Тараз тарихы – табыс көзі

Тараз тарихы – табыс көзі

Тараз – 2000 жыл бойы жеті бас аждаһа жаудың жалынына, жеті жұттың кеселіне төтеп берген шаһар. Жеті рет жермен жексен болып, жеті мәрте қайта құлпырған мекен. Жетпіс елдің өкілін қабылдап, қырық рулы елге пана болған қасиетті орда. Қанша қиын-қыстау кезеңді көрсе де, Тараз – бар байлығымен, тарихи мұрасымен, аңыз-әфсанасымен бүгінгі күнге дейін жетіп, өзінің өміршеңдігін паш етіп келеді.

Екі жыл бұрын бұл шаһарда дүркіреп Қазақ хандығының 550 жылдығы, ал 2002 жылы Тараздың екі мың жылдық тарихы атап өтілген. Қаншама көне ескерткіштер қалпына келтірілді. Тараз табанындағы ежелгі шаһардың орны қазылып, топырақтан тазартылды. Туризмді дамытуға, қонақтарды қарсы алуға барлық жағдай жасалды. Қонақүйлер, түрлі деңгейдегі мейрамхана, мәдениет ошақтары өз қызметін ұсынуда. Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырып, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі пайдалануға берілді. Тіпті әуежайдың өзінде жаңа терминал іске қосылды. Жаңа ұшу алаңы төселіп, барлық типтегі ұшақтарды қабылдау мүмкіндігі туды.

Туризмнің кіндігіне айналуға әлі де көптеген жағдай жасалынып жатыр. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Тараз бен Түркістан қалаларын жылына 1,5 миллион турист тамашалайтын көрінеді. Бұл көрсеткіш қуантарлық жағдай. Алайда мұның басым бөлігі өз азаматтарымыз екенін мойындауымыз қажет. Туризм ошақтарына қаржы көптеп құйылу үшін шетелден қонақтардың көптеп келуі абзал. Бір турист кемі 300 доллармен қазақ шекарасын аттаса, оны бізде қалдырып кететініне күмәнданбаңыздар. Біздің міндет – иіліп жастық, жайылып көрпе болып қызмет ету. Келесі келгенде ол екі есе ақшасымен, екі досын қосақтап ертіп келетін болады.

Бұл тұрғыда ел үкіметі туризм бағытына қолдан келген көмегін көрсетуде. Сонымен қатар жеке компаниялар да, кәсіпкерлер де атсалысуда. Жақында Qazaq Air әуе компаниясы да киелі шаһарға Алматы – Тараз бағытындағы жаңа рейс ашты. Елдің ірі мегаполисі мен көне шаһардың арасында бұған дейін әуе жолымен ешқандай байланыс болмағанын ескерсек, бұл қадам үлкен өзгерістердің бастауы екені, әсіресе, ел аралаушылардың айы оңынан туатынын көруге болады. Алматы әуежайы Орталық Азиядағы ең ірі әуе қақпасы екені аян. Бұл қалаға батыс пен шығыстан қатынайтын әуе компаниялардың санында шек жоқ. Енді шетелдік тәкаппар туристі Алматыдан алты сағат уақытын жолға сарп еткізбей, небәрі 55 минутта Әулиеата әуежайына Bombardier Q400 ұшағымен жеткізуге болады.

Осы рейсті пайдаланып өткен аптада алматылық бір топ турист, журналист, блогері бар он шақты кісі жиналып, Таразға барып тамсанып қайттық. Жаңадан ашылған рейспен аптаның сенбі, жексенбі демалысында қандай қызыққа бөленуге, қанша тарихи орынды аралап көруге болатынын көзімізбен көрдік.

Көне Тараз» археологиялық паркі

Алматының мың жылдығын дәлелдеу, әлбетте қиынға соққаны белгілі. Таразға 2000 жыл толғанын – қаланың қақ ортасында табылған жеті қабат жерастында ғасырлар бойы сақталған ежелгі шаһардың орны айтпай-ақ көрсетіп тұр. Қалашықты қазу кезінде мәдени қабаттардың барлық қатпарларын ашу арқылы көне Тараздың ең төменгі қабаттары б.д.д. І ғасырдың соңында бұл аймақта тіршілік болғанын көрсетеді.

