Үміт Битенова

Битенова Үміт Қыранқызы

Битенова Үміт Қыранқызы, ақын, жазушы, сазгер, әнші, педагог, заңгер, қоғам қайраткері, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.Қаламгер 4 желтоқсан 1964 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданында туылған. 1971 жылдың қыркүйегінде алғаш табалдырығын аттаған Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін 1981 жылы үздік бағамен тәмамдап, Шымкенттегі Н.К. Крупская атындағы пединститутқа оқуға түседі. 1985 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін және шетел тілдері факультетінің ағылшын тілі бөлімін үздік бітіріп, мұғалім квалификациясын алған. Сондай-ақ, Қаратау технология, білім және бизнес колледжін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған Үміт Битенованың біліктілік дәрежесі — кеңесші-заңгер. 1985-1993 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданының Ильич атындағы және Үшарал орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен сабақ беріп, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.Шығармалары «Қазақстан жас ақындарының антологиясы» ( Астана — 2000 ж) және «Жамбыл облысы ақын-жазушыларының шығармалары» (Алматы -1999 ж) жинақтарына, «Жыр маржаны» атты он томдық қазақ поэзиясының (Mereke baspasy-2014) антологиясына енгізілген. «Ауады да тұрады аңсарым», «Көңіл күнделігі», «Шын ғашықтар қосылмайды деген кім?», «Мендегі іңкәр махаббат» атты жыр кітаптарының, «Мен сүйген жар», «Қай жерден кетті қателік?» атты прозалық кітаптардың, «Балабақшадан басталған» атты мемуарлық кітаптың авторы.

Толығырақ…

 

Ерман Әбдиев

Әбдиев Ерманxa0Қанжанұлыxa0

xa0Қазақстан Журналистерxa0 Одағының мүшесі.xa0 Қазақстан Республикасыныңxa0ақпарат саласының үздігі. xa0Өлкетанушы.xa0xa01973xa0жылыxa012xa0сәуірдеxa0Жамбыл xa0облысы, Таласxa0ауданы, Ойық ауылындаxa0 дүниеге келген. Ойық ауылындағы Д.А.Қонаев атындағыxa0ортаxa0мектептің түлегі. Абайxa0 атындағы Қазақ Мемлекеттікxa0университетінxa0«Қазақ тіліxa0менxa0әдебиеті». Мамандығы бойыншаxa0тәмамдаған.xa0 Еңбек жолынxa0 Ақкөлxa0 орта xa0мектебінде xa0мұғалім болыпxa0бастаған.xa0 1993-2004xa0жылдарxa0аралығындаxa0Талас,xa0 Байзақ аудандарында мектептердеxa0мұғалім болған.xa0Таласxa0аудандық білімxa0бөліміндеxa0басxa0маманxa0болып еңбек еткен. 2004xa0жылдан бүгінгі күнге дейін xa0БАҚ-та еңбек етіпxa0келеді. Б.Момышұлыныңxa0100xa0жылдығына шығарылғанxa0«Батырxa0шапағаты»,xa0Қазақстан Конституциясынаxa020xa0жыл,xa0Қазақстан Республикасыxa0Тәуелсіздігінеxa025xa0жыл,xa0Д.А.Қонаевтыңxa0105xa0жылдығына шығарылған мерекелікxa0медальдардың иегері.xa0Жамбылxa0облысыxa0әкімінің жанындағыxa0БАҚxa0 жөніндегі қоғамдықxa0кеңестің мүшесі.xa0xa0

Толығырақ…

Есет Досалы

Досалы Есет Жаңабайұлы

Қазақстан журналистер одағының мүшесі.xa01977 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында туған. Осындағы Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектептің түлегі (1994) . Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (2007 ).
Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ, айтысқа деген бейімін байқатып, көзге түсті.1993 жылы аудандық, облыстық оқушылар айтысының бас жүлдегері атанды.Облыстық «Наурыз» айтысының бас жүлдегері (2002), Таразда «Ақ орда» қозғалысының қолдауымен өткен «Елбасы Жолдауы-халықтың қолдауы» атты республикалық айтыста ІІІ орын (2005), Облыстық жастар айтысында бас жүлде (2005), осы жылы Талдықорғанда өткен С.Аронұлының 190 жылдығына орай өткен халықаралық ақындар айтысында Қалқа Жапсарбаев атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Облысаралық телеайтыстың ІІІ орын (2008), Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткен облыстық ақындар айтысының бас жүлде (2011), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында өткен республикалық айтыстың ІІ – орын (2013) иегері.xa0Қазіргі таңда облыстық «Арай» жастар газетінде аға тілші болып еңбек етеді. Әңгіме, өлеңдері республикалық газет-журналда жарияланып тұрады. ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыс әкімінің 2009 жылғы «Әдебиет» аталымы бойынша жастар сыйлығының лауреаты.

Толығырақ…

xa0Бақытжан Советұлы

xa0Бақытжан Советұлы

Бақытжан Советұлы – Меркі ауданының Меркі ауылында туылған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Мамандығы – журналист. Республикалық «Санат» баспасында редактор, «Ара-Шмель» сықақ журналында фельетонист болып қызмет атқарған. Ұзақ жылдар бойы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Қазақстан-Тараз» телевизиясында жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда Республикалық «Қазақ радиосының» Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі. Жазған өлеңдері мен сықақтары облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып жүр. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», «Көксандық күмбірі» атты құрастырған кітаптары, «Мен де бірдеңе дейінші», «Ерін туралы ертегі» және «Бұл мен ғой» атты сықақтар жинағы жарық көрген. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі.

Толығырақ…xa0

 

 

Мадина Еркінбекқызы

Мадина Еркінбекқызы туғаннан бірінші топ мүгедегі. xa0Он төрт жасынан бастап өлең жазады. Тағдыр тауқыметіне мойынсұнбай, буырқана толқыған өмір-өзеннің асау ағысына қарсы жүзіп келе жатқан журналист Мадина Еркінбекқызы өзінің алғашқы шығармаларын аудандық, облыстық, жергілікті газет беттерінде жариялаған. Жүрек түбінде жасырын жатқан құпияларын өлең жолдарымен жеткізе білетін Мадинаныңxa0 ең бірінші парызы – парасатты, пайымды азамат болу. Мадина ең алдымен – патриот. Туған жері Қаратауына жыр арқылы мейірімін төгеді. Өлеңдері шыншыл да сыршыл, әңгімелері пайымды, оқырманын тез баурап алады. Мадина жазу өнерінде сегіз қырлы, бір сырлы ерекше жан.

Толығырақ…

Тараз қ. ОККЖ-дегі өлкетану жұмысы бойынша жобалық қызметіxa0

Тараз қ. ОККЖ-дегі өлкетану жұмысы бойынша жобалық қызметіxa0

 

Суретте: Әулие-Атадағы алғашқы велошеру қатысушылары.

xa0 xa0 xa0 xa0Тараз қ. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Оңтүстік Қазақстандағы баспалық өнімдер және басқа да тасымалдаушылар ақпараттарын жинақтауға ие бірден-бір аймақтағы ірі ақпараттық орталық. Жамбыл облысының және Тараз қ. мәдени жетістіктерін сақтау жауапкершілігін түсіне отырып, қалалық кітапханалар жүйесі қорларды сақтау және консервациялау бойынша қызметті – өзінің бірден-бір кәсіби бағыты санайды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі осыдан 7 жыл бұрын бұл бағыттағы алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Олар кітапхана қорындағы неғұрлым құнды және қызықты баспалық құжаттарды сақтау және оқырмандардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз етуден туындаған болатын.

