Ақкөздің ерлігі — Ұлт-азаттық көтерілісі

Ақкөздің ерлігі — Ұлт-азаттық көтерілісі

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa01916 жылдың маусым айында орыс патшасы Николайдың халықты тыл жұмыстарына пайдалану үшін әскер қатарына шақыру туралы жарлығы қазақтарды дүр сілкіндірді. Әр аймақта болыстар әскер қатарына қазақтардан шақырылуға тиіс 19 бен 45 жастағы азаматтардың тізімін жасап, уезд басшыларына тапсыру керек болатын. Біраз адамдар жастарын кішірейтіп, енді бірі жастарын үлкейткенімен қазақтың көбісі әскерге кететін болды. Алайда, патша жарлығына қарсы әр жерде көтеріліс тұтанып, келіспеушілік көбейді. Жұрт болыстардың үйлерін қиратып, тізімді жоюға қарсы шаралар ұйымдастырып, әскерге адам жібермеуді ойластырып, наразылық білдіре бастады. Тарихтан белгілі, осындай көтерілістің ең үлкені Торғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің бірін Алматы маңында Бекболат батыр ұйымдастырды.

Мұндайxa0наразылықxa0Меркіxa0менxa0Шуxa0жеріндеxa0деxa0бұрқxa0етті.xa0Бұл көтеріліске Ақкөз Қосанов жетекшілік етеді. Көтерілісшілердің саяси жетекшісі – Тұрар Рысқұлов. Ақкөз Қосановтың көмекші хатшысы болып Ысқақ Асимов бекітіледі.

Осыxa0көтерілістіңxa055xa0жылдығыxa0қарсаңында, 1971xa0жылы,xa0солxa0кездегіxa0«Еңбекxa0туы» (қазіргіxa0«Ақxa0жол»)xa0газетінеxa0мақалаxa0жазғанxa0едім.xa0Көтеріліске қатысқан бірнеше адамнан алған шағын сұхбатымның облыстық газетке жарияланғаны да есімде. Кейіннен Ақкөз Қосановтың туған-туыстары табылып, есімі Меркідегі Калинин мектебіне беріліп, алдына ескерткіші қойылып еді. Ал енді Ақкөз Қосановтың көтерілісі туралы айтатын болсақ, 1916 жылдың маусым айының аяғында Аспара болысы жақтағы қазіргі Алтын арық ауылының маңында 5-6 мың адам жиналып, оған Шу бойынан сиқым, жаныс руынан, Меркіден ботбай, шымыр руларының азаматтары келіп, елге сыйлы, беделді, батыр мінезді Ақкөз Қосановты ұлғайған жасына қарамастан, көтерілістің басшысы етіп сайлаған. Олар алдымен Шу өзенінің маңында орналасқан Новотроицк селосындағы орыс әскерін жойып жібереді. Кейіннен Меркі бекінісіне жасырынған орыс әскерлерін жойып, жау жағының біраз қару-жарағын жинақтап, қолдарындағы айыр-күректерін қаруға айырбастап алады. Көтерілістің саяси күреске айналуына Т.Рысқұлов басшылық етеді. Әулиеатадан келген орыс әскерлеріне де аямай соққы беріп, жеңеді. Бірақ, көп ұзамай Ташкенттен жеткен, Г.Савченко бастаған жазалаушы отрядтың 5-6 зеңбірегі, 10-нан аса пулеметі, атты әскер жасағы мен жаяу әскерлері болады. Қарулары аз, соғыс өнерінен хабары жоқ көтерілісшілердің қолға түскенін Меркі мен сол кездегі Луговойдың арасындағы бағаналардың әрқайсысына іліп азаптайды. Т.Рысқұлов Ташкентке, Ысқақ Асимов Бішкекке кетіп, бой тасалайды. Ал А.Қосанов Шу маңындағы шымырлар мен сиқымдардың арасына кетіп қалады. Дегенмен, көп ұзамай біреулердің айтуымен қолға түскен оны Новотроицк селосы маңына орналасқан орыс әскерлері ұрып өлтіреді. Осы көтерілісте менің атам Қоқай жараланып, көп ұзамай алған жарақатынан қайтыс болады. Міне, Ақкөз Қосанов көтерілісі осылайша біздің әулет үшін де қайғылы аяқталады. Ақкөзге атқосшы болған Андабай батыр бір аяғынан айырылады. Көтерілісшілерге аспаз болған өзбек жігіті Салижан да берірекке дейін ғұмыр кешті. Андабай да, Салижан да 1980 жылдары өмірден озған. Кезінде мен ол кісілермен кездесіп, сұхбаттасқан едім. Совет үкіметі орнаған соң Ысқақ Асимов Меркі ревкомының алғашқы төрағасы болып сайланады.

1916xa0жылғыxa0Ақкөзxa0көтерілісіxa0ұлт-азаттықxa0қозғалыстың,xa0тәуелсіздікxa0үшінxa0күрестіңxa0алғашқыxa0қарлығашыxa0десеxa0деxa0болады.xa0Осындай сан қилы қасіретке толы көтеріліске биыл 100 жыл толып отыр.

Мәскеу Ноқрабеков,
журналист.

Меркі ауданы

Ақ жол. – 2016. – 7 сәуір. – 3 б.


xa0
xa0

Тоғыз тағдыр

Тоғыз тағдыр

xa0 xa0 xa0

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa01937xa0жылдыңxa0зауалынаxa0құқықxa0қорғауxa0органдарының,xa0оныңxa0ішіндеxa0прокуратураxa0қызметкерлеріxa0азxa0ұшырағанxa0жоқ.xa0Кеңесxa0өкіметінеxa0қарсыxa0шықты,xa0контрреволюциялықxa0ұйымғаxa0қатыстыxa0дегенxa0желеуменxa0талайxa0боздақтарxa0қыршынынанxa0қиылдыxa0немесеxa0түрменіңxa0ұзақxa0жылғыxa0азабынxa0шекті.xa0Кеңес өкіметінің «халық жауынан тазарту дауылы» республика прокуратурасын басқарған марғасқалардан бастап, қарапайым прокуратура тергеушілерін де шарпыды. Сол 37-ші жылы Алматыдағы НКВД республикамыздың дербес прокуратурасының бірінші прокуроры Сүлеймен Есқараевты қинап жауап алып жатқанда ауылдағы оның бірнеше әріптестері оған қатысы бар деп қамауға алынды. Оңтүстік Қазақстан облысы НКВД-сының жала жапқан «№473985 қылмыстық іс» деп аталатын қалың томын қолыма алғанда оған анық көз жеткіздім. Оның күлгін түсті мұқабасында халық жауы деп айып тағылған тоғыз адамның аты-жөні жазулы. Олар: Қосназаров Базарбай – Жамбыл қаласы прокурорының көмекшісі, Төребаев Имаш – Жамбыл қалалық прокуратурасының халық тергеушісі, Әбдірахманов Мұхамед – Жамбыл қаласының халық судьясы, Тоқсанбаев Абдолла – Жамбыл қаласындағы жылқы техникумының директоры, Баетов Қаршыға Байманұлы – Жамбыл қаласындағы жүн жуу мекемесінің директоры, Таласбаев Әбдіраш – сот орындаушысы, Жанкин Көшенғали – адвокат, Захаров Григорий Владимирович – Жамбыл қаласындағы №13 балалар үйінің есепшісі, Давлетмендов Хусаин Каримович – қалалық аурухананың дәрігері.

xa0Олардыңxa0ішіндеxa0прокуратураныңxa0халықxa0тергеушілеріxa0Қосназаровxa0Базарбайxa0менxa0Төребаевxa0Имашxa0Оңтүстікxa0Қазақстанxa0облысыxa0бойыншаxa0НКВДxa0Үштігініңxa0қаулысыменxa01938xa0жылыxa029xa0наурызxa0күніxa0түнгіxa0сағатxa012-деxa0атылған.xa0Қылмыстық істің 364-бетінде ол жөніндегі актіден көшірме тіркеулі тұр. Ал қалған жетеуі әрқайсысы он жылға сотталып, жазасын концлагерьде өтеуге жөнелтілген.

Ісxa0материалдарынxa0қарапxa0отырсаңыз,xa0тергеуxa0кезіндеxa0оларғаxa0айыптыxa0күшпенxa0мойындатқанынxa0байқауxa0қиынxa0емес,xa0тіптіxa0өздерініңxa0«мойындаймын»xa0дегенxa0сөзіненxa0басқаxa0ешқандайxa0дәлелдемелерxa0жоқ,xa0тіптіxa0кінәсінxa0мойындамағандарxa0бар.

xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Lager

Б.Қосназаров пен И.Төребаев терxadгеуxadшіге берген жауаптарында өздерін контрреволюциялық ұйымға тартқан адамдардың «атын атайды», бірақ тергеу кезінде ондай адамдардан не жауап алынбаған, не бетпе-бет кездестірілxadмеген. Ал НКВД тергеушілері қамауға алынған қос прокурорға қазақтың белгілі ұлдары Есқараев және Жүргеновпен байланыстарың бар деген айыпты шімірікпестен мойындарына іледі. Б.Қосназаровқа 1937 жылы маусымда Алматыға оқуға барғаны пәле болып жабысады, демек ол сол жолы контрреволюциялық ұйымның мықтыларымен кездескен деп айып тағылады. Іс материалдарымен танысқанымызда Б.Қосназаров пен И.Төребаевтың ұсталуына басқа бір маңызды жағдай да әсер еткеніне көз жеткіздік. Яғни олардың халық тергеушісі ретінде әділ де принципшіл болуы өздеріне сор болып жабысқан. Оған Б.Қосназаровтың 1937 жылы 23 тамыздағы облыс прокуроры Бартаевқа жазған мәлімдемесі дәлел бола алады. Халық тергеушісі Имаш Төребаевтың уәкіл болып барған «Жас өркен» колхозы ұжымы оның үстінен арыз жазады, оны тексеруге барған Б.Қосназаров ешқандай фактінің дәлелденбегенін баяндайды. Арызды ұжым атынан бір адамның жазғанын, оның аты-жөнін айтып, дәлелдеп береді. Өйткені сол арыз жазған адамның туысқанын халық тергеушісі И.Төребаев тұтқындап, екі жылға соттатқанын және тергеушінің бұл әрекетін қуаттайды. Б.Қосназаров тергеушіге жала жапқан үшін арыз жазған адамның үстінен қылмыстық іс көтеретіндігін облыс прокурорына мәлімдеген. Бірақ оны басшылары құптамай, И.Төребаевты қайта тексеруге басқа адам жібереді. Тергеуші Б.Дәуірбаев 1937 жылғы 14 желтоқсанда облыс прокурорына жазған баяндауында Б.Қосназаровтың айтқандарының бәрін жоққа шығарып, И.Төребаевқа нағыз халық жауы деп айып тағады. 1933 жылы Өзбекстанда тұрғанда-ақ ол контрреволюциялық ұйымға қатысқан, халық жаулары Жүргенов пен Батырбековтің шәкірті деп асыра сілтейді. Ақыры сол жылы 21 желтоқсанда И.Төребаев қамауға алынады. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдірде дүниеге келіп, отызға жаңа толған жас тергеуші енді тоғыз күннен кейін өзінің ату жазасына кесілетіндігін, 23 жасар жары Зейне жесір, 5 жасар ұлы Ерік, 3 жасар қызы Раушан жетім қалатынын білген жоқ еді.

1907xa0жылыxa0Қазалыxa0ауданындағыxa0№3xa0ауылдаxa0туған,xa0Жамбылxa0қаласыxa0прокурорыныңxa0көмекшісіxa0болыпxa0істейтінxa0Базарбайxa0Қосназаровтыxa0даxa0сойқанxa0саясаттыңxa0сілтегенxa0семсеріxa0аяғанxa0жоқ.xa0Ол тұтқында жатқан кезде аудандық НКВД бастығы лейтенант Капустинге мынадай мазмұнды арыз жазған екен (251-бет):

xa0«Арыз

Мен өзім жұмысшымын. Прокуратура органында 1934 жылдан бастап қызмет істеймін. Менің жастығымды ескеруіңізді өтінемін, лагерьде жан аямай жұмыс істейтін боламын…».

xa0Демек,xa0олxa0өзініңxa0атуxa0жазасынаxa0кесілетіндігінxa0алдынxa0алаxa0білді.xa0Бірақ түрменің меңіреу төрт қабырғасынан оның жанайқайы ешкімге естілген жоқ. Тұтқын одан кейін тағы да осы мазмұндас арыз жазады. Өкінішке орай НКВД тас қамалы оған міз баққан жоқ, сөйтіп, бір жас тағы да қыршынынан қиылды.

Алxa0халықxa0жауыxa0депxa0айыпxa0тағылғанxa0қалғанxa0жетеуіxa0онxa0жылғаxa0сотталып,xa0Сібірге,xa0Қиырxa0Шығыстағыxa0концлагерьлергеxa0айдалды.xa0Олардың үшеуі заңгер болатын. Соның бірі – тұтқындалғанға дейін Жамбыл қаласында халық судьясы болып істеген Мұхамед Әбдірахманов еді, өзінің ұлты қырғыз, 1908 жылы Қырғызстанның Аламедин ауданында туған. Ол концлагерьде жүріп 1940 жылы 12 қаңтарда КСРО НКВД-сы 1-бөлімінің бастығына шағымданады. Онда өзінің жазықсыз сотталғанын, жанын азаптап жауап алғандықтан бәрін «мойындағанын» жазады. Сол зарлы замандағы НКВД қанпезерлері тұтқыннан қалай жауап алғаны шағымда жантүршігерліктей етіп баяндалған, сондықтан оның мәтіні сәл қысқартылған түрінде оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

«Мәскеу қаласы. КСРОxa0

НКВДсыныңxa0

1-бөліміxa0бастығынаxa0

Қазақxa0ССРxa0Оңтүстікxa0

Қазақстанxa0НКВДxa0

басқармасыxa0Үштігіменxa0

Қылмыстықxa0кодекстіңxa0

58-10xa0бабыменxa010xa0жылғаxa0

сотталғанxa0сотталушыxa0

Әбдірахмановxa0Мұхамедтен

xa0ШАҒЫМ

Осыдан тура екі жыл бұрын, 1937 жылы қарашада, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратура органымен, дәлірек айтсам, облыс прокуроры Бартаев арқылы тұтқындалдым… Мирзоян аудандық НКВД-ның бастығы, мемлекеттік қауіпсіздік лейтенанты Капустин менен жауап алды. Ол алдымен маған мынаны айтыңыз деді:

1.Қайxa0уақыттанxa0бастапxa0қазақтыңxa0ұлттықxa0контрреволюциялықxa0ұйымынаxa0мүшеxa0болдыңыз?

2.Қашанxa0жәнеxa0кімxa0арқылыxa0контрреxadволюциялықxa0ұйымғаxa0тартылдыңыз?

  1. Сіздіңконтрреволюциялықxa0ұйымғаxa0тигізгенxa0пайдаңызxa0қандай?
  2. Контрреволюциялықұйымғаxa0өзіңізxa0кімдердіxa0тарттыңыз?
  3. Сіздіңұйымныңxa0нақтыxa0міндетіxa0қандайxa0еді?

Адамxa0шошырлықxa0мұндайxa0сұрақтарxadдыxa0қойғандаxa0менxa0алғашқыдаxa0абдырапxa0қалдым.xa0«Сонда маған осы сауалдарға жауап бер деп тұрсыз ба?» деп бастыққа қарадым. Ол болса маған кіжініп: «Иә, иә!» деді. «Мен мұндай ұйымды өзіңізден бірінші рет естіп тұрмын, ол жөнінде ешқандай хабарым жоқ әрі оған мүше де болған емеспін» деп жауап қайырдым. Капустин маған қарап «ешқандай қапа болмаңыз, сізге 24 сағат уақыт беремін, жақсылап ойланыңыз, қабырғаңызбен кеңесіңіз, жауабыңызды ертең айтарсыз» деді. Сосын ол «өмір» не «өлім», соның бірін таңдауыма да кеңес беруді ұмытқан жоқ. Егер өмір сүргім келсе, онда он жыл концлагерьге жіберуге уәде беретіндігін айтты. Ал өмір сүргің келмесе, онда бұл дүниемен қоштаса бер деп доқ көрсетті. Содан кейін мені жатқан жерімнен басқа №11 камераға жіберетінін ескертіп, сонда асықпай ойланарсың деді… Айтқан камераға келсем, онда 8-9 адам жатыр екен. Оның бәрі де бір адамдай «өзіңді өзің азапқа салма, бәрін мойындасаң жақсы болады» деп азғыра бастады. Өздерінің қатты азап шеккендерін, ақырында кінәлімін деп мойындауға мәжбүр болғандарын жарыса айтып жатыр. Бұл адамдар маған бірінен кейін бірі келіп тағылған айыпты қалайда мойындауды ұсынды. «Жабылған жаланы мойындағанша өлгенім артық, мен үшін қиналмай-ақ қойыңыздар, одан да өздеріңізді ойлаңыздар» дедім.

Меніңxa0түсінгенім,xa0бұлxa0адамдарxa0осыxa0камерағаxa0әдейіxa0іріктелгенxa0екен.xa0Не де болса олардан құтылғым келді де өзімді азаптамас үшін халық жауымын деп мойындайтындығымды, ертең жауап алуға шақырғанда солай жазатындығымды айтып сендірдім. Содан кейін әлгі адамдар маған кәдімгідей разы болып қалды. 1937 жылы 11 желтоқсанның да таңы атты. НКВД бастығы мені жауапқа шақырып, «ойландың ба, жоқ па?» деп сұрады. Мен контрреволюционер болмағанымды және болғым да келмейтіндігімдіі жасыра алмадым!

Бастықxa0мағанxa0ұзақxa0уақытxa0бойыxa0айқайлауменxa0болды,xa0ақырыxa0ештеңеxa0шығараxa0алмасынxa0білдіxa0деxa0конвейергеxa0тұрғызыпxa0қойды.xa0Мен 11 желтоқсаннан 25 желтоқсанға дейін тізе бүкпей түрегеліп тұрдым. Өзімнің әбден әлім құрып, денем ісіп кетті, қайта-қайта есім ауып, тұра алатын халім болмады. Сол кезде мені отырғышқа отырғызды, бірақ енді аяғым жерге жетпейді. «Козел» деп аталатын сол отырғышта 25 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін тапжылмай тағы отырдым. Ұйқы қысып құлап бара жатамын. Бет-аузым адам шошырлық ісініп, денедегі қанның бәрі аяғыма жиналды. Есім кіресілі-шығасылы мен 29 желтоқсанда алдыма әкелген бірнеше бет қағазға оқымастан қол қойдым.