Жамбыл облысының басшылары екі жылдай уақыттың ішінде бұл аймақты «Көне Тараз» археологиялық паркі етіп ашты. Аспан астындағы музейде әлі күнге дейін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер қойнауында қалған ежелгі шаһар толық аршылып біткен жоқ. Дәл осы жерден табылған түрлі бұйымдар мен жәдігерлерді парк аумағындағы жабық музейде экспонат түрінде сақтаулы. Аршылған ежелгі қаланы жаңбыр суы шайып кетпес үшін оның аумағын үлкен шатырмен жауып қойғаны қуантты. Қонақтар әр тасты, әрбір аршылған дуалды түртпектеп шұқыламас үшін арнайы ағаштан жасалған жолдар салынғаны – мәдени мұрамыздың сақталуы жолындағы оңтайлы шаралар екеніне көзіміз жетті.

Бірақ біздің топ, Тараздың тарихын білмекке, көрмекке келген басқа да туристер бұл игіліктерге қолы жетпей, құйған қаржысының желге ұшқанын түсініп, Қарахан мен Айша бибі мазарына барудан басқа амалы жоқ екенін түйсінді. Ұзын лентамен жауып тастап, «бұл жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, басшылық кіргізбесін деген талап қойды» деп қарауыл көне шаһардың маңайына бармауымызды өтінді. Дегенмен «біз журналист едік, анау едік, мынау едік» деп маңайлап барып көруге рұқсат сұрап, суретке түсіріп алдық. Көктем мен жаз айларында туристердің қаптап жүретінін ескерсек, Тараз қаласы басшыларының мұндай қадамға барғаны қызық-ақ. Не болмаса ескертпе жазылған қағазды да ілмеген. Көзі ашық, көкірегі ояу шетелдік турист, өз еліне барған соң Таразда дым көре алмағанын отандастарына айтады, жеткізе алмағанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазады. Қанша бюджетке түсетін қаржыдан қағылатынымыз хақ. Осыдан кейін «елімізге турист неге аз келеді» деп бас қатырып, түрлі конференциялар ұйымдастырып тағы ақшамызды шашамыз.

«Сын болмай, мін болмайды» дейді атам қазақ. Барымызды насихаттасақ, бай мұрамызды көрсетуге қолжетімді етсек, төл тарихымызды танытсақ – Ұлы дала елін көргісі келетіндердің қатары көбейіп, елдегі туризм саласы аяғынан нық тұрып, бюджет түсімдерінің негізгі тетіктеріне айналар еді.

Бір өкінішті бір қуаныштың басатыны рас екен. Археологиялық парк аумағында шығыс стилінде өрілген мұнара бар. Осы күні есігі айқара ашық екен, бізді мұнараның жоғарғы қабатына көтерілуге тегін кіргізді. Жалпы, төлеп кіретіндерге бағасы қолайлы – 200 теңге. Әлгі биіктен Тараздың бүгінгі келбетін айқын көруге болады.

 

Жұмбақ шаһар Ақыртас

Өңірдің сан қатпарлы тарихын баяндайтын тағы бір мұралардың бірі – Ақыртас қалашығы. Тараздан 45 шақырым қашықтықта, тау баурайында тұрғызылған тас қамал іспеттес шаһардың тылсымы көп. Тарихшылар әлі күнге дейін нақты деректер келтіре алмай, түрлі болжамдар айтуда. Бір дерек көздері араб шапқыншылығы кезінде тұрғызылған қамал десе, енді бір тарихшылар буддизм шіркеуі болуы ықтималдығын айтады. Одан бөлек те түрлі әфсана ел аузында айтылып жүр. Бұл қалашық жайында алдағы нөмірлерде жеке мақала жазуды топшыладық.

Сапарды қолдап, жай-күйімізге алаңдаған «Алтын керуен» туристік мекемесі, оның басшысы Альбина Веймер, «Айша делюкс» қонақүйі, «Әулиеата» халықаралық әуежайы Тараз туризмінің дамуы жолында қыруар жұмыс атқарып жатқанын айта кетуіміз керек.