Бүгінгі таңда орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорының 3000-нан астам құжаты сандықталды, олар негізінен газет-журналдар мақалалары. Электронды көшірмелері кітапхана серверінде сақталады, барлық пайдаланушылар кітапхана сайтынан олармен еркін таныса алады.

Электронды кітапхананы құрудың алғашқы кезеңі мерзімдік басылымдардағы өлкетану материалдарын сандықтау мен «Оңтүстік меридиан» толық мәтінді ДҚ ұйымдастырудан басталды. Барлық толық мәтінді қор «Оңтүстік меридиан» ЭДҚ-да көрініс тапқан және кез-келген оқырманның компьютерден оқуға, шығарып алуға немесе дискетке жазып алуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда ол Word, JPEG, html, PDF нұсқадағы 2500-ден астам құжатты қамтып отыр.

Бұл бағыттағы келесі кезең «Құнды өлкетану құжаттарын сандықтау» электронды жобасын жасау және жұмыс практикасына енгізу болып табылады. Жобаның мақсаты Қазақстан мәдени мұраларының бөлігі ретіндеxa0 – Тараз қ. және Жамбыл облысының құжаттық мұраларын сақтау және Интернет желісі арқылы оларға бірмезгілде кең көлемде қолжетімділіктіxa0 ұсына отырып, сирек кездесетін өлкетану қорларын сақтауды қамтамасыз ету.

Осы жоба аясында ОКЖ кітапханалары ұзақ мерзімге арналған өздерінің электронды жобаларын жасады. Мәселен, № 6 электронды кітапхана «Үлкен химия қадамдары» (Жамбыл облысының химия өнеркәсібінің даму тарихы туралы) тақырыбы бойынша өлкетану материалдарын жинақтауды қолға алды. xa0М. Әуезов атындағы кітапхана филиалы Тараздың ескерткіштері, көшелері, айтулы орындары туралы материалдардан тұратын «Тараздың әсемдік құпиялары» тақырыбы бойынша ЭДҚ жасауда. xa0xa0Ғ. Мұратбаев атындағы филиал «Жамбыл облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлері» электронды жобасы бойынша жұмыс жасайды: ҰОС ардагерлерінің өмірбаяндық мәліметтерінің электронды картотекасы жасалынады, 2000 жылдан бергі екі тілдегі жергілікті мерзімдік басылымдардың тақырып бойынша материалдары іріктеледі т.б. xa0№5 филиал «Тараз қаласының жергілікті жазушылары және ақындары» жобасын жасауда. Бұл тақырып тектен-тек алынып отырған жоқ. Міне бірнеше жылдан бері осы кітапхананың негізінде «Дарын» әдеби бірлестігі жемісті еңбек етіп келеді. Оған Болашақ колледжінің білімгерлері қатысады. Қазіргі кезде кітапхана қызметкерлері жергілікті ақын, жазушылар өмірбаяндарының электронды дерек қорларын жасау үстінде, сондай-ақ олардың шығармаларының электронды пішіндегі коллекциясын құрастырады.

М. Шолохов атындағы филиалдың «Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктер» электронды жобасы да пайдаланушылардың қызығушылығын тудырары сөзсіз. Кітапхана қызметкерлері бұл жобаны қолға алмас бұрын алдын-ала үлкен зерттеушілік жұмыстар жүргізді. Пайдаланушылар қазірдің өзінде жер аударылған кәрістер, немістер, Закавказьяныңxa0 саны аз xa0халқының тарихы бойынша: Тараз қ. және Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктер қызметінің жаңа тарихы жөніндегі ақпараттарды қамтитын электронды дерек қорларға қол жеткізе алады.

Жоба аясында Жамбыл болысының белгілі өлкетанушысы xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0Т. Ш. Достанбаевпен шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім жүргізілді. xa0Ол Жамбыл облысының тарихы бойынша өз жұмыстарын сандықтау үшін ілтипатпен ұсынды. Сол сияқты С. Әбсадықұлы, М. Еркімбекқызы, Н. Кузнецов, П. Вотинцев, Б. Мырзамбетұлы, Д. Вайсбеккер-Иванов, М. Рысдәулет, Д. Ахметова т.б. жергілікті жазушылармен келісім шарт жасалды.

Осындай ынтымақтастық туралы ұсынысты кітапхана қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен облыстық құжаттарды мұрағаттау басқармасына да жасады. Аталғанxa0 мекемелер қызметкерлері бұл ұсынысты аса қызығушылықпен қарсы алды, оның үстіне өз қорларын сандық түрге көшіру жұмысын олар бастап кеткен. Қазірдің өзінде қалалық кітапхана пайдаланушыларыxa0 облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы фототмұрағатына қолжеткізуге мүмкіндік алып отыр. Неғұрлым қызықты фотосуреттер WEB-сайтқа орналастырылған.

«Құнды өлкетанулық құжаттарды сандықтау» жобасына негізделген электронды деректер қорында қазірдің өзінде 1300-ден астам құжат бар.

Тараз қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің өлкетанулық қызметі белсенді түрде даму үстінде. Кітапхана пайдаланушылары өлкетану материалдарының бірегейлігі мен қажеттілігін бағалай алады. Біз алдағы уақытта Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тарихи-мәдени мұрасын ұрпақ келешегі үшін сақтауға ынталы патриоттар, пікірлестер көптеп табылады деп үміттенеміз.

Тараз жері – тұнған тарих

Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі. Осынау тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген киелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан жеткен ұзын-саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. Бұл қасиетті мұралар тек бір елдің, бір ұлттың мүддесі үшін емес, бүкіл Жер шарын мекен ететін адамзат үшін қызмет етіп келеді.

Бүкіл адамзатқа, оның ортақ өркениетіне тән жәдігерлердің қазақ топырағында орын тепкен бірегейлерінің бірі – іргетасы шамамен осыдан 2100 жыл бұрын қаланған, қай-қай дәуірде де өзінің аса ірі мәдени-рухани және саяси орталықтардың бірі санатындағы биігінен төмендеп көрмеген шаһарлардың бірі – Тараз қаласы екені даусыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да мүшкіл болуы мүмкін» деген еді. Расында да, соңғы ғасырларда қазақ халқының болмысы үлкен өзгеріске ұшырап, тарихи жады өше жаздаған еді. Тәуелсіздік жылдарында ғана ұлттық санамыз қайта жаңғырып, тарихымызды түгелдей бастадық. Бүгін де көне тарихымыздың көмбесі – қасиетті Тараздың киелі мұраларын «Қазақстанның киелі жерлері» айдарымен назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Таза сезім символы

Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің үздік нұсқасы. Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Бұл өңірге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді.