Көзімдіxa0ашсамxa0түрменіңxa0ауруханасындаxa0жатырмын.xa0Мен мұнда 20-25 күндей болдым, сосын камераға алып келді, ондағы жолдастарыма көрген қорлық пен азапты айтып ағыл-тегіл жыладым. Сол азаптаудың салдарынан қатты науқастанып, 1938 жылдың мамырына дейін төсек тартып жаттым. КСРО Ішкі істер халық комиссариатына НКВД бастығы Капустиннің үстінен шағымдандым. Онда бәрін қалдырмай айтып, ол Ягода мен Бухариннің агенті екендігін де қостым, бұл жөнінде біраз фактілер келтірдім. Менің бұл шағымым облыстық НКВД басқармасы бастығының орынбасары Костенконың қолына түсіпті. Ол Капустинге болған істі өзі баяндайды, яғни Халық комиссариатына үстіңнен жазылған арыз бар дейді. Шағым бергенімді естіген Капустин мені 11 мамырда өзіне шақырды да арыз неге жаздың, одан бас тарт деді, әйтпесе о дүниеге жіберемін деп абай-қоқай жасады. Мен ештеңе жазған жоқпын деп, білмеймін деп мойындамай қойдым. Ол жарайды деді де мені кері камерама жіберді. 12 мамырға қараған түні Капусxadтин түнгі сағат 12-де пәтерінде өзін-өзі атып тастады. Шымкенттен облыстық НКВД бастығының орынбасары Костенко келіп, 13 мамыр күні түсқайта сағат 4-те мені «ажал камерасына» қамады, онда 13 мамырдан 29 маусымға дейін отырдым. 45 күн бойы аштан аш, ешқайда шықпай ажал камерасында жалғыз өзім болдым. Алты күнге талшық қылатыным 400 грамм нан, стақан су, аптасына бір рет ыстық сорпа. Мені енді ататын шығар деп ойладым. Жоқ, олай болмады, 1938 жылы 29 маусымда облыстық НКВД басқармасы бастығының орынбасары Костенко бөлмесіне шақыртып, шағымды неге жаздың, одан іске келіп-кетер пайда жоқ деді. Сосын ол шағымнан бас тарту жөнінде арыз жазуымды талап етті. 45 күн бойы ажал камерасында отырып, аяғымды әзер басып тұрған мен неде болса азаптан құтылайын дедім де, 1938 жылғы 8 мамырдағы жазған шағымымнан бас тартып арыз жаздым. Бұдан кейін этаппен жөнелтіліп, 48 күннен кейін Қиыр Шығыстағы Комсомол қаласына келдім. Айтпақшы, оған аттанайын деп тұрған кезде 1937 жылы желтоқсанда НКВД мені он жылға соттағанын хабарлады. Міне, жағдай осы!

Сөйтіп,xa0меніңxa0тағдырымxa0осылайxa0шешілді.xa0Содан бері екі жылдан астам уақыт бойы өзіме заңсыз берілген жазаны өтеп келемін. Айта кетейін, облыс прокуроры Бартаев 1938 жылы қаңтарда Қазақ ССР-нің НКВД-сымен ұсталып, Жоғарғы Соттың әскери алқасымен 25 жылға сотталды.

…Меніңxa0ісімеxa0әділдікпенxa0қарайтын,xa0меніxa0халықxa0жауларыныңxa0апанынанxa0шығарыпxa0алатын,xa0Ұлыxa0көсемxa0Сталинxa0ісінеxa0шынxa0берілгенxa0большевикxa0шынымен,xa0табылмайxa0ма?xa0Қалайша мен бұл жерде жарық дүниемен қоштаспақшымын!..

Демократиялықxa0кеңесxa0мемлеxadкетіндеxa0мұндайxa0болуыxa0мүмкінxa0емес,xa0әділдікxa0бар,xa0әріxa0олxa0ақырxa0аяғынаxa0дейінxa0болаxa0береді.

Сондықтанxa0даxa0меніңxa0ісімдіxa0қадаxadғалауxa0тәртібіменxa0қарауыңыздыxa0жәнеxa0меніxa0қамауданxa0босатуыңыздыxa0сұраймын.

…Мененxa0жауапxa0алуxa0кезіндеxa0қолданғанxa0тізеxa0бүктірмейxa0түргелдіріпxa0қою,xa0конвейердеxa0ұстау, «козел»,xa0карцерxa0жәнеxa0т.б.xa0жауызxa0әдістерxa0жанxa0түршіктіреді.xa0Мұның бәрі жекелеген халық жауларының ісі деп білемін. Мұндай жағдайды түзетеді деп өзіңізден үміт күтемін. Егер сіздің тараxadпыңxadыздан тиісті әділдік болмаса, онда он жыл кесімді жазаны өтеуге шыдаймын деп айта алмаймын, әрі онда өмір сүрудің де қажеті шамалы деп ойлаймын. Қалайын, қаламайын, ондай жағдайда өзіме-өзім қол жұмсауыма тура келетін шығар…

12.1.1940 ж.
Приморье өлкесі
Солтүстік Гавань қаласы,
24-пошта жәшігі, 1-бөлімше,
НКВД-ның Төменгі Амур лагері,
1-колонна, сотталған М.Әбдірахманов».

Амалxa0не,xa0Мұхамедxa0Әбдірахмановxa0көзіxa0тірісіндеxa0әділдіккеxa0жетеxa0алмады.xa0Ол 1941 жылы 31 мамырда лагерьде қайтыс болды. Оның осы шағымындағы соңғы сөздерінен әділдіктің салтанат құра қоятынына сенімсіздік байқалады. Бұл дүниеден аһ ұрып, тұйыққа тірелген, xadамалы таусылып, тауы шағылған адамның сөзі ғой бұл…

Онxa0жылғаxa0сотталғандардыңxa0ішіндеxa0еңxa0жасыxa0сотxa0орындаушысыxa0Таласбаевxa0Әбдірашxa0еді.xa0Ол сол кезде небәрі 24 жаста болатын. Ол аман-есен жаза мерзімін өтегенімен бостандыққа шыға алмай қалған, себебі 1950 жылы КСРО прокуратурасы мен Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің №66/241 директтивасымен сол Магадан қаласында жер аударылған есебінде қалдырылады. 1952 жылы сәуірде Ә.Таласбаев өзінің контрреволюционер болмағанын дәлелдеп, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне шағымданады. Обалы не керек, Жамбыл облыстық Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы 1952 жылы Таласбаевтың өтінішін қанағаттандыруға, яғни істі қайта қарау жөнінде жоғары жаққа мәселе қояды. Өкінішке орай, олардың Қиыр Солтүстіктегі әріптестерінен xadТаласбаев өзінің айналасындағыларға кеңес өкімеxadтіне қарсы үгіт-насихат жүргіxadзіп жүр деген 1952 жылы 30 қазанда xadжолдаxadған анықтамасы (№52-5051) сап ете қалады. Сөйxadтіп, Әбдіраштың алдын тағы да қаратүнек тұмшалайды. 1952 жылы 20 желтоқсанда КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің 4-ші сектор бастығының орынбасары, мемлекеттік қауіпсіздігі полковнигі Правиков пен 4-бөлімше бастығының орынбасары подполковник Насыров Магадандағы қауіпсіздік басқармасының 9-бөліміне А.Таласбаевтың ісін қайта қараудан бас тартылғаны жөнінде хабарлайды (қылмыстық істің 645-беті).

Иә,xa0жазықсызxa0торғаxa0түскендерxa0қаншаxa0арыздансаxa0даxa0олардыxa0босатуғаxa0кеңесxa0өкіметіxa0мүдделіxa0болмады.xa0Қайта оларға саяси қуғын-сүргін құрбандарының сол барған жерлерінде мәңгі-бақи қалуына небір айла-шарғы жасап баққанын осы іспен танысқанымда көзіміз жете түсті. Егер саяси тұтқын босануға ілік тапса, онда оның шыққан тегін зерттей қоятын болған. Бұл жөнінде концлагерь мен НКВД органдары арасында ерсілі-қарсылы жазылған хаттардан көз сүрінеді. Айталық, Мұхамед Әбдірахмановты болыстың баласы екендігін растап, Орто-Алыш ауылдық кеңесі анықтама беріпті. Ярослав облысында жазасын өтеп жүріп, 1940 жылы КСРО Ішкі істер Халық комиссариатына шағымданған Көшенғали Жанкин жанын азаптағаннан кейін бәрін «мойындағанын» жазған екен. Оның да ататегінің кім болғанын білуге мемлекеттік қауіпсіздік қызметі біраз жұмыстанғаны байқалады. Ақыры оның туған жері Чкалов облысы, Ақбұлақ ауданындағы Қызылбұлақ ауылдық кеңесі Жанкиннің ірі байдың баласы болғанын, әкесі 1929 жылы тәркіленіп, жер аударылғаны жөнінде тайға таңба басқандай етіп анықтама ұсыныпты. Адвокат болып ұзақ жылдар қызмет істеген К.Жанкин ақыры өзін ақтап алғанға ұқсайды. Ол жөнінде істе нақты дерек болмағанымен (571-бет), 1946 жылғы 19 шілдедегі Жамбыл қаласы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі архивтік істі қайта қарап жасаған қорытындысында К.Жанкин КСРО Ішкі істер министрлігінің хабарлауы бойынша 1940 жылы 11 мамырда лагерьден босатылғанын келтіріпті.