Асқар Бек

Айқын апта. – 2017. – 27 мамыр



Тарихтан тартқан тамырын (Облыстық тарихи-өлкетану музейі)

Тарихтан тартқан тамырын (Облыстық тарихи-өлкетану музейі)

Музей қоры жаңа жәдігерлермен толығып келеді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1931 жылы ашылған. Сол жылы 23 тамызда Әулиеата кеңесі отырысының қабылданған шешімінде былай делінген: «Музей 25 тамызда ашылсын, ол туралы Әулиеата қалалық кеңесінің радио желісі арқылы хабарлансын. Келушілерге күн сайын сағат 5 пен 8-ге дейін есік ашық. Экскурсия ерекше келісіммен. Кіру тегін»

1940 жылдардың соңында музей жаңа мәртебеге ие болды. Жамбыл облысының құрылуына байланысты музей енді бүкіл облыс тарихы мен мәдениетін қамтыды. 1970 жылдардың ортасында облыстық музей бүкілодақтық туристік жол желісіне енгізілді, ал 1977 жылдан шетел туристері келе бастады. Археологиялық және ғылыми жинақтау экспедицияларының нәтижесінде музей қоры толықтырылды, қазіргі таңда облыстық музейдің мемлекеттік тіркеуінде 65 мыңға жуық жәдігерлер сақталған.

2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында музейде 3 жаңа павильон ашылған: «Көне түркі тас мүсіндері және көне түркі жазулары», «Л.В.Брюммердің көркемсурет музейі» және ежелгі Тараз қаласының тарихынан сыр шертетін «Тараз 2000 залы». Бүгінде музейдің жалпы экспозициялық алаңы 2010 шаршы метрді құрайды.

Біз басқа өңірлерде кездеспейтін бірегей құнды жәдігерлермен мақтана аламыз. Қазіргі таңда облыстық музей тараздықтардың көп келетін сүйікті мәдени демалыс орындарының біріне айналып үлгерді.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдаулары мен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері облыстағы тарихи-мәдени мұраларды зерттеуде және насихаттауда талмай еңбек етуде. Музейлік маңызы бар заттар жинастырылып, сараптамадан өткізіліп, құжаттар толтырылады. Музей залдары бойынша тақырыптық және бөлімдерге шолу экскурсиялары өткізіліп отырады. Мектептерде, кітапханаларда, жоғары оқу орындарында, облыс пен қала кәсіпорындарында музей қызметкерлері жылжымалы көрмелер ұйымдастырып, баяндамалар өткізеді. Музейдің «Жұртшылықпен кездесу» және кинодәріс залдарында білімгерлер мен оқушылар үшін облысқа танымал азаматтармен, тарихшы ғалымдармен кездесулер, мәнді атаулы күндерге орай «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылады. Облыстық музей қоры құнды жәдігерлермен толықтырылуда.

Қаланың барлық мәдени іс-шараларына музей қызметкерлері атсалысып келеді. «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» – өткен тарих пен қазақ мәдениетін түгелдей көрсететін бірден-бір мәдени ошақ. Музей қорында жиынтық заттар едәуір көбейіп, сирек кездесетін жәдігерлер саны соңғы кезде арта бастады. Сондықтан музейге келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді.

Облыстық музей қаланың және аудандардың жас мамандарына әдістемелік көмек көрсетіп, қолдау жасайды. Музей қызметкерлері өзекті тақырыптарға құрылған республикалық конференцияларға, семинарларға белсене қатысып жүр.
Еліміздің басқа облыстарында, қалаларында, мәдени ошақтарында, музейлерінде «Мәдени күндерге» орай ауқымды жылжымалы көрмелер ұйымдастыруды да қолға алғанбыз. Көп жылдар бойы дәстүрлі түрде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Ашық есік» күні акциясы үзбей өткізілуде. Музей күні 1977 жылдан бастап әлемнің 150 елінде аталып келеді. Әдеттегідей, бұл күні музейге келушілерге ерекше қызықты, танымдық экскурсиялар, ойындар, викториналар ұсынылады.