Ғасырлар тереңінен біздің заманымызға дейін кесененің батыс жақ қабырғасы мен оған жапсарлас қабырғаларының қалдықтары ғана жеткен.

Кесене жобасы – шаршы формалы бұрыштарында колонналары бар құрылыс. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әрқилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл – орталық Азия мен Қазақстандағы өн бойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш.

Сондықтан да Айша бибі кесенесі қазақ халқының ежелгі ою-өрнегін сақтаған музейі іспетті. Қабырғаларының ортасында жебе бейнелі иіндермен көмкерілген терең қуыстар бар. Колонналардың жоғарғы жағы ваза түрінде жасалған.

Кесене құрылысына антисейсмикалық мақсатта арша ағашы пайдаланылған.

Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Аңыз бойынша – Қарахан өзінің сүйіктісіне арнап керемет кесене салдырған. Қазіргі күні жастар Айша бибі кесенесіне мәңгілік махаббаттың, таза сезімнің, пәктіктің символына айналған киелі орын ретінде мінәжат етуге келеді.

Бабаджа Хатунға құрмет

Айша бибі кесенесінің маңына орналасқан. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғаларында сәндік безендірулер жоқ, бірақ сәулеттік құрылыстың жинақы әрі қарапайым ою-өрнектері үйлесім тапқан.

Кесененің көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан 16 қырлы конус жабыны – Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі. Қасбетінде: «Бұл Бабаджа Хатун қабірі. Оны салушы» деген жазулар бөлігі сақталған. Шебердің аты-жөні сақталмаған.

Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.

Қарахан – әулиеата

Тараз қаласының орталығында орналасқан (Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысы), ортағасырлық рабат аумағындағы діни-мемориалдық кешенге кіреді. Кесене Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Кесененің алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. 1906 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сәндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сәулеттік құндылығын тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы. Бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сәндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. Кіреберіс иіні сүйірлене қаланып колоннаға тірелген. 1836-1936 жылдар аралығында қала Қараханның құрметіне Әулиеата деп аталды.

Қазір бұл жер – бесік орналасқан орталық залы, үш бұрышында үш құджыра бөлмелері бар порталды-күмбезді құрылыс. Қарахан кесенесінің қабырғалары патшалық кезеңінің кірпіштерімен өрілген. Күмбезі мен арқалық ойықтары ғана ХІ ғасырдағы кірпіш-плиткалармен салынған.

 

Тектұрмастың тұрағы

ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында Тектұрмас кесенесі салынған және бұл діни орындардың бірі болған. Осы төбенің басында зороастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.

ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер толықтай немесе жартылай қирады. Тектұрмас кесенесінің тек фотосуреті ғана сақталып қалған (ХІХ ғ. 80-жылдар). Кесене формасы қарапайым. Аталған мекенге 2001 жылы археолог А.Итенов қазба жұмыстарын жүргізді. 2002 жылы кесененің алғашқы орнында жаңадан кесене тұрғызылды. Кесене жергілікті халыққа Тектұрмас атымен белгілі Сұлтан-Махмудхан жерленген орын ретінде белгілі. Ал Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз орын» дегенді білдіреді.

Гүлжан Рахман

Астана ақшамы. – 2017. – 23 қыркүйек

Жуалы-Мыңбұлақ

Жуалы-Мыңбұлақ

xa0 xa0 xa0

xa0….Жуалыға келгенде жыл құстары қанатын қомдағанымен өскен, өнген жерін қимай, төмендеп ұшып, аймалап, Шақпақ асуы арқылы қысқы мекеніне жол тартады.xa0Бұл көрініс жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бері жалғасып келеді. Сондықтан да жұлдызы да, жері де биік Жуалыны орнитологтар Құс жолы деп те атайды.

xa0Жуалы-Мыңбұлақ аты орта ғасыр тарихында, саяхатшылар мен жиһанxadгерлердің жазбаларында жиі айтылады.xa0Ұлы Жібек жолының алтын арқауында жатқан Жуалы жері талай тарихшылар мен саяхатшыларды да қызықтырған. Мәселен, 846-847 жылдары Жуалыда болған араб саяхатшысы Убейдаллаһ ибн Хордабек күнделігінде өңір туралы былай жазыпты: «Испиджабтан (Сайрам) Будухкетке келдік, одан Тамтаджға (Түлкібас), одан Абарджаджға (Мұнарлы төбе) 4 фарсах жол жүріп Жувикет арқылы Таразға жеттік» десе, 1246 жылы Шыңғыс ханның шапқыншылығынан кейін Ұлы Жібек жолының сүрлеуімен жүрген римдік Плано Карпини деген саяхатшы мынандай жазба қалдырған: «Бұл жерде біз қираған, талан-таражға түскен көп қақпалы сарайлары бар сансыз қалалар мен қаңыраған бос көптеген елді мекендерді тапxadтық». Осы деректерден-ақ осы өңірxadдің мәдениеті мен эконоxadмикасының шамxadшыxadрағы болған бекінісxadтер мен қала-қорғандар көп орын тепкенін, халқын Шыңғыс хан аяусыз қырғанын аңғаруға болады. Тек Жуалы жерінде Жуакент, Баркубас, Абарджадж, Ақсаxadxadрай, Шақпақата, Бақаата, тағы басқа қамалдар мен бекіністер, қалалар мен қорғандар болған. Табиғаты ғажап өңірде қала салмау, хандар жаз жайлау етпеу мүмкін емес.

Алатау мен Қаратаудың Құлан, Боралxadдай, Бөкей, Ақшоқы, Арқарлы, Қошқарата, Ақсу-Жабағылы, Берікқара сілемдері қоршаған көк майсалы аңғар мен шалқып жатқан Билікөл кімнің болса да көзінің құртына айналған. Жуалы жері шапқыншылық кезінде жаудан қорғанар берік қалқан болған. Жеріне қарай оны қорғайтын даңқты ұлдары да шашақты найзаны қолға алып, қорамсаққа қол салып, туған жерін, елін қорғаған. Осы өңірді Қойкелді, Ақша, Құлан, Рысбек, Тілеуке, Қожық, Құттық, Онбай, Бердіқожа, Байдәулет, Есірxadкеп, Тоғанас, Бармақ, Садыбай, Шоқан, тағы да басқа батырлар мен дуалы ауыз бабалар мекен еткен, табандары тиген. Күні кеше ғана Байзақ, Батырбек датқалар, олардың ұрпақтары – Ақмолда мен Мақұлбек қазақ халқының бірлігі үшін шайқасқан, күрескен. Қолбасшы Бауыржан Момышұлының інілері, генералдар – Тәттібай Дүйсебаев, Есен Демеxadсінов, Тілепалды Ибраев, Бақытxadжан Ертаев, Сейітжан Қойбақов, Диқанбек Сатылғанов, Владимир Тегубенко, Димитрий Кавешников, Александр Тромбачев сынды азаматтар Жуалыдан ұшқан сұңқарлар. Айта берсе тағылым болар тарих, үлгі болар ел азаматы көп.