Осыxa0құжаттаxa0Жамбылxa0облысы,xa0Қорxadдайxa0ауданындаxa01905xa0жылыxa0туған,xa0жоғарыxa0білімді,xa0Жылқыxa0техникумыныңxa0директорыxa0Абдоллаxa0Тоқсамбаевxa0– 1945xa0жылыxa025xa0тамызда,xa0алxa0Батысxa0Қазақстанxa0облысындағыxa0Теректіxa0ауданындаxa01897xa0жылыxa0туған,xa0Жамбылxa0қаласындағыxa0жүнxa0жууxa0кәсіпорныныңxa0директорыxa0болыпxa0қызметxa0істегенxa0Қаршығаxa0Байманұлыxa0Баетовxa0– 1944xa0жылыxa04xa0наурыздаxa0концлагерьдеxa0жазаxadларынxa0өтепxa0жүргендеxa0қайтысxa0болғаныxa0тураxadлыxa0мәліметxa0бар.

37-шіxa0жылғыxa0зауалxa0осылайшаxa0талайдыxa0қыршынынанxa0қиды,xa0талайдыңxa0тағдырынxa0ойыншыққаxa0айналдырды.xa0Осы мақалада аты аталған тоғыз адамның бәрін де Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1999 жылы ақтады. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған тоғыз тағдыр хатталған қалың томның әр парағында жазықсыз төгілген көздің жасы, қасірет-қайғының, орны толмас өкініштің ізі сайрап жатыр…

xa0Самат ИБРАИМ

Ана тілі. – 2016. – 26 мамыр. – 7 б.

Тараз төңірегі тұнған тарих

Тараз төңірегі тұнған тарих

xa0 xa0 xa0

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді. Өңір үшін де табыс көзі саналатындығы сондықтан. Шындығында бүгінгі таңда дамыған мемлекеттердің дені туризмнің арқасында өсіп-өркендеп келе жатқаны шындық. Елбасының өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен Ұлт жоспарында елімізде туризм инфрақұрылымын дамыту, бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру міндетін қойғаны баршамызға аян. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Ұлт жоспарының басым бағыттарының орындалу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізгенде облыстың туристік әлеуетін көтеру мақсатында қолға алынған шараларға кеңінен тоқталған еді.

xa0

xa0xa0Облысxa0басшысыныңxa0бастамасымен,xa0облыстықxa0кәсіпкерлерxa0палатасыныңxa0ұйытқыxa0болуыменxa0Жібекxa0жолыxa0бойынаxa0орналасқанxa0Таразxa0қаласыxa0менxa0аудандардаxa0көптегенxa0таңғажайыпxa0нысандар,xa0тарихи,xa0мәдениxa0ескерткіштерxa0менxa0көркемxa0тауxa0шатқалдарын,xa0жалпыxa0табиғатxa0әлемінxa0көзіменxa0көріп,xa0туризмxa0саласыныңxa0бүгінгіxa0тынысынxa0зерделейтінxa0ақпараттықxa0топxa0құрылып,xa0жолғаxa0шықты.

Байзақxa0ауданынанxa0жасақталғанxa0топтыңxa0құрамынxa0ауданxa0әкіміxa0М.Шүкеевxa0өзіxa0бастапxa0жүрді.xa0Турсапар аудан аумағында орналасқан Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты Қостөбе қалашығынан бастау алды.

– 2017xa0жылыxa0еліміздеxa0өтетінxa0«ЭКСПО»xa0көрмесінеxa0келгенxa0туристердіxa0қабылдайтынxa0үшxa0облыстыңxa0біріxa0–xa0Жамбылxa0облысы.xa0Облысқа қарасты Байзақ өңірінде Темірбек ауылдық округіне қарасты Оххум, Түймекент, Тараз қаласынан 1,5 шақырым жерде орын тепкен төменгі Барысхан секілді қойнауы құпияға толы қалашықтар қатарына Қостөбе қалашығын да жатқызуға болады. Аудан аумағындағы бұл нысан «ЮНЕСКО»-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.

VІ-ІІ ғасырлардағы көне қалаға алғаш рет А.Н.Бернштам, кейіннен К.М.Байпақов бастаған Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тараз археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізгені белгілі. Қостөбе VІ ғасырда қоныс аударған соғдылықтар негізін қалаған Жамукат қаласының орны деген болжам бар. Қазба жұмыстары кезінде керамика ыдыстар, сүйектен жасалған бұйымдар табылған, – деді облыс бойынша туристік индустрияны дамыту ассоциациясының басшысы, «Сабтур» ЖШС-ның директоры Искендір Торбеков.

Бұдан соң топ Тараз қаласына бет алды. Алдымен «Тектұрмас» кесенесіне, одан соң «Көне Тараз» музейі, «Қарахан» кесенесі, Дәуітбек (Шамансұр) кесенесі, «Қали Жүніс моншасы», облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне бой көтерген монумент пен «Тараз-Арена» спорт кешенінде болып, шаһардың тарихымен тереңірек танысты. Әсіресе, Тараз қаласының орталығында орналасқан ХІ-ХІІ ғасырларда салынған Қарахан кесенесі алыстан көз тартады. Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Махмуд Қараханға арналып салынған кесененің кіреберіс маңдайшасы «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның елшісі» деген Құран сөздерімен өрнектелген екен.

Әлемніңxa0жетіxa0кереметініңxa0біріxa0саналатынxa0«Ақыртас»xa0ежелгіxa0қалашығынаxa0түсxa0ауаxa0жеткенxa0топxa0мүшелеріxa0сырынxa0ішінеxa0бүккенxa0кешенніңxa0құпиясынаxa0тереңxa0бойлап,xa0әрбірxa0тастыxa0қолыменxa0ұстапxa0көрді.xa0Көлемді төрт бөліктен тұратын «Ақыртас» сарай кешенін «Шеберлер ауылы», «Хан ордасы», «Құмтас кешені» және «Ақыртас ғимараты» бөліктерінен тұратын, VІІІ-ХІІ ғасырларда салынған тылсымға толы нысан, өткен ғасырлардан сыр шертеді.

Сапардыңxa0екіншіxa0күніxa0Шуxa0ауданындағыxa0Балуанxa0Шолақxa0ескерткішінеxa0тағзымxa0етуденxa0басталды.xa0«Қорғаншы» мен «Баласағұн» қалашығына атбасын тіреген байзақтықтар Ұлы Жiбек жолының тарихы да Баласағұн қаласымен тiкелей байланысты екенін сезінді.

Гид-кскурсовод Торбековтің айтуынша, Баласағұн қаласы ұзақ жылдар бойы қараханидтер империясы батыс бөлігінің астанасы ретінде, Еуразия құрлығының аумағындағы аса ірі мәдени, ғылыми, рухани орталық болған. Шаһарда Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, тағы басқа көрнекті тұлғалар өмір сүріп, қызмет етіпті. Осы жерде Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу Білік» (даналық сөзі) атты аса құнды еңбегі жазылған. Баласағұн қаласынан археологтар 500 данадан астам мыс теңгелер көмбесін тапқан екен.

Қордай-Жамбылxa0облысыныңxa0шығысxa0бөлігінде,xa0Шуxa0өзенініңxa0солтүстікxa0жағалауындаxa0орналасқанxa0аудан.xa0Жері негізінен таулы болып келетін аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу секілді бірнеше кішігірім өзендер ағады. Табиғаты сұлу да көркем Қордай жеріндегі Кенесары бабамыздың белгітасына тағзым еткен соң топ мүшелері ауданның көрікті жерлерін аралап, үшінші күні Жуалы ауданына бет алды.

«Жеріңxa0семіз,xa0қарыңxa0мол,xa0қадіріңдіxa0егінxa0салғанxa0елxa0білер»xa0депxa0бағаxa0бергенxa0екенxa0Жуалыxa0өңірінеxa0келгендеxa0Асанxa0қайғыxa0бабамыз.xa0Жасыл шалғынға оранған көрікті де әсем өлкеде халқымыздың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған. Батыр мұражайында болған байзақтықтар елінің бостандығы мен болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін жауына оқ болып атылған Бауыржанның тағылымды өмір жолы мен әскери қызметі, ерлік жолдарымен танысты. Бұдан кейін «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы, «Көксай», «Берікқара» шатқалдарында болды.

Берікқараxa0–xa0республикалықxa0маңызыxa0барxa0кешендіxa0мемлекеттікxa0табиғиxa0қорық.xa0Аумағы 17,5 мың гектар жерді алып жатыр. Қаратаудың Билікөл маңындағы өсімдіктер мен жануарлардың реликт және эндемик түрлері көп кездесетін өңірде орналасқан. Қорықшада сирек кездесетін «Семенов» үйеңкісі, «Сиверс» алмасы, «согдиана» шағаны, «берікқара» терегі, «сарғалдақ», жалпы мұнда өсетін өсімдіктің 51 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліпті. Осында орын тепкен «Тау самалы» туристік орталығының директоры М. Тлебаев туризмді дамыту бағытында қолға алған тірліктерімен бөлісті.

Әрxa0жерінxa0басыпxa0қалсаңxa0«сөйлеп»xa0кететінxa0Таласxa0ауданыныңxa0аумағындағыxa0«Тамды»xa0қалашығында,xa0Қаратауxa0қаласындағыxa0этномузейдеxa0болғанxa0топxa0мүшелеріxa0әнxa0менxa0күйдіңxa0сазынаxa0бөленді.

Гүлшаһар Әбдіқұлова,
журналист.

Байзақ ауданы

Ақ жол. – 2016. – 9 маусым. – 8 б.

Ақыртас кешені саяхатқа шақырады

Ақыртас кешені саяхатқа шақырады

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Өңіріміздегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі – Ақыртас құрылыс кешені.xa0Ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған Ақыртас сарайы Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол стансасынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Талай ғасырлар мен шапқыншылықтардың куәсі болған бұл кешеннің кереметтілігіне қызыққан талай ғалым кезінде өз зерттеулерін жүргізіп, алуан пікірлер қалдырды. Алғашқы осы Ақыртас қаласы туралы жазған адам 13-ғасырдың басында осы өңірге келген қытай саяхатшысы Чин-Чунеле екен.