Жанна Қосалиева,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология

және этнография бөлімінің меңгерушісі.

Ақ жол. – 2017. – 18 мамыр (№54)



Хан Жамбыл жайлы не білеміз?

Хан Жамбыл жайлы не білеміз?

Ол бостандық үшін күрескен батыр бабалардың бірі болатын

Ат тұяғының сынығы, шашақты найзаның ұшы қалған Қаратаудың қойнауы – кәрі тарихтың сабағы. Тау баурайындағы, дала төсіндегі белгісіз сағана там, сартас молалар, қасқайған құлпытастар, беймәлім үйінділер – барлығы да кешегі жаугершілік заманның айшықты көрінісі. Ары алдындағы аманатына адал бабаларымыз өзгеге сүйегін қорлатпай, басын басындырмай күн кешті. Шындық үшін шыбын жанын да қиып жіберуге әзір, керек кезінде қиып та жіберген ерліктің үлгісі қазақ даласында тұнып тұр.

Әулиеата өңірінде Хан және Жамбыл таулары бар. Тасын түртсең тарих жайлы төгіліп қоя беретін таулардың бойындағы бұла күш, тағылымды сыр талайды таңырқатқандай. Бүгінде жыр алыбы Жамбыл бабамыздың атымен аталатын облысымызда тарихи мекендер мен шежірелі өлxadкелер көп. Өз өмірбаяны тураxadлы жыр алыбы: «Шу өзенінің бойыxadмен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қоxadнып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жыxadлы ақпан айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей адам болған», деген ұлы жырау өз өмірбаянын «Байғара, Жамxadбыл, Ханда мен туыппын» деп те жырға қосқан.

Жамбыл тауының түпкі жыxadнысxadтары ашық, беткейлері тік, құлама. Топырағы сұрғылт қоңыр, қиыршықты болып келеді. Боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйxadxadxadреуік көбірек өседі. Талай сәтxadтерге куә болған, ішіне сыр бүкxadкен Жамбыл тауының тарихы тереңде жатыр. Жамбыл ақын «Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім, қамыққан, қанды жасты жанды көрдім. Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім, Қойнында Алатаудың зарды көрдім» немесе «Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей, көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханxadда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп жырлайды. Бұл – тарихтың шынxadдығы. Басынан талай аласапыранды кешкен, талай азапты көрген қазақ халқының өлеңмен өрілген бір шежіресі.

Тарихтан белгілі, бұл уақытxadтарда Жетісу өңірі Қоқан ханxadдыxadғына қарады. Бұл кезеңде ел басқаруда жолсыздық белең алды. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті биxadлеуxadшілердің шектен тыс алxadым-салығы да халықтың шамына тиіп, ыза-кек өрттей қаулап тұрған шақ еді. Қоқан хандығы бұл өңірді 1864 жылға дейін биxadледі. Жалпы, Хан, Жамбыл тауxadлары жайлы аңыздардың сыр шертері бар. Жаугершілік замандарда қалмақ ханының Хан тауы маңында үш түмен әскері тұрған екен. Бір күні хан Сырдария боxadйынxadдағы қалаларды шабу үшін түменбасыларын шақыртыпты. Әскерінің бір түмені Хан тауының етегіндегі Жыландысайда, біреуі Жамбыл тауының етегіндеxadгі Жыxadxadландыxadбұлақта, бір түмені Бас және Орта Ақтөбелердің маxadңxadайында болған. Алайда, Хан және Жамбыл тауларындағы түменбасылар барыпты да, Ақxadтөxadбедегі түменбасы келмей қаxadлыпты. Түннің бір уағында ханға жолыққан түменбасы ханның аяғына жығылып, Бас Ақтөбедегі қазақтар қалмақ ханының Сыр бойындағы қазақтарды шабатынын біліп, қорғанды бұзып қашып кеткенін айтады. Аңыздың өзі ақиқатқа жетелейді. Тарихтың теxadрең қатпарларына үңілдіреді. Толғандырады.