Бүгінгі күні батырлар ұрпағы – қаxadзақxadтың төлқұжатына айналған аталары – Тұрар Рысқұловтың, Бауыржан Момышұлының, Шерхан Мұртазаның мәңгілік өсиеттерін ұран етіп, тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы биік желбіреуі үшін еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеуде. Күйік пен Шақпақ асуларының арасында, Теріс өзенінің Шақпақ, Ақсай, Көксай, Бақаты, Боралдай саласы мен батысқа қарай ағатын Қошқарата өзендерінің жағасында, таулардың баурайында егін салып, мал өсіруде. Өзін жуалылықпын деп есептейтін Шыңғыс Айтматов 1969 жылы «Правда» газетінде туған жері туралы былай толғады: «Аңызға айналған Ақ бидай өлкесі – Жуалы өңірі менің санамда мәңгілік қалып қойды. Өмірдің шартарапқа сүйреген жолы мені Жуалыдан бірте-бірте алыстата берді. Одан алыстаған сайын, Ақ бидай өлкесіне деген сағынышым күшейді. Орақ науқанын сағынған кезде есіме сол өлке түседі. Алыс жерлер мен теңіздерді басып өтіп, бөтен елдерге сапар шеккенде де бүкіл Орталық Азияға әйгілі қазақ әні «Ақ бидай» әуені ерекше елітіп, қуантады. Сол ән осы Ақ бидай өлкесі – Жуалыда туған ғой деп ойлаймын…». Қалай айтсақ та, жазсақ та Жуалы ақ бидайымен де, батырларымен де, мың бұлағымен, сұлу табиғатымен де, тарихымен де қазақ еліне ертеден-ақ белгілі болған.

Жуалының солтүстік шығыс жағында Билікөл бастаған кішігірім бірнеше көл бар. Екі Ақкөліңізге жалғасқан Жартас, Күйген, Ащыкөл, Таскөліңіз бен Қызылкөліңіз осы Билікөлден бастау алып жатқандай көрінеді. Себебі, үлкені де, суының тұщысы да осы көл.

Алатау мен Қаратаудың мың бұлаxadғынан нәр алып жатқан Билікөл суының емдік қасиеті туралы ертеден-ақ айтатындар көп болған. Теңіз деңгейінен 500 метрдей биіктегі көлдің айналасы суы шипалы бастауларға толы. Буырыл мен Берікқара баурайларынан атқылап жатқан бұлақ суы шынында да ерекше екенін сараптама жасаушылар жиі айтады. Билікөлдің айналасындағы бастауxadлардан шипалы су өндіргендер де аз болған жоқ. Әулиебастау деп аталатын ортағасырлық қала орнының жанындағы қайнар суы республикаға белгілі. Ал көлдің жағаxadсындағы Қарабастау ауылының нәрі болып отырған бастау суын көпшілік біледі. Мұнда қысы-жазы суын ішіп, шомылатындар бір үзілмейді. Бір ауылға нәр беріп отырған судың шипалық емі туралы сараптау орталықтарынан қорытынды алған кәсіпкер жігіттер шипалы су өндірмек болғанын да ауыл тұрғындары жақсы біледі. Тастай суық, таңдай тамсандыратын шипалы су бір ауылдың нәріне айналған. Осы ауылда сары ауруға ұшыруашылар ілуде біреу болатындығы – олар тұтынатын Қарабастау суының тазалығында болса керек. Кезінде ақ сазандары мен бақадай шулаған көп балығы береке басы болғанын да ел ұмыта қойған жоқ.

Ертеректе Әулиекөл деп аталатын Билікөлдің айналасында тарихи орындармен бірге мемлекеттік қорғалымға ие болған сұлу, қайталанбас табиғаты бар. Мәселен Берікқарада ғана өсетін терек, алма, пісте, қызғалдақтың өзгеше түрлері, рауғаш еліміздің Қызыл кітаxadбына енген. Билікөлдің солтүсxadтігіxadнен келіп құйылатын Асаның тоғыз тарауы, ертеректе бояу өндірген Жосалы, құпиясын бүгіп жатқан сақ қорғанxadдары, сұлулығы мен берекесі мол Шыбықxadбел мен Ақой, жерасты жолы сияқты тарихи орындардың сыры әлі толық ашылған жоқ. Сыры ашылмаған, Билікөл атауының қайдан шыққаны туралы да тап басып айту қиын. Аңыз бойынша ертеректе тап осы Билікөлдің жағасында өңірдің билері бас қосып, түйінді мәселелерді шешеді екен. Бұл жерде шешілмей кейінге қалатын іс болмапты дегенді айтады. Тіпті, билердің басқосуында бір-біріне қарсы тұрған елдердің мәселелері де талқыланып, шешімін тауып жатады екен. Билердің дұрыс шешім қабылдауына Берікқарадан соққан самал жел мен көлдің шипалы суы әсер етіпті деген аңыз да бар. Аңыз шындыққа негізделетіндігін еске алатын болсақ көл киесі құдіретті екені анық. Сондықтан да, көлдің атауы «Биліккөл» немесе «Билеркөлі» деген сөздің өзгеруінен пайда болса керек.

Жуалыны қақ бөліп шығысқа, тау-тасxadты бұзып, ағып жатқан Теріс өзенінің солтүстік батысындағы адыр-адырлы, қыры мен сайы көп таулы даланы Қошқарxadата немесе Боралдай өңірі деп атайды. Тарихшылар мен жағрапияшылар бұл өлкедегі Үшаша (Үшқоспа, Үшащы), Қостұра, Боралдай, Жолбарысқамал, Ордабасы (немесе Кіші Ордаған, Үлкен Ордаған), Қызтоған, Қалмаққырған, Күреңбел, Садырқамал, Кәріқорған, Көлтоған, Бөкей тауы, Қоғалы, Ақтасты, Төңкөріс, Қаратас деп аталатын тарихи жер атауларының барлығы да Қошxadқаxadрата өңіріне жатады. Бұл жерлердің басым көпшілігі Көсегеннің көк жоxadлының боxadйында жатыр. Қырғыздың Күрxadкіреусуынан жететін жол Бақаатаны, яғни, Бақааты қиялап өтіп, Аралтөбе, Қошқарата арқылы Шаянға, одан әрі Бетпақдаланы басып, Ұлытауды бетке алады.

Жуалы жерінде «ата» деген толықxadтауышпен аяқталатын үш жер атауы бар. Олар – Шақпақата, Қошқарата, Бақаата. Рас «Бақаатаны» «Бақаты», «Бақатей» деп те атайды. Жуалы жерінен бастау алатын «аталар» Әулиеатаға, одан соң сонау Балқаш көлінің жағасындағы Бектауатаға жалғасады. Жалxadпы, тіл білімінің кейбір ғалымxadдарыxadның айтуынша «ата» деген сөз бұл жерде жасқа немесе әулиелі жерге қосылған анықтауыш емес екенін айтады. «Ата» сөзі «биік», «асқар» деген мағынаны білдіретін сияқты. «Қошқарата» деген атаумен аталатын жер Қырғызстанда, Маңғыстауда бар. Барлығы да Қошқаратаны әулие санайды. «Қошқарата» қой атасы дейтіндер де бар. Бұл жылқы пірі Қамбарата, сиырдың пірі Зеңгібаба сияқты дегенді алға тартады. Алайда, қойдың пірін «Шопаната» деп атайтынын еске алсақ, бұл атауды малмен сабақтастырудың қажеті жоқ. Бұл жерде «Қошқарата» деген сөз батырлықтың, қасиеттіліктің үлкені, ірісі, биігі, асқары деген мағынаны білдірсе керек. Түркі, оның ішінде қазақ батырларының, қолбасыларының дулығаларында немесе ою-өрнектерінде қошқар мүйіздің болуының да осы ойымызбен сабақтасар бір сыры бар.