IMG_43+69

IMG_441++2

xa0Ақыртас құрылысын зерттеуші әлем ғалымдарының да сүйенері сол келтірген дерек көздер. Онда Чин-Чунеле: «Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады» деп жазады. Осы Чин-Чунеленің алғашқы жазбасынан кейін бұл алып құрылысқа ең алғаш көңіл аударған орыс суретшісі М.С. Знаменский болатын. Ол 1864 жылы осы қаланың орнына келіп, Ақыртастың тас қабырғаларының сызбасын жасап, қызықты суреттер салу арқылы өз ойын қағазға түсіреді. Бұдан кейін де Ақыртас туралы қаншама ғалым,зерттеушілер өз ойларын айтып, әртүрлі болжамдар жасайды. Солардың бірі П.И.Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В.В.Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады.

Археолог Т.К. Басеновтің жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі екен.xa0Ал осы ғимаратты 1940 жылдан 30 жыл бойы тікелей өзінің бақылауында ұстаған, академик Пацевич былай дейді: «Мұндай құрылыстың керемет есептерге сүйеніп жасалынуы мен блоктарға пайдаланған материалдар бұдан бұрын болған емес. Бабаларымыздың тарихи мақтанышы, ғажап ескерткіші Ақыртастың әлем ғажаптарының қатарынан орын алуына құны да құпиясы да, құдіреті де жетеді».

Ал, 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғасырларға жататын Керуен сарайдың орнына сәйкес деген қорытындыға келген.xa0Өйткені, құрылыс жобасының Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға өте ұқсас екенін байқаған. Тағы да кейбір ғалымдарымыз: «Ақыртас VIII ғасырдың 2-жартысында, яғни, 751 жылы қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салынған. Бірақ, құрылысы белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас қаласы осы Ақыртас болуы да мүмкін» деген тұжырымдарын айтуда.

Ақыртастың тарихы ашылды. Тағы бір дерек көзі табылды. Ол – Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты шежірелік кітабы. Осы кітапта былай деп нақты жазады: «Көркембек тас шебері болған. Оған туысқандары қатты намыстанған. Әулиеата маңынан ел билеушілерге табиғи тұрған тастан үш сарай қашап шығарған. Сарайды мен өзім көзіммен көрдім. Сарай тастан қаланбаған,xa0бітеу тастан қашалған. Көркембек тұрғызған тас сарай үшеуі де мың жылдық десем артық болмас. Бірақ, соңғы үш жүз жылда сондай ғимаратты пайдаланбай босқа қалдырғандықтан, енді ешкі ойнаққа айналған. Тас төбелер тесілген, заман өткендіктен, жел-құздан тастары жарылып мүжілген. Аман жақсы тұрғаны – бітеу белтіреулер. Ең болмаса атамыз Көркембек пен Қуандық Шағанның аты бір жерде жазылып қалар ма еді» деп өкінішін білдіре келе, бұл алып құрылысты бабаларымыздың салғызғаны туралы анық жазады. Тағы да: «Хижраның 693 жылы Қазақ даласында болмаған қатты жұт болыпты» дей отырып, осыдан кейін бұл қалада ешкімнің тұрақтамай мүлдем бос қалғанын ескертеді. Сонда, хижраға 693+622 жаңаша жыл санауды қоссақ, шамамен 1315 жылдардан кейін қаланы ешкім пайдаланбағаны сезіледі. Сарайдың салынғанына мың жылдай болғанын да айтады. Сонда, бұл жазба 1776 жылдары жазылып отырғанын ескерсек, Ақыртас кешен сарайы шамамен VIII-IX ғасырларда тұрғызылғаны және оның құрылысының қазіргі тарихшылардың зерттеулерімен дәл келуі де ғажап емес пе?! Міне, осындай әрбір дерек көзі біз үшін өте маңызды. Яғни, Ақыртастың авторы – Қуандық Шаған мен Көркембек.

Енді осы Көркембек пен Қуандық Шаған бабаларымыз соққан Ақыртастың құпиясына келейік.xa0Бұл тарихи кешен – күрделі құпияға толы нысан. Тіпті мұның құрылысына қарап еріксіз таңғалмасқа амалың жоқ. Ата-бабаларымыздың өркениеттің даму барысында мәдениетімізге қосқан үлкен үлесі болған Ақыртас сарайы – тұла бойы тұтас жұмбақ күйінде аумағы 2,5 гектар жерді алып жатыр. Оның 70-ке жуық бөлмелері болған. 15 колонна галереясы мен ортада жарты гектар ашық алаңы бар, сырт қабырғаларының ені 5 метр болып, ірге тасы 2 метр тереңдікке қазып орнатылған ірі тас блоктармен қаланған. Салмағы бірнеше тонналық тастарды, сыналап қалай сындырғаны белгісіз. Әрбір 20 см аралықта шеңбері 2,5-3,0 см болатын, тереңдігі 5-8 см үңгілеумен қатты тау ағашынан сына жасап сонымен жарып сындырғанға ұқсайды. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан сыңайлы. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналғаны байқалады және су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы немесе діни рәсімдер атқарылатын орындар орналасқан. Қалаға судың жеткізілуінің де өзіндік сол кездері құпиялары сақталған. 4-5 шақырым қашықтықта жатқан Ұзынбұлақ тау шатқалынан осы ғимаратқа су жеткізетін қыш құбырлар желісі әкелінген. Көлемі үлкен шеңберлі 20-18 см, тұрқы 45-60 см, ал қамалдың ішкі бөлмелеріне кіші шеңберлі су құбырлары жүргізілген. Негізі,судың іргесіндегі Ұзынбұлақтан тартылмай сонау бастау басынан тартылуы да екі жағдайға байланысты: бірінші, қамал жау қоршауында қалған жағдайда су жасырын жер асты арқылы қалаға келіп тұруы үшін, екінші, су аязды күндері қатып қалатын жағдайды ескеріп, сонау шатқалдың 4 шақырым қашықтықтағы суы мол қатпайтын бастау табанынан тартылған. Осылайша қаланың ішкі және сыртқы жақтарынан су құбырлары желісі жүргізілген.

Міне, ақиқаты әлі де толық ашыла қоймаған, әртүрлі болжамдарға байланған алып құрылыстың жалпы көрінісі осындай.xa0Бірақ, әлі де оның құпия сырларына қаныға алмаған жұрттың, кейде: «Неге алып құрылыс осы арадан соғылды?» деген қызығушылық сұрақтарын туғызары да қақ. Әрине, әр нәрсенің өз себебі болатындай мұның да өз есебі бар. Біріншіден, төбе астында тас блоктардың жетерлік қоры бар. Екіншіден, іргесінде ағып жатқан мол сулы Ұзынбұлақ өзені болған. Үшіншіден, кірпіш – құбыр өндіруге сары топырақ қоры жеткілікті. Төртіншіден, 40 шақырым күн батысында ежелгі Тараз қаласы, Ақыртаспен бір бағытта әлемді байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойында қатар жатыр. Осындай экономикалық және саяси мақсат көздеген де болуы керек. Қалай айтсақ та қамал құрылысы өте сауатты, геометриялық есептерге сәйкес соншама сәтті атқарылған. Салмақ түсетін топырақ жынысының тығыздығы, жерасты су деңгейі, ғимараттың жалпы жерге түсер салмағы, ірге тасының жерге қазылып орнатылуы, осы айтылған ережелер Ақыртаста өте ұқыпты қатаң сақталынған. Адам айтқысыз ғажап ғимараттың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 5 метр, әрбір метрге 15 см ішке қарай еңкіш (уклон) ережесін қатаң сақтап отырғаны сүйсіндіреді. Табаны 5 метр, төбесі 3 метр болғанда сыртқы қабырғасының биіктігі шамамен 15 метр болып шығады емес пе? Осындай зор көлемді 5 метрлік 15 тас бағаналардың тізбегі күн батыс терістікке қарай қатар орналасқан.

Тарихы тылсым Тасқаланың әлем мәдениетінен ойып тұрып орын алары ақиқат.xa0Аталарымыздың тарихтың даму барысында сан ғасырлар бойы Еуразия даласын көшіп-қонып жүріп-ақ қала мәдениетін дамытып, әлем өркениетінде мәдениеттің озық үлгісін жасай білгені керемет!

Асылжан Шайділдаев,

облыстық мәдениет,

мұрағаттар және құжаттама

басқармасының «Тарихи-

мәдени ескерткіштерді

қорғау және қалпына келтіру дирекциясы»

КММ-нің «Тарих және археология»

xa0бөлімінің ғылыми қызметкері

Ақ жол. – 2016. – 25 маусым. – 6 б.


xa0

Азаттықтың айбаты мен айғағы

Азаттықтың айбаты мен айғағы

Тәуелсіздіктің 25 жылында мемлекетіміздің тарихи тағдыры түбегейлі өзгеріп, еңсесін тіктеп, іргесін нықтап, өркениеттің жаңа өрнегін қалыптастырды.xa0Кешегі сақ пен ғұн дәуірінің датын балбал тастар жеткізсе, бүгінгі тәуелсіздікке қаламыздағы әрбір өнер туындысы өзіндік үн қосып тұрғандай.

