Толымбек Әлімбекұлы: неге күлгенімізді біліп жүрейік

Толымбек Әлімбекұлы: неге күлгенімізді біліп жүрейік

Сатира қағытпа қалжыңнан ғана емес, сыннан да құралады. «Алып та, шалып та жығатын» күрделі жанрды өмірлік серігіне айналдырған Толымбек Әлімбекұлының бүгінге дейін көптеген ірі еңбектері жарық көрді. 1 сәуір қалыптасып қалған «Күлкі күніне» орай қазақ сатирасының саңлағымен әңгімелесудің сәті түсті.

– Әңгімені сатирадан бастасақ. Сатира «ауылына» қалай бет бұрдыңыз?

– Негізі, сатираға қалай тап болғанымды білмей де қалдым. Біреуге арнап сатиралық өлең жаздым. Ол кезде Жамбыл ауданында шығып тұрған «Екпінді еңбек» газетінде Талғат есімді сыныптасым, досым әрі курстасым жұмыс істейтін. Ол өлеңді оқып, «мынауың жарайды ғой» деп газетке шығарды. Содан сатира «ауруымен» ауырып, көрген-білгендерімнің бәрін сатираға тізіп, бүгінге дейін сатира жазып келемін.

– Бүгінде «сатира жоқ» деген пікірді жиі естиміз. Теледидардан қарасақ, «халықты арзан күлкіге қарық қыламыз» деп өздері оңбай күлкіге қалып жататындар баршылық. Айтары бар болса да, астары жоқ… Сіздіңше, бүгінгі сатираның деңгейі сын көтере ме?

– Қазіргі сатиралық театрлардың ешқайсысында мән жоқ. Арзан, жеңіл күлкі. Алдын-артын ашып, әйтеуір, «елді қытықтап күлдірсем» деген ниетте. Бұрынғы «Тамашада» сөздің астары бар еді. Менің жазғандарым бұл театрға айлап өтпей жататын. Іріктеп, ең соңында барып алды ғой. Енді қазіргі театрлардағы артистердің бәрі сатирик болып кеткен. Көрген-естіген анекдоттарын, әзілдерін жазады да, сатиралық театр сахнасына шығарады. Ол – табаныңнан қытықтап, қолтығына қол жүгіртіп жүріп күлдіретін «зорлық күлкі». Негізі, ойдан-ой туады ғой. Қарап отырып, бір мәселеге яки тақырыпқа өзек болар әңгіменің реті бар ма десең, сол баяғы жеңіл күлкі, аларың жоқ.

– Қазір жас сатириктер, өскелең буын өкілдері бақ сынайтын байқаулар неге жоқ?

– Қазіргі сатирада «мықты сатирик» деп қолмен көрсетіп айтатындай, байқауда бақ сынайтындай жастарды көрмейсің. Барлығы да – театрдағы артистер. Өздерін-өздері «сатирик» жариялап, өздеріне материал жазып, оны, әйтеуір, ойнап, халықтың табанына қол жүгірте қытықтап күлдіру арқылы нәпақа тауып жүргендер деп ойлаймын.

– Кей кездері «неліктен басқа мамандықты таңдамадым?» деген ой бола ма?

– 4-сыныпта алғашқы мақалам жарық көрді. Содан газеттерге материал даярлап жүрдім. Алғашқы ұстазым Шыңғыс Қонысбаев аудандық, облыстық газеттерде істеп жүргенде, мақалаларын оқитынмын. Сонда «Шіркін-ай, мен де осылай жазсам екен» деп армандайтынмын. Сол кісіге еліктеп те әртүрлі мақала, шығармалар жазып машықтандым. Сондықтан да бұл саланы дұрыс таңдадым деп ойлаймын.

– Алдағы уақытта оқырмандарды қандай шығармаңызбен қуантасыз?

– Былтыр «Не етіп, не ғылып» деген кітабым шыққан. Одан кейінгі жазғандарым да бір кітапқа жақындап қалды. Солардың басын қосып жарыққа шығарсам деймін. Сосын баяғыда «Қарақұйын» деген повесть бастаған екенмін. Орта шеніне жетіп қалыппын. Оқта-текте бір-екі беттен жазып қоямын. Алда бітіріп те қалармын.

– 1 сәуір – «Күлкі күні». Біреуді алдайтын, яки алданатын күн. Бұл мерекеде біреуді алдаған кездеріңіз есіңізде ме? «Күлкі күнінің» сіз үшін маңызы қаншалықты?

– Бір оқиғаны айтып берейін. Облыстық «Еңбек Ту» газетінде істеп жүрген кезім. Жақын маңда ауылшаруашылық басқармасының асханасы бар еді. Жиі ет алып тұратынбыз. Бір күні сол жерден тамақтанып келе жатсақ, облыстық газеттің қызметкер әйелдері далада тұр екен. Соларға қалжыңдап: «Асханада ет сатып жатыр. Қыздар, сендерге де қалдырып қойдым. Барып алыңдар» дедім. Артынша барлығы дорбаларын алып, ақшаларын салып кеткен далбалақтап. Ойымда ештеңе жоқ. Кейіннен ешбіреуі менімен сөйлеспей қойды. Сөйтіп, 1 сәуір алдаймын деп, арамыздан ала мысық жүгіріп өткен.

1 сәуір – «Күлкі күні» деп жатады. Бұл «бір-бірімізді әзілдесіп, алдау керек» дейтін орыс халқынан келген дүние. Өтірік айтып және сол өтірікке сендіру. Біркүндік, уақытша құбылыс. Бірақ қашан да күліп, неге күлгенімізді біліп жүрейік. Күлкі – өмірлік. Күле біл, өмір сүре біл!

– Әңгімеңізге рақмет!

Жұматай Арай

Айқын апта. – 2017. – 1 сәуір



Мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы Шерхан Мұртазаның әмбебап тұлғасы

Мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы Шерхан Мұртазаның әмбебап тұлғасы

Шераға болмысын біліп-тану оңай емес. Ол болмысы биік тұлғалардың санатынан. Жалпы, тұлғаға айналу дегеніміз не және ол кім? Қазіргі қоғамымызда осы бір «тұлға» деген сөзді барынша байыптап, байсалды қорытынды жасап, елеп-екшеп қолданған дұрыс сияқты. Бұл сөздің салмақты, екінің біріне қолданыла бермейтін ерен қасиеті бар. Ал кейбір сөз қадіріне жете бермейтін «танушылар» көбейіп, әдебиет пен тарихтың өзі тұрмақ иісі мұрнына бармайтын, қоғамы үшін, елі үшін қасқайып бірде бір ақиқат айтпақ түгілі сөзін жеткізе алмаған, басшылықты өзінің ой-санасымен иіріп әкете алмаған, халық оны қайсар ұл ретінде мойындамаған адамдарды «тұлға» деп, оларды танытуға барынша жан салып, қарекет қылып отырғандығы қынжылтады.

Қазақ халқында тарихта есімі алтын әріптермен жазылып қалып жатқан тұлғаларды жарық жұлдызға теңейтіндігі белгілі. Бұл жарық жұлдыздар күндіз әлемге нұрын шашатын болса, қараңғы түнде бағдаршам тәрізді адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтейді. Осы жақсылардың арқасында қоғам мен өмір нұрланып, дүние көріктене түседі. Мұндай ұлық туған тұлғалардың жеткен жетістіктерінің арқасында халықтың да беделі үстем болып, өсіп-өркендейді.

Халқының қолын жақсылықтарға жеткізіп, туған еліне шынайы қызмет жасап, мем-лекетіміздің идеалогиясының қалыптасуына елеулі үлес қосқан жарық жұлдыз — жанынан жалынын аямай жұмсаған азаматтардың бірі — Шерхан аға Мұртаза. Тәуелсіз Қазақстан жұртшылығы үшін үлкен ұғымға айналған, елінің сүйіспеншілігіне бөленген айбарлы есім.

Университетіміздің жанынан ашылған «Шерхантану» орталығын біз мақтанышпен қай уақытта болса да бас көтеріп отырып, Шерағаңдай жанның шынайы тұлға екендігін дәлелдеп отырып, оның қайраткерлік болмысын толығымен ашып беріп, тайсалмай сөйлей алатын дәрежеміз бар деп ойлаймыз. Әрине, ең бастысы Шерханды біз Жуалының арланы ретінде, жерлесіміз ретінде мақтан тұтамыз. Өңірімізден шыққан тұлғаның халқы үшін аянбай, елі үшін еміреніп еңбек еткені біз үшін мақтаныш. Осындай тұлғаны жамбылдықтар, жерлестер неге насихаттамасқа!? Жалпы, Шерхан Мұртазаның шығармашылығын, қайраткерлік жолын, азаматтық тұлғасын зерделей келе, оны бірегей тұлға етіп көрсететін қырларын былайша топтап тұрып көрсетіп берер едік. Орыс халқының ұлы жазушысы М.Горький айтқандай: «Жазушылық — өзгеше өмірбаяннан басталады».. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен-ақ Шерағаның сол өзгеше өмірбаяны басталған еді. Әкесінен ерте айырылған ол жетімдіктің тауқыметін көре бастады. «Жетімдік — жұрттың қабағын оқитын ілім» деген бар.

Ылғи да жетімдігін, әкесіздігін айтып, «менде балалық шақ болған жоқ», — деп шағына беретін Шерханның жетімдігі — жаутаңкөз жетімдік емес. Оның жетімдігі — әз аты күстаналанған әкеге деген сартап сағыныш, бір өзі бірнеше ер азаматтың батпан-батпан міндетін көтеріп алған талайсыз шешеге аяныш, таршылықтың тырнағында шырылдап кете барған балалыққа жоқтау, аласапыран дәуірдің астында аяусыз жаншылған аяулы тағдырларға нала. Қаршадай жасынан ел басына түскен қиындықтарды көріп, сезініп өскен Шераға халқының бар игі қасиеттерін — салт-дәстүрін, сенім-нанымын бойына сіңіріп, ділін үғынып, тілін қасиет тұтты.

Публицистиканың қызметі халыққа өте керек-ақ. Олай дейтініміз, тәуелсіздігіміз баянды болып, отанымыздың байлығы артып, халқымыздың тұрмыс жағдайының ілгерілеуі сынды үлкен, ауқымды міндеттемелерге байланысты өзіндік тұжырымдар жасай отырып, мазмұнды мақалалар, табысты сұхбаттар жасау — Шерхан Мұртазаның тамаша қа-сиеттерінің бірі. Халқымыз үшін қашан да ең көкейкесті болып отырған — тіл, тәуелсіздік, мәдениет, халқының тағдыры, елдің бүгіні мен ертеңі туралы тегеуірінді ойлары мен сөздері оны ұлтжанды азамат екендігін танытқан үстіне танытып жатты.