Жуалының Шақпақата асуындағы құс жолымен қапталдаса орын тепкен Ақсу-Жабағылы қорығы табиғаттың тауxadлы өңірінің бар ғажайыбын жинаған.

…Сеңгір – сеңгір тау. Жылдағыдай емес биыл қуаңшылық болған соң Алатаудың басында қар да қалмапты. Алыстан көзге түскен тау басындағы қар қабыршықтанып қарауытыпты.Тауға көтерілген сайын жер бауырлап жатып алған бұлтқа жақындай түстік. Терең құзды жағалап, бір аяқ жолмен жүріп келеміз. Төменге қарауға жүрегіміз дауаламайды. Ақсу өзені терең сайдың табанында балқып, ағып бара жатқан қорғасындай көзге түседі.Мұнда Орталық Азия тауларында кездесетін аң-құс та, өсімдік те түгелімен бар. Тау табиғатының інжу-маржаны осы жерде. Оның үстіне Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында Ақсу және Жабағылы, Жамбыл облысы өңірінде, Тобышақты, Ақсай мен Көксай өзендері қорық аумағындағы мұзаттардан басталады. Бұл өзендердің тастай әрі мөлдір суы жаныңызды рахатқа бөлесе, тәніңізге қуат беретін саф ауасының шипалық қасиеті қандай десеңізші! Тобышақты табиғатының сұлулығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Жуалы өңірінде осы Тобышақтыдай қалың тобылғы өсетін жерді кездестіре алмайсыз. Ертеректе жылына бір рет қолөнершілер осында келіп, сабау, қамшы сап, шоқпар дайындап, майда бұтақтарын қымыздың күбісін ыстау үшін алып кетеді екен.

Біз тағы төмен қарадық. Тау мен тасты бұзған су Ақсу өзеніне ұласқан. Өзенxadге дейінгі жарқабақтарының биікxadxadтіxadгі 500 метрден 700 метрге дейін жетеxadтінxadдігін іштей болжап келеміз. Тік құздарxadды қақ жарып ағып жатқан өзенге бару мүмкін емес. «Балықшының аты шөлxadдеп өледі» демекші, біз де табиғатты қызықxadтап, сарқырап ағып жатқан өзеннің жағаxadсында келе жатсақ та шөлдеп барамыз.

Шаңқ-шаңқ еткен дауысқа елеңдеп бәріміз көкке көз тастадық. Шыңның ұшар басында қалықтап жүрген бүркітке көзіміз түсті. Тағы да шаңқ етті. Қанатын жайып, толған айдың суретін салып, бір сызықтың бойымен екі-үш рет айналды да төмен қарай құйылды. Бейнебір найза іспеттес, қанатын жинап, тұмсығын соза түсіп, зулады. Оның одан әргі қимылын биік жартас қалқалап көрсетпеді. Мүмкін жемтігін іліп, тояттаған болар. Мұнда құстың түрлері өте көп екенінен бұрыннан хабардармыз. Қорықтың батыстан басталар тұсы Шақпақ асуына жақындағанда құс төмендеп ұшып, тауға көтерілген сайын ақ басты Алатаудың асуынан асып, жылы жаққа қанат қағатын құстың да көп екенін Жабағылы ауылындағы қорықтың музейін аралағанда қаныққанбыз. Мұнxadдағы үлкен құстармен бірге суыққа төзімді қарқазысы, торғай сияқты құс аз емес. Тастан тасқа, құздан-құзға секіретін ай мүйізді арқар мен сақалы желп-желп еткен тау текесін, елеңдеген елігін, қорxadбаxadлаңдаған қоңыр аюын, қорxadсылдаған қабанын көрсеңіз – табиғаттың тамашасы осында екеніне күxadмәнxadxadсіз сенесіз де, әсемxadдік пен табиғилыққа құлай ғашық боласыз.

Табиғаты адам әреxadкетіxadмен бұзылмаған Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы қазақтың біртуар ұлы Тұрар Рысқұловтың бастамасымен құрылған. Орман маманы Тұрар Рысқұлов табиғатxadтың қасиеті мен таңғаxadжайыпxadтарын өте жақсы білген. Табиғатты аялау, оның заңдылықxadтарын өмірмен байланыстыра білу, ғажайыпxadтарынан сабақ алу Тұрардай сұңқардың өмірлік ұстаxadнымы болғанын оның шығармаxadларынан байқауға болады. Сондықтан да туған жердің керім табиғаты мен аң-құсын сақтап қалу үшін сол бір қиын қыстау кезде қорықты құру аса қажет екендігін дәлелдей біліп, жеңіске жеткен.

Қорықты құру мақсаты табиғаттың бастапқы қалпын сақтау және өсімдіктер мен аң-құс дүниесін зерттеу мен қорғау болған. 8000 мың гектардай тау алқабын алып жатқан қорықтың адамның аяғы көп баса бермеген өңірінде аң-құс еркін жүріп, тау шатқалдарына ұя салады, өсіп, өнеді. Мұнда жаз айларында ғана мұзарттардың еруінен пайда болатын жиырмаға жуық көл бар. Көлдердің суы өте мөлдір әрі суық.

Қорықxa0xa0Жамбыл облысының Жуаxadлы және Оңтүстік Қазақстан облысыxadның Түлкібас, Төле би, Бәйдібек ауданxadдарының жерін алып жатыр. Ол 1100 метр биіктіктен басталып, 4236 метр болатын Сайрам шыңына дейін созылған тау қыраттарында орын тепкен. Ауа райы құбылмалы. Қазір қорықтың ең биік шыңы Сайрамға көтерілген саяхатшы табиғаттың ғажайыптарының куәсі болатындығы сөзсіз. Бір күнде жылдың төрт мезгілін басыңыздан өткізуіңіз әбден мүмкін. Найзағайы шатырлап, құйындата, селдете жауын жауса, артынша жарқырап күн шығады. Көп уақыт өтпей жапалақтап қар жауа бастайды. Ғажап! Сонымен бірге, ыстығы мен суығы да тез алмасып отырады. Жаз айларында 38 градусқа дейін ыстық болса, қыста 41 градус аяз болады. Соған қарамастан, әлемнің және еліміздің Қызыл кітабына енген, тау шатқалдарынан пана тапқан жан-жануар, ауа райына бейімделген өсімдіктер өте көп. Еліміздің тәжіне айналған тау барысы қорықтың Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің жерімен шектесер тұстарын, Тәңіртау – Алатаудың биік құздарын мекен еткен. Барыс елімізxadде Ақсу-Жабағылыны айтпағанда, бір-екі жерді ғана мекен ететінін еске алатын болсақ қорықтың құндылығы арта түседі. Жануарлардың –52, құстың 267 түрі кездеседі. Сонымен бірге, 1200-ден аса өсімдік өседі. Оның арасында дәрі-дәрмектік шөп те өте көп. Ағаштың – 25, бұталы өсімдіктің 65 түрі бар. Біз алаңxadқайдағы керемет көріністерді тамашаxadлап тұрып қалдық. Бояуы қанық неше түрлі гүл самал желмен мың бұралады. Ғажап!

