Күләш Ахметова — ақын

Күләш Ахметова — ақын

Әлі жиналып, игеріліп болмаған халық әні мен өлеңдерінің көнелеріне қосылып жатқан жаңалары қанша. Соларды жинау, бастыру жөнінде ақындар мен композиторлар елең етпейді-ау. Тіпті жолдарында көрініп жатқан алтын өзектерді ала қояйыншы, иелене қояйыншы демейді ғой. Соның салдарынан болу керек, жаңа ән, жаңа жырлардың көбінде халықтық рух жетіспейді. Әндегі вальстік ырғақтар (көбірек кездесетін), соған сай айтылатын көбелек жанды күйгелек өлеңдер қамыстың үйлегі, балықтың қағанағы секілді, бір сілкуден қалмайды.

Халықтық рух деп біз ән мен жырдағы табиғи және тарихи бояулар мен (яғни көріністер мен) дыбыстарды (мелодиялық үндерді) айтамыз. Аспанымыз бен жеріміздің арасын лық толтырған күн жарығы, оған шағылысқан өзен, көлдеріміз, басына бұлт оралған тауларымыз, шөлейт даламыз, сыңсыған орманымыз — түп-түгел біздің жан күйіміздің ұялары. Осы табиғи орта – өз кұшағындағы тірліктің бәрін адам тілімен ұлы эпостарға, ән-жыр деп аталатын ғажайып өнерге айналдырған: жетім бота, жесір аққу, қанаты қираған қыран, жылаған жел, күркіреген көк, атылған найзағай, тасыған сел, үйірілген құйын, жеткізбес сағым, ұстатпас елес, атқан таң, батқан күндерімен… барлығы да халық лирикасының сарқылмас мотивтері. Халық осының бәрін өз сезімімен өткізген де, өз ойын, өз толғағын айтатын астарлы бейнелерге, метафора теңеулерге айналдырған. Ол үшін тіл ұстартқан, көріктен өткен, қайнауы жеткен, әбден шыңдалған асыл сөздер әзірлеген; ой-қиялды шегіне жеткізе айту үшін ауыр салмақтардан сынып кетпес үшін құдіретті сөздер керек, сондай сөздер ғана ырғақ ұйқастардың өзара қағысып келісім табуына, жымдасуына жарайды деп білген.

Мен Күләш Ахметованың жана жинағынан осы халықтық рухқа жақындықты, халықтық дәстүрді берік ұстағандықты көрдім.

Екі бөлімнен құралған жинақ «Уақыт пен жастық жыры» дейтін диалогтардан басталады. Оған тақау «Ақын мен жердің әңгімесі», «Уәзір мен өлім алдындағы патшаның әңгімесі», «Ұлбикенің соңғы монологы» деген жырлар оқылады. Бұлардың бәрі де тақырып жағынан, жырлану әдісімен бізге таныс нәрселер. Сұраққа жауап беру, үлкеннің кішіге айтқан ақылды кеңесі, өмір мен өлім жайлы монологтар бізде ертеден бар. Мұндай нәрселер басында араб, парсы, үнді әдебиеттерінен ауысып келген де, кейін қазақ топырағында тамыр байлап, қазақ жырының бір арқауы боп кеткен.

Осы тұрғыдан қарағанда «Қазақ әдебиетіндегі» Өтеғалиева Сахипжамалдың мақаласындағы «Бұрыннан белгілі ақиқаттарды қайталап жатудан Күләштің сақтанғанын жөн дер едік» дегені орынды сияқты. Бірақ бұл үстірт қарағанда ғана.

Мәселе бұрыннан белгілі бір түрлерді, әйтпесе «Белгілі ақиқаттарды» қайталап жатуда емес, сол белгілі түрлерді (яғни дәстүрлі түрлерді) қалай пайдалануда, өз тарапынан не айтуда болу керек. Мысалы, диалогты барлық жанрда, әсіресе драматургияда пайдаланамыз.

— Сонда осы қайталау болып шыға ма?

Монолог та сондай, ендеше бала сұрағына әке жауабын да осы сипатта тануымыз қажет. «Әке, адал ұл болу үшін не істеу керек?» дегенге:

Қол арт, балам, алдымен қиял-атқа,

Ұяны атпа, арам ой ұялатпа.

Адамдарға күдіксіз сене біл де,

Сөнгендерді итерме қиянатқа,

— дейді. Бұл – кәрі аталардың аузынан көп естілетін ақыл. Ұшқан ұяңды сыйла, адал бол, адамды қиянатқа итерме дегенді өзіміз де осы кезде жастарға көп айтамыз. Демек, бұл жыр болуға, әркімнің көкейінде құйылуға сұранып тұрған ақиқат. Сондықтан бұл — тақырыпқа дүркін-дүркін дегендей, әр дәуірдің, әр буынның ақындары жырлап, ұрпақтар бәйгесіне түскендей, жарысып отырған. Міне, енді сол бәйгеге Күләш те түсіпті, өз жырын ұсыныпты. Ендеше соған әділ билік айтайық та.

Біздіңше, Күләш «ақиқатты» құр қайталап, үйқастырып қана қоймай, поэзия тілімен жандандыра түскен, жарамды сөз бен тың ойға, биік идеяға айналдырған. Осы шумақтағы:

«Ұяны атпа, арам ой ұялатпа. Адамдарға күдіксіз сене біл де, сенгендерді итерме қиянатқа!» деген белгілі дидактикалық сөздердің осыншама қызықты қалануын биік бағалаған жөн. Осы үш жолдағы ырғақ, ұйқастардан туған ойларға еріксіз қуанамыз. Өйткені бұл ойларды бізге көктемде қайта көктеп, жасыл жапырақ жайған, біздің күндерімізде тыңайған сөздер жеткізіп тұр. Сондықтан дидактикалық деңгейден асып, ақындық дәрежеге көтерілген.

Құлағанды деме де, бақытты қыл,

Бақыттының тұнығын ылайлама.

Не берейін деп тәңірі сұрай қалса,

Алдыменен ақыл мен жұмыс бер де.

Масқара қыл, аяма, әшкере қыл

Атағы үшін атасын сататынды.

Өмір – бәйге, замандас озып кетсе,

Күбірлемей, күндемей, күліп қара.

Мен осы егіз жолдарды плакатқа айналдырып, көпшілік жиналатын жерлерге ілдіріп қояр едім. Жақсы өлеңдерге кітапқа ену аз, олар плакатқа да айналулары керек!

Уәзір мен патша диалогы да дәстүрлі түрде жазылған. Бұл үлгі де Шығыс әдебиетінде (әрине, ертеректе) нақылият, ғақлия боларлық нәрселер көп жазылған, өмір, өлім жайлы пәлсапалык ойлар, дінді уағыздайтын толғаныстарда осындай сұрақ-жауап үстінде аз шертілмеген.

Күләш осы дәстүрлі сұрақ-жауап түрін шебер пайдалана отырып, шынайы өлеңдер жасаған.

О, падишам, саялы бәйтерегім,

Таба алмадык дертіңнің қайтар емін.

Алдияр! Алдыңда тұр байтақ елің,

Халқыңа ақырғы рет не айтар едің?

Аса сұлу өлең болып шыққан, үндестік жағынан музыкаға сұранып тұрған төрт жол сұрақта мықты динамизм бар. Біз басталған жерде-ақ драмалык оқиғаға кіргендей сезінеміз. Осындай сұраққа қайтарылған жауап та келісті:

Бояуын, бар қызығын бала күннің,

Дірілін үлбіреген лала гүлдің,

Ұлдың да, жылап тұрған сұлудың да,

Құлдың да шын қадірін жаңа білдім.

Өлім, өмір — мәңгі жырланатын тақырып. Әр түстің жауабында сол кездің идеологиясы мен адамгершілік парасаты бой көрсетеді. Күләштің аузымен қайтарылған жауапта біздің дәуірдің көзқарасы бар. Мұнда өмір бояуы бай, сәбилік қызығы көп, лала гүлдері үлбіреген, ұл мен жардың көз жастары мөлдіреген өте жарық дүние боп көрінген.

«Ұлбикенің соңғы монологындағы» өмір де осы тұрғыдан жырланған. Мұнда трагедиялық леп басым. Өліп бара жатқан Ұлбике ақынның арманы қандай айқын, қандай биік:

Айдың нұры, сылдыры ақ бұлақтың

Жылап қалды жырыма құйыла алмай,

— дейді. Бүкіл жаратылыс жанданып кеткендей, біз мөлдір түннің өксігін естігендейміз.

Поэзияның бір өзгешелігі сол – жақсы өлеңді мақтап жеткізу қиын. Ол да ән сияқты, өзінің асылдығын өз үнімен естіртеді, өз нақышымен көрсетеді, сондықтан дауыстап оқисың…

Мысалы, мына бір шумақты өз сөзіңмен қалай жеткізіп, қалай түсіндіресің? Амалсыз естіртіп оқисың, оқисың да:

— Мінеки, көрдіңіз бе, осы жақсы өлең дейсіз.

Ызыңдап маза бермей ме,

Өкініш деген көк шыбын?

Кеудеңді келіп керней ме,

Басылмай жүрген өксігің?