Қолына қалам ұстап, аумалы-төкпелі замандағы ел тағдырын, азамат жайын қалың-қалың кітап етіп жазған, сонда да шаршамаған, қайта ұлт, қайсар тұлға алдындағы перзенттік парызы жігерлендіріп, талай «сарсаңға» қасқайып төтеп берген — Шераға.

Ең әуелі Шерхан — заңғар жазушы. Жігерін жоқшылық жаныған, таршылыққа қайралып жетілген Шерхан тумасынан күйреуік жан еместі. Жазушының қолтаңбасы — мінезінен. Ол жазуға келгенде де тастай берік, шектен шыққан реалист. Жүректерді қозғау үшін күйреуік, жылауық сезімдерге бой алдырмақ болды ма — сәтсіздікке ұрынады. Онда қайғылы сәттер мен әсерлі эпизодтарды берудің өзіндік тәсілі, мінезі бар. Өзі сомдаған Рысқұл сияқты ар жағын көріп, біліп тұрса да, соны сыртқа шығаруға, шексіз махаббатын, көл-көсір сезімін сөзге салуға соншалық сараң. Авторлық баяндаулары тас-түйін тұратын Шерханның кейіпкерлері кейде тым елти сөйлеп кетіп жатады. Кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқынысты автор ретінде өзі айтпайды, өздеріне айтқызады. Кейде өз ойын кейіпкерлеріне зорлап айтқызғандай болатын жазушы ондағы қарапайым адамдардың бойына шақ келмейтін. Оның қаламынан күрескерлік, азаматтық рухқа толы дүниелер өмірге келді. Егемендігімізге қол жеткізіп, тәуелсіздікке ие болған халқымыздың ұлы көшінің болашаққа жетуі, өзіндік мемлекеттік идеалогиясының қалыптасуы Шераға сияқты көшбастар азаматтарға байланысты болды.

Шерхан Мұртаза — жалынды публицист. «Күндіз журналист, түнде жазушы болған» атақты редактордың қолы тиіп кеткен басылымның жанданып жүре беретіні де тегін болмаса керек. Қазақстанда бес республикалық басылымды басқарған бас редактор, бес романнан тұратын эпопея жазған жазушы жоқ. Қазақ халқында «Жолбарысы бар орманды өрт шалмайды» деген нақыл сөз бар. Расында да, айбынды жолбарысы ішінде жүрсе, ол орманға кім батып бара қойсын. Қалың елі қазағы, қайран жұртына да әркезде қорған бола білген жолбарыстай азулы, арыстандай айбында батырларының бірі де — Шерхан. Шерхан Мұртазаның публицистикалық жолының өзінде де ол замана зәрулігін, уақыт проблемасын, қоғам сұранысын, заман қиындығын тайсалмай жазып, батыл жеткізген публицист те — Шераға…………

***

Шерхан Мұртаза — бесаспап журналист. Шерхан Мұртаза — қазақ баспасөзіндегі жаңа тұрпаттағы жаңа буынның төлбасы, редакторы. «… Менің жұмысым — жалғыздың жұмы-сы. Қаруым — қалам. Өрісім — қағаз» дейтін жазушының қазіргі тәуелсіздік заманындағы жердің, елдің иесіміз деген қазақтың шешілмеген мәселесі шаш етектен келіп, оның кедергісі өзгеден емес, өз қағынан жерігендерден шығып отырғанда, оның бір күні ойсыз, ұйқысы тыныш өтуі мүмкін бе? Жалпы, ой іште өлмеуі керек. Әсіресе, халқымен біте қайнасқан, халқының басына түскен қайғы, ауыр күн арқасына аяздай батып, айтар сөзін аянбай айтқан шын жазушы үшін. Ол 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіргеннен бастап-ақ сол жылы Қазақ мемлекеттік көркем баспасында қызмет атқарады (1955-1956 жж.). Содан соң-ақ ол «Лениншіл жас» (1956-1960жж.), «Социалистік Қазақстан» (1960-1963 жж.), «Жалын» (1970-1972 жж.), «Жұлдыз» (1972-1975 жж.), «Қазақ әдебиеті» (1980-1989 жж.), «Егемен Қазақстан» (1989-1992 жж.) баспаларында бас редакторлық қызметтер атқарады. 1992-1994 жылдары аралығында «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы қызметінде. Одан соң ҚР парламентінің депутаты болып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын, түрлі түйіткілге толы мәселелерін шешуде ерен еңбегін сіңірді десек қателеспейміз. Айта берсек — журналист ретіндегі Шерхан Мұртаза түйінін шешкен игілікті істер көп-ақ………..

***

Шерхан Мұртаза — драматург. Тәуелсіздік кезіндегі қайта құру мен жариялылық әкелген соны лептің тұрлаулы нышанын біз Ш.Мұртазаның драматургиясынан көре аламыз. Прозашы Ш.Мұртазаның алғашқы кездерде драматургиядағы қадамы мүлде тосын көрінгені, күдік тудырып, күмән келтіргені, кездейсоқтыққа баланғаны рас еді. Алайда, прозада кемеліне келген суреткердің ат басын кенеттен драматургияға бұруына себеп болған тек жаңа жанрда өз күшін байқап көру емес қана сияқты, сонымен қатар, тамаша драматизм мен трагедиясы мол өмірлік материалдардың сахнаға сұранып тұрғандығында болар. Оның алғашқы қалам тартқан «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», Қ.Ысқақовпен бірлесіп жазған «Қызыл жебе» («Революция сарбазы») пьесалары Жастар театрында қойылып, зор табысқа ие болғандығы ешкімді де бейтарап қалдырған жоқ. Бұл екі туындысы арқылы Ш.Мұртаза театр мен драматургия атты жұмбақ та сиқыр әлемнің енді ертеден өз адамындай болып кетті. Осындай екі драманың сахналық зор табыстары суреткерді драматург ретінде одан сайын қанаттандырып, шабытына шабыт қосқан еді………

***

Шерхан — қайраткер, Шерхан — қаламгерге есті қазақ бас исе керек. Солай болып та жүр, аузы дуалы ағаларымыздың Шерханды қазақтың төлқұжатына балағаны әмбеге аян. Халқы оны қатты қадірлейді. Оның бағындырған ең биік шыңы — осы».

 

Кембаева Айнұр Тұрарқызы

Білім және өнер. – 2017. — № 3-4.

Сөзі көсем Көсемәлі

Сөзі көсем Көсемәлі

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы, журналист, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы асқаралы алпыс жасқа толып отыр. Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» деп аталатын ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармаларға жарияланған жабық бәйгесінде (1988 ж.) екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін (2007–2008) жүлдегері. Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Шеткері үйдің жарығы» (1995 ж.), «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» (қазақ, орыс тілдерінде, 2000 ж.) және «Күнге ғашық өлкеде» (2001 ж.), «Тараздан тәберік», «Шындыққа қызығамын, шындықты аяймын…», «Шарбақтының жалғызы», т.б. кітаптары жарық көрген.

Ертеден үзеңгі әріптес белгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбаев Астанадан телефон шалған. Ұзақ жылдар елдік жастар басылымында бірге қызметтес болдық.
Әрине, амандық-саулықтан соң жайшылық па дейміз ғой.

– Төменгі Талас бойының азаматтарын түгендеп жатқан жайым бар, – деді әдеттегідей жайдары жұмсақ күлкісіне басып.

Көптен өнер тақырыбын зерттеп, қаузап жазып жүрген Жақаңды дүлдүл суретші Әбілқан Қастеевтің бір сапары қызықтырыпты.

Өткен ғасырдың қайсыбір жылында Әбекең Талас өңіріне шығармашылық сапар жасап, бірнеше картиналар жазып қайтқаны бар. Сондағы болған жайларға орай өзінде бар деректерді толықтырып, нақтыламақ екен.

Әйгілі суретші бұл сапарында бірқатар еңбек адамдарының портреттерімен қатар, кең тынысты «Талас жазығынданы» жазған еді. Сірә, осы жазықта еңбек еткен жандардан соғыс жылдарынан соң дүркіреп елу тоғыз Еңбек Ерінің шыққанына тәнті болып, атының басын бұрған болар.

– Көсемәлімен қалай байланысамын, керек еді.

Әрине Жақаңа қол ұшын бердім. Және осы ұлы суретшінің ол сапарында жанында жүріп, күн сайын жағдайына қамқор болған, сол Талас ауданының Ойық ұжымшарында жастар жетекшісінен бастап ауылдық округтің әкімдігіне дейінгі барлық тұтқалы қызметте болған Досмұрат Шахзадаев туралы да мәлімет бердім.

Ол енді бөлек әңгіме.

Мәселе Көсемәліні іздеп, Көсемәліге көңіл аударуында еді.

Талас топырағынан шыққан Көсемәлінің алдында да небір жайсаң, өлке тарихынан хабары мол азаматтар көп болғаны белгілі, әлі де шүкір, жетерлік.

Жамбыл облыстық газетінен ауысып жастар басылымында қызмет жасап жүргенде Жамбыл өңіріндегі тілші Көсемәлі Сәттібаев өңір үшін жақсы қолқанат болып шыққан, өңірдің тарихын, жалпы қай саласының болсын жай-жапсарын жақсы білді, танып жазатын, сөзі тұщымды, қысқасы «сөзі көсем Көсемәлі» деп әзіл-шынын араластырып айтатын еді әріптестері. Жақаң сол жылдардың әсерін ұмытпаған сыңайлы, содан шығар. Әзілдің астарында мысқалдай болса да ақиқат жатады.

Көсемәлі сол жылдардан бастап бертіндегі өріс алған еңбек жолында сол сөздің ақиқатын дәлелдеді де.

Ол жылдардан бері де арада сынаптай сырғып жиырма бес жылдай уақыт өткен екен.

Ал одан ертеректе Таластың аудандық газеті алғашқы жазбасының тұсауын кесті. Мектеп бітіре салып туған ауылы Амангелдіде қатардағы құрылысшы болып жүрген талапты жасты тілшілік қызметке шақырды.

Ол жылдар өзінше бір үлкен мектеп болған. Шаруашылық басшыларымен, ауыл еңбеккерлерімен, ауыл зиялыларымен, өмірдің ащы-тұщы дәмін татқан ауыл ақсақалдарымен кездесулер, жүздесулердің өзі санасына сәуле құйып, еңбек, өмір туралы түсінігін байытатын. Шығармашылық адамдары осындай кездесулерден соң ой-өрісін, танымын тереңдетіп, ойына ой қосып дегендей жазар шығармасын шыңдай түсер еді. Оның үстіне жанында жүрген жаны жайсаң жақсы ағалардың бітім-болмысы, іс-әрекеті де қатты әсер ететін. Әсіресе Нарша Қашағанов пен Серік Томановтың қай жерде болмасын өздерін еркін ұстауы, жалтақтап жасқанбауы, поэзиялық туындылырында болса еліктің лағындай жеңіл ырғақ есіп тұратын, бәріненде әр шумақтан төгіліп жататын шуақты ойлары қандай терең еді, шаң басқан сананы сілкір еді.