Табиғат және оның барлық байлығы адам баласына ортақ емес пе?!. Сондықтан да Ақсу-Жабағылыда ұштасар үш мемлекеттің қорық қорғаушылары табиғат байлығын бірлесе қорғайды. Ол үшін арнаулы бақылау-шекаралық тұрақтар орналасқан.

Жуалының шығысында да, батысында да асу бар. Оның батысындағы Шақпақ аты қосарлана аталатын асу, жел, өзен, ауыл, станса, орта ғасыр қаласы, әулие үңгірі бар. Киелі жердің мінезі де ерекше. Көктем мен жазда арагідік болмаса салқын самал соғып тұрса, күз бен қыста бұл самалыңыз атқұлағы көрінбейтін алай-түлей боранға ұласады. Апталап соғатын боран асу бермей ышқына соға беретіні бар. Ауа райының осындай күндерінде жерұйығын іздеп жүрген Асан қайғы атамыз Шақпақтың боранына тап келіп, Түлкібасқа көтеріле алмай жатып қалса керек. Сонда атамыз; «Аспаның қайқы, жерің дөң, мінезің өр екен» десе керек. Теміржол мен тас жолдың бір-біріне жақындасар жерінде құс жолы да тоғысады. Теңіз деңгейінен бір жарым шақырым биік Шақпақата асуыxadнан пойызыңыз да, машинаңыз да қинала, күшене көтерілсе, аспандағы құсыxadңыз да осы тұста жер бауырлай ұшады.

…Жуалыға келгенде жыл құстары қанатын қомдағанымен өскен, өнген жерін қимай, төмендеп ұшып, аймалап, Шақпақ асуы арқылы қысқы мекеніне жол тартады. Бұл көрініс Жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бері жалғасып келеді. Сондықтан да жұлдызы да, жері де биік Жуалыны орнитологтар Құс жолы деп те атайды.

…Құс жолы… осы жерде орманның шетінде орын тепкен орнитологтар стансасының қызметкерлері төxadменxadдеп ұшып, торға түскен қанаттыларға сақина салады.

…Сақиналы болған ақтамақ қарлығаш бірден көкке көтеxadрілді. Бостандық деген қанxadдай ғажап! Қараңызшы, қараxadңызxadшы, қанатын талмай қағады… Әуелеген құсты өзіне табынxadдырған, саясына аялдатқан, алыс сапар алдында қуат берген Жуаxadлы жерінің тартылыс күші ғажап!!!

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ,

журналист,

Жуалы ауданының

құрметті азаматы

Жамбыл облысы

xa0Егемен Қазақстан. – 2016. – 29 сәуір. – 10 б.

Жамбыл тауының етегінде

Жамбыл тауының етегінде

«Жыр алыбының кіндік қаны тамған жер осы» дейтін бір киіз үй-кешен тұрса менмұндалап

xa0Жамбыл – Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. Ең биік тұсы 972 метр болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40-45 шақырымға созылып жатыр. Ені 10-15 шақырымды құрайды. Жер бедеріне, геологиялық құрылымына келсек, таудың жоғары жартасты бөлігінің түпкі жыныстары ашық, беткейлері тік құлама болып келеді. Ғалымдар сонау палеозойдың эффузивті шөгінді жынысxadтарынан түзілген деп тәпсірлейді. Өсімдігіне келсек, қиыршықxadтасты сұр қоңыр топырағында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым. Өзен арналары бойында тобылғы шоғырлары кездеседі.

xa0Міне, жазы – аңызақ, аптап, қысы – аязды, ызғырық болып келетін осынау өңірде 1846 жылы 28 ақпанда іңгәлаған үнге іңкәр боп жүрген Жапа атты (ақынның өзі «Батаңды маған бер, әке, тіліме менің ер, әке, Жапаның ұлы ақын боп, жақсы істепті дер, әке!» деп жырлайды) қарға тамырлы қазақтың үйінде нәресте өмірге келеді. Жамбыл тауының етегінде туған сәбидің атын таудай биік болсын деген ырыммен Жамбыл деп қояды. Құдайдың құдіреті, Жапаның тілегі қабыл боп, Жамбылдың даңқы төрткіл дүниеге жайылды. Жамбыл мен Жабайдың (Жапа) аты-жөні еліміздегі мектептерге, көшелерге, ауылдарға, аудандарға, қалаларға, облыстарға берілді. Мысалы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл мектебі, Жамбыл даңғылдарының болуы осы сөзіміздің жарқын мысалы. Ақынға деген бұл құрметті шетел халқы, оның білікті басшылары мен саналы саясатшылары да қолдап, қолға алды, ескерткіштерін орнатты, көшелерге атын берді.

Жыр алыбы Жамбылдың атын иеленген өңіріміздің жақсы атын бүгінде үлкен жиындардан жиі естиміз. Облыста іске қосылған кәсіпорындардың тұсауын кесіп, ақ жол тілеген Елбасы сөзін Жамбыл жұртын құттықтаудан бастайды. Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ, өткен жылы Ақордасы асқақ Астанадан басталып, еліміз бен өңірімізде ғажайып іс-шаралармен жалғасқан Қазақ хандығының 550 жылдық тойында Президентіміз: «Жамбыл облысы еліміздің басқа да өңірлері сияқты өз дамуы жолында жаңа биіктерге жететініне сенімім мол. Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім», – деп, ерекше атап өтті.

Жамбыл атымен аталатын өңіріміздің Мойынқұм ауданы аумағындағы Жамбыл тауының етегінде ақпанның ақ боранында туып, 1945 жылдың мамыражай маусымының 22 жұлдызында Алматы қаласында 99 жасында қайтыс болған ақынның туғанына биыл 170 жыл толады. Елімізде ақын құрметіне арналған түрлі мәдени іс-шаралар басталып та кетті. Өңірімізде де атқарылып жатыр. Бірақ бұл іс-шаралар 28 ақпанмен аяқталмай, одан ары қарай да жарасымды жалғасын таба береді. Ел үшін, ес үшін, ұлт ұшін, ұрпақ үшін, тарих үшін, тағылым үшін ақын ғибраттары жыл бойына жазылып, жыл бойына жырлануы керек.