Әркімнің басынан сирек болса да өтетін мұндай күйді дәл осылай төрт-ақ жол өлеңмен жеткізу – жас ақын шеберлігінің айғағы. Көркемдіктің жаңа деңгейіне осындай басқыштар арқылы көтерілеміз. Бұл – суретшілер үшін де, композиторлар үшін де адам күйіндегі аса қызықты мезет. Бірақ олардың қолдарына да мұндай сәттілік іліге бермейді. Ұмытылмайтын өкініштің ұзақ басылмайтын өксігі ең қысқа, ең айқын түрде осылай ғана жазылатын болу керек.

Көп өртенді даланың көк орманы,

Мекеніне көп марал оралмады.

Ұясына көп құстар қона алмады,

Тек адамның өртенген жоқ арманы,

— дейді ақын. Жылдар өтіп-өтіп келіп, бір дәуірдің жиынтығындай шоқталады да, жаңа дәуірдің жаңа жылдарына шылбыр тастайды. Сонда өткен мезгілдің жарық жағымен жарыса жан ауыртар тұстары да көңіл көзінің алдынан толқып өтеді. Шын ғой бәрі де, қандай өрттер түспеді көк орманға, қанша марал мекенін жоғалтып, қанша кұс ұясынан айырылмады! Тек өртенбейтін арман ғана өз биігінен төмендеген жоқ. Төмендемек тұрсын, оның тағы да жоғарылай түсіп, жарыққа, кеңдікке, сақтыққа шақырған үндеуін естиміз. Оның адамға деген махаббаты қандай! «Шамдарым, жарықтарым» деп сөйлейді.

Сендерсіз менің жанымда мұнша туа ма ән?

Жарық шамдарым, жаныңдар! Соған қуанам.

Сендермен көркем: көк тоғай, көк тау, көк белдер,

Сендермен жарқын: қоңыр күз, ақ қыс, көктемдер.

Жаңбыры да бар, дауылы да бар, орман да,

Жарық шамдарым, ертерек сөніп кетпендер!

Қанша махаббат, қанша мейірім бар осы жолдарда. Адамнан көрік алатын, адамнан жарқындық табатын жаратылыс қандай ғажайып! Көк тоғай, көк тау, көк белдер – арман суреттері емес пе?! Жыл мезгілдерінің контрастықпен келісім тауып тұрған бояулары қандай! Ақын сүйетін жарық шамдар не деген бақытты жандар!

Жинақтың екінші бөліміндегі махаббат жырларында да құйылып тұрған қоңыраулы өлеңдер аз емес. Әр өлеңде көрікті композиция, әшекей алқалар бар, тағы да бүкпесіз ғашықтық, ағынан жарылып, ашынып айту ерекше көңіл аударады, әрбір өлеңнен ән боп тарайтын таза сезімді гуманистік жарқын леп жарқыратып тұрады. Күләштің сезімтал жырды тым жұқартып жібермей, оған азаматтық дем бергісі келетін кездері де сезіліп тұрады, ондайда ақын жарқын және сыпайы естілетін патетикалық сөздерді пайдаланады.

Кел, махаббат! Толқытып жас жанымды,

Асқақтатып көңілімді, аспанымды,

Мәңгілікке жаралған жанарыңмен,

Қабылдайық ғажайып қас қағымды.

Бұл шумақта жарасымды декларация лебі байқалады. Дегенмен, махаббат лирикасында да Күләш суретші болған өлеңдерінде күшті. Мына бір шумақты оқиықшы:

Нәзік гүлге су құйып тұр едім мен,

Нәзік әуен туындап жүрегімнен.

Сені есіме алдым да мұңға батып,

Осы қазір келсе деп тіледім мен.

Әдетте лирикадан драматизм де тілейміз ғой. Бірақ сол драматизмнің себебі де айқын болу керек емес пе?

Әрине, мына шумақта бәрі айқын. Нәзік гүл, нәзік әуен, осы екеуінен толқыған көңіл, қас қағымда еске түскен портрет, дәл осы мезетте сүйгенін көргісі келген тілек… Мұнда аңсау, сағыну ғана емес, айырылыс, өкініш, қайта талпыну бәрі бар осы шумақта:

Ұмытсам деп ыңылдап ән іздеп ем,

Ән боп шықты ол дағы сен айтатын.

Әйтпесе:

Сен ғана сездірмесең қайтер еді,

Кей нәрсенің өткінші екендігін,

— деген жыр қос жолдарды қоссақ – толық бір күйді түгел тартып шыққандай сезінеміз. Лоблыған жүректің әуенімен бірге талдырмаш қыз мүсіні көз алдымызда, оған қыз сырындай нәзік ашылған ақ желкен, көк желкен гүлдерді, шашырай себілген судың маржандарын қоссақ, оқиғалы әсем сурет көреміз.

Ақынның ізгі жандылығы, гуманизмі, пәк сезімділігі үнемі ойлы қамқор тілектермен ұштасып отырады. Осындай астарлы түрде бейнеленіп қорытылатын тың теңеулері бар көркем жолдар аз емес.

Қандай бақыт өріктер гүлдегені,

Қамығуды, ойлауды білмегені.

Қандай жақсы өткінші бақыт болмай,

Мәңгі шегер аяулы мұң болғаның.

Жүзіп өтіп жүрер ем су-су болып,

Көпірі жоқ көлдерден, өзендерден.

Есептескен махаббат – махаббат па?..

Рас-ау! Есептескен махаббат, сыйластық, достық бола ма! Күләш өлеңдерінде қанша махаббат, достық бар десек, соның бірінде де есепті сезім жоқ. «Сүйші мені» деп ешкімге еңкеймесе, «Неге сүймейсің?» деп ешкімге шалқаймайды да. Күләш жырында ғашықтық, ынтығу бар. Бірақ жалаң, құмарлық, құмарларға сыңарлық жоқ. Нәзік әйел ақынның ең нәзік махаббаты мөп-мөлдір, тап-таза, құмарлық сияқты көрінетін жерлерінің өзінде де адамдық пафос басым…

Менің тағы бір тоқтала кетпегім, жинақтың 52-бетінен басталатын: «Ботақандарым», «Сен барда қызық табам үй ішінен», «Ойнай ғой», «Мамандығын мамаңның», «Ертегі деп түсінесің…», «Балалық шақ», «Тыныш түндер» деген цикл. Осы аталған жеті өлеңді автор баласына, балаларға арнаған. Бұл жырларда да жылы сезімдер, жұмыр шумақтар жеткілікті. Бірақ Күләш сияқты талантты ана ақынның қаламынан бұлардан мықтырақ өлеңдер туғаны жөн болатын еді.

Халық жыры рухына мол cyғарылған, халық жырларының дәстүрлі әдістерін еркін меңгерген ақын балаларға деген жырында ізденгіштігін, талғампаз-тапқырлығын көрсетпеген.

Халық рухы дегенде (балалар жырына байланысты) алдымен айтатынымыз – әр елдің ежелден келе жатқан бесік жыры ғой. Ол біздің де жырымыз. Бесік те, бесік жыры да – адамның мәңгілік серігі. Ол бір ғасырды тербетіп болған соң, келер ғасырға ауысып отырады, әр өлеңде дәуір ырғағы мен онда дәурен сүрген жандардың үндері бар. Бала тербеткен ана өз әнімен өз күндерінің армандарын жырлайды, өз басының мұңдарын шертеді. Бесік жыры белгілі кезеңдердің суретшісі сияқты. Ол өз тұсының таулары мен ормандарын, көл-дарияларын суреттейді. Біз аңдардың ыңыранғанын, құстардың шулағанын, кұрақпен ойнаған желдің кимыл, үнін де естіп, көреміз. Бесік жыры ана жыры болғандықтан, онда терең сыр, нәзік мұң, нәрестелер болашағына байланысты күдік, үміт белгілері де көп; онда ойнақы ырғақ, жарық қуаныш, шадыман ойын-күлкі де мол. «Сен қорықпа» дегенді жыр күлдіріп отырып та. жылатып отырып та айтады. Осындайда аңдар жайлы ертегілер, сан алуан тың теңеулер, образдар туады.

Соның бәрі баланың сезімі арқылы санасына сіңеді. Бала анасын, ана тілін ұғынады. Нәрестесіне сырын шертпейтін, мұңын шақпайтын ана болуы мүмкін емес. Бірақ халықтық дәстүрді берік ұстанған ана – ол анасы – алдымен сол жұрттың биік мұратын берік ұстанады. «Ел үшін кімді өсіру керек?» деген сұрақ ана есінен қай заманда да шыққан емес. Сондықтан «Еліңе ұл бол, құлқынға құл болма» деген сарын ана жырында үзілмей, ұласып отырады…

Түйіп айтқанда: Күләш жырлары мені қатты қуантты. Таза сағыныштардан, жарық армандардан туған мұңды, мөлдір жырлар әуендеріне үн қосқандай сезіндім, жыр құдіретімен жаңғырғандай, жаңа дүниеге кіргендей жадырадым. Біздің бақытты республикамыздың жас бұлбұлдары осылай молая беруі керек!

Әбділда ТӘЖІБАЕВ

Ақжол. – 2016. — 23 сәуір. – 4 б.