Осындай ортада танылып, қаламы ұшталған Көсемәлінің ауданның сан-салалы тіршілігінен жазған көкейкесті мақалалары облыстық «Ақ жол» газетінде жарияланып жатады. Жас журналистің қарымын қадағалап жүрген белгілі қаламгер, басылымның бас редакторы Арғынбай Бекбосынов қызметке шақырады.

Бұл еліміз тәуелсіздігін жариялап, бодандықтан басы босап, ел рухтанып, еңсе көтеріп қалған жылдар еді.

Бірақ ел ішіндегі жағдай күйзелісте болатын. Малдың құны кетіп, жаппай жойылысқа ұшырап, ірі зауыт-фабрикалар кешегі одақтас елдермен экономикалық байланыстар бірте-бірте үзілген соң жұмыстарын тоқтатып, соның салдарынан ауылдық жерлерде де, қалалық жерлерде де жұмыссыздық қатары күрт белең алып, халық арасында «кешегі күніміз жақсы еді ғой» дегендей іштей наразылық болатын еді, оған алауыз партиялар леп беріп елдің берекесі қашыңқырап тұрған кезең-ді.

Көзі ашық зиялы қауым өкілдері бұның өтпелі екендігін, енді еркіндігімізге ие болу керек екендігін айтып шырылдағанымен және де сыртқы күштердің «ел бола алмайды» деген бопсаласы бар, әйтеуір ел іші түсініксіз дүрбелеңді кешіп жатқан-ды.

Бұл өтпелі уақыт тәуелсіз елдің әкім қараларынан басқа саяси партияларынан, жалпы халықтан сабырлықты, төзімділікті қажет етті.

Осы тұс журналистердің қоғамдағы орны бұрын-соңды болмаған мұқтаждыққа ие болды, беделі артты. Олардың ұстамды да өрелі сөздері халыққа ой салып отырды, ел ішіндегі бірліктің сақталуына айрықша дәнекер болды. Сары басылымдар мен телеканалдардың жаңа тынысы ашылып, ащы шындықты шырылдап жеткізуге тырысты. Дегенмен олардың біразы байшікеш иелерінің мүддесін көздеп ұлт мүддесіне қайшы келетін хабарлар да жасайтын. Бүгінде олар жуасыған.

Бұл жылдары өңірдің көзі әрі құлағы болып отырған облыстық басылымдардың үні батылдығымен жарқырап көрінген жылдар еді. Әрине бәрі бірдей емес. Сондай басылымдардың сарбаздары қатарында өзінің өткір де өжет, шыншыл, оқырман санасына ұялап ой салатын жариялымдарымен көзге түсіп, көріне білген Көсемәлі Сәттібаев Алматы, ондағы республикалық жастар басылымы «Лениншіл жастың» (дәл сол кезде аты «Жас Алаш» болып өзгерген) бас редакторы Уалихан Қалижан мырзадан шақыту алады.

Өңірлерде қандай да бір тақырыпты танып еркін игеретін, көтеріп отырған мәселесіне орай көкейкесті ой тастай алатын, жаңа формациялық нарықтық қоғамның мән-маңызын, мақсат-мүддесін оқырмандарға түсіндіріп бере алатын осындай журналистерге зәрулік болды десем асылы артық айтқандық емес. Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясаттан түсінік- танымы, хабары мол болуы да қажет еді. Өйткені сол жылдары еліміздің ашық қоғам орнатуы жолына түсуі, соған орай түрлі мақсаттағы сырттан ағылған діни ағым иелері, түрлі саяси қозғалыстар мен ұйымдардың өкілдері ел ішінде боданнан енді босанып азаттық алған аңқау халықтың санасын лайлап, өзінің арамза мүдделеріне бұрмалаушылар көбейіп, етек алған еді.

Осы шақта республикалық, өңірлік деңгейлердегі ұлттық басылымдар мемлекет үшін, оның іргесінің беріктей түсуі үшін зор жұмыстар атқарды. Мерзімді баспасөздің төртінші билік атануы осы жылдардан бастау алып еді.

Осы қарусыз майданда ұлт журналистері мемлекет саясатына демеу болып, шамасынша халқына қорған бола білді. Осы қарулы қалам иелерінің сапында сөз жоқ, жамбылдық журналист Көсемәлі Сәттібаевтің шығармашылық үлесі зор деп айтуға болады. Оның жекешелендіру кезінде тұралап қалған ауылдың ауыр халі, кежегесінен кейін кеткен химия өндірісінің мүшкіл ақуалы, кешегі алпауыт өндіріс ошақтарының тарылған тынысы туралы жазған толғақты дүниелері оқырмандарының көңілінен шығып, мақұлданып жататын.

1991-1994 жылдары жастар басылымында танылып, ой-өрісінде кең тыныс қалыптасқан қаламгер енді, республикалық аға басылым «Егемен Қазақстаннан» табылады. Мұндағы өткен жылдары да Көсемәлінің кесек азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Басылымның бас редакторы көрнекті ақын, парасатты азамат Нұрлан Оразалиннен бас-тап Ержұман Смайыл, Жанболат Аупбаев сынды және басқа да қарымды қаламгерлермен қатар жүріп, тек журналистік қарымын шыңдап қана қоймай, ағаларынан еңбекқорлықты, парасаттылығы мен азаматтық асыл қасиеттерін бойына жұғысты етті.

Жақсы журналист және жақсы жазушы болып қалыптасу әлгіде айтқандай үлкен еңбекқорлықты, талантпен қатар табандылықты қажет ететіні дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бірақ, олар әрине көп емес. Кешелері өмірден озған Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза және басқа да азаматтарды бұл қатарға жатқызып атауға болады. Тараз аймағынан айтқанда егіз саланы өгейсітпей қатар алып жүруі Көсемәлінің еңбекқорлығын айғақтады.

Ол көркем әдебиет жанрында ерте танылып, ерте жазушы болып қалыптасты. Әп дегеннен талай таланттың көзін ашып, жазушылыққа танытқан «Жалынның» жабық бәйгесінде «Елгезек бағдаршам», «Тоқ қуат және басқалар» атты көркем шығармалары бәйге сөресінен табылған. Содан бері бірнеше көркем прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көріп, өз оқырмандарын тапты.

Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені мен бірнеше мемлекеттік медальдардың иегері.
Ең бастысы осы жылдар аралығында жиған бай тәжірибесімен бүгінде өзі басқарып отырған өңірлік «Ақ жол» қоғамдық-саяси басылымына білікті басшылық жасауда. Алпысқа аяқ басып отырған Көсемәлінің және «Ақ жолдың» да сөзі көсем шыға берсін деймін енді.

Ерғали САҒАТ,

жазушы, Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты

Jambyl -Taraz. — 2019. — 6 ақпан

Балалардың сүйікті ақыны.

Балалардың сүйікті ақыны. Совет Әлімқұлов тірі болса 80 жасқа толар еді

Қазақ жазушыларының қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар Одағының үйінде табаны күректей он төрт жылдай қызмет істегенім өмірімнің ішіндегі ең бір белесті кезең ғой деп есептеймін. Өйткені «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істей жүріп, қазақтың қаншама қабырғалы қаламгерлерімен танысып, үлкеніне іні, кішісіне аға болдым десеңізші…

Совет Әлімқұловтың туғанына 80 жыл толып отыр. Жерлес балалар ақыны Луговой ауданында 22 ақпанда дүниеге келген. Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесі мен қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Луговой, Меркі, Красногор ауданы газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Жамбыл ауданында «Шұғыла» газеті редакторының орынбасары және «Әулиеата» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Лирик ақынның тырнақалды туындысы 1958 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланған. Ал алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» деген атпен жарық көрген. Сол жинақта «Ленин және балалар» деген атпен бүлдіршіндерге арналған топтама өлеңдеріне ерекше тоқталған Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қалижан Бекхожин: «Совет үлкендерге жазудан гөрі балалар тілін табуға икемді екен. Ізденсе, осы жеңісінен қол үзбесе, бала жанын баурап әкететін дүниелер беруге икемділігі беки түсер, бәлкім» – деп атап көрсеткен. «Сол пікір ой салып, балауса балғындардың тілін тапсам деген үлкен талап қолына жармастым» депті балаларға өлең арнаудан алдына жан салмаған ақын өзінің бір жазбасында. Ақынның «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан «Жайсаң жер» (1968), «Күн көсем» (1970), «Қыран» (1971), «Еліктің лағы» (1972), «Өрімтал» (1974), «Қол айна» (1980), «Сыбызғы» (1982), «Ықылас» (1984), «Ораласың ба, көктемім?» (1986) жыр жинақтары мен бір актілі «Нұрлы дүние» пьесасы да басылымдардан жарық көрген……………(жалғасы бар)

Қайырбек Асанов

(«Ұмытып кетпе мені» кітабынан 18.02.2013 ж.)

Жамбыл-Тараз. — 2018. — 21 ақпан

  • 3253
  • 172
  • 76
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ. csmb@bk.ru,
Разработано: Агентство «5-й Элемент»

Несіпбек Дәутайұлы – халықаралық «Рух» байқауының жеңімпазы

Несіпбек Дәутайұлы – халықаралық «Рух» байқауының жеңімпазы

 

Біршама уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту, қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде таныту, жаһандағы қазақстандық мәдениетті дамыту мақсатында елімізде алғаш рет халықаралық «Рух» әдеби байқауы ұйымдастырылған болатын.

«Проза: роман, повесть», «Проза: әңгіме, эссе», «Поэзия: поэма», «Поэзия: өлеңдер», «Үздік драматургия», «Әдеби сын», «Балаларға арналған поэзия», «Балалар прозасы» сынды сегіз аталым бойынша өткізілген байқауға мыңнан астам шығарма түсіп, оның жарамды деп табылған 899-ы «Әдебиет» порталында жарияланған-ды. Әдебиет аламанына Ресейден – 55, Украинадан – 12, Беларусьтен – 6, Әзірбайжаннан 2 шығарма орыс тілінде қатыстырылса, Қытайдан – 40, Моңғолиядан – 23, Түркиядан 5 туынды қазақ тілінде келіп түсіпті. Жалпы, байқаудың қазақ бөліміне 403 шығарма қатыстырылса, орыс бөліміне 493 еңбек, ағылшын тілінде 3 туынды жолданыпты.