Керуен-керуен дәуірлердің күймесімен ұрпаққа жеткен Күлтегіннің тасқа қашалған аманаты, талай ғасырдан бері сестіліктің символына айналып кеткен Тектұрмас пен Қараханның, сұлулық пен махаббаттың киесі Айша бибінің кесенесі қазақ даласында текке бой көтерген жоқ. Астарында сол заман мәдениетінің, руханиятының, бір сөзбен айтқанда, тарихтың табы бар. Тіпті тарихтың өзі осындай жәдігерлердің жұрнағымен жазылған.

xa0Ал осыдан жиырма бес жыл бұрын еліміз маңдайға жазылған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, жоғын түгендеп, барын саралайтын мүмкіндік алды. Қағидалар өзгеріп, қазығынан жұлып кетіп азаттығына жеткен қазақ еліміз үшін нәубетті жылдарға нүкте қойылды.

xa0Экономикалық, саяси, әлеуметтік ахуалдың буыны босап, Азияның алтын құрсағынан қайта туылған нәрестедей Қазақстан Республикасына осының барлығын оймен саралап, ақылдың алдаспанына салу еңбегі қатпаған балаға асау арғымақтың тізгінін ұстатқанмен бірдей еді. Дегенмен, даналықтың дәнегінен өніп шыққан бәйтеректей, дархан халқымыз бен ұрпақтың тағдырын ойлаған ел ағалары мемлекетіміздің іргесін биіктетпесе, төмендеткен жоқ. Кешегі халқым деп жүрегі қарс айырылып, жазықсыз жаланың жетегінде кеткен азулы ғұмыры абақтыға сыймаған арыстан ұл, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ізімен қанатын қылыштай сермеген Отанымыз армандаған ақ сәулесіне, Тәуелсіз тұғырына қонып, күннен тәж киді. Сонау тарихи сәтте елімізде елеулі өзгерістер орын алып, сәулетті нысандар, ескерткіштер бой көтерді.Соның бірегейі — Тараз төріндегі Тұрар Рысқұловтың ескерткіші. Қысқаша айта кетсек, Т. Рысқұлов (1894-1938) — Кеңес мемлекеттік, партия қайраткері.

xa01917 жылдан КПСС мүшесі болған. 1916 жылғы Орта Азия көтерілісіне қатысушы. Түркістан АКСР ОАК Төрағасы (1920), РСФСР Ұлттық істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары (1921-1922), РСФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары (1926-1937), Бүкілодақтық Орталық атқару комитетінің мүшесі. Түркі халықтарының мемлекет ретінде қайта дамуын қолдады. Ұлтшылдығы үшін кінәланды, қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы қайтыс болды. 1965 жылы ақталды.

xa0Мүсін Абай көшесінің бойындағы қайраткердің атымен аталған мәдени және демалыс саябағының кіреберісінде тұғыр тұлғаның туылғанына 100 жыл толуына орай орнатылған. Мүсіншісі Ю. Баймұхашев, сәулетшісі Т. Жұмағалиев. Ескерткіштің ашылуына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері қатысқан болатын. Т. Рысқұловтың есімімен Жамбыл облысының бұрынғы Луговой ауданы, елді мекендер, көшелер, саябақтар мен алаңдар аталады. Ескерткіш композициясы — мінбе түрінде жасалған гранит тұғырға орнатылған қола мүсін. Тұғыр көлемді стилобатқа қойылған, қызыл жылтыр гранитпен қапталған. Тұғырдың беткі жағында қазақша бедерлеп жазылған «Тұрар Рысқұлов» деген сөздер және өрнек бар. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 1,7 м. Мүсін биіктігі — 4,0 м, қоладан құйылған. Ел егемендігін алғаннан кейін араға екі жыл салып, тарихтың темірқазығы атанған Тараз шаһарында еңсе көтерген туынды бүгінде қала халқының рухани демалыс орнына айналған.

PS: Тараз тарихы қалың қазақтың арғы-бергі һәм болашақтың тарихымен де тығыз байланыста десек тіліміз жазықты болмас. Тәуелсіздік алғалы бері шаһар келбетіндегі өзгерістер мен сәулеті жарасқан мәдени орындарға жеке-жеке тоқталуды жөн көрдік. 25 жыл ішінде қала ажарын арттырған сәулетті туындылармен газетіміздің әр нөмірінде танысатын боласыздар.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫxa0

Жамбыл-Тараз. – 2016. – 20 шілде


xa0
xa0

Тараз әлем жұртына тарихымен есік ашады

Тараз әлем жұртына тарихымен есік ашады

xa0

Уақыт ағымымен жақындап келе жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық маманxadдандыxadрылxadан көрмесінде ежелгі Тараз қаласы әлем жұртына есігін тереңнен тартқан тарихымен ашпақ. Жамбыл облысы Ұлы Жібек жолы боxadйында орналасқан іргелі мекендердің бірі және бірегейі. Тарихы мыңжылдықтардың мұратымен үндесіп, адамзат өркениетінің елең-алаңымен астарласқан аяулы алтын беxadсігіміз Тараз қаласының тарихи шежіресін паxadрақтау дәуірі XX ғасырдың ғаламат сыйы – Тәуелсіздік таңымен ұштасады.

Алғашқы іргетасы біздің жыл санауымыздан жүз жыл бұрын қаланған қасиетті мекеніміз, өзінің өрелі ғұмырында талай-талай тарихи тасқындар мен дауылды ғасырxadларды бастан өткерді, Ұлы Жібек жолының кіндік бекеттерінің бірі, аса ірі өркениет ошағы ретінде батыс пен шығысты жалғады, сөйтіп «Тараз – тарихымыздың алтын арxadқауы» дейтін мәртебеге ие болды.

Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дуалы аузынан шыққан шымқай шындықтың арғы тегінде тебіндеген Тараз тарихының жарқын беттері – арxadғысы жалпы түркі өркениетінің, берxadгісі Қаxadзақ мемxadлекеттігінің басынан кешкен көп жақxadсыxadның басында тұрғандығымен ерекшеxadлеxadнеді.

Екінші Түрік империясының тарихтан ойып тұрып орын алған ұлы тұлғасы Тон Ябғу ордасын тіккен Мыңбұлақ мекені, адамзаттың даму тарихына аса ірі бетбұрыс әкеліп, аймақ аясында Ислам өркениетінің өркен жаюына себепкер ұлы шайқас өткен (751ж.) Атлах қаласы жатқан, араға сан ғасырларын салып, ақыры 1465 жылы Керей мен Жәнібек оғландар Қазақ хандығының алтын туын аспандатқан Қозыбасы биігі тұрған Шу – Талас аңғарының бас қаласы Тараз тарихының тынысы, тылсым-болмысының бүгінгі қауымға да айтары мол…. Жалпы, түркі әлеміне ортақ өрімxadдерімен ерекшеленетін өркениет өрісіне өлшеусіз үлес қосқан Тараз қаласы, киелі қала осыдан 21 ғасыр бұрын өз іргетасын қалаған Шу – Талас аңғары туралы әлемдік тарихнамада арнайы тарау бар екендігін біреу білсе, біреу біле бермеуі мүмкін. Бүгінгі шекxadараxadлық шеңберді тарихи таным өресімен «бұзып» көрсеңіз, түркілік ұлы өркениет аясының Азия-Алтай асқарлары мен далаларын аттап, алыс құрлықтарға дейінгі ауқымды қамтитындығына қанығар едіңіз.

Ежелгі балбал тастағы таңбалар, мәңгіxadтастардағы сына жазулар мен ел аузынxadдаxadғы аңыз-әфсаналар әлемі осыны меңxadзейді. Осынау құндылықтардың бел ортасында тағы да Тараз – Талас, Шу – Меркі өңірлері алыстан менмұндалайды. Тарихи томдар тарауларынан ойып тұрып орын алxadған Талас жазуы, Қаратау сілемдерін қуаxadлаған ежелгі қоныстар шоғыры, Қарасай-Мойнақ петроглифтері, Меркіxa0 – Жайсаң жауxadһарлары түркі өркениетінің түп-тамырымен біте қайнасқан құндылықтар екендігін сезінесіз. Бүгінгі ұрпақ парызы – осынау құндылықтардың қуат-күшін, кескін-келбетін бүгінгі ұрпаққа рухани ұлағат ретінде ұсыxadнып, болашақ ұрпаққа Ата аманаты санатында табыстау, әлем жұртына түрен тимеген тың жаңалық ретінде жеткізе білу болса керек.

Енді міне, оның да орынды орайы келіп тұр. Ол орай – әлемдік қоғамдастықтың, ең алдымен инженерлік ақыл-ойының жеxadтісxadтіктерін әлем талқысына салатын, Тәуелсіз Қазақ елінің төрінде тұңғыш рет ашылып, әлемнің әр түкпірінен келетін 5 милxadлион адамды асыға күтіп отырған сарабдал іс-шара – ЭКСПО-2017 көрмесімен байланысты. 2015 жылдың қазан айында аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңындағы қарбалас жұxadмыстардың нәтижесінде ежелгі Тараз тағы да бір түледі, 2100 жылдық тарихы бар ежелгі қаламыздың ажарына ажар қосар игілікxadті істер атқарылды. Сәулетті ғимарат-құрыxadлымxadдар – «Ежелгі Тараз» музейі, тамашалау-шолу мұнарасы, Достық үйі бой көтерді, кешенді археологиялық зерттеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, еліміздің тарихындағы тұңғыш ашық аспан астындағы музей ашылды. Қазба жұмыстарының нәтиxadжесінде табылған ежелгі жәдігерлерді музей сөресіне орналастыру жұмыстары жақын мерзімде аяқталып, мәңгілік мұралардың көпшілік көзайымына айналар сәтіне де санаулы күндер қалды. Амандық болса, келер жылы әлем жұртына өз есігін Қазақ елінде айқара ашатын ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтары, көрме аясында өтетін арнайы бағдарламаға енгізілген Тараз бағыты бойынша киелі мекенімізге атбасын бұрмақ.

Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар тарихи мұраларға тұнып тұрған өлкеміздегі «Ежелгі Тараз», «Айша бибі», «Қарахан», «Текxadтұрмас», «Ақыртас» нысандарының кез келxadген қонаққа жасқанбай көрсетуге татырxadлық келбетін тамашалап, олардың деңгейі биік тарихымен танысатын болады. Ол үшін арнайы бағдарлама жасадық, кәдесый өнімдерін шығару, тіл мамандарын іріктеу жұмыстарын да қолға алып жатырмыз. Сонымен бірге, қорық-музей мамандарынан жасақталған топ ЭКСПО-2017 көрмесі қонақтарына арналған арнайы көрме жасақтап, Астана қаласына іссапармен барады, олар бір ай бойы қөрменің мәдени іс-шараларға арналған арнайы залында «Шырағдандар шеруі» атты көлемді экспозиция құрып, көрме қонақтарына қызмет көрсетеді. Онда Тараз тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, Әулиеата – Тараз топырағында мәңгілік мекенін тапқан киелі жәдігерлер жайында түсірілген фото-бейне өнімдері көрсетіледі. Арнайы көрменің негізгі арқауы – Тараз жерінде әр жылдары жүргізілген археологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде табылған, біздің ата-бабаларымыздың өткен ғұмырынан, олардың ұлттық-ұлыстық мәдени-рухани деңгейі мен шеберлік мектептерінен хабар беретін жәдігерлерден тұратын болады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ЭКСПО- xad2017 көрмесінің Ежелгі Тараз мәдени-туxadрисxadxadтік бағытының ауқымы Жамбыл облысыxadның, ең алдымен, тарихи-рухани, мәдени-әлеуxadметтік мүмкіндіктерін кеңінен қамтып, өлкеxadмізде туристік кластердің дамуына игі ықпал ететіндігіне сеніміміз мол. Яғни, іс-шараxadның жауапкершілік деңгейі биік те мәртебелі.

xa0Алмас МҰХТАРОВ,

МСМ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» ТМҚМ бөлімі басшысы

Егемен Қазақстан. – 2016. – 9 қыркүйек. – 8 б.


xa0
xa0

Тараз өңіріндегі ортағасырлық қалалардың тарихы

Тараз өңіріндегі ортағасырлық қалалардың тарихы

xa0Тараз (Талас) туралы ортағасырлық географтар, тарихшылар мен саяхатшылар көптеген мəлімет қалдырған.

xa0Себебі қала Ұлы Жібек жолындағы маңызды орындардың бірі еді. Авторлар Тараз жайлы жазғанда, ең алдымен, оның сауда саласындағы маңызы туралы айтады. Өйткені сол кездегі халықтардың өмір сүру деңгейі тек саудамен бағаланатын. 630-жылдары осы өңірге саяхаттап келген Қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь Тараз қаласында біраз күн аялдап, оны қызыға тамашалаған екен. Оның: «Таластың аумағы – 8-9 ли. Бұл қалада көптеген елдердің саудагерлері аялдап, түрліше заттар əкеліп сатады», – деп жазғандары сол кездегі Тараздың аумағын анықтауға көмектесер өте тамаша дерек көзі еді. Одан кейін үш ғасырдан соң осы қалаға келген жиһангез Ибн Хаукаль да қаланы дəл осылай – «Тараз – мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын қаласы» деп суреттейді. Ал араб тарихшысы Әл-Макдиси болса: «Тараз – бақтары мол, тұрғындары тығыз орналасқан үлкен қала», – деген мəліметтер қалдырады. ІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген математик және географ Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми «Китаб сурат ал-ард» атты шығармасында: «Тараз – бұл көпестер қаласы», – деп жазған. Міне, Талас өңірінің мәдени ошақтарының негізі болған Тараз қаласының айналасына көптеген қалалардың топтасуы заңдылық екені белгілі.

Ал енді осы ұлық қалаға айналған Тараздың төңірегіндегі алыс-жақын орналасқан орта ғасырлардағы жазба деректерде кездесетін қалаларға оралайық.xa0Деректерде ежелгі Тараз қаласының төңірегінде Балу, Шігіл (Жікіл), Барысхан (Төменгі Барысхан), Отлақ (Атлах), Жамукат, Бектөбе, Құлан, Меркі, Аспара, Тамды деген қалалардың атаулары кездеседі. Бұл қалалардың барлығы да өз заманында еліміздің тарихи-мәдени дамуына үлкен үлес қосқаны айдан анық. Егер бұл қалалар сол дәуірде дамып гүлденбесе, онда олар тарихшылар мен саяхатшылардың көзіне ілінбеген де болар еді ғой. Әрине, анау айтқандай үлкен қалалар болмаған да шығар, бірақ кішігірім қала болса да, өз заманының мәдениеті қалыптасқан қалашығы болғанын мойындауымыз керек.

Солардың бірі – Шігіл қаласы. Ол туралы Əл-Мукаддаси: «Шігіл – Тараздан дауыс жетер жердегі шағын қала», – деп сипаттаса, ал Махмұт Қашқари болса: «Шігіл –түрктердің үш аймағының бірі, Тараз-Талас қаласының жанындағы бір қалашықта тұратындар да «Шігіл» деп аталады», – деп көрсетеді. Бұдан біз Шігілдің Тараздың дәл түбіндегі қала екенін байқаймыз. Осы Шігіл қаласын археолог ғалымдарымыз Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова, К.М.Байпақовтар Тараздан оңтүстік-шығыста 3 шақырым жерде орналасқан Жалпақтөбе қаласы деп көрсетеді. Жалпақтөбе – VІІ-ХІІ ғғ кезеңінде өмір сүрген қала. Әрине, бұл атаудың қайдан шыққаны да әлі күнге дейін зерттеусіз қалып келеді. Археолог А.Н.Бернштамның пікірінше, Шігіл Ыстықкөл мен Тараздың маңын мекен еткен түріктердің Жікіл тайпасының атымен аталған екен. Қазіргі қазақ тайпасының ішінде де әлі күнге дейін өшпей келе жатқан Шығыл деген ру-тайпа бар. Бұл осы тайпаның мекендеген жеріне қала соқтыруынан аталған да болар. Қашқари да осыған меңзейтіні байқалады. Қазыбек бек Тауасарұлы да өзінің «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты 1776 жылы жазған қазақ шежіресі кітабында, Үйсін Елсау бидің үлкен ұлы Нулының баласы Азық деген атамыздың ұрпағынан тарайтын «Шығыл» деген тайпа сол замандағы ең ірі рулардың болған еді деп жазады. Кейбір ел ішіндегі аңыз-әңгімелерге қарасақ, Шігілде ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінін уағыздаушы Әбдрахман әл-Мұхаммед ибн Яхия туған деген де мәліметтер бар. Енді бұл мәселені қазақ ру-тайпаларының шығу тегін зерттей отырып, болашақ жас ғалымдар анықтай жатар. Біздің айтпағымыз, қазақтың әрбір тайпасының өзіндік қалажұрты мен қалалық мәдениеті болғанын мақтанышпен айту ғана болатын.

Тағы да Əл-Мукаддасидің Төменгі Барысхан жайында: «Барысхан шығыста екі адамның дауысы жетер жерде, оны қоршаған қамал бұзылған. Мешіті базардың ортасында орналасқан», – деген мəліметтері бар. Тараздан Төменгі Барысханға дейін 3 фарсах. Төменгі Барысханды археолог Т.Н.Сенигова Тараздан солтүстік-шығыста, Талас станциясының жанындағы Төрткүлтөбе деп көрсеткен. Төрткүлтөбе VІІ-ХІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген. Осы Төменгі Барысхан қалашығын, яғни Төрткүлтөбе қаласын алғаш 1940 жылы Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (Г.И.Пацевич) зерттеген. Ал 1956 жылы ҚазКСР ҒА ТАСИ Жетісу археологиялық отряды (Т.М.Сенигова) зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізеді. 1985 жылы Қазақ КСР-нің тарихи және мәдени ескерткіштері Жинағы археологиялық экспедициясының отряды зерттеп, тік бұрышты екі қабатты төбе тұрпатты болып келген қала қабырғалары төрт тарапқа қаратылғанын анықтайды. Шахристанда жасалған қазбалар ошақтары мен тандырлары бар бірнеше үй-жай, қора-қопсы құрылыстарын ашты да, оларды VIII-IX ғасырларға жататынын айқындап, қаланың «Төменгі Барысхан қаласы» екенін дәлелдеді.