Дүниеде ештеңенің атауы сеxadбепxadсіз қойылмайды. «Құдайсыз қуxadрай да сынбайтынына» сенген қазақ әрбір атауға, әрбір есімге ерекше мән берген. Ұлы қазақ даxadласында бір ғана Хан тауы бар. Ғалым Сәйден Жолдасбаев өзінің «Жетісу тарихы» деген еңбегінде Хан тауын зерттейді. «Хан сатысы», «Хан қорасы», «Хан оры» деген тарихи орындарxadды ашып, ғылыми айналымға шығарады. Ғалым өз байламында бұл атаулардың барлығын да Керей және Жәнібек хандармен байланыстырады. Тіпті, Керей хан осы Хан тауында жерленген деген де аңыз бар. Тарихшылардың айтуынша, Хан тауындағы ежелгі құбылыстардың барлығы да әр замандарда жауды бақылап отыру үшін пайда болған делінеді. Қоxadқан хандығының қыспағына шыдамай, жауға қарсы шапқан батырлардың бірі – Ерназарұлы хан Жамбыл деп айтылады. Хан Жамбыл бабамыз Үйсіннің бір бұтағы Ыстыдан тарайды.

Дүниеде тарихтан көне ештеңе жоқ. Кәріқұлақ, көнекөз тарих ұрпағының алдына сонау замандардан бастап күні бүгінге дейінгі шежірені жайып салады. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етіxadгіxadмен қан кешкен заманда, қазақ Ресей мен Қоқанның қыспағында қалғанда, елдің бас көтерер, рух оятар азаматтары ел тыныштығы, ұрпақ амандығы үшін атқа қонxadды. Сондай ерлердің қатарында Ерxadназарұлы хан Жамбылдай ерлердің болғандығы да күмән тудырмайды. Хан Жамxadбыл бабаxadмыздың өзі Қоқан қыспағына қарсы шығып, тарихта қалған тұлға. Кезінде көздегені қазақтың кең-байтақ жері болған Қоқан хандығы орыс отаршылдарымен бірігіп, тізесін батырады. Алайда, Хан Жамбыл артындағы қараорман халқына сеніп, Байғара екеуі Қоқан хандығына алым-салық төлеуден бас тартады. Қоқан хандығы бұған оңайлықпен көне ме? Содан Байғара мен Хан Жамбыл рулы қалың елді соңынан ертіп, ата қонысынан ауа көшіпті дейді. Керей мен Жәнібек хандар ту тіккен Шу өңірінің Қозыбасы тауына тұрақтайды. Бұл уақытта Қоқанның қолы бұл жерге жете қоймаған екен.

Арада уақыт өтіп, дәуір бір арнаға түсті. Кешегі кер заман, жауxadгершілік уақыт тарихқа жүк болып қалды. Енді сол тарихты ұрпаққа жеткізетін, кейінгі буынға шежірелейтін кез келді. Хан Жамбыл бабамыздың ұрпақxadтары да бүгінде бір қауым ел. Олар да баба атын қастерлеп, болашаққа қалдыруды өздеріне парыз санайды. Қашанда ел ерсіз болмаған. Ерлердің ерен аты ұрпаққа үлгі. Хан Жамбыл ұрxadпақxadтарының бірі, бүгінде ақxadсақалдық жасқа жетіп отырған Көшербек Жұманқұлов та бабасы жайлы көп жайды толғайды. Бұл кісі кейіннен тағдырдың жазуымен Хан Жамбылдың Шу бойынан өз еліне оралғанын айтады. Жаз мезгілінде баба салтымен тау жайлап, қыста Талас бойына көxadшіп, бейбіт ғұмыр кешкен екен. Талас бойындағы Жаңақорған қалашығын салдырғанын да ұрпақтың біле жүргені жөн.

Ал жазушы, драматург Боxadлат Бекжановтың да Хан Жамбыл жайxadлы өзінің айтары бар. Жазушы әңгімені тарихи баян арқылы өрбітті.