Тұңғыш рет өткен Халықаралық «Рух» әдебиет додасының барынша әділ өтуіне барлық жағдай жасалыпты. Ұйымдастырушылар қазақ әдебиетінің жаңа тұрпатына зер салып қана қоймай, сондай-ақ байқауға қатысқан шет мемлекеттер әдебиетінің де бүгінгі деңгейі мен тынысына барлау жүргізуді, олардың ортақ үйлесімін таразылауды мақұл көргені сөзімізді айғақтай түседі. Сонымен қатар, жас ұрпақты өмір ақиқаты мен көркем шындық ықпалы арқылы тәрбиелеуге де ұйымдастырушылар баса ден қойғаны қуантады. Осы байқау арқылы біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы әдебиетке үлкен серпіліс әкелгенін аңғардық. Ауқымды дүниеге ақын-жазушылардың айрықша ықылас танытқаны да көңіл тоғайтады.

Шынын айту керек, елімізде ашық-жабық шарттарға сай әдебиет аламандары көптеп өтіп келеді. Алайда «Рух» додасындағыдай деңгей бұрын-соңды болған емес. Мұнда әдебиет мәртебесіне деген бүгінгі дәуірлік көзқарас айқын сезіледі. Шараның түпкі миссиясы әдебиетке деген құрмет пен сүйіспеншілікті орнату болды. Қазылар алқасы да осыншама көп шығарманың ішінен ең үздіктерін тани білді.

Қаламгерлер қауымының рухын аспандатқан бірінші «Рух» халықаралық байқауында жерлесіміз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, өзінің шығармашылық өмірбаянында көптеген ашық және жабық әдебиет аламандарында жеңімпаз, жүлдегер атанған белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлы «Проза: әңгіме, эссе» номинациясында «Тағдыр» атты әңгімесімен сынға түсіп, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл – жерлес жазушының кезекті үлкен табысы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті. Салтанатты шара барысында ұйымдастырушылар Несіпбек Дәутайұлын 2 миллион теңгемен, дипломмен және кәдесыймен марапаттады.

Таяуда ғана Еуразия жазушылар қауымдастығының шешімімен Несіпбек Дәутайұлы аталмыш қауымдастықтың құрметті мүшелігіне қабылданған болатын. Жалпы, Еуразия жазушылар қауымдастығына 20 шақты елдің тек мықты қаламгерлері мүше бола алатыны әу бастан белгілі. Бұл ұлт және өңір әдебиеті үшін толайым табыс екені сөзсіз. Алдағы күндері жазушының түрік тіліне аударылған «Аты жоқ әңгіме» жинағының тұсаукесер рәсімі Түркия елінің астанасы Анкара қаласында ресми түрде өтпек.

Жерлесіміздің шығарма-шылығының шарықтай түсуіне тілектеспіз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Ақ жол. – 2017. – 16 желтоқсан


«Старостаның» баламасы – «Сақа» (Мейрамбек Төлепбергенов)

«Старостаның» баламасы – «Сақа» (Мейрамбек Төлепбергенов)

десек, әріптесіміз Мейрамбек Төлепбергенді дәл сипаттау үшін бұларға үшінші «саңлақ» сөзін де қосу керек

Староста. Бұл сөз мектептен құxadлаққа сіңген. Аударылмаған. Аударылмас та. Жарты ғасыр бұрын оқыған мектепте қай оқушының староста болғаны есте жоқ, ал елу қиырдан құйылған елу студенттің ішінен екі топқа екі староста шыққанда, бірі – Мейрамбек Төлепxadберген еді. Онда Төлепбергенов. Түскен оқуымыз – Қазақ мемлекеттік универxadситетінің журналистика факультеті.

Журфактың деканы – Қожакеев. Ол тұста «партия десең – Ленин еске түсеxadтіні» сияқты бұлар да біріне-бірі кінxadдігінен байланған егіз ұғым еді.

Темірбек Қожакеев жайында бірнеше кітап шықты. «Мықшеге» деген кітапты өзіміз құрасxadтырып, Қожакеевтің және бір алғыр шәкірті Мұхтар Құл-Мұхаммед басып берген. Сол кітаптардың өзегі журфак деканының жыл сайын орыстілді, қазақxadтілxadдісі бар екі бөлім, төрт топқа бөлінетін жүз балаxadны қалай адам етемін, қайткенде журналист қылаxadмын деп жүз түрлі тәсілге барғаны жаxadйында. Қаталдық пен әділдік те, тездік пен сөз түріндегі кездік те деканxadxadның бойынан табылатын. Жазықты студентxadтердің жатақханадан шығып, стипенxadдиядан қағылуы – жазаның оңай түріне жатады. Осындай тағдыр қыл ұшына ілінген кезде шырылдайтын біреу бар – топтың старостасы.

Бұл старостаның міндетін жиырма бес қыз-жігіт оқу бітіріп, Темекеңнің темір шеңгелінен шыққанша Мейрамбек адал атқарды. Тіпті жанын сала жүгірді десе де болады. Деканның қабағын қателеспестен бағатын мықтыға басқа кафедра меңгерушілерінің, оқытушыxadлардың қыбын табу қиын емес қой, сынақ кітапшамызды Мейрамбектің портфеліне жиып салып беріп, «кітапxadхана емес, сырахана қайдасың» деп кеткен кез болған шығар. Қазір ойласаң, өкіxadнішті.

Айтпақшы, сол кезден қолына портфель ұстады. Кейін облыс әкімінің орынбасарының портфелін ұстаxadғанда таңырқамағанымыз сондықтан. Бірақ ол студенттер старостасынан облыстың екі-үш басшыxadсының біріне дейінгі жолды оңайлықпен жүріп өтпегені хақ.

Сол университеттегі жылдары Мейxadрамбектің бойынан бірнеше қасиетті көргенбіз. Біріншісі – білімділік. Иә, білім жарыстыра алатын аз ғана үздікxadтің бірі болды. Жұмабек Кенжалин, Шархан Қаxadзығұл, Әмір Оралбай, кейін қосылған Кәрібай Мұxadсырман… Президент әкімшілігінде, Үкімет кеңсеxadсінде, «Қазмұнайгаз» сынды мығым мекемеде қызмет істеу, ақпарат саласында республикалық деңгейдегі акционерлік қоғамды басқару, Парламент деxadпутаты болу – біздің курстастардың қиналмай алxadған биігі. Биікке жеткеннің бірі – Мейрамбек те білімxadділігімен және білімге құмарлығымен тәнті етті.

Оның бойындағы келесі қасиет – жауапкершілік аталса керек. Тал боxadйынан қылдай мін табылмаса, сол қасиетінен. Өткенде Елбасы туралы бір зертxadтеуxadмен танысқанбыз. Ресейлік деректанушы-жазушы, атақты мемлекет басшылары мен қолбасылар 14 тілде шыққан кітаптардың авторы Николай Зеньxadкович былай дейді: «Әр азамат иығыxadмен үш жүкті көтереді, олар: Отанxadның, отбасының және жеке басының жүгі. Назарбаев осы үштіктің ішінен әрдайым алдымен Отанның жүгін көтеруді бірінші кезекке қойды». Біздің старостамыз тәуелсіздік тәй-тәй басқан шақта біраз уақыт Елбасының сапарxadларын сипаттап жазатын «президенттік пул» аталатын топта жүрді. Отаншылдық сезімі сол сындарлы шақта жүрекке терең ұяласа керек.

Отан алдындағы, отбасы алдындағы, жеке өз басы алдындағы жауапкершілікке адал болу абырой баспалдағы екен. Үлкен атақтарға жетті. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайxadраткері» атағы берілді. Басқа да мемлеxadкеттік наградалары болуы керек. Бірақ төсіне тағып, кеудесіне сыңғырлатып жүргенін көрмеппіз. Қазақстан Респубxadликасы Президентінің Бұқаралық ақxadпарат құралдары саласындағы сыйлыxadғынан бастап, бірқатар құрметке жетті. Бәрібір атаққа емес, иықтағы жауапкерxadшілікке жұмыс істейтіні сонау диплом алып Алматы облыстық «Жетісу» газетіне қызметке барған күнінен белгілі еді. Иә, қызметке тұрардың о жақ-бұ жағында сұлу Светаны қолынан жетекxadтей кеткен, содан бері отбасы алдындағы жауапкершілікті де бір сәт ұмытпаған.

Қызметке тұрардан бұрын диплом алдық. Диплом алар, бір-бірімізбен қоштасар күндерде біз елу курстастың әрбіріне аттарын атап, бір-бір шумақ өлең шығардық. Қадыр Мырза Әлидің атақты «Студенттер» өлеңіндегі «Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы» дегені айна-қатесіз біздердің де басымызға келген. «Бірін-бірі қолынан ұзатып салған» қыздар, «бірін-бірі қолыxadнан үйлендірген» жігіттер шынында қалай қиыссын?!

Сол қимастық әсерімен бәріне бір-бір шумақ арналғанда Мейрамбекке былай жазыппыз:

–Болған жоқ ренжуің, кектесуің,

Болған жоқ мақтануың, көп бөсуің.

Мейрамбек староста ылғи өстіп,

Аман өт ортасынан от пен судың.

«От» – азуын айға білеген декан Темірбек Қожаxadкеев те, «су» – староста жауап беретін топтағы қаперxadлеріне түк кірмей жайылып жатқан жиырма бес жүгірмек. Осы арада Мейрамбектің және бір қасиеті жатыр. Тіл табысу. Әрқайсысы әр қиырға ауа жайылатын жиырма бес болашақ «классик» пен диірмені дүрілдеп тұрған деканның аралығына дәнекер болғаны сондықтан.

Ол кіммен де болсын тіл табыса алады. Өйткені түсінік пен таным әлемі кең. Ел мен жер жайында сұрасаң да, тарих пен тілге тереңдесең де, ғарыш пен техника тақырыбына салсаң да, ішкі саясат пен сыртқы саясатты талқылатсаң да суырылып шығады. Кешегі өзіндей өндір студент пен Кеңес Аухадиев сынды абыз ақсақалды екі жағына алып, тонның ішкі бауындай болып ортасында отыру – оған түк те қиын емес.