Ақын және Ғайып Ерен Қырық Шілтен

Ақын және Ғайып Ерен Қырық Шілтен — С. Томанов

Ақыннан қалған өлеңдер ел-жұртқа екі кітап болып жетті: Томанов С. Пәруана / Алғы сөзін жазған Маралтай Райымбекұлы. – Алматы: Үш қиян, 2004; Томанов С.У. /Құрастырғандар Марал Томанова, Еркін Жапаров; Алғы сөзін жазған Абдұлла Бақбергенов. — Алматы: Атамұра, 2006. Екі кітап та ақынның өзі дүниеден өткен соң жарық көрді.

Серіктің өлеңі толқыған жанның шындығынан, тебіренген жүректің сырынан туған. Ақын жанының шындығында саз, ақын жүрегінің сырында наз болғандықтан, ақынның өлеңі де сазды және назды. Сазды әрі назды өлеңнен жүрекке ыстық, жанға жайлы леп еседі. Халықтың: «Өнер алды — қызыл тіл», — деп сүйінуі сазды әрі назды өлеңнің жүрекке ыстық, жанға жайлы жайсаң лебіне байланысты болар ма деп ойланамыз.

Жаратушы жаратқандарының әрқайсысына лайықты қасиет дарытқан. Олардың біріне дарыған қасиет өніп-өседі, біріне дарыған қасиет өліп-өшеді. Ақындық өнерге, ақындық болмысқа біткен қасиеттің жөні бөлек. Оның жарығы мен жалыны тілден шығады.

Жырларыма таңданба жарық көрген,

Жүрегіме жүгінбе шабыт керген.

Шын құдірет тілімде, жырымда емес,

Шыңыраудан шындықты алып берген, — деген өлең жолдарына акынның шын кұдіреті тілінде екендігі туралы ой өзек болған. Әдетте ақындық қасиетті табиғаттан деген ілгеріде өткен данышпандардың сөзін тілге тиек етіп айтатынымыз бар. Акындық өнерді, ақындык қасиетті іштей құрамдас бөліктерге бөліп, жіктейтініміз де болады. Өлеңдегі мазмұн мен пішінді, ой мен сезімді жеке алып қарастыру тәжіxadрибесі де кездеседі. Солардың арасында өлеңнің тілі, ақынның тілі — өз алдына ұланғайыр бір дара сала. Ғылыми еңбектерде өлең мәселелерін мұндай салаларға бөліп зерттеу ғылыми таным жүйесіне сай жұргізіледі. Ал ақынның өз өнерінің «шын құдіретін» тілінен табуында, «жарық көрген жыр», «шабыт көрген жүрек» жайын көре-біле тұрып, ақындық өнерінің «шын құдіреті тілімде» деп білуінде шығармашылық сара таным бар. Ақынның даралығы оның шығармашылық сара танымына негізделеді.

Ақын «шын құдірет — тілімде» дегенде, өзінің тілін, өзінің өлеңінің тілін ғана айтпайды, ана тілін мадақтайды, ана тілін ардақ тұтады. Серіктің өлеңінің құдіреті, рас, тілінде. Ана тілінің нәрін бойына ана әлдиімен сіңірген, баба өмірінің мәнін ойына ата сөзімен сіңірген ақынның тілі әрлі, ойы нәрлі. Ақын өлеңіндегі ой образды, сөз суретті, сезім сұлу. Ақынның образды ойы, суретті сөзі, сұлу сезімі — бәрі тіл кұдіреті арқылы өріледі. Ақынның тілі тау бұлағындай мөлдір, таң самалындай таза. Ақынның тілінің ұшында тұрған жаны жібек жалаудай: самал лебін сезінсе, алтынды шашағын желбіретіп, елбіреп тұрады. Шөл даладағы шөл өсімдігінің арманын сезінсе де үлп-үлп етіп, үлбірей жөнеледі.

Тағдырыңа тауфиқсыз әлің келмей,

Ала жаздай бір тамшы жауын көрмей,

Өткіздің бе өмірді үмітпенен,

Жауын құмар жаныңа дамыл бермей.

«Күз. Шөл өсімдігін жұбату» өлеңі осылай басталады. Шөл өсімдігінің аты-жөні, түр-түсі белгісіз. Бірақ оның тірлігі, әл-ахуалы, жай-үйі толық көрініс тапқан. Төрт жолдың әркайсысының өз мәні, өз мағынасы бар. Шөл өсімдігі. Тауфиқсыз тағдыр. Тауфиқсыз тағдырға әлі келмеу. Үш бунақтан тұратын бір тармақта осындай үш түрлі сындарлы ой өзегі бар. Шөл өсімдігі. Шөлге біткен, шөлде өнген өмір. Шөлдің шөлі қанатың болса, ол шөл бола ма. Шөлде өскен өсімдіктің шөліркемейтіні бола ма. Шөлде өсіп, шөліркеген өсімдіктің шөлін басу үшін көл жағасына барып өсуіне тағдыр жаза ма, шөл өсімдігі көлге бітіп, шөлін бассын деп тауфиқсыз тағдыр өзгере ме… Шөлде өніп, шөлде өсу — тағдырдың жазуы. Ала жаздай бір тамшы су татпау — тағдырдың жазуы. Өмірді үмітпен өткізу — тағдырдың жазуы. Тауфиқсыз тағдырды өзгертуге акынның Ғайып Ерен Қырық Шілтені ғана себепкер болуы мүмкін еді.

Шөлде өніп, шөлде өскен де, көлге бітіп, көлде өскен де армансыз болмайды, тілеген тілегінің бәріне жетпейді. Көлде өскеннің де, шөлде өскеннің де өмірінің өзегі судан нәр алады. Көлге бітіп, көлде өскен ескіннің шөлді аңсамайтынын кім біліпті. Аңсайтын болса, ол да шөлді өле-өлгенше аңсар еді, шөлге шығып шөліркеуден ол да үмітін үзбес пе еді… Құдайдың кұдіретімен шөлге бітіп, шөлде өскендердің өзі де, өзегі де су аңсап өсіп, су аңсап өтеді. Шөл өсімдігі өссе, су аңсап өседі, шөл өсімдігі өлсе, су аңсап өледі. Шөл өсімдігінің осындай тағдыр-алайы, шөлге де, ыстыққа да үнсіз шыдаған, шыдамы жетпеген жерде үн-түнсіз үзіліп кетуге бар жай-күйі ақын жанынан мейір-шапағат сезімін туғызады. Сол сезім ақыннан ақынның лирикалық кейіпкеріне жетеді. Ойға алған көп тілегі орындалмаған, шөлі қанбай арманда қалған, өзін шаң басқан, өзегіне тамшы тамызар бір жанкүйер, бір жанашыр таппаған шөл өсімдігіне мейірімі түскен лирикалық кейіпкер оған қолынан келген көмегін көрсеткісі келеді. Шөлде өскен сол өскіннің өзіне бір жанкүйер табылғандай сезінуінен бақыт табардай толқиды, соның шөлін басқысы, соған сүйеу болғысы келеді. Жанашыр іздегенге жанашырлық көрсетуге, сусағанға су беруге, сүрінгенге сүйеу болуға, жаны жабырқағанға жансерік болуға дайын тұрған лирикалық кейіпкердің шөлге де, шөлдегі өксікті өскінге де ықыласы түсіп, жүрегі рақым нұрына, мейірім шуағына толып елжіреген қалпы — ақынxadның ішкі қуатынан, талант табиғатынан туған тамаша көрініс. Ақынның ішкі қуатынан, талант табиғатынан туған осы тамаша көрініс — ақын өнерінің асыл өзегі, ақын болмысының абзал қасиеті.

Шөл өсімдігін жұбату мына шумақпен аяқталады:

Теңіз бен өзендерден шалғай жатып,

Өмір кештің таңдайға нәр алмай түк.

Шілдеден шыға алмайтын шөпшалам көп,

Күресіп күзге жету қандай бақыт!

Жер бетінде өніп-өсетін жайсаң өсімдіктердін өмір жасы көктемде басталып, күзде аяқталады. Шөл өсімдігінің өмірі де осындай. Бірақ шөл өсімдігі өз тіршілігінің әрбір қас-қағым сәті үшін күреседі, өмірінің күзіне толассыз күреспен жетеді. Шөл өсімдігі өзегіне тамбаған тамшы судың орнын қайсар рухымен толтырады. Әйтпесе өзегі құрғап, өзі қурап, желге ұшып кетпек. Шөл өсімдігі бәрін көрді, бәріне төзді, бәріне шыдады. Өзегін қайсар рухымен нәрлендірді. Сөйтіп күзге жетті.