– Кезінде Қоқан хандығы бізxadден алым-салық алып тұрған. Қоxadқанның қазаққа көрсетпегені жоқ. Міне, осы жайларға Хан Жамбыл қарсы болған. Ақыры, Мойынқұм жеріне қарай көшкен. Бүгінде Мойынқұмдағы Жамбыл тауы сол кісінің атымен аталады. Сол тауда қазір тастан жаxadсалған тақ тұр. Сол жерде қазақтар Жамбыл Ерназарұлын хан қылып көтерген. Ол кісінің ең үлкен ұлының аты Шоқпар. Шу өңірінде Шоқпар деген жер бар. Бұл да сол Шоқпар бабамыздың құрметіне қойылған. Хан Жамбыл бабамыздың немересі Бейбіт би де халыққа танымал адам болған. Оязға да белгілі ол төменгі Таxadласта ғұмыр кешкен. Көптеген үлxadкен дауларды шешкен. Кезінде Меркіде Нұрмағамбет деген кісі өткен. Сол Нұрмағамбет пен атақты Керімбай болыс қаxadзақ жолымен құда болыпты. Нұрxadмағамбеттің қызына Керімxadбайдың ұлы бесікте жатқанда-ақ айттырылып қойыпты. Алайда, бірі бай, бірі болыс, екі құданың араxadсыxadна бір келіспеушілік кіріп Нұрмағамбет бай қызын қырғызға ұзатып жібереді. Даудың өршіxadгені соншалық, арасында кісі өліxadмі де болады. Содан Меркіде Нұрxadмағамбет бай бір киіз үй, Керімбай болыс бір киіз үй тігіп, Бейбіт биді күтеді. Ақыры, Бейбіт би Нұрмағамбеттің үйіне келіп, қамшысын үш сілтейді. Керімбай болыстың тіккен үйіне келіп, ол жерде де қамшысын үш рет сілтейді. Сөйтіп, биге арнап тігілген жерге келіп отырып, сөз бастайды. «Нұрмағамбет, сен біріншіден, қазақтың салтын бұздың. Екіншіден, кезінде бесіккерді құда болып едің. Ақыxadры, айнып, уәдеңде тұрмадың. Сонxadдықтан, сен кінәлісің», дейді. Осындай дауларды шешкен Бейбіт би де Хан Жамбылдың ұрпағы. Тарихта көп айтыла бермейтін, Қоқанға қарсы шыққан адам осы Хан Жамбыл. Ол кезде Қоқанға қарсы шығу деген үлкен қатер. Ал атақты жырау бабамыз Жамбыл Жабаев сол Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, – дейді Болат Үмбетәліұлы.

Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Айтулы Мағжан ақын да «Ерлерін ел де, жер де ұмытпайды» деп жырлап еді. Ұрпақтың бүгінгі асыл мұраты, ақиық арманы баxadбалар ерлігін, атын ұмыт қалxadдырмай, оны келешек ұрпаққа насихаттау болып табылады. Жуырда сарысулық кәсіпкер, «Алтын орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дәулеталды Жанбаев баба рухына арнап ас беріп, Құран оқытты. Бұл күні Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы және Жамбыл облысының Сарысу ауданының түйіскен шекаралас аймағында, қарт Қаратау сілемін бойлай аққан Арыстанды, Қарасу өзендерінің маңына бірнеше киіз үй тігіліп, көпті көрген көнекөз қариялар тарихтан сыр шертті. Көпшілік Ерназар әулие мен хан Жамбылдың аруағына дұға жасап, Алладан медет тіледі. Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылының тұрxadғындары Елубек Сералиев, Әлмырза Еркебаев, Құсибек Наурызбаев сияқты ел қариялары ата тарихтың ұрпаққа беймәлім тұстарын әңгімеледі. Хан Жамxadбылдың Қоқан хандығына қарсы күрестегі ерлігін айтты.

Дәулеталды Жанбаев құба далада елеусіз жатқан бабалардың басына кесене орнатсам деген де ойын айтты. Сондай-ақ, көнекөз қариялардың аузынан бабалар жайлы естелік-шежіре жинап, оны тарихпен ұштастырып кітап шығару ниеті де бар екен.