Және бір қасиеті, шамасы қоғамға пайдалы, бірақ өзіне пайдасы азы – ақиқатты айтатыны. Студент кезімізде 45 минуттан қосарланған бір жарым сағаттық дәрісі жалықтыратын доцентке «аға, мына лекцияңыз түк қызық емес» дегенді айта алса, Мейрамбек айтатын. Басын кесіп алса да шындықтан жалтармайтын. Сабақты дұрыс өткізе алмаған ұстазға ол мінін бетке айту – студент үшін оңай ма? Жоқ. Бәлкім, деканымыз Мейрамбекті староста қойғанда осы тайсалмайтын, жалтарxadмайтын мінезін бағаласа керек.
«Қоғамға пайдалы, бірақ өзіне пайдасы аз» деуіміз тегін емес. Беріде үлкен мекеменің елеулі буынын басxadқарып тұрғанда жоғарыдағы министрдің қисынсыз талабын орындаудан бас тартады. Жай бас тартпайды, «мыxadнауыңызды орындайтын болсақ, онда тура керісінше жүзеге асады» деп хабарлайды. Нәтижесі… біздің турашыл досымыздың бұл қызметті өткізіп беруімен аяқталған.

Жылдар жылжыған сайын ол мінезден қайтпады, қайтқан не өткірлей түсті. Осы мінезі оны депутат етті. Жамxadбыл облыстық мәслихатына. Республиxadканың парламентіне біздің курстан бір азамат депутат болды. Облыстық және республикалық бағыныстағы қалалық мәслихатқа депутат болған үштің бірі – осы Мейрамбек досымыз.
Студент кезінде бәріміз оны Мейрамбек деп айтқанда, жалғыз қыз оған «Сақа» деп сөйлейтін. Ол қыз – Оңлагүл Арзықұлова старостамызбен бір ауылда өсіп, бірге оқыса керек. Мектепxadте, сосын факультетте бірге оқу – ерекше құбылыс. Екеуі туған топырақтың қасиетінен болса керек деп санаймыз.

Оңлагүлден білсек, оны бала кезінде бүкіл ауыл Сақа деген екен. Кейін бір кітабына алғысөз жазғанда рухани ағасы Шерхан Мұртаза да оны «Сақа» атаған.
Сақа. Ол да, біз де – асық атқан ауыл баласымыз. Сақа басқа асықтан анағұрлым ірі, сондықтан салмақты, қолға ұстағанға қолайлы келеді. Бояп қойса, тіпті көрікті. Иіріп, тастап жібергенде алшы түссе, өзіңді де айқұлақтандырып жібереді. Көзің түскен асықты шертіп атып қалғанда қалай мерейіңді үстем етеді.

Сақа – кезінде біз аударылмас деп жүрген староста сөзінің баламасы екен. Оның қызметін құйып қойғандай дәл бейнелейді. Сөйтіп, декан Қожакеев жиырма бес студенттің ішінде сақа тағаxadйындаған Мейрембекке өмір кейін де осы міндетті жүктеп отырды.

Мейрамбек Төлепбергеннің сақалыxadғы кейін өмір сатысының түрлі басқышxadтарында байқалып тұрды. Айталық «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаxadниясында департамент директоры болған жылдары. Қарамағындағы бірнеше қызметкерімен бірге біздің досымыз анау-мынау электровоз тарта алмас жүкті діттеген жерге жеткізіп жүрді. Онда Қорғастағы Алтынкөл стансасын және басқа комxadмуникациялық нысандарды салу енді басталған. Мейрамбек топты журналисті ертіп болашақта мұндай қандай сәулетті қала, экономикалық аймақ, логистикалық орталық болатынын түсіндіретін. Тілші қауымын ол жерде темір жол тұрмақ, кеден, экономика, сыртқы сауда, құрыxadлыс және басқа салалардың жілікті мамандары күтіп тұратын, кез келген сұрақтарға жауап берілетін.
Мейрамбек топты журналисті жинап алып, «Ақтөбе Қостанаймен, Арқалық Жезқазғанмен, Жезқазған Қызыxadлорxadдамен, Шалқар Бейнеумен байланысады әлі» деп сайрап тұратын. Тура геограxadфиядан сабақ беріп жатқандай. Онда Шар мен Өскеменді қосқан жол бітіп, Ақсу мен Курчатов арасындағы жол енді-енді салынып жатқан шығар. Мейрамбек ертек айтып тұрғандай көрінетін. Біледі екен, білген соң айтады екен. Енді бір кездегі курсxadтастар картаxadсымен айтсақ, Мылтықбайдың (Торғай даласы) ауылынан Әмірдің (Сыр бойы), одан Мұраттың (Маңғыстау түбегі) ауылына бір пойызбен жетуге болады. Соның бәрін әттең Сақамыздың осы үш курстасы да көрмей кеткені өкінішті.
Жоғарыдағы сөзімізде оның облыс әкімінің орынбасары болғанын тілге тиек етсек керек. Мұндай қызметке журналистер сирек жетеді. Біздің көз алдымызда облыс басқарған журналист Мұхтар Құл-Мұхаммед ғана. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне қалам ұстаған қауымнан Шыңғыс Мұқан, Мақат Садық, Рауан Кенжеханұлы сияқты аз ғана азамат жетсе, соның бірі Мейрамбек дейміз.

Мұнда да сақалығын көрсетті. Денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларын дамытуға үлес қосты. Таразxadдың мерейін асырған спорт сарайлары салынды. Қаншама әлеуметтік және өнер орындары жаңадан іске қосылды, ескілері жөнделді. Рас, қаржыны бюдxadжеттен депутаттар бөлгізетін шығар, бірақ Мейрамбектің талап қойғыштығы байқалмай қалмады.

Кейбіріне облыс әкімінің орынxadбасары ретінде тікелей жауапты болып, кейбіріне оның алдында немесе кейінірек ел-жұртқа жаны ашитын, жөн білетін ағалардың қатарында жүріп Тараздағы талай іргелі мәдени-рухани шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Иісі қазаққа ортақ Кененнің, Баукеңнің мерейтойлары тұсында, көзі тірі Шерхан Мұртазаны, Асанәлі Әшімовті, Күләш Ахметова мен Қаxadйырбек Асановты елге шақырып құрметxadтеуде бірқатар шаруаларға Сақамыз бас-көз болғанын білеміз.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Тараз қаласы таңдалғанда, бұл – аймақтағы атқамінерлерге де, менмін деген азаматтарға да үлкен сын еді. Сол сыннан сүрінбей өтуге кеңес беріп қоймай, білек түре кіріскеніне куәміз. Елдік тойын теледидар арқылы қазақ даласы тұрмақ, түркі әлеміне көрсету мақсатымен барғанымызда Мейрамбеxadгімізді аймақтағы қолынан нақты іс келген басшылар тобынан көріп, марқайғанбыз.
Сақа болмаса, депутат сайланар ма? Бергі үрдісте облыстардағы, Астана мен Алматы сияқты қалалардағы депутаттар тобында қалталы адамдар көптігі байқалатын. Орынды қаржысымен бірдеңе етіп ала ма, жоқ ақшалы адамнан аз да болса артық пайда келер деп халықтың өзі сене ме, мұны социологтар анықтай жатар. Біздің білуімізде, бұта басын шалар бизнесі жоқ журналистер: Мейрамбек Төлепбергеннің Жамбыл облыстық, Ержан Байтіxadлестің Қызыxadлорда облыстық, Қали Сәрсенбайдың Алматы қалалық мәслихаттарына депутат болуы – демократияның көріxadнісі. Ұлттық жаңғыру жорыxadғының баxadсында жүрген осындай әріптестеxadрімізге сүйсінеміз.

Депутат достарымыз сессияларда әкім баянxadдамасына бас шұлғып отырмай, дүр сілкінтер мәселе көтерxadгенде жаңғырығы Астанадағы бізге жетіп жатады. Осындайда журналисxadтердің «төртінші билік» деген алдамшы сөзді қанағат қылмай, биліктің нақты үш бұтағының бірі – заң шығарушы дәрежесіне жеткені қуандырады.

Сақа ретінде енді Қазақстан телерадио корпоxadрациясының Жамбыл облыстық филиалын басқаxadрып отыр. Төңірегінде: жас журналист, режиссер, оператор, дизайнер, тағы басқалары. Оларға журналистикада не істеуді өзі үйретеді. Студент кезімізде «ойыншы-жаттықтырушы» деген ұғым болды. Әсіресе, командалық ойындарда: футxadбол, баскетбол, регбиде кездесіп жаxadтатын. Біздің досыxadмыз – соның дәл өзі. Күніне ондаған бағдарлама шығатын «Қазақстан – Тараз» телеарнасындағы «Сыр-перненің» автор-айташысы. Эфирді жүргізгеннің қалай екенін бастан өткізген тұлғаның телеарнаны басқарғандағы жетістігі ерекше болмақ. «Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген 180-ге жуық хабарды өз авторлығымен эфирге шығарды». Бұл 2016 жылдың басындағы есеп болса, алдағы уақытта футболда Криштану Рональдудың соққан доптары сияқты бұл санның да өсе түсері күмәнсіз.

Өмірдің ғажаптығына таң қалмасқа болмайды. Студенттік жылдарды бір аудиторияда өткізген староста досыxadмызбен міне, алпыстың асқарына іліккенде тағы да бір мекемеде қызмет етіп отырмыз. Ол әлі сақа. Саны сексенxadнен асатын қызметкері бар ұжымның басшысы. Баяғы 25 баланың жауапxadкершілігіне қарағанда, мұнда талап үлкен. Мемлеxadкеттік ақпараттық саясат. Күнделікті және суыт жаңалықтар. Қоғамды жаңғыртудағы Елбасы қойған міндеттер. Аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы. Тіпті «Тараз» командасының қалай доп тепкеніне дейін. Бәріне эфирден орын берілуі керек.

Доп тепкен демекші, бұл досыxadмыздың тағы бір қабілеті – спорт комментаторлығы. Кезіндегі Қынаxadбай Аралбаев марқұм, қазір «Жетісу» арнасынxadдағы басшылардың бірі Мейрам Жанділдин сияқты сексенінші жылдар басындағы көгілдір толқында тікелей репортаж жүргізіп шыныққанның бірі. Содан шығар, ара-тұра қазіргі «Қазақxadстан» мен «Казспорт» телеарналаxadрындағы комментаторлардың орашалақ тілі мен қарадүрсін ойларын сынап көш-құлаш шолу жолдайтыны бар. Ерікxadкеннен емес, жаны ашығаннан.
Сонымен, біздің курстың сақасы енді үлкен ұжымның басшысы ретінде дүбірге толы мына дүниенің тынысын Қордай асуынан Шақпақ асуына дейінгі, Алатаудың өрінен Бетпақдаланың ортасына дейінгі алқаптағы қалың елге жеткізуде. Үлкен жауапкершілік. Қазіргі кезде күнділікті , үйреншікті тіршіліктен басқа террористік лаңкестік әрекеттер, су тасқыны, жердің дүмпуі де кездеспей қалмайды. Мұндай ақпаратты жеткізуде жеделдікпен қатар, жауапкершілік те үлкен. Сол сыннан бір ұжымның басxadшысы Мейрамбек Төлепберген сүрінген емес. Сүрінбесін де.