Дүниеде шаң баспайтын ештеңе жоқ. Шаң шынның жүзі мен асылдың кезіне де қонады. Ақын өлеңінде адам өмірінің, дүние шындығының шаңнан арылып тазарған, саф алтындай сарғайған, сөйтіп сығымдалып бір тал шөл өсімдігіне айналған бейнесі жасалған. Шөл өсімдігі — сөзбен салынған сурет. Суреттің бояуы қанық. Шөл өсімдігінің таңдайына нәр алмай, сіресіп өскен, тағдырдың жазуымен тіресіп өскен қалпы, айналасы, ортасы — бәрі көңілдің көзінде, көздің алдында тұрады. Шөл өсімдігі — күрескер. Шөлде өніп, шөлде өсу, шөлмен күресіп, күзге жету — сүйегі асыл, негізі берік берен болмыстан, мұқалмас, жасымас қайсар рухтан. Шөл өсімдігі — қазақ өлеңінде бұған дейін болмаған, бұған дейін көзге түспеген, теңі де, теңдесі де жоқ образ.

Шөл де, шөл есімдігі де Серіктің өмірі мен өңірінің, туған өлкесінің шындығы. Ақын өмірі мен өңірінің, туған жерінің шындығын, туған жерінің табиғатын кезінен таса етпеді.

Сарқып ішіп күз лебін, Сыбдыр қақтым емен боп. Жаз кызығын іздедім, Жапырағым елеңдеп… — деп, емен болды, қазанда оңып, қарашада тоңып, жаз қызығын іздеді. Құстар қайтқанда: Қосылып кетем дей ме қатарына, Қанат бітіп жүрегім дірілдеді, — деп, алаңдады. Талас болып, әттең-ай, жаралғанда… — деп, өзен болып тасып ақпағанын арман қылды. Ауылының қарғаларын маңдайынан сипап, арқасынан кағып:

Жамырап жар салатын таңға қарай,

Айналайын ауылдың қарғаларыай!

Қатарыңа мендағы қосылар ем,

Қанатымның, қап әттең, болмағаныай! — деп өкінді. Енді бірде:

Епті сұмдар мен електен өткен

Пенделік пиғыл мені өкпелеткен.

Аранын ашқан адамнан қашқам,

Амал жоқ, сосын

Терек боп кеткем, — деп, тереңге бойлады.

Ақынның «Табиғаттан тағлым» өлеңінде: Жыңғылдарым — жекжаттарым, Жусан біткен — жерлесім; Сертке берік сенімді адам — Селеу кешкен сексеуіл… — секілді шумақтар бар. Туған жерінің жыңғылдарын жекжаттарындай, жусан біткенді жерлесіндей көріп, сексеуілді өзі іздеп таппай жүрген сертке берік сенімді адамға балап, соларға құрметін білдіріп, солармен сыйласып, солармен сырласып жүрген лирикалық кейіпкердің кейпінен ақынның өз келбеті көрінгендей болады. Әр нәрседен жақсылық іздеп, бар нәрседен көңілі қайтқан ақын жарық күнде шам алып іздеп таппаған адалдық пен адамдықты, сыйластық пен сырластықты, ақтық пен пәктікті солардан тапқандай болып көрінеді.

Туған жер, Атамекен — өнер біткеннің асыл арқауы, таусылмас тақырыбы. Туған жер, Атамекен туралы қазақ сөз өнерінде жарығы мен жарқылы көз қарықтырғандай небір керемет шығармалар бар. Жарығы мен жарқылы көз қарықтарғандай осы керемет шығармалардың сәні мен салтанаты жарасқан әдемі әлемінен Серік Томановтың жүректің қылын шерткен сырлы сазы төгіледі. Сол сырлы саздың бір қайырымында ақын туған жерін жанарына көшіріп алмақ болады:

Көшсін деп көз ілмедім қыр, құмдарың,

Жиделерің, теріскен, жыңғылдарың.

Қоңыраулы шеңгелің көшсін тугел,

Жоғалтпай жанға жақын сыңғырларын.

Қыр, құм, жиде, теріскен, жыңғыл, шеңгел, жусан, селеу мен сексеуіл… Серік осылардың арасында өсті. Солардың арасында ойнады, солардың арасында күлді, солардың арасында жылады, солардың арасында жұбанды. Соларды жырлады. Кетерінде жанарына, көкірегіне соларды көшіріп алып кетті.

Ерте-ерте, ертеде өткен Аяз би атамыздың тұсында хан уәзірлері шөптің жаманын іздегенде, Серіктің қоңыраулы шеңгеліне тоқтаған. Сонда, жарықтық, Аяз би атамыз хан уәзірлеріне ақыл беріп, шөптің жаманы шеңгел емес екеніне ханның да, ханның уәзірлерінің де көзін жеткізген. Шөптің жаманы есептеліп, Аяз бидің акылы арқасында жаманның есебінен кайта шыққан қоңыраулы шеңгелін Серіктің сонша сүйіп, құрмет тұтуы, жанаxadрына, кеудесіне көшіріп алып кетпек болуы — таңданарлық талап, таң боларлық таңдау. Таңданарлық, таң боларлық таңдау ақын танымының табиғатпен тектес қасиетінен туған. Ақынның табиғатпен тектес қасиетіне сын жоқ.

Ақындық өнердің байтақ кеңістігінде ойдың да, ойлаудың да шегі болмайды. Бірақ сол шексіздіктен іздеп тапқан шекті керкемдік бейнелеу құралдарынан елесі естен кетпейтін образ жасау — шығармашылық ойлаудың кемелдігінің нәтижесі.

Акынның терекке айналып кетуінде оның ез болмысына, табиғатына, өміріне жат ештеңе жоқ. Періштелері перілерімен келіп, бұтақтарын паналар деп теректің кейпіне түсу, жанын жапырақ қылып желбірету — ақынның образды ойлауының, образ жасау жолындағы көркемдік қиялдауының бастапқы сатысындағы көріністер. Өлеңнің келесі жолдарында көркемдік қиял жаңа денгейге көтеріледі. Бұтақтарын жайып, жапырақтарын желбіреткен терек адам болып, ақын болып: Келсе ғой шіркін Ғайып-Еренім, Жасыл жанымды жайып өлермін. Жапырақтарым сыбдырлар сонда, Жолына қарап уайым жегенін, — деп армандайды.

Өмірінде ешкімге, ешнәрсеге тәуелді болып көрмеген, жалған күліп жарамсақтануды білмеген ақынның алыс сапарға аттанар қарсаңда дүниедегі ең жақындарына ашып тұрған сырынан шындықтың күйі төгіледі.

Поэзияда тал-терек аз жырланған жоқ және жақсы жырланды. Мұқағали жас қайыңға: «Өмір сүрейік алмасып», — деп сөз айтатын, «Сәби болғым келеді», — деп арман қылатын еді. Ақынның сөзінен де, арманынан да бір керемет саздың сарыны сезіледі. Мұндай сөз айтуға, мұндай арманға талпынуға негіз болған күш қандай, күй қандай… Серік терекке өмір алмасу, алмасып өмір сүру туралы сөз айтпайды. Серік «тебіренемін деп терек болып кеткен». Ол – терекпен бір. Терек — образ. Оның өзегінің бір жартысында — бал, екінші жартысында — у. Екі жарты бір бүтін болып, бөлінбей, жарылмай ағады. Екеуі де қасиетін өзгертпейді.

Ақын мен теректің тұтасып, бір бүтін болып, Ғайып Ерен Қырық Шілтенін іздегені, күткені, сол келер ме деп уайым жегені, жылау жанына содан жұбаныш тапқысы, содан жылу алғысы келгені, сол келер жолға бұтақтарын бұрып, жапырақжанын жайғаны, сол келер болса, жасыл жанын жайып өліп кетуге бары… — терек боп жайқалған жанның сыры, Терек боп тебіренген жүректің жыры, терек боп шайқалған өмірдің шыны. Сыр да, жыр да, шын да удай ащы, балдай тәтті. Теректі образ деуіміздің мәнісі осында.

Серіктің терегі, Серіктің Шөл есімдігі, Серіктің Қоңыраулы шеңгелі… – бұрынсоңды поэзия әлемінде болмаған, поэзия әлеміне Серіктің өзі алып келген сырлы да нұрлы образдар. Ақын өлеңдерінің поэтикалық қуаты тармақтар мен шумақтардың мазмұны мен мағынасында емес, ақындық ойлаудың тереңінен туған образдардың мәнінде.

Серік Томанов қазақ өлеңінің көркемдік бейнелеу қорын жаңа поэтикалық өрнектермен байытты. Серік өлең өнерінің әлеміне мағыналық қатары мен қатпары табиғаттың өзіндей түрлі-түсті көркем суреттер мен образдар алып келді, қазақ өлеңіне жаңа саз, жаңа сарын қосты. Ғайып Ерен Қырық Шілтенін күтумен өткен ақын бар мен жоқтың, ащы мен тәттінің, көл мен шөлдің аралығында дариядай шалқып, сағымдай калқып аққан өмірден көргені мен білгенін, көкірегіне көшіріп, көңілінде байытқан қазынасын өлеңдеріне қалдырды, өлеңдерін өмірге қалдырды.

Алла рақым етсін, ақынның рухына!

Жанғара Дәдебаев,

ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д.

Қазақ әдебиеті. — 2016. – 27 мамыр. — 10 б.

Жақсы бір адам… Өзгелердің қуанып, шаттануы үшін қызмет еткен…

Жақсы бір адам… Өзгелердің қуанып, шаттануы үшін қызмет еткен…

Дәметкен апайды 2007 жылдары ең алғаш облыс әкімдігінің ғимаратында кездестіргенмін. Үюлі қағазға толы шағын кабинетінде қарбалас жұмыстың үстінде отырды. Ол кісі облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның хатшысы еді. Байқағанымыз есігі келіп-кетуші адамдардан босамайды екен.