Осындайда Жамбылдың ойы өрелі, кісілігі көшелі ұрпақтарына бір ой тастағың келеді. Қазақ деген халықтың бар екенін жер-жаһанға танытқан (басқасын айтпағанда, атақты «Джентельмены удачи» атты фильмдегі «–Джамбул. – При чем тут Джамбул? – Потому что, там тепло. Там мой дом, там моя мама» деген диалогты-ақ алайықшы) Жамбыл ақынның кіндік қаны тамған жердің тағылымды тарихын таныту үшін неге бір ерекше ескерткіш-белгі қоймасқа?! Ол ескерткіш-белгі Жапа атты қазақтың Жамбыл атты ұлы дүниеге келген киіз үй пішінінде болса дейміз. Сөйтіп, кең тынысты эпик-ақынның атақонысын арнайы іздеп келгендер мен жол-жөнекей естіп, ат басын бұрғандар бір мезгіл аялдап, тау-тастың табиғатымен бірге жыраудың кіндік қаны тамған жерді де көріп, тамашалайтын туристік орынға айналдырсақ, қандай ғанибет болар еді. Халқымызда «Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ» деген қанатты сөз бар. Қазақ хандығының 550 жылдық тойына тарту ретінде қаншама тағылымды ғимараттар мен ескерткіштер бой көтеріп, қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын орындарына айналды. Сол сияқты, Жамбыл тауының етегінен де Жамбыл ақынға арнап ғимарат тұрғызып, қасына ескерткішін қойып, халықаралық туризм жөн-жобасына сәйкес қолға алсақ, бұрыннан да аң мен құсқа бай, абатты мекен Андасай қорығы маңындағы биылғы игі істің бірі болар еді.

Жамбыл дегенде Сүйінбайды да ұмыта алмайсың. «Менің пірім –Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, ақынның өзі айтып кеткен. Одан кейін Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбеттерсіз де жыр алыбын еске алу мүмкін емес. Көрші қырғыз халқының Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшыларын да ұмытуға болмайды. Сол кезеңдерде Жетісуға ұлы Абайдың, Біржан, Шашубай, Балуан Шолақ, Түбек, Майкөт, Майлықожа, Құрманғазы сияқты дауылпаз әнші-ақындардың, күйшілердің келуін де қазақ сөз өнерінің тарихынан қалай сызып тастаймыз. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев сияқты белгілі суырыпсалма ақындар бар. ХХ ғасырдағы Кенен бастаған бұл халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Айтайық дегеніміз – Жамбыл тауының етегін қоныстанған Жапаның ұлы Жамбыл үйінде біз айтқан осы және басқа қазақ дүлдүлдері мен бұлбұлдарының аты-жөндері, сөздері, өлеңдері жазулы тұрса дейсің. Әрине, игі бастама қолдау тапса, мұны осы іс-шараға байланысты құрылған комиссия мүшелері ақылға салып, ортақ келісімге келер деп ойлаймыз.

Жамбыл шығармалары қырықтан астам шетел тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. 1941 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Қазақ халқы Жамбылдың 100, 125 және 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Ендеше, жыр алыбының 170 жылдығын да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ерекше ескерткіш-кешенмен түйіндесек дұрыс болар еді. Ол үшін Мойынқұмды өндірісті өңірге айналдырған «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы», «Ақбақай алтын алу фабрикасы», «Хантау цемент зауыты», «Мыңарал балық» зауыты, «Аль-Басар» және «Казгранит» ЖШС-лары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып іске кіріссе, ел мен ес, ұлт пен ұрпақ қам-қарекеті тұрғысындағы осы ұсынысты тап-тұйнақтай етіп атқаратыны сөзсіз.

Неге ел мен ес, ұлт пен ұрпақ? Өйткені, Жамбыл жүз жыл бойы ел мен есті, ұлт пен ұрпақты жырлап өтті. Өзін жүз жылдық терекке теңеген Жамбыл бабамыз: «Менің тамырларым – туған халқым, менің бұтақтарым – жырларым, менің жапырақтарым – ұлдарым мен қыздарым, мен бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарық күнімді, халқымның бақытын, ұл мен қыздарымның бақытын жырлаймын. Қазақ жерінің ұлдары мен қыздары нағыз керемет істер істейді», – деп, ұрпағына үлкен аманат жүктеп кетті.

Ендеше, жүз жасаған бәйтеректің ұлы мен қыздары, – бүгінгі ұрпақ, абыз ақынның аманатына адал деп сенгіміз келеді.

xa0xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa0Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Тараз қаласы

xa0xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 Ақ жол. – 2016. – 13 ақпан(№18). – 6 б.

Төрткүл — дүниенің киесі

Төрткүл — дүниенің киесі

xa0 xa0

xa0 xa0 Әр тасын түртсең, қатпар-қатпар тарихтан сыр шертетін көне қаланың кербез келбеті қандай ғажап десеңші! Тараз шаһарының тарихи құнын, бағзы замандағы саяси салмағының көрсеткішін айқындайтың тағы бір киелі орын – «Төрткүл» көшпенділер керуен сарайы емес пе, құрметті оқырман?!

xa0Б.з.д.xa0ІІ-Іxa0ғасырларданxa0бастауxa0алғанxa0Жібекxa0жолыxa0көптегенxa0елдердіңxa0экономикалықxa0өркендеуінеxa0өзxa0үлесінxa0қосқаныxa0анық.xa0Қытайдан бастау алған керуен жолы Тибет, Қашқар, Жетісу арқылы көне Тараз қаласына келіп, осы жерден екіге бөлінгені белгілі. Бірі Орта Азия қалалары арқылы Ташкент, Самарқанд, Хиуа, Үргеніш арқылы Иранға кетсе, екіншісі Түркістан, Отырар, Хорезм арқылы Еділ, Кавказ жолымен Жерорта теңізіне жеткен. Осындай ұлы дала жолдарының түйісетін жолдарының бірі әрі бірегейі Тараз қаласы еді. Сондай-ақ, қалаларды өзара байланыстыратын жолдардың бойында керуен сарайлары көптеп бой көтерген-ді. Соның бірі көне шаһарымызда орын тепкен «Төрткүл» керуен сарайы болатын. Тарихшылардың айтуынша, «Төрткүл» көшпенділер сарайы ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Жалпы, «Төрткүл» сөзі түркі тілінен аударғанда «төрткүл дүние» деген мағынаны береді екен. Міне сол себепті болар, сол уақыттағы алып шаһарлардың бірі Тараз қаласына ат басын тіреген көптеген халықтар осы кешенге арнайы келіп аялдаған деседі. Қаланың батысында орын тепкен «Төрткүл» кешенінің зерттеу жұмыстарымен бірқатар археолог-ғалымдар белсене айналысқан. Алғаш рет есімі елімізге белгілі ғалым Карл Байпақовтың басшылығымен 1983-1985 жылдары зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілген-ді. Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан соң, яғни 2008-2010 жылдары Ә.Марғұлан атындағы археология институтының мамандары қазба жұмыстарын қайта жүргізіп, керуен сарайды қалпына келтіруге күш салған. Археологтар зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында Төрткүлден қонақ бөлмелерін, қазан-ошақ пен керамикалық заттардан жасалған үй тұрмысында пайдаланатын ыдыс-аяқтарды тапқан екен. Сонымен қатар, 2010-2011 жылдары керуен сарайда қайта толық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып (жөндеу жұмыстарының құны 97 млн. теңге болған көрінеді), бес метрлік дуалдар тұрғызылып, ішкі көрінісі туристік нысан ретінде қайта жасалынған екен.