Саңлақ. Бұл сөзді үшінші сипатxadтама ретінде таңдап едік. Саңлақ журналист екені даусыз. Оны оқу бітіре салып орналасқан Алматы облыстық «Жетісу» газетінде дәлелдеген. Бұл – өте ерекше газет. Облыстық басылым болса да редакциясы ол жылдары астана Алматыда орналасып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің баспасының баспаханасында басылып шығатын. Редакцияның өзі «Социаxadлистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерімен, «Қазақстан коммунисі», «Ара» және басқа мүйізі қарағайдан басылымдармен бір ғимаратта еді. Осының өзі газеттің басқа облыстағы қатарластарына қарағанда, қағазының және безендірілуінің сапалы болуымен қоймай, ішіндегі материалдарының салмақты шығуына себеп болаxadтын.

Жұмабек Кенжалин «Социалистік Қазақстанда», Қали Сәрсенбаев, Дүрәлі Дүйсебаев үшеуіміз «Лениншіл жаста», Комунар Тәбеев, Болатбек Орманов «Қазақстан пионерінде» дегендей, бірнеше курстас ертеңгілік-кешкілік сол старостамызбен бір есіктен кіріп-шығатынбыз.

Алматыда басылатындықтан «Жетісу» газеті аптасына бес күн ертемен сиясы кеппеген қалпы алдымызда жатады. Басқа достар: Әмір Оралбаев, Уәлихан Тоқпатаев, Өтеген Наукиев, Мылтықбай Исмағұлов, Иса Тасқұлов, Мұрат Әбуов және басқалаxadры не жазғаxadнын оқу үшін Алматыдағы бас почтамп жанындағы аллеяға баратынбыз. Алxadлеяның екі шетінде әйнектелген тақтайxadшалар тұратын. Оған облыстық газетxadтердің Алматыға келген жаңа нөмірлерін (анығында үш-төрт күн бұрынғы) айқара беттерін іліп тастайтын. Содан курсxadтардың фамиxadлиясын іздейтін едік. Енді мына интернет, элекxadтронды-сандық заманда ертек айтып отырған сияқтыxadсың.

«Жетісудан» журналист әріптесіxadміздің талай мақаласын қызыға, құныға оқып едік. Кейбірі әлі есте. Одан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдаxadрының басында егемендікке иек арттық. Жаңғырту (ол кездегі Горбачевтің үкілеген атауы – қайта құру) желімен «Халық кеңесі» газеті шығатын болды. Жаңа республикалық күнделікті басылымға сайдың тасындай іріктелген журналистер жиналды. Жанболат Аупбаев, Марат Тоқашбаев, Самат Ибраиxadмов, Нұрдәулет Ақышев, Бақытxadжан Тобаяxadқовтармен қатар Мейрамбек те осында шақырылып, белсене қызмет атқарды. Ана тіліне мемлекеттік мәртебе әперу, республиканың тәуелсіздігі мен тұтастығына көз алартқандарға тойтарыс беру, Қазақстанның ғарыш державасы болуын негіздеу, ұлтаралық алауызxadдықты қоздырмақ болғандарды сабаxadсына түсіру – ол жылдардың басты әрі өзекті тақырыптары еді. Мылтығы, анығында қаламы қолыxadнан түспеген Мейрамбек Мылтықбайұлы осы жауапты шептерде елдікті қорғаған тілшілік күзетте тұрды.

Сосын елдің ең басты газеті «Егемен Қазақстанға» қызметке келді. Бұл – республикада жаңа Констиxadтуция арқылы экономикалық, құқықтық, әлеуметтік реформалар басталған тұс. Біздің сақамыз енді саңxadлаққа айналып, ең қажетті тақырыптарды толғады.

Жалпы, «Жетісу», «Халық кеңесі» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет еткен жылдары жазxadған мақаxadлалары бірнеше кітаптың өзегіне айналxadды. «Сағасында Таластың бір ауыл бар», «Ақиқат алдында», «Саңырақ баxadтыр», «Баһадүр Бақтыораз», «Қос жүрек – бір тағдыр», «Заман сөзі» тура қазір біздің алдымызда жатыр. Көбін баспадан шыға сала оқығанбыз. Баспадан шыққан не, талайы мақала кезінде сол газет беттерінде тамсандырған. Қарап отырxadсақ, бәрі әлі өзекті.

«Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты филоxadлогия ғылымдарының докxadторы, профессор Әлімхан Жүнісбеxadковпен сұхбаты осыдан он жыл бұрын «Атамұра» баспасынан шыққан «Замана өзі» кітаxadбына басылған. Оқыңыз: «Әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар: біріншісі – әліпби, екіншісі – таңба, үшіншісі – емле-ереже деңгейі». Міне, қазіргі күннің бағдарламасы.

Қазір Мемлекет басшысының ұлттық сананы жаңғырту жайындағы айтулы мақаласы қоғамға қозғалыс түсірді. Бұл орайда Мейрамбек телеарна басшысы ретінде де, жеке журналист ретінде де өзіxadнің тың үлесін қосар, ал ХVІІІ ғасырда ел қорғаған Саңырық батыр, ХІХ ғасырда қазақ айтыс өнерінің жауһары болған Ұлбике Жанкелдіқызы, ХХ ғасырда бұрын ата-бабасы мінбеген әскери ұшаққа мініп Отан қорғаған Бақтыораз батыр, қазақ даласына соны спорт түрі, кейін Олимпиада алтынының кеніxadшіне айналған боксты әкелген Шоқыр Бөлтекұлы туралы зерттеу кітаптары – ұлттық сананы жаңғырxadтудың іргетасына құйылған материалдар деу керек. Әркім ұлттың рухани көгіндегі 100 есімді айқынxadдайды десек, біздің курстасымыз газеттегі, кітаптағы мақала, телеэфирдегі сұхбаттары арқыxadлы ондай тұлғалардың талайын насиxadхаттаған. Ұзақ жыл үкімет басқарған Бәйкен Әшімов, қаламгер Әкім Тарази, Қаратау қазынасын тапқандардың бірі геолог Хасан Исмурзин, кешегі күркіреп өткен соғыстың талай ақтаңдағын ашқан тарихшы Төлтай Балақаев – журналист кейіпкерлерін санап тауыса алмаймыз.

Мемлекет басшысының мақалаxadсында туған жерге қатысты терең ойлар бар емес пе?! Бұл орайда Мейрамбек Төлепберген жиырма екі жыл бұрын шыққан «Сағасында Таластың бір ауыл бар» кітабыxadнан бастап әлі күнге туған жер жайындағы толғаныстан арылған емес. Еліне арнайы апармаса да ауылыxadның әрбір адамы, әрбір сайы мен тасы бізге таныс болып кеткен. Жазбалары арқылы да.

Электронды ақпарат саласындағы еңбегі тағы бір төбе. Өзінің «Қазақстан – Тараз» арнасындағы қазіргі хабарын айтпағанда, «Хабар» мен «Жетісу» және «Қазақстанда» көптеген бағдарламасы эфирден өтті. Жетісу өңіріндегі елге елеулі, халыққа қалаулы Кеңес Аухадиев, Бижамал Рамазанова, Сәкен Иманасов, Әбілсейіт Айханов, Ізбасар Балтағұлов, Алмабек Нұрышев, Нүсіпбек Әшімбаев сияқты аға-апалар оның «Аманат» хабарына қатысып, іргелі ойларын, жарқын естеліктерін айтты. Осы және басқа кейіпкерлердің кейбірі енді о дүниеге аттанып кеткенін ойласақ, олардың бейнесінің телевизияда, яғни ұлттық жадыда сақталып қалулары – Мейрамбектің тілші ғана емес, азамат ретіндегі еңбегінің арқасы.

Шерхан Мұртаза туралы деректі фильмінің атының өзі неге тұрады – «Шындықтың жебесі». Төле би туралы фильмін қалай үкілеген – «Қазақтың кемеңгері». Мұндай журналистік ізденістер ізсіз кетуі мүмкін емес, ол үшін Мейрамбек Төлепберген респубxadликалық байқауларда талай жүлде алған.

Бір сөзбен, журналистика саңлағы.

Үш тарауды қосып түйіндесек, стаxadроста, сақа, саңлақ – біздің Мейрамбек.

Қайнар ОЛЖАЙ

Айқын. – 2017. – 3 мамыр (№64)



«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым»

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым»

Ұлт поэзиясының қара нары Жамбыл Жабаев 1846 жылдың ақ түтек, ақ боранды ақпанының соңғы күнінде Шу өзені бойындағы Жамбыл тауының етегінде дүние есігін айқара ашқаны мәлім. Ақтаңгер ақын ол туралы «Менің өмірім» атты өлеңінде бүй дейді:

«Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,

Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,

Ел көрдім, еңіреп босқан аңды көрдім,

Қойнында Алатаудың зарды көрдім…».

Иә, ол дәуірдегі ел ішіндегі әлеуметтік жағдайды теңсіздікті Жәкеңнің жыры арқылы да жазбай тани түсеміз. Қоқан хандығының езгісінен қапа болған қара орман халықтың қайғысын ақын жүрегі қарс айырыла сезбесе, кім сезсін?! Ақ патшаның әмірі мен қоқандықтардың жосықсыз алым-салығы елді титықтатқанын да ХХ ғасыр Гомерінің зарынан аңдай түсетініміз тағы бар. Ол сол дәуірдегі қалың бұқараның тұрмыс кешу қалыбын, діңкелеген кейпін айна-қатесіз жанды картина ретінде көз ұшында көлбеңдетіп қоя берді.

Әсілінде көпшілік айтыс ақыны ретінде таныған Жамбыл Жабаевтың жазба поэзияға жатық болғаны да есті жұрттың көңіл түкпірінде сақтаулы. Сегіз жасында әкесі молдаға бергенде тәлімгерінің тәлімі кәллаға қонбай, ескіше оқуды қомсынбаған Жамбыл өлеңдерінің бірінде:

«Бала келсе сабаққа,

Жем аңдыған дорбадан.

Ақ сәлдесі басында,

Бозінгендей боздаған», –

деп, молданың қисынсыз әрекетін әшкерелей түседі.

Шапыраштының Екей руынан тараған Жәкең «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деп өз руында алдаспан ақындардың көп болғанын да сөз етеді. Қазіргіше айтсақ, осындай үлкен әдеби орта Жамбылдың қанатының қатаюына мол септігін тигізгені ақиқат. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдағы суырыпсалмалық өнердің классигі, М.Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы» деп атаған Сүйінбай Аронұлынан бата алған. Содан болса керек, «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, ұлы ақын ұстазының атын ұран етті.