…Ендеше бүгін белгілі журналист, ардақты ана, асыл жар, қоғам белсендісі болган Дәметкен Ахметова жайында естеліктер айтуға оқталып отырмын. Оның мен үшін қандай ауыр екенін бәлкім жүректеріңіз сезіп те отырған шығар. Бәлкім куні кеше ғана жарқырап ортамызда жүрген адам туралы естелік оқу сіздерге де оңай болмас…

Иә, сол жолы алғаш жүздескенімізге қарамастан, тәжірибесіз бозөкпе біреу демей, баласынбай мейірімін төге сөйлеп еді -ау. Жастар газетіне апай жайлы жазбақшы болып барған едім. Ол кезде әкімдіктің үлкен ғимаратында отырған әрбір кісі таудың шыңдарындай биік көрінетін. Жүрексініп әрең кіретін едік. Алайда, Дәметкен апай бұрыннан таныс адамдай жадырап қарсы алды.

Мұнан соң апаймен жиі хабарласып тұратын болдым. Ол кісі карап жүрмейді. Іс-шаралар ұйымдастырып, кездесулер өткізіп, бір тыным таппайды. Қыз-келіншектерге қатысты барлық жұмыстың басы-қасынан табылады. 2008 жылы болуы керек, 8 наурыз мерекесі қарсаңында қыз-келіншектерге арнап, «Алтын бесік» деген жыр жинағын шығарды. «Ешкім қалып кетпесін, облыстағы колына қалам үстаған барлық қыз-келіншектердің жырлары енгізілсін» деп бүл шаруаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Сол жылдары балауса өлеңдерімен жаңадан көрініп жүрген Жұлдыз Бейсек, Гүлсара Шалқар секілді жас ақын кыздардың да өлеңдері осы жинаққа енді. Әр ауданның әр ауылында елеусіз жүрген өлең жазуға талпынысы бар нәзік жандыларды іздеуден Дәметкен апай бастаған топ жалыққан жоқ. Нәтижесінде барлық әкпелеріміз бен қарындастарымыздың жырларынан құралған жинақ өз оқырмандарын тапты. Одан кейін де бұл қызметте талайлар болды ғой, бірақ Дәметкен бастап кеткен сондай бағалы бастамалары түгелдей жалғасын тапты деп айта алмаймын.

Айта берсе апайдың ізгі істері өте көп. Бір жолы облыстағы белсенді топпен бірге Еуропаның бірқатар елдерін аралап қайтқаны бар. Содан кабинетіне бір жұмыспен кіре қалған едім. Дәметкен апай жадырап отыр. Көңілі көтеріңкі. «Есет-ау, біздер бірқатар өркендеген шет елдерді аралап қайттық кой. Экономикасы, мәдениеті дамыған елдерден үйренерініміз көп екен. Олардан біздің елдің де артықшылықтары бар. Еліміз рухани байлық жағынан жоғары. Ал сырт елге барғанда ең бірінші керегі — халықаралық тілді білу екен. Сол ағылшын тілі жағынан ақсап тұрғанымыз болмаса, сапар өте жемісті болды. Сендер жассындар, бір күні болмаса бір күні шетелге жолдарың түседі. Халықаралык тілді үйрене жүру керек екен» деп сапарынан түйген әсерімен бөліскені де бар.

Бір кызығы. Дәметкен апай жеке басына қатысты жетістіктерімен мақтана бермеуші еді. Мәселен, белгілі жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулет біз айтып отырған Дәметкен апайдың өмірлік серігі екенін мен арада 2 жыл өткенде білдім. Макұлбек аға ол кезде облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болатын. Дәметкен апай: «Мақұлбек екеуміз университет бітірген соң, жұмысымызды Жезқазганда бастадық қой. Жас күнімізде Мақаңның туып ескен жері Жуалыға жиі келіп тұрдық. Осы журналистік ізденіс кезінде талай рет суық күндерде көлігіміз бұзылып, жолда қалған кезіміз болды. Қыстың ызғарлы күнінде бірнеше шақырымды жаяу жүрген сәтіміз естен кетпейді. Журналистика саласын, мақала жазуды біреулер жеңіл көреді. Журналисті ел қыдырып, сайрандап жүретін адам деп бағалайтындар бар. Олай емес, журналистің жұмысы ең ауыр жұмыс. Шерхан Мұртаза ағамыз: «Журналистің арқалағаны алтын, жегені жантақ» деп бекер айтқан жоқ. Бұл саланың талай қиындығы бастан өтті. Облыс әкімінің баспасөз кызметін де басқардым. Қиындықтан тартынбай, үйреніп, талпынып еңбек еттік» дейтін апай.

2012 жылы белгілі акын, айтыстың танымал жүргізушісі Жүрсін Ерман 60 жасқа толып, Алматы қаласында шығармашылық кешін өткізді. Арасында 4-5 жұп акындар айтысы да болады екен. Алдын ала жарнамасы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде дүрілдеп шығып жатты. Сенбі күніне ыңғайлаған болуы керек. Сол кешті көріп қайтуға мен де бармақшы болдым. Бір кісілерден Макүлбек Рысдәулет ағаның баратынын да естіп алдым. Мақаң мен Дәметкен апай университетте Жүрсін Ерманмен бірге оқыпты. Жүкеңмен менің де аздаған таныстығым бар еді. Макұлбек ағаға хабарласып едім. «Азанда, 7-00 де Жамбыл даңғылының бойына шығып тұр, ала кетемін» деді. Айтқан уақытында межелі жерге шығып тұрдым. Бір үлкен «Газель» келіп тоқтады. Әуелі «Тараздан бір топ кісі бара жатыр ма?» деп ойлағанмын. Ішке кіріп, амандасып жатқанда байқадым, көлікте жүргізушіден бөлек екі-ақ адам. Ол Мақаң ағай мен Дәметкен апай. Болды. 16 орындық дәу «Газельмен» 4 адам ғана бардық сол жолы Алматыға. Сөйтсек, Мақұлбек Рысдәулет ағайды құрметтейтін бір кәсіпкер інісі көлік тауып, жол шығынын да өзі көтерген екен. Жол бойы жақсы әңгімелер айтылды. Әрине, бұл кісілердің ойлау деңгейі, сөз орамы өте жоғары ғой. Ең бастысы, екеуінің жастарының ұлғайғанына қарамастан бір-біріне деген сыйластығының, кұрметінің, сүйіспеншіліктерінің зор екендігін байқадым.

Дәметкен а п а й д ы ң қасындағы Макұлбек Рысдәулет ағамыз өте б а қ ы т т ы көрінді маған.

Дәметкен апай зейнетке шыққан соң да қарап отырмады. «Жан дауа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы ретінде елдің ортасында, жастардың арасында жүрді. Қоғамдық жұмысты да жауапты атқарды. Үнемі қалалық мәдениет үйінде іс-шаралар өткізіп жүретінін байқаушы едік. Онысына ешқандай кұрмет те күтпейтін.

Өмірінің соңғы жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, «Жас журналистер» клубын ашқан болатын. Ол жүмысына да жан-жақты кірісті. Дәметкен апай осы жылдар ішінде Нұрсұлтан Рахымбай, Азиза Абдрайымова секідді журналистикаға бейімі жоғары студенттерді танып, тәрбиеледі. Жас журналистердің қадамына, қаламына өзі жазғандай сүйсініп, сенім артканын, «болашактың иесі сендерсіңдер» деп бағалағанын талай рет естігенбіз. Сонда бойымыздағы жақсы қасиеттерді жас ұрпакқа дарытып, солардың жолын ашып кетейік деген ізгі мақсатты ұстанған екен-ау. Дәметкен апай міне осындай тұла бойы ізгі қасиеттерге толы жан еді ғой. Мұндай жақсы қасиеттерді бағалай білмейтініміз бар ғой, әттең. Әйтпесе, уақытын жоғалтпай, жүйкесін жұқартпай өз шаруасымен айналысып жүрсе де болады ғой. Жоқ. Дәметкен апай өзі де тыным таппайтын, өзгеге де тыным бермейтін талапшыл, іскер адам еді.

Ол кісінің өмірден озғанын әлеуметтік желіден, анықтап айтқанда «Фейзбукқа» қалалык «Жамбыл-Тараз» газетінің директор — бас редакторы Эльмира Мырза-ғали жазған толғаныс -жазбадан білдім. Төбемнен жай түскендей болдым. Өйтпегенде ше? Ол кісінің ауырғанын да естімегенмін. Әлде сездірмеді ме? Әйтеуір, өмірінің сонғы айларына дейін коғамдық жұмыстарда жүрді ғой.

Осылайша, белгілі журналист, талантты ұйымдастырушы, керемет ізгі қасиеттердің иесі болған Дәметкен апайдан айырылып қалдық. Жүрегіміз езіліп жүріп көпшілік әріптестермен бірге барып көңіл айттык. Жерлеу рәсімінен кейін «Рас» мейрамханасында берілген еске алу дастарханына катысып, құранға қол жайдық. Өмір дегеннің өте қысқа, шолақ, өткінші екеніне тағы бір көз жеткіздік.

