса қадір тұтады. Жетпіс деген белеске көтерілген Алпысбай Смайылұлына ұзақ ғұмыр, отбасы бақытын, бауыр еті балаларының қызығына тоймай, қуанышқа бөлене беруін тілейміз.

Алдаберді МАҚАШЕВ,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Jambyl -Taraz. — 2020. — 27 mamyr