24 торткуль3 1

xa0Біз де өз кезегімізде қаламыздың ең көрнекті жерінің бірі болып табылатын «Төрткүл» көшпенділер керуен сарайын көзімізбен көруге жыл сайын асығып тұрамыз. Себебі, керуен сарайда қала халқы мен алыс-жақын шетелдерден келетін туристерді қызықтыратын деректер көп. Керуен сарайдың ішіне аяқ басқанда, бағзы жаугершілік заманға тап болғандай әсер аласың. Жан-жағы биік дуалмен қоршалған сарайдың ішіндегі шағын ғана бөлмелер, ондағы қазан-ошақ пен керамикадан жасалған құмыра көзіңе оттай басылады. Өз уақытында кешеннің шеткі ұзындығы 100 метрден 115 метрге дейін, ал биіктігі 4-5 метрге дейін жететін болса, бүгінгі таңда оның ұзындығы 85 метрден 100 метр шамасында. Ал биіктігі 1,5 метрге жетіп, бойына айтарлықтай зақым келген.

Бүгінде «Төрткүл» керуен сарайы Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау және қалпына келтіру бойынша дирекциясының қарауында.xa0«Төрткүл» керуен сарайының бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-і «Тарих және археология» бөлімінің меңгерушісі Сауран Қалиев бізге кеңінен әңгімелеп берді.

Сауранxa0ағаxa0әуеліxa0керуенxa0сарайдыңxa0тарихыxa0турасындаxa0баяндап,xa0қазіргіxa0таңдаxa0бұлxa0кешенгеxa0қызығушылықxa0танытыпxa0отырғанxa0туристердіңxa0қарасыxa0қалыңдағанын,xa0соныңxa0ішіндеxa0қытайлықтардыңxa0ықыласыxa0айрықшаxa0екенінxa0айтты.

-xa0Жалпы,xa0біздіңxa0облыстаxa0Төрткүлxa0секілдіxa0көшпенділерxa0сарайыныңxa0бірнешеуіxa0анықталыпxa0отыр.xa0Тараз қаласы маңындағы Құлан, Күлшіп, Жүлшіп, Ақыртас, төменгі Барысханды айтуға болады. Бұл керуен сарайлары сол тұста «Төрткүл» деп аты айтып тұрғандай, төрткүл дүниенің әр бұрышынан келген халықтардың арнайы тоқтайтын жері болған. Мәселен, сол тұста көшпенділер мінген түйелер 30-50 шақырым жерді жүріп өтіп, шаршап-шалдыққан мезгілде әлгінде айтқан керуен сарайларына аялдап, демдерін басып алатын болған. Осынау керуен сарайлардың ең үлкені «Төрткүл» болып табылады. Бұл VI-VII ғасырларда жол азабынан құтылу үшін жасалған, ұтымды ойластырылған дүниелер, — дейді Сауран Қалиев.

Сауранxa0мырзаныңxa0айтуынша,xa0оларxa0көнеxa0қаламыздыңxa0киеліxa0орындарыxa0менxa0кешендерінxa0жер-жаһаннанxa0келетінxa0туристергеxa0кеңіненxa0таныстыруxa0үшінxa05-6xa0туристікxa0компанияменxa0тығызxa0жұмысxa0жасайдыxa0екен.

Өткенxa0жылыxa0Ұлыxa0Жібекxa0жолынxa0қайтаxa0жаңғыртуxa0мақсатындаxa0Қытайxa0жеріненxa0түйеліxa0керуенxa0келген-ді.xa0Олар қазақ жеріне табан тірей отырып, өз отандарының символына айналған шайларының көптеген түрлерін жарнамалап кеткен еді. Сонда қытай керуеншілері Төрткүлге арнайы тоқтап, бұл жердің тарихи мәнінің тереңде жатқанын тілге тиек еткен екен.

-xa0Міне,xa0шілдеxa0айыныңxa0ортаxa0тұсындаxa0солxa0қытайлықxa0керуенxa0көнеxa0Таразғаxa0қайтаxa0табанxa0тіремекші.xa0Аспанасты елінен ат терлетіп келетін 200-ден аса қытайлықтар әулиеаталық ағайынға өздері әкелген заттар мен өнімдерін көрсетіп, әрі қарай Ташкент қаласына жол тартатын болады. Осыған орай, облыс әкімдігінде үлкен жиын өтіп, қонақтарды қалай қарсы алатынымыз және мерекелік іс-шараны ұтымды ұйымдастыру мәселесі талқыланды,-дейді ол.

Бұйыртса,xa0келесіxa0жылыxa0елордамызxa0Астанағаxa0төрткүлxa0дүниеxa0көзxa0тігіпxa0отырғанxa0«ЭКСПО-2017»xa0халықаралықxa0көрмесінxa0тамашалауғаxa0миллиондағанxa0туристxa0ағылады.xa0Осынау әлемдік масштабтағы көрме аясында жер-жаһанның жиһангездері қазақ жерінің бірнеше тарихи–мәдени қалаларын аралайтыны белгілі. Осынау киелі шаһарлардың қатарында 2 мың жылдық тарихы бар көне Тараз шаһары да бар. Демек, Сарыарқаның төріндегі ғаламат көрмені көздерімен көруге келген туристер біздің өлкеге арнайы тоқтап, қасиетті һәм тарихи жеріміздің таңғажайып келбетін тамсана да таңырқай тамашалайтын болады.

Алайда,xa0қаламыздағыxa0«Төрткүл»xa0секілдіxa0тарихиxa0маңызыxa0барxa0керуенxa0сарайыныңxa0қадір-қасиетінxa0текxa0шетелдіктергеxa0ғанаxa0көрсетіп,xa0мақтаныштанxa0кеудеxa0қағуданxa0аулақxa0болғанымызxa0жөн.xa0Сауран Қалиұлының айтуынша, «Төрткүл» керуен сарайына келемін деуші қала тұрғындары мен қонақтары үшін оның есігі әр уақытта айқара ашық. Оның үстіне су тегін. Өкінішке орай, «Төрткүл» кешені туралы тараздықтар тегіс біледі деу қисынға келмейді.

Демек,xa0өскелеңxa0ұрпақтыңxa0тарихиxa0санасынxa0жаңғыртуxa0үшінxa0қолдаxa0барxa0алтынныңxa0қадірінxa0біліп,xa0осындайxa0киеліxa0орындарғаxa0жиіxa0басxa0сұқтырсақ,xa0ұлттықxa0рухымызxa0даxa0асқақтайxa0түсіп,xa0өзгеніңxa0жауһарынаxa0қызықпай,xa0өзіміздіңxa0інжу-маржандарымыздыxa0бағалайтынxa0еді-ау…

xa0Индира БАЙҚОНЫС

Жамбыл-Тараз. – 2016. – 29 маусым. – 11 б.

xa0