Бірак, ол кісінің артында елге белгілі, көпшілікке ардақты жолдасы Макұлбек Рысдәулет ағамыз қалды. Перзенттері, немерелері қалды. Жасаған жақсы еңбегі қалды. Ол танып, оның қолдауымен елімізге белгілі болган жас талант ақын-журналистер қаншама? Олардың көпшілігі белгілі болып үлгерді. Сол танымал жастардың талантын аша білді. Сондықтан, Дәметкен апайды іздейтіндер өте көп. Сол «Раста» өткізілген құран окыту шарасы кезінде көп кісілер сөйледі. Толғанып тебіренді. Белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткерлері сөз алды. Ол кісілер Дәметкен апайдың жаяу жүрген сәтіміз естен кетпейді. Өзі кызмет атқара жүріп, облыстық деңгейде басшы қызметте [ болған жарының көңілін таба білген үлкен жүректі жан еді — Дәметкен апай.

Өмір жалғасады екен. Қазір де қоғамдык шараларды аткарып жүрген әпкелерімді көрген сайын есіме Дәметкен апай түседі. 8 наурыз — халықаралық әйелдер мерекесі жақындаған сайын апай ойға оралады. Осы мерекені ерекше қадірлеп, ерекше күтуші еді. Өзінің де мерекесі ғой. Алайда ол өзінен бұрын өзге әпке-сіңлілерінің қуанып, шаттанғанын қалап тұратын. Өзінің мерекесіңде де байыз тауып дем алмай, баскаларға қызмет жасап жүретін.

Сондыктан, Дәметкен апайды іздейтіндер, ол кісіні сағынатындар көп. Артында із қалды, «өмірі өнегеге толы болды» деген сөздер осындай кісілерге арналып айтылатын шығар, сірә. Біз де ол кісінің жатқан жері жайлы, жаны жаннатта болуын Жаратқаннан жалбарынып сұраймыз. Өмірде жасаған барлык жақсылығы Жаратқанның қалауымен өзіне сансыз сауап болып жазылып, екінші өмірдегі жағдайының жаксы болуын тілейміз. Біз Дәметкен апайды ұмытпаймыз. Себебі, ол жаксы істерімен көп кісіге қамқор болған, көп кісінің жүрегінде қалып қойған, жаны ізгілікке толы адам.

Есет ДОСАЛЫ

Ғұмыр дария. – 2017. – 9 наурыз


Толымбек Әлімбекұлы: неге күлгенімізді біліп жүрейік

Толымбек Әлімбекұлы: неге күлгенімізді біліп жүрейік

Сатира қағытпа қалжыңнан ғана емес, сыннан да құралады. «Алып та, шалып та жығатын» күрделі жанрды өмірлік серігіне айналдырған Толымбек Әлімбекұлының бүгінге дейін көптеген ірі еңбектері жарық көрді. 1 сәуір қалыптасып қалған «Күлкі күніне» орай қазақ сатирасының саңлағымен әңгімелесудің сәті түсті.

– Әңгімені сатирадан бастасақ. Сатира «ауылына» қалай бет бұрдыңыз?

– Негізі, сатираға қалай тап болғанымды білмей де қалдым. Біреуге арнап сатиралық өлең жаздым. Ол кезде Жамбыл ауданында шығып тұрған «Екпінді еңбек» газетінде Талғат есімді сыныптасым, досым әрі курстасым жұмыс істейтін. Ол өлеңді оқып, «мынауың жарайды ғой» деп газетке шығарды. Содан сатира «ауруымен» ауырып, көрген-білгендерімнің бәрін сатираға тізіп, бүгінге дейін сатира жазып келемін.

– Бүгінде «сатира жоқ» деген пікірді жиі естиміз. Теледидардан қарасақ, «халықты арзан күлкіге қарық қыламыз» деп өздері оңбай күлкіге қалып жататындар баршылық. Айтары бар болса да, астары жоқ… Сіздіңше, бүгінгі сатираның деңгейі сын көтере ме?

– Қазіргі сатиралық театрлардың ешқайсысында мән жоқ. Арзан, жеңіл күлкі. Алдын-артын ашып, әйтеуір, «елді қытықтап күлдірсем» деген ниетте. Бұрынғы «Тамашада» сөздің астары бар еді. Менің жазғандарым бұл театрға айлап өтпей жататын. Іріктеп, ең соңында барып алды ғой. Енді қазіргі театрлардағы артистердің бәрі сатирик болып кеткен. Көрген-естіген анекдоттарын, әзілдерін жазады да, сатиралық театр сахнасына шығарады. Ол – табаныңнан қытықтап, қолтығына қол жүгіртіп жүріп күлдіретін «зорлық күлкі». Негізі, ойдан-ой туады ғой. Қарап отырып, бір мәселеге яки тақырыпқа өзек болар әңгіменің реті бар ма десең, сол баяғы жеңіл күлкі, аларың жоқ.

– Қазір жас сатириктер, өскелең буын өкілдері бақ сынайтын байқаулар неге жоқ?

– Қазіргі сатирада «мықты сатирик» деп қолмен көрсетіп айтатындай, байқауда бақ сынайтындай жастарды көрмейсің. Барлығы да – театрдағы артистер. Өздерін-өздері «сатирик» жариялап, өздеріне материал жазып, оны, әйтеуір, ойнап, халықтың табанына қол жүгірте қытықтап күлдіру арқылы нәпақа тауып жүргендер деп ойлаймын.

– Кей кездері «неліктен басқа мамандықты таңдамадым?» деген ой бола ма?

– 4-сыныпта алғашқы мақалам жарық көрді. Содан газеттерге материал даярлап жүрдім. Алғашқы ұстазым Шыңғыс Қонысбаев аудандық, облыстық газеттерде істеп жүргенде, мақалаларын оқитынмын. Сонда «Шіркін-ай, мен де осылай жазсам екен» деп армандайтынмын. Сол кісіге еліктеп те әртүрлі мақала, шығармалар жазып машықтандым. Сондықтан да бұл саланы дұрыс таңдадым деп ойлаймын.

– Алдағы уақытта оқырмандарды қандай шығармаңызбен қуантасыз?

– Былтыр «Не етіп, не ғылып» деген кітабым шыққан. Одан кейінгі жазғандарым да бір кітапқа жақындап қалды. Солардың басын қосып жарыққа шығарсам деймін. Сосын баяғыда «Қарақұйын» деген повесть бастаған екенмін. Орта шеніне жетіп қалыппын. Оқта-текте бір-екі беттен жазып қоямын. Алда бітіріп те қалармын.

– 1 сәуір – «Күлкі күні». Біреуді алдайтын, яки алданатын күн. Бұл мерекеде біреуді алдаған кездеріңіз есіңізде ме? «Күлкі күнінің» сіз үшін маңызы қаншалықты?

– Бір оқиғаны айтып берейін. Облыстық «Еңбек Ту» газетінде істеп жүрген кезім. Жақын маңда ауылшаруашылық басқармасының асханасы бар еді. Жиі ет алып тұратынбыз. Бір күні сол жерден тамақтанып келе жатсақ, облыстық газеттің қызметкер әйелдері далада тұр екен. Соларға қалжыңдап: «Асханада ет сатып жатыр. Қыздар, сендерге де қалдырып қойдым. Барып алыңдар» дедім. Артынша барлығы дорбаларын алып, ақшаларын салып кеткен далбалақтап. Ойымда ештеңе жоқ. Кейіннен ешбіреуі менімен сөйлеспей қойды. Сөйтіп, 1 сәуір алдаймын деп, арамыздан ала мысық жүгіріп өткен.

1 сәуір – «Күлкі күні» деп жатады. Бұл «бір-бірімізді әзілдесіп, алдау керек» дейтін орыс халқынан келген дүние. Өтірік айтып және сол өтірікке сендіру. Біркүндік, уақытша құбылыс. Бірақ қашан да күліп, неге күлгенімізді біліп жүрейік. Күлкі – өмірлік. Күле біл, өмір сүре біл!

– Әңгімеңізге рақмет!

Жұматай Арай

Айқын апта. – 2017. – 1 сәуір



Мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы Шерхан Мұртазаның әмбебап тұлғасы

Мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы Шерхан Мұртазаның әмбебап тұлғасы

Шераға болмысын біліп-тану оңай емес. Ол болмысы биік тұлғалардың санатынан. Жалпы, тұлғаға айналу дегеніміз не және ол кім? Қазіргі қоғамымызда осы бір «тұлға» деген сөзді барынша байыптап, байсалды қорытынды жасап, елеп-екшеп қолданған дұрыс сияқты. Бұл сөздің салмақты, екінің біріне қолданыла бермейтін ерен қасиеті бар. Ал кейбір сөз қадіріне жете бермейтін «танушылар» көбейіп, әдебиет пен тарихтың өзі тұрмақ иісі мұрнына бармайтын, қоғамы үшін, елі үшін қасқайып бірде бір ақиқат айтпақ түгілі сөзін жеткізе алмаған, басшылықты өзінің ой-санасымен иіріп әкете алмаған, халық оны қайсар ұл ретінде мойындамаған адамдарды «тұлға» деп, оларды танытуға барынша жан салып, қарекет қылып отырғандығы қынжылтады.