«Жылқышы», «Сараң бай мен жомарт кедей» атты өлеңдерінде сол кездегі бай мен кедей арасындағы арақатынасты шендестіре отырып жырлады.

Малы көп бай жылайды қар жауғанда,

Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.

Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,

Әйелі шелек толы сүт сауғанға.

Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,

Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.

Ең болмаса, айранға тойғызса деп,

Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап», – деп дәуір үнін жеткізген Жамбыл Жабаев ақындық сертіне адалдық танытып, елдің мұңын мұңдаудан еш танбады.

Жамбылдың да жүрегін махаббат дерті меңдеп, алпыс екі тамырын идірсе керек. Мәселен, Бұрым қыз хақындағы өлеңінде ол «Сен лашын болғанда, мен ақ сұңқар Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр» деуінен махаббаттағы сәтсіздігі аңғарылатындай. Қалай десек те, өлеңдерінде лашын, ақ сұңқар, тұлпар, қорғасын, қаңбақ, құрық, құлын секілді сөздерінен ақынның ойлары теңеулермен қымталып, ойды образға орап беретіндігін аңғару қиынға соқпайды.

Жалпы, айтыс әлемі туралы сөз бола қалса, Жамбыл мен қырғыз ақыны Тоқтағұл арасындағы сөзсайыс жұрттың есіне бірден түсіп, елең еткізері хақ. Тоқтағұл мен Жамбыл ілгеріден таныс, бір-бірінің өнерін қатты қадірлеген елдің маңдайалды ақындары екені айқын. Шәбден манаптың асында «қашқын» атанған Тоқтағұлға:

«Тұлпарды тұлпар таниды,

Ертеден шапса талмайтын.

Сұңқарды сұңқар таниды,

Ілерде жемін самғайтын.

Батырды батыр таниды,

Ұрандап жауға шапқанда.

Жауған оқтан қайтпайтын,

Жақсыны жақсы таниды,

Сыртынан ғайбат айтпайтын.

Ел бұлбұлы Тоқтағұл,

Жырымен жауын жасқайтын.

Пенде емес пе Тоқтағұл,

Ордаға аяқ баспайтын.

Қарғаны қарға таниды,

Қарқылдап қағып қанатын.

Құзғынды құзғын таниды,

Өлексеге ауыз салатын.

Болысты болыс таниды,

Параны жалмап алатын.

Манапты манап таниды,

Нашарға құрық салатын.

Ақынды ақын таниды

Сөз қадірін аңдайтын.

Тоқтағұл мен Жамбылдың

Жырлары сел боп ағатын.

Қиядан ұшса қос қыран,

Бірін-бірі табатын», —

деп сөз бастаған Жамбыл маңдайынан тарамдалып тер ағып, Тоқтағұл досының ірілігі мен серілігін, ақжарқын мінезін, пейілін толғатады. Осы сәтте жүзіне шаттықтың табы ұялаған Тоқтағұл да шамырқанып, досының ниетіне тәнті қалыппен қомузын қолына алып:
«Қазақта Жамбыл сен едің

Шалқып жатқан көл едің.

Өлеңі оттай лаулаған

Тасып бір өткен сел едің.

Қырғызда бір бауырың

Тоқтағұлың мен едім.

Қай қырғыздан кем едім,

Қарсы болып манаппен

«Итжеккенді» көргенмін.

Жаласымен бектердің

Сібірде де өлмедім.

Қорлық көріп жүргенде

Өлең болып ермегім.

Сағынып елге келгенде

Намысты қолдан бермедім», –

деп, Сібірге айдалғандағы көрген құқайлары жайлы термелеп, қыр соңына шырақ алып түскендерге ерекше екпінмен үн қатады.

– Ей, манаптар, манаптар

Шәбденнің бұл асында

Қырғыз бенен қазақтар,

Бас қосады деген соң

Жиналыпты санаттар.

Болыс пенен билерің,

Қазан аңдып бұл күнде

Бұралқы иттей жалаңдар, –

деп барып тоқтағанында, зорсынғандардың жолында жанын құрбан санаған әлдекімдердің танаулары делдиіп, шамданып, шатынап кетеді. Алайда кім не десе де, достықты ту еткен қос алыптың уытты шумақтары көпшіліктің көңіл пернесін дөп басқанын ешкім де жоққа шығара қоймас.

Жамбылдың Айкүміспен айтысы да қыз бен жігіт арасындағы айтыстың классикалық үлгісі ретінде тарихтан ойып тұрып орын алғаны мәлім. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған Ұлы абыз мінеки, 170 жасқа толып отыр. Оның мол мұрасын ұрпақтар санасында жаңғырта түсу баршамыздың парызымыз екені анық. Жалпы, Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, айтыс өнеріндегі рөлі туралы бір мақалада толыққанды айтып кету мүмкін емес. Ендеше ХХ ғасыр Гомері туралы алдағы уақытта да айтыла, жазыла жатар…

Табиғат АБАИЛДАЕВ,

Ақ жол. – 2016. – 23 ақпан. – 6 б.

Қаһарман барлаушы

Қаһарман барлаушы

Архив деректеріне жүгінсек, Ошақбай Ілебайұлы Апбасов 1942 жылдың қаңтарында 19 жасында Жамбыл облысының Жамбыл аудандық әскери комиссариаттан соғысқа шақырылған. Майданда түрлі әскери амалдарды меңгеріп, қысылтаяң кезде қырағылық танытқан сержанттың жауды қапыда қалдырып, әбжілдік танытқан кезі аз емес. Алдымен, 1944 жылдың маусымында жауға қарсы шайқаста көрсеткен жанқиярлық қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады (№30674078 жазба). Бұл медальға ұсынылған марапаттау қағазында 1-дивизионның 2-батареясxadы есептобының командирі, гвардия сержанты Ошақбай Апбасовтың 1944 жылдың 27 маусымында жасаған алғашқы ерлігі жайында баяндалады. Дәл осы күні сағат

11-де Бешенковичи ауданынан ілгері жылжып бара жатқан кеңестік әскерлерінің колоннасына бір топ неміс солдаты Верховье селосында шабуыл жасайды.

Ал, 1944 жылдың 23 мауxadсымындағы гвардия сержанты О.Апбасов берген нақты дерекxadтердің арқасында, Шумиxadлиxadно аудаxadнында жауxadдың екі батареясы табанда жойылxadған. Міне, осылайша қазақ сарбазының ұрыс даласында көрсеткен табандылығы мен қырағылығын, жаудан сесxadкенбес қайсарлығын, ақылxadдыxadлығы мен білгірлігін жоғары бағаxadлаxadған 1-дивизионға қарасты 2-батарея командирі, гвардия капитаны Угрюмов мемлекеттік награxadдаға лайық деп тапқан. Бұл әскери құрыxadлымның Белоруссия жерін азат ету майданына белсене қатысқанын архивтік деректер айғақтайды.

Қазақ жерінен аттанған майxadданxadгерxadлердің қай-қайсысы да елден жырақ, қан майxadданның қақ ортасында жүріп, сол кезxadдегі ортақ Отанын басқыншылардан азат ету жолында бар қабілетін, білімін жұмxadсап, жау қолында қалған қалалар мен ауылxadдарды босатып алуда кескілескен ұрысxadты бастан кешіп, ерліктің үлгісін көрxadсетxadкені ақиқат. Олардың алдыңғы сапынxadда гвардия сержанты Ошақбай Апбасовxadтың болғанына тарихи деректер куә.

Тағы бір архивтік мағлұматқа көз жіберелік. Бөлімшенің 1944 жылдың 23 қыркүйегіндегі №68 бұйрығында (архив ЦАМО, қор 33, хаттама 690155, сақтау бірлігі 6243, жазба №35454998) гварxadдия сержанты Ошақбай Ілебайұлы Апбасовтың «Қызыл Жұлдыз» орденіне ұсынылғаны жөнінде толық мәлімет келтірілген. Мараxadпаттау қағазында баянxadдалxadғанxadдай, Витебск бригадасы 1/37 гвардиялық армиясы зеңбіxadрек артиллерия басқармасы бақыxadлауxadшылар взводының аға барлауxadшысы О.Апбасов 1944 жылxadдың 13 қыркүйегінде жау әскерінің күшxadxadті қарxadсылығына қарамастан, өз өміxadріне қауіп-қатер төніп тұрxadса да, қаһарxadманxadxadдықxadпен жау шебіне бақылау жүрxadгізxadген. Қазақ барxadлауxadшысының себелеxadген оқxadтың астында қалып, батыл әрі жеxadдел іс-әрекетінің нәтижесінде жауxadxadдың 2/105 мм батареясы мен 3/75 мм батаxadxadреяxadсының орxadны анықталып, Балдон аудаxadнынxadда дұшпанның жаяу әскерінің танкxadке шоғырланып жатқаны туралы мәліxadxadметі дер кезінде қолxadбасxadшылыққа жетxadкіxadзіxadледі. Соның нәтижесінде кеңес артилxadлерисxadтері жаудың 2 батареясының тас-талқанын шығарады. Сондай-ақ, неміс басқыншыларының жаяу әскер батальоны жауындай себелеген зеңбірек оғынан тоз-тозы шығып, жан-жаққа бытырай қаxadшаxadды. Сөйтіп, фашистердің бір машинасы табанда істен шыxadғаxadды. Аға барлаушы Ошақбай Ілебайұлы осы ерлігі үшін 1-барлауxadшылар дивизионының бастығы, гвардия аға лейтенанты Тюхов пен бригада командирі, гвардия майоры Кулиштің ұсынуымен жоғары марапатқа – «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болады. Бұл майxadдангердің ұрыс даласында елін қорғау жолында көрсеткен жанxadқиярлық ерлігіне көрсетілген үлкен құрмет екені сөзсіз.

Әрине, оқ пен оттың астында, толарxadсақтан саз кешіп, ел мен жердің азатxadтығы үшін күші басым, айлалы жауxadмен алысқан жауынгерлердің бәрі де қолыxadнан келгенше аянып қалмағаны белxadгілі. Қай майдангер де жеңіске жету үшін кескілескен майдан шебінде бірінші болып басxadқынxadшыларға тап беріп, жусатып салуға ұмтылатынын әр арxadдаxadгердің әңгімесінен естіп, ұғып жүрген жоқпыз ба?! Сол себепxadті кейіпкеріміз Ошақбай Ілебайxadұлының біз сөз еткен істері де басқа майдангер серіктестерімен бірге жүзеге асырылған сәтті опеxadраxadциялардың бірі екендігінде еш күмәніміз жоқ.