Игі шара барысында жиналған көпшілік, баба ұрпақтары әуелі Ерназар әулиенің басына барды. Алақан жайып тілеген дұға қабыл болғандай, аспанның да тиегі босап, нұр сорғалағандай жаңбыр төкті. Артынша күн көзі күлімдеп, айнала төңіректі бір ғаламат күйге бөледі. Құлпытастың бетінен «Назарымбетұлы Ерназар Шоғайдартегі. 1705-1795» деген жазу көрінді. Кезінде әулиелігімен аты шыққан Ерназар баба тоқсан жасаған екен. Бұдан кейін көпxadшілік Хан Жамбылдың басына келді. Арасы үш шақырымдай жер. Елсіз далада, аспан астында тұрған құлпытастың бетінде «Ерназарұлы Хан Жамбыл, Шоxadғайдартегі. 1772-1872» деген жазу бар екен. Хан Жамбыл бабаxadмыз да ғасыр жасап дүниеден көшіпті. Бұл құлпытастар 2001 жылы, яғни осыдан он бес жыл бұрын орнатылған екен. Жаңбыр шайып, күн қақтаған құлпытас ұрпағына бар тарихты баяндап, аманат арқаxadлатып тұрғандай.

Болашақта Ерназар әулиенің, Хан Жамбылдың бой көтерген кесенелері де қазақ жеріндегі бір қастерлі тарихи орынға айналарына күмән жоқ. Бұл – қолдан жасалған, ойдан құрастырылған жалған тарих емес, кешегі «болып бір кеткен жайсаң» бабалардың тарихи баяны. Ұрпақтың ұлаxadғаты осындай сауапты істерден көрінеді.

Хамит ЕСАМАН

ТАРАЗ

Егемен Қазақстан. – 2016. – 22 қыркүйек. – 7 б.



Жұлдыз Бейсек

Бейсек Жұлдыз Асқарқызы

Бейсек Жұлдыз Асқарқызы 1987 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Ұшарал ауылында дүниеге келген. «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша ТарМПИ бітірген. Гуманитарлық ғылым магистрі. Өлеңдері республикалық және халықаралық баспасөз беттерінде жарияланады. Шығармашылық жастар арасындағы X Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Ахыт Үлімжиұлы атындағы республикалық ақындар мүшәйрасында екінші орынға ие болды. Өлеңдері «Жас толқын» ұжымдық республикалық жинағына және «Тараздың жас таланттары» және «Алтын бесік» облыстық жинақтарына енген. Ахыт Үлімжіұлы атындағы Республикалық ақындар мүшәйра поэзиясының 2-орын иегері. 2017 жылы Астана қаласында өткен рухани жастар арасындағы «Величайшая страна моя необъятная» байқауының «Үздік поэзия» аталымының жеңімпазы. «ІҢКӘР-ҒАЗАЛ» кітабының авторы.

Толығырақ…

Битама Мырзамбетұлы

Битама Мырзамбетұлы

Битама Мырзамбетұлы 1936 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы жеріндегі Елібай жотасының баурайында, Бөлтірік ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Мамандығы – қаржыгер-экономист. Битама аға бүкіл еңбек жолында Талас ауданы мен Қаратау қаласында өз мамандығы бойынша әр түрлі жауапты қызметтер атқарып, 1996 жылы зейнеттік демалысқа шыққан. Содан бергі уақытта ағаның өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде үзбей жарияланып келеді. Ақын ағаның бір топ өлеңдері 1999 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан Жамбыл облысы ақын-жазушыларының шығармалар жинағына енген. 2001 жылы «Сенім» баспасынан «Жыр-Ғұмыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2002 жылы «Арман-ай» повесі оқырмандар қолына тиіп, прозаға да икемділігін паш етті. «Ақыл қазы – ар таразы», «Ой – тоғыс», «Өмір өрнектері», «Ғұмыр дария», «Бір атаның балалары» кітаптарының авторы. Талас ауданының құрметті азаматы.