Қазақ халқында тарихта есімі алтын әріптермен жазылып қалып жатқан тұлғаларды жарық жұлдызға теңейтіндігі белгілі. Бұл жарық жұлдыздар күндіз әлемге нұрын шашатын болса, қараңғы түнде бағдаршам тәрізді адасқанға жол көрсетіп, жөн сілтейді. Осы жақсылардың арқасында қоғам мен өмір нұрланып, дүние көріктене түседі. Мұндай ұлық туған тұлғалардың жеткен жетістіктерінің арқасында халықтың да беделі үстем болып, өсіп-өркендейді.

Халқының қолын жақсылықтарға жеткізіп, туған еліне шынайы қызмет жасап, мем-лекетіміздің идеалогиясының қалыптасуына елеулі үлес қосқан жарық жұлдыз — жанынан жалынын аямай жұмсаған азаматтардың бірі — Шерхан аға Мұртаза. Тәуелсіз Қазақстан жұртшылығы үшін үлкен ұғымға айналған, елінің сүйіспеншілігіне бөленген айбарлы есім.

Университетіміздің жанынан ашылған «Шерхантану» орталығын біз мақтанышпен қай уақытта болса да бас көтеріп отырып, Шерағаңдай жанның шынайы тұлға екендігін дәлелдеп отырып, оның қайраткерлік болмысын толығымен ашып беріп, тайсалмай сөйлей алатын дәрежеміз бар деп ойлаймыз. Әрине, ең бастысы Шерханды біз Жуалының арланы ретінде, жерлесіміз ретінде мақтан тұтамыз. Өңірімізден шыққан тұлғаның халқы үшін аянбай, елі үшін еміреніп еңбек еткені біз үшін мақтаныш. Осындай тұлғаны жамбылдықтар, жерлестер неге насихаттамасқа!? Жалпы, Шерхан Мұртазаның шығармашылығын, қайраткерлік жолын, азаматтық тұлғасын зерделей келе, оны бірегей тұлға етіп көрсететін қырларын былайша топтап тұрып көрсетіп берер едік. Орыс халқының ұлы жазушысы М.Горький айтқандай: «Жазушылық — өзгеше өмірбаяннан басталады».. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен-ақ Шерағаның сол өзгеше өмірбаяны басталған еді. Әкесінен ерте айырылған ол жетімдіктің тауқыметін көре бастады. «Жетімдік — жұрттың қабағын оқитын ілім» деген бар.

Ылғи да жетімдігін, әкесіздігін айтып, «менде балалық шақ болған жоқ», — деп шағына беретін Шерханның жетімдігі — жаутаңкөз жетімдік емес. Оның жетімдігі — әз аты күстаналанған әкеге деген сартап сағыныш, бір өзі бірнеше ер азаматтың батпан-батпан міндетін көтеріп алған талайсыз шешеге аяныш, таршылықтың тырнағында шырылдап кете барған балалыққа жоқтау, аласапыран дәуірдің астында аяусыз жаншылған аяулы тағдырларға нала. Қаршадай жасынан ел басына түскен қиындықтарды көріп, сезініп өскен Шераға халқының бар игі қасиеттерін — салт-дәстүрін, сенім-нанымын бойына сіңіріп, ділін үғынып, тілін қасиет тұтты.

Публицистиканың қызметі халыққа өте керек-ақ. Олай дейтініміз, тәуелсіздігіміз баянды болып, отанымыздың байлығы артып, халқымыздың тұрмыс жағдайының ілгерілеуі сынды үлкен, ауқымды міндеттемелерге байланысты өзіндік тұжырымдар жасай отырып, мазмұнды мақалалар, табысты сұхбаттар жасау — Шерхан Мұртазаның тамаша қа-сиеттерінің бірі. Халқымыз үшін қашан да ең көкейкесті болып отырған — тіл, тәуелсіздік, мәдениет, халқының тағдыры, елдің бүгіні мен ертеңі туралы тегеуірінді ойлары мен сөздері оны ұлтжанды азамат екендігін танытқан үстіне танытып жатты.

Қолына қалам ұстап, аумалы-төкпелі замандағы ел тағдырын, азамат жайын қалың-қалың кітап етіп жазған, сонда да шаршамаған, қайта ұлт, қайсар тұлға алдындағы перзенттік парызы жігерлендіріп, талай «сарсаңға» қасқайып төтеп берген — Шераға.

Ең әуелі Шерхан — заңғар жазушы. Жігерін жоқшылық жаныған, таршылыққа қайралып жетілген Шерхан тумасынан күйреуік жан еместі. Жазушының қолтаңбасы — мінезінен. Ол жазуға келгенде де тастай берік, шектен шыққан реалист. Жүректерді қозғау үшін күйреуік, жылауық сезімдерге бой алдырмақ болды ма — сәтсіздікке ұрынады. Онда қайғылы сәттер мен әсерлі эпизодтарды берудің өзіндік тәсілі, мінезі бар. Өзі сомдаған Рысқұл сияқты ар жағын көріп, біліп тұрса да, соны сыртқа шығаруға, шексіз махаббатын, көл-көсір сезімін сөзге салуға соншалық сараң. Авторлық баяндаулары тас-түйін тұратын Шерханның кейіпкерлері кейде тым елти сөйлеп кетіп жатады. Кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқынысты автор ретінде өзі айтпайды, өздеріне айтқызады. Кейде өз ойын кейіпкерлеріне зорлап айтқызғандай болатын жазушы ондағы қарапайым адамдардың бойына шақ келмейтін. Оның қаламынан күрескерлік, азаматтық рухқа толы дүниелер өмірге келді. Егемендігімізге қол жеткізіп, тәуелсіздікке ие болған халқымыздың ұлы көшінің болашаққа жетуі, өзіндік мемлекеттік идеалогиясының қалыптасуы Шераға сияқты көшбастар азаматтарға байланысты болды.

Шерхан Мұртаза — жалынды публицист. «Күндіз журналист, түнде жазушы болған» атақты редактордың қолы тиіп кеткен басылымның жанданып жүре беретіні де тегін болмаса керек. Қазақстанда бес республикалық басылымды басқарған бас редактор, бес романнан тұратын эпопея жазған жазушы жоқ. Қазақ халқында «Жолбарысы бар орманды өрт шалмайды» деген нақыл сөз бар. Расында да, айбынды жолбарысы ішінде жүрсе, ол орманға кім батып бара қойсын. Қалың елі қазағы, қайран жұртына да әркезде қорған бола білген жолбарыстай азулы, арыстандай айбында батырларының бірі де — Шерхан. Шерхан Мұртазаның публицистикалық жолының өзінде де ол замана зәрулігін, уақыт проблемасын, қоғам сұранысын, заман қиындығын тайсалмай жазып, батыл жеткізген публицист те — Шераға…………

***

Шерхан Мұртаза — бесаспап журналист. Шерхан Мұртаза — қазақ баспасөзіндегі жаңа тұрпаттағы жаңа буынның төлбасы, редакторы. «… Менің жұмысым — жалғыздың жұмы-сы. Қаруым — қалам. Өрісім — қағаз» дейтін жазушының қазіргі тәуелсіздік заманындағы жердің, елдің иесіміз деген қазақтың шешілмеген мәселесі шаш етектен келіп, оның кедергісі өзгеден емес, өз қағынан жерігендерден шығып отырғанда, оның бір күні ойсыз, ұйқысы тыныш өтуі мүмкін бе? Жалпы, ой іште өлмеуі керек. Әсіресе, халқымен біте қайнасқан, халқының басына түскен қайғы, ауыр күн арқасына аяздай батып, айтар сөзін аянбай айтқан шын жазушы үшін. Ол 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіргеннен бастап-ақ сол жылы Қазақ мемлекеттік көркем баспасында қызмет атқарады (1955-1956 жж.). Содан соң-ақ ол «Лениншіл жас» (1956-1960жж.), «Социалистік Қазақстан» (1960-1963 жж.), «Жалын» (1970-1972 жж.), «Жұлдыз» (1972-1975 жж.), «Қазақ әдебиеті» (1980-1989 жж.), «Егемен Қазақстан» (1989-1992 жж.) баспаларында бас редакторлық қызметтер атқарады. 1992-1994 жылдары аралығында «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы қызметінде. Одан соң ҚР парламентінің депутаты болып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын, түрлі түйіткілге толы мәселелерін шешуде ерен еңбегін сіңірді десек қателеспейміз. Айта берсек — журналист ретіндегі Шерхан Мұртаза түйінін шешкен игілікті істер көп-ақ………..