Келесі қаламыз – Жамукат. Жамукат туралы деректер X ғасырдың географы Әл-Макдисиде, сондай-ақ Нершахидің «Тарих-и-Бұхарасында» кездеседі. Ол жазба деректерде: «Жамукат үлкен. Оны қамал қоршаған. Мешіті қамалдың ішінде, ал базарлары рабадта», – делінген. Жамукат (Хамукат) қаласын А.Н.Бернштам Майтөбе немесе Бесағаш қалаларының бірі болса керек деп есептеген, ал К.М.Байпақов Тараздан солтүстік-шығыста, Сарыкемер ауылының жанындағы, Талас өзенінің оң жағасында тұрған Қостөбе дейді. Осы Қостөбе қаласын ең алғаш 1938 жылы ММЗИ ЖАЭ және КСРО ҒА қазақстандық бөлімшесі (А.Н.Бернштам) зерттеген. Зерттеу барысында қалажұртты VI-XII ғғ. жатқызуға мүмкіндік берген қыштар мен тиындар табылған. Одан әрі қалажұрттағы қазба жұмыстарын ҚазКСР FA АЭЗИ ТАЭ 1985 жылы бас-тады. 1986-87 жж. ҚазКСР FA АЭЗИ тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағының археологиялық экспедициясы (К.М.Байпақов) жалғастырып, 2000 жылы ОҚКАЭ (К.М.Байпақов) зерттеді. Осындай көлемді зерттеулердің нәтижесінде қалажұрт VI ғасырда тұрғызылып, мәдени-рухани орталыққа айналғанын дәлелдеді. Ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, Қостөбе қалажұрты Талас алқабындағы ірілерінің бірі екендігі мәлім болды. Ал ғалымдарымыз осы қаланы Түркістанға қоныс аударған бұхар соғдылары негізін қалаған деп жазып жүр. Бұған келісуге болмайды, себебі бұл қаланы соғдылар соқты дегеннен гөрі түркілер соқты деген дұрыс болар еді. Осы мақаланың авторы өзінің «Хамукат қаласының зерттелу тарихы» атты ғылыми мақаласында ортағасырлық араб дереккөздеріне сүйене отырып, нақты дәлелдермен Тараз өңіріндегі қалаларды ешқандай да соғдылар емес, Бұқара мен Самарқандтан ауып келген түркілер соқтырғанын ғылыми түрде дәлелдеп жазған еді. Соғды деген ел де, ұлт та, ұлыс та жоқ. Тек Орта Азияда Согд деген қала ғана бар. Арабтар мен парсылар осы қаланың тұрғандарымен көп сауда жасағандықтан және солармен шекаралас бетінде тұрғандықтан да, бұл өңірді жалпылама Согдиана деп атап кеткен-ді. Ал сол Согда, Бұқара, Самарқанд қалаларын түркілердің атышулы қағаны Афрасиаб соқтырғанын, сонымен бірге сол заманнан бері ол аймақты түркілер жайлап келе жатқанын айтпай-ақ түсінуге болады. Кезінде Ресей тарихшыларының бұрмалап жазғанынан біздің көптеген тарихшыларымыз да шыға алмай, солардың айтқанымен жүре берді. Ал қазіргі кезде бұл шындық бұлтартпас дәлелдермен айшықталып, нақтыланып отыр.

Отлұқ қаласы да жазба деректерде бар. Ол Әл-Муккадасидің еңбегінде аталып өтіледі. Онда: «Отлұқ көлемі жағынан бас қаламен (Таразбен) шамалас, оны қамал қоршаған. Бау-бақша оның үлкен бөлігін алып жатыр. Мешіт мединада, ал базарлары рабадта орналасқан», – дейді. Осы Отлұқты зерттеуші ғалымдар оны Жуантөбе қаласымен баламалайды. Жуантөбе – Талас өңірлеріндегі ең үлкен ұзын қорғанысты қалалардың бірі, ол VІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген. Осы қаладан табылған түрік руникасымен жазылған «Атлах» деген жазуы бар диірмен тастың сынығы зерттеушілердің болжамының дұрыс екендігін көрсетіп берді. Талас өңірінде жоғарыда сипатталған қалалардан өзге қалалар да жетерлік. Тарихымыздың терең қойнауына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, 751 жылы осы Атлах қаласының маңында, Талас өзенінің жағасында әлемдік үш империяның, яғни Қытай – Араб – Түркі елдерінің арасында үлкен соғыс болған. Негізгі соғыс Араб пен Қытай арасында болғанымен, оған түркілер де араласып, арабтарға жақтасып, Қытай империясының әскерін тас-талқан етіп жеңген. Осыдан бастап өздерін алып мемлекет санайтын Қытай мың жылға дейін түркілердің, яғни қазақтардың жеріне аяқ баспайтындай болып шегінді. Арабтар да бұл соғыстан әлсіреп, олар да қазақ жеріне қайта шабуыл жасай алмайтын дәрежеге жетті. Осылайша түркі халқы өздерінің тәуелсіз қалпын сақтап қалды.

Тағы да бір ортағасырлық қала Адахкет туралы да айтпай кетуге болмас. Адахкет (кей деректерде Кавикат қаласы) қаласы туралы да мәліметтер орта ғасыр тарихшыларында кездеседі. Археолог ғалымдардың болжауынша, қазіргі Жамбыл облысы Талас өзенінің бойында, Тараз қаласының солтүстік-батысында орналасқан деген қорытындыға келген. Біздің өңірдегі ортағасырлық қалаларды көбінесе араб саяхатшылары өз еңбектеріне түсіріп отырған. Себебі оларды Азиядағы ең күшті мемлекет түркілердің қалай дамып, қалай өркендеп жатқаны қатты қызықтырған. Түркілердің әрбір тіршілігін жіті бақылап, жазып отыру олардың әдеті болды десе де болады. Әсіресе, түркілер туралы көп мәліметтер жинаған орта ғасыр саяхатшылары Ибн Хаукал, Гардизи, Ибн Хордадбек, Мұхамед Наршахи, Ибн әл-Асир секілді тарихшылар болған. Осылардың ішінен араб географы Ибн Хордадбех: «Кавикат Тараздан 7 фарсах жерде, ал одан Қимақ патшалығының астанасына дейін 80 күндік жер», – деп жазса, Х ғасырда өмір сүрген тағы да бір араб географы Әл-Хамаданидің айтуынша: «Тараздан қимақтарға баратын жол Кавикат деп аталатын жерде орналасқан жақсы жабдықталған екі елді мекен арқылы өткен», – деген деректі келтіреді. Оның орындары Тараздың солтүстік-батысында орналасқан Қаракемер қалажұртына сәйкес келеді. Бұл орталық бөлігі ұзын дуалмен қоршалған бекіністі төбе ұқсайды. Оның көлемі – 450х450 м, биіктігі – 8 м. Қаланы қоршаған дуалдың аумағы 1 шақырымдай болады және үлкен қала болғандығы анық байқалады. Қаланы 1938 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген.

Келесі қаламыз Оххум деп аталады. Бұл қала қазіргі Байзақ ауданында орналасқан. Алғаш рет қаланы 1894 жылы В.В.Бартольд зерттеп, ортағасырдағы орташа дамыған қалалардың бірі деп бағамдаған. Одан кейін де қалажұртты А.Н.Бернштам, К.М.Байпақов, Д.А.Лобас, М.Елеуов сияқты археолог ғалымдарымыз зерттеп, аталған мекеннен көптеген құнды заттай деректер тапқан болатын. Олардың айтуынша, қала VІ-ХІІ ғасырларға жатады. Әзірге бұл қалалық мәдениет туралы деректер жоқтың қасы болып, тек археологтарымыздың зерттеулерімен ғана шектелуге мәжбүрміз.

Орта ғасыр саяхатшыларының жазбаларына түскен қалалардың бірі – Джувикат қаласы. Бұл қала да өз дәуірінде мәдениет пен өркениеттің қанаты кең жайылған, өзіндік даму үрдісі бар қала болған. Ортағасырлық тарихшы Құдама ибн Жафардың жазбаларында: «Жувикат Шауғар мен Тараздың аралығында орналасқан», – делінген. Бұл қала Тараз қаласынан батысқа қарай 15-16 км жерде, Аса өзенінің жағалауындағы, қазіргі Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында орналасқан. Археолог ғалымдарымыздың зерттеуі барысындағы төбенің жоғарғы қабатынан жиналған заттай деректерге негіздей отырып, оның VII-XII ғасырлар аралығында болғаны дәлелденді. В.А.Каллаур, А.Н.Бернштам, В.Бартольд, К.Байпақовтай ірі ғалымдарымыздың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі бойынша Бектөбе қаласы ортағасырлық Жувикат қаласының орны екені нақтыланды.

Осымен сөзімізді аяқтай келе айтарымыз, жері шұрайлы, өңіріне құт-береке дарыған Алатаудан тасып төгілген асау Таластың айналасы ата-бабаларымыздың қалалық мәдениет пен далалық мәдениетте өзіндік ізін қалдырған қасиетті мекенге айналғаны осындай ғылыми-зерттеу жұмыстарынан дәлелденіп отыр. Аралары жақын әрі бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған осы қалалардың бір ғана аймаққа орналасуының өзі маңайда әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары болғанын көрсетеді. Таластың жағасына Тараз қаласы бастап, осыншама қалалардың салынуы далалық өркениетті қалалық мәдениетпен ұштастыра білген бабаларымыздың өз дәуірінде ірі ақыл-ойдың иелері болғанын білдіреді. Міне, бұл – бір ғана Тараз өңірінде орналасқан қалалардың тізбегі. Иә, әлі де зерттеуді қажет ететін, қазақ тарихының бай мәдениеті мен мұраларынан тың мағлұматтар беретін қалашықтарымыздың топырақ астында көміліп жатқаны қаншама! Өңіріміздегі ғасырдан ғасырға, заманнан заманға ұласып, көненің көзіндей болып кейінгі ұрпағына аманат ретінде жеткен осыншама қалалардың көбісі зерттелмей жатқаны өкінішті-ақ.

xa0Асылжан ДУЛАТИ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі,

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы тарихтану бөлімінің меңгерушісі

Jambyl -Taraz. — 2021. — 25 nauryzxa0


xa0