 

 

 

Толығырақ…

Сәулембай Әбсадықұлы

Сәулембай Әбсадықұлы

Сәулембай Әбсадықұлы 1949 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам селосында дүниеге келді. Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтын бітірген, тарихшы-журналист. КСРО Журналистер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болған. Мәдениет қызметкерлерінің республикалық байқауының жүлдегері. «Үштіктің үкімімен», «Сапақ датқа», «Көк бөрінің оралуы немесе Тұлпарлар мен сұңқарлар», «Әбілда би» кітіптарының авторы.

Толығырақ…

 

Дәметкен Ахметова

Дәметкен Ахметова

Бұл Қазақстан және Бүкілодақтық Журналистер одақтары сыйлықтарының иегері Дәметкен Ахметованың тұңғыш эңгімелер жинағы. Ұзақ жылдар әкімшілік жұмыста жүргеніне карамастан, жүрек қалауымен таңдаған жазу өнерінің қыры мен сырын ұмытпады. Бүған дейін кұрастырған жэне қаламынан шыққан «Еркелетші еркеңді», «Алтын бесік», «Алтын алқалы аналар» атты кітаптары осыған дәлел.

 

Толығырақ…

Ғайни Әлімбекқызы

Ғайни Әлімбекқызы

Ғайни Әлімбекқызы 1960 жылы 9 маусымда туылған. Тараз қаласындағы № 17 орта мектебін бітірген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Жаңасаз ауылында туылған. Жамбыл медициналық училщесінің «фельдшерлік», Жамбыл педагогикалық институтының «филология» факультетін тәмамдаған.

Радио, телевидение салаларының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан қарымды қаламгер 2003 жылы «Қанатты әйел» республикалық байқауының арнайы номинациясымен марапатталса, 2009 жылы «Жылдың үздік радиотілшісі», араға бір жыл салып Қазақстан ұлттық арнасы 50 жылда тұңғыш өткізген республикалық журналистер байқауында «Қилы тағдырлар» радиобағдарламасы үшін бас жүлдені иемденеді.

Сан қырлы журналистиканың қазанында қайнаған Ғайни Әлімбекқызы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының редакторы ретінде телекөрермендерге «Айна», «Айша бибі», «Сағыныш», «Тараз төрінде» атты бағдарламалары үшін Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанады. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.

Толығырақ…

Нұрмахан Тілегенов

Нұрмахан Тілегенов

Нұрмахан Тілегенов 1942 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пионер ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институын бітірген. 1964-1977 жылдары ферма зоотехнигі, бас бухгалертердің орынбасары, совхоздың бас экономисі қызметтерін атқарып, 1978 жылы «Пионер» совхозының партия комитетінің хатшылығына сайланған.1981-1990 жылдарда Қазақстан Компартиясы Жамбыл аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болған. 1990-1993 жылдары «Пионер» совхозының директоры, 1993 жылдың маусымынан 2005 жылдың ақпаны, яғни, зейнетке шыққанға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының экономика мәселері жөніндегі орынбасары болды. Мемлекеттік үш медальмен марапатталған. 2001 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатын алған.

Толығырақ…

Болат Бекжанов

Болат Бекжанов

Болат Бекжанов 1958 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында туған. Жамбыл мәдениағарту училищесін, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрында актер болып бастаған. 1982 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық кеңшарының Мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері болып қызмет еткен. 1989 жылдан облыстық телерадио комитетінде режиссер, редактор, аға редактор, «Ақ жол» газетінде тілші, «Шабыт» гуманитарлықэтнографиялық бірлестігінде ұйымдастырушы, облыстық денсаулық сақтау департаментінде баспасөз орталығының жетекшісі, облыстық «Ақ жол» газетінің әдеби қызметкері, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі – баспасөз жөніндегі хатшысы, облыстық «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. Қазір Жамбыл облыстық «АрАй» қоғамдық саяси және танымдық жастар газетінің Бас редакторы. «Шымылдықтың арғы жағы» (1998), «Құс қанатындағы сағыныш» (2008) атты кітаптары жарық көрген. «Үйші», «Бестамнан жаяу барып, Берлинді алған», «Байғыз, Пәтес, Пәуескі» атты хикаяттары оқырманның ықыласына бөленген. 1998 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы Қазақ драма театрында «Шонашоу» атты әзілсықақ спектаклі қойылған.

Толығырақ…