1945 жылдың сәуірінде неміс басқынxadшылары жеңіліске ұшыxadрап, Кеңес Одағының аумаxadxadғыxadнан өз жерлеріне қарай тықxadсырыxadлып, кеңестік армияxadсыxadның жеxadңісxadке қол жеткізе басxadтаған кезі еді. Бұл уақытта кіші лейтенант әскери шенін алған Ошақбай Апбасовтың тағы бір ерлігі үшін 1945 жылдың 9 сәуірінxadде дивизион командирі, гвардия майоры Малышевтің ұсынуымен, оған II дәреxadжелі «Отан соғысы» ордені беріледі. Гварxadдия кіші лейтенанты О.Апбасов бұл жолы қандай ерлік жасады дейсіз ғой?! Енді соған тоқталайық. Бұл кезде Кеңес әскерлерінен күн-түн санап, сағат санап, сәт санап үлкен шығынмен, зор күшxadпен ығысқан неміс басқыншылары әрxadбір сүйем, әрбір орам үшін жанталаса тойxadтарыс беруге тырысқаны тарихтан аян. Әсіресе, Кенгисберг қаласы үшін қанxadды шайқас жүріп жатқан болатын. Ошақxadбай Апбасовтың осынау шайқаста көрсеткен ержүрек іс-қимылы жөнінде марапаттау қағазында гвардия майоры Малышев былай деп нақты әрі сүйсіне жазады: «Кенигсберг қаласы үшін болған шайқаста өзін ержүрек офицер ретінде көрсетті. Жаяу әскер қатарында жүріп, жаудың батареяларын, ДОТ, ДЗОТ орнын анықтауды ұйымдастырды, осылайша 4 артиллерия батареясын, ДОТ, 6 ДЗОТ-тын байқаған. Бір өзі 2 артиллерия батареясын, 3 миномет батареясын және 4 ДЗОТ-ты тапты. Батареяның оқ ату нысанасына түзетулер жасау арxadқылы жаудың артиллериялық батареясының көзі жойылxadды, 2 ДЗОТ-ы мен жаяу әскер взводына дейін талқандалды». Міне, нағыз ерлік деген осы болар, сірә!..

Осылайша, Ошақбай Ілеxadбайxadұлыxadның жаудың берік бекіxadнісін дөп басып, анық танып, артиллериялық, минометтік батареяларының орналасуы жөнінде аса құнды деректерді алуы арқасында, олардың көзі жойылып, әскерлерімізге жеңіспен алға жылжуына мүмкіндік туған. Архивтерде қатталып, осы күнге дейін құнды құжат ретінде сақxadталып келген фактілер бізге батыл барлаушы, қайсар майдангер, қаһарман қазақ офицері жайында осылайша сыр шертеді.

Ошақбай Ілебайұлы елге оралысыxadмен, еңбекке бел шеше араласып, парxadтия ұйымдарында бірқатар жауапты қызxadметтер атқарды. Атап айтқанда, Жамxadбыл облыстық партия комитетінің партия бөлімінде нұсқаушы, кәсіподақтар және комсомол органдарында жауапты жұxadмыстар атқарады. Өз ісіне мығым, ортасына сыйлы еңбек ардагері партия қызметінде де үлкен абыройға бөленгені анық.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданынxadдағы сол кездегі Сталин атындағы кеңxadшарxadда партия бюроxadсының хатшысы, Жамбыл атындағы кеңшардың, Жуалы ауданының Ленин атындағы кеңxadxadxadшардың төрағасы болып абыройлы қызxadметтер атқарған. Бейбіт күнде де бір тыным таппаған еңбек ардагері, партия қызxadметxadкері Ошақбай Апбасовтың бар қажыр-қайраты, қабілет-қарымы, білімі мен тәжірибесі туған елін көркейтуге, экономикасын еселеуге, өзіxadне жүктелген қыруар тапxadсырмаларды белxadсенxadділікпен атқаруға жұмсалғаны шүбәсіз.

Нұрлан ҚАЛҚА,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты

Жамбыл облысы

Егемен Қазақстан. – 2016. -10 мамыр. – 4 б.



Қос ғасырдың куәсі (Несіпбек Таңатаров 100 жасқа толды)

Қос ғасырдың куәсі (Несіпбек Таңатаров 100 жасқа толды)

Ғасыр жасаған ардагер 1918 жылдың 20 ақпанында Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылған. Осы жылы алғаш Куйбышев қаласындағы 217-ші полкта болып, Украинаның Житомир қаласына жіберіледі. Онда екі жыл борышын өтегеннен кейін Приморье өлкесіне, Владивосток қаласында болады. Соғыстың қарсаңында Киевте Отан алдындағы борышын өтейді. Ал соғыс басталысымен, бірден майдан даласына аттанады. Соғыс даласында Полтава түбінде екі рет жараланып, госпитальға түскен. Дәл осы кезде қала жаудың қоршауында қалып кетеді. Немістер госпитальда жатқандарды тұтқындайды. Тұтқындалғандардың қатарында Не сіпбек Таңатаров та болады. Ол 1945 жылға дейін тұтқында болып, одан кейін екі жыл Донбасста зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына араласқан.

Елге 1947 жылы оралып, туған ауылында 20 жыл шопан болған. 1976 жылы зейнетке шыққанша құрылыс саласында тер төккен. Несіпбек ата әр жылдары Ұлы Отан соғысының мерекелік медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ «Үздік шопан» деген атаққа да ие болған. 100 жасаған ардагерді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова мен ТИГУ-дің қызметкерлері құттықтап барды. Қонақтарды мерейтой иесінің өзі қарсы алып, емен-жарқын әңгіменің тиегін ағытты.

Сондай-ақ олармен суретке түсіп, сауалдарына жауап беріп отырды. Осы арқылы ол ғасырды еңсерсе де әлі қуатты екенін байқатып, соғыстағы естеліктерімен бөлісті. Несіпбек ата ұзақ жасаудың ешқандай құпиясы жоқ екенін алға тартып, әрқашан көңілді жүру қажет екенін айтады. Сонымен қатар жан-жағындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, туындаған мәселелерді жүрекке алмау қажет екенін де тілге тиек етті. Ақсақалдың осыншама жасқа келуінің тағы бір сыры – өмір бойы таза ауамен тыныстап, дала еңбегімен шұғылданған. Сол әдетінен әлі күнге дейін танбаған Несіпбек ата қазір де үй шаруасына араласып кетуге бейім екен. Бүгінде қос ғасырдың куәсі болған ҰОС ардагері 5 ұл, 1 қызынан 21 немере мен 10 шөбере сүйіп отырған бақытты қария.

Шынболат Сейдуалиев

Жамбыл-Тараз. — 2018. — 23 ақпан



Майдангерлермен мақтанамыз

Майдангерлермен мақтанамыз (Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев )

Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің ерлігі, өнегеге толы өмірі арада қанша жыл өтсе де, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ретінде айтыла береді. Өйткені Жеңіс мерекесі – жер басып жүрген барша адамзат баласы үшін мерейлі той.

Осындай қуанышты мерекеге орай «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен Жамбыл медициналық колледжінің студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев және «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Дүкенбай Ермековпен кездесті. Сол сұрапыл отты жылдарда кеудесін оққа тосып, ерліктің үлгісін көрсеткен жерлес жауынгерлердің арасында Шалданбай Шаңбаевтың есімін ерекше атауға болады. Тағдырдың жазуымен қаршадайынан соғысқа аттанған ол кезінде өзі секілді барлық майдангердің көкейінде тек бір ғана мақсат болғанын айтты: «Ол – Отанды жаудан қорғау және тек қана жеңіс» болатын. Міне, сол мақсатқа жеткен, бізге бүгінгі бейбіт тірлікті сыйлаған аға буын өкілдеріне құрметтің қандайы да лайық.

Шалданбай ата 1924 жылы Т. Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Балалық шағы, отызыншы жылдардағы қиын нәубет жылдары әлі күнге дейін көз алдында. Сол тұста көрген қиындықтар бала Шалданбайды төзімділікке тәрбиелеп қана қоймай, басқа түскен ауыртпалықтарды жеңе білу қасиеттерін де бойына сіңіре береді. 1942 жылы әскерге шақыру хатын алған кезде ол он сегіз жаста еді. Әскери жолы Волга өзенінің бойында оқу-жаттығудан басталады. Осында төрт ай оқығаннан кейін 27 желтоқсанда параходпен Сталинград қоршауына аттанады.

– Сол кезде тізеден қар, үскірік аяз болды. Соған қарамастан жеңіс үшін тек қана алға қарай адымдай бердік, – деп еске алады ақсақал.

Осы жерде немістермен алты ай қырғын соғыс болады. Генерал Павел Павлович басқарған Сталинград майданының әскерлері келіп, жауды артқа шегіндіреді. Павловичтің әскеріне қосылып, ол Кательниково, Запорожье, Одесса қалаларын, Румыния мен Венгрияны жаудың қолынан азат етуге қатысқан. Содан Франкфурт-на-Одере қаласы арқылы Берлинге жақындайды. Осылайша 9 мамырда Жеңіс күнін Берлинде тойлайды. Соғыс біткеннен кейін 1946 жылы елге аман-есен оралады. Алайда ауылға келген кезде Шалданбай ата ағасының соғыста хабар- ошарсыз қалғанын естиді. Ағасының 2 ұл, 2 қызын асырап-бағу үшін оқудан бас тартып, тракторшы болып жұмыс істейді.

Бүгінде 95 жасқа қараған Шалданбай ата ағайын-туғандары, бала-шағасының ортасында бақытты да, берекелі ғұмыр кешіп отыр. Тоғыз ұл-қыз өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отырған ақсақал әлі де тың, сергек. Кеудесіндегі орденьдер мен медальдар – ардагердің жүріп өткен жолдарының бедерлі белгісіндей. Осылайша әсерлі әңгімесімен бөліскен Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев студенттерге оқуда озат, еңбекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болуларын айтып, ақ батасын берді. Бұдан соң «Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ төрағасы Дүкенбай Ермеков сұрапыл соғыста елдігімізді нығайта білген азаматтардың ерен ерліктерін баяндап, жастарға үлгі етті. Оның айтуынша, Ауған соғысына облыстан 2200 азамат аттанып, оның 71-і келмеген.

Сондай-ақ кездесуде әскери дайындық тобының студенттері «Соғыс сабақтары» атты ойын-тренинг өткізіп, қонақтарға автоматты шашып-жинау бойынша біліктіліктерін көрсетті.

Шынар Асанқызы

Жамбыл — Тараз. — 2018. — 11 мамыр

  • 3201
  • 72
  • 107
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ. csmb@bk.ru,
Разработано: Агентство «5-й Элемент»