***

Шерхан Мұртаза — драматург. Тәуелсіздік кезіндегі қайта құру мен жариялылық әкелген соны лептің тұрлаулы нышанын біз Ш.Мұртазаның драматургиясынан көре аламыз. Прозашы Ш.Мұртазаның алғашқы кездерде драматургиядағы қадамы мүлде тосын көрінгені, күдік тудырып, күмән келтіргені, кездейсоқтыққа баланғаны рас еді. Алайда, прозада кемеліне келген суреткердің ат басын кенеттен драматургияға бұруына себеп болған тек жаңа жанрда өз күшін байқап көру емес қана сияқты, сонымен қатар, тамаша драматизм мен трагедиясы мол өмірлік материалдардың сахнаға сұранып тұрғандығында болар. Оның алғашқы қалам тартқан «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», Қ.Ысқақовпен бірлесіп жазған «Қызыл жебе» («Революция сарбазы») пьесалары Жастар театрында қойылып, зор табысқа ие болғандығы ешкімді де бейтарап қалдырған жоқ. Бұл екі туындысы арқылы Ш.Мұртаза театр мен драматургия атты жұмбақ та сиқыр әлемнің енді ертеден өз адамындай болып кетті. Осындай екі драманың сахналық зор табыстары суреткерді драматург ретінде одан сайын қанаттандырып, шабытына шабыт қосқан еді………

***

Шерхан — қайраткер, Шерхан — қаламгерге есті қазақ бас исе керек. Солай болып та жүр, аузы дуалы ағаларымыздың Шерханды қазақтың төлқұжатына балағаны әмбеге аян. Халқы оны қатты қадірлейді. Оның бағындырған ең биік шыңы — осы».

 

Кембаева Айнұр Тұрарқызы

Білім және өнер. – 2017. — № 3-4.

Сөзі көсем Көсемәлі

Сөзі көсем Көсемәлі

Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы, журналист, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы асқаралы алпыс жасқа толып отыр. Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» деп аталатын ертегі-хикаяты «Жалын» баспасының жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармаларға жарияланған жабық бәйгесінде (1988 ж.) екінші жүлдеге ие болды. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгелерінің бірнеше дүркін (2007–2008) жүлдегері. Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты. Жазушының «Шеткері үйдің жарығы» (1995 ж.), «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар» (қазақ, орыс тілдерінде, 2000 ж.) және «Күнге ғашық өлкеде» (2001 ж.), «Тараздан тәберік», «Шындыққа қызығамын, шындықты аяймын…», «Шарбақтының жалғызы», т.б. кітаптары жарық көрген.

Ертеден үзеңгі әріптес белгілі қаламгер Жарылқап Бейсенбаев Астанадан телефон шалған. Ұзақ жылдар елдік жастар басылымында бірге қызметтес болдық.
Әрине, амандық-саулықтан соң жайшылық па дейміз ғой.

– Төменгі Талас бойының азаматтарын түгендеп жатқан жайым бар, – деді әдеттегідей жайдары жұмсақ күлкісіне басып.

Көптен өнер тақырыбын зерттеп, қаузап жазып жүрген Жақаңды дүлдүл суретші Әбілқан Қастеевтің бір сапары қызықтырыпты.

Өткен ғасырдың қайсыбір жылында Әбекең Талас өңіріне шығармашылық сапар жасап, бірнеше картиналар жазып қайтқаны бар. Сондағы болған жайларға орай өзінде бар деректерді толықтырып, нақтыламақ екен.

Әйгілі суретші бұл сапарында бірқатар еңбек адамдарының портреттерімен қатар, кең тынысты «Талас жазығынданы» жазған еді. Сірә, осы жазықта еңбек еткен жандардан соғыс жылдарынан соң дүркіреп елу тоғыз Еңбек Ерінің шыққанына тәнті болып, атының басын бұрған болар.

– Көсемәлімен қалай байланысамын, керек еді.

Әрине Жақаңа қол ұшын бердім. Және осы ұлы суретшінің ол сапарында жанында жүріп, күн сайын жағдайына қамқор болған, сол Талас ауданының Ойық ұжымшарында жастар жетекшісінен бастап ауылдық округтің әкімдігіне дейінгі барлық тұтқалы қызметте болған Досмұрат Шахзадаев туралы да мәлімет бердім.

Ол енді бөлек әңгіме.

Мәселе Көсемәліні іздеп, Көсемәліге көңіл аударуында еді.

Талас топырағынан шыққан Көсемәлінің алдында да небір жайсаң, өлке тарихынан хабары мол азаматтар көп болғаны белгілі, әлі де шүкір, жетерлік.

Жамбыл облыстық газетінен ауысып жастар басылымында қызмет жасап жүргенде Жамбыл өңіріндегі тілші Көсемәлі Сәттібаев өңір үшін жақсы қолқанат болып шыққан, өңірдің тарихын, жалпы қай саласының болсын жай-жапсарын жақсы білді, танып жазатын, сөзі тұщымды, қысқасы «сөзі көсем Көсемәлі» деп әзіл-шынын араластырып айтатын еді әріптестері. Жақаң сол жылдардың әсерін ұмытпаған сыңайлы, содан шығар. Әзілдің астарында мысқалдай болса да ақиқат жатады.

Көсемәлі сол жылдардан бастап бертіндегі өріс алған еңбек жолында сол сөздің ақиқатын дәлелдеді де.

Ол жылдардан бері де арада сынаптай сырғып жиырма бес жылдай уақыт өткен екен.

Ал одан ертеректе Таластың аудандық газеті алғашқы жазбасының тұсауын кесті. Мектеп бітіре салып туған ауылы Амангелдіде қатардағы құрылысшы болып жүрген талапты жасты тілшілік қызметке шақырды.

Ол жылдар өзінше бір үлкен мектеп болған. Шаруашылық басшыларымен, ауыл еңбеккерлерімен, ауыл зиялыларымен, өмірдің ащы-тұщы дәмін татқан ауыл ақсақалдарымен кездесулер, жүздесулердің өзі санасына сәуле құйып, еңбек, өмір туралы түсінігін байытатын. Шығармашылық адамдары осындай кездесулерден соң ой-өрісін, танымын тереңдетіп, ойына ой қосып дегендей жазар шығармасын шыңдай түсер еді. Оның үстіне жанында жүрген жаны жайсаң жақсы ағалардың бітім-болмысы, іс-әрекеті де қатты әсер ететін. Әсіресе Нарша Қашағанов пен Серік Томановтың қай жерде болмасын өздерін еркін ұстауы, жалтақтап жасқанбауы, поэзиялық туындылырында болса еліктің лағындай жеңіл ырғақ есіп тұратын, бәріненде әр шумақтан төгіліп жататын шуақты ойлары қандай терең еді, шаң басқан сананы сілкір еді.

Осындай ортада танылып, қаламы ұшталған Көсемәлінің ауданның сан-салалы тіршілігінен жазған көкейкесті мақалалары облыстық «Ақ жол» газетінде жарияланып жатады. Жас журналистің қарымын қадағалап жүрген белгілі қаламгер, басылымның бас редакторы Арғынбай Бекбосынов қызметке шақырады.

Бұл еліміз тәуелсіздігін жариялап, бодандықтан басы босап, ел рухтанып, еңсе көтеріп қалған жылдар еді.

Бірақ ел ішіндегі жағдай күйзелісте болатын. Малдың құны кетіп, жаппай жойылысқа ұшырап, ірі зауыт-фабрикалар кешегі одақтас елдермен экономикалық байланыстар бірте-бірте үзілген соң жұмыстарын тоқтатып, соның салдарынан ауылдық жерлерде де, қалалық жерлерде де жұмыссыздық қатары күрт белең алып, халық арасында «кешегі күніміз жақсы еді ғой» дегендей іштей наразылық болатын еді, оған алауыз партиялар леп беріп елдің берекесі қашыңқырап тұрған кезең-ді.

Көзі ашық зиялы қауым өкілдері бұның өтпелі екендігін, енді еркіндігімізге ие болу керек екендігін айтып шырылдағанымен және де сыртқы күштердің «ел бола алмайды» деген бопсаласы бар, әйтеуір ел іші түсініксіз дүрбелеңді кешіп жатқан-ды.

Бұл өтпелі уақыт тәуелсіз елдің әкім қараларынан басқа саяси партияларынан, жалпы халықтан сабырлықты, төзімділікті қажет етті.

Осы тұс журналистердің қоғамдағы орны бұрын-соңды болмаған мұқтаждыққа ие болды, беделі артты. Олардың ұстамды да өрелі сөздері халыққа ой салып отырды, ел ішіндегі бірліктің сақталуына айрықша дәнекер болды. Сары басылымдар мен телеканалдардың жаңа тынысы ашылып, ащы шындықты шырылдап жеткізуге тырысты. Дегенмен олардың біразы байшікеш иелерінің мүддесін көздеп ұлт мүддесіне қайшы келетін хабарлар да жасайтын. Бүгінде олар жуасыған.

Бұл жылдары өңірдің көзі әрі құлағы болып отырған облыстық басылымдардың үні батылдығымен жарқырап көрінген жылдар еді. Әрине бәрі бірдей емес. Сондай басылымдардың сарбаздары қатарында өзінің өткір де өжет, шыншыл, оқырман санасына ұялап ой салатын жариялымдарымен көзге түсіп, көріне білген Көсемәлі Сәттібаев Алматы, ондағы республикалық жастар басылымы «Лениншіл жастың» (дәл сол кезде аты «Жас Алаш» болып өзгерген) бас редакторы Уалихан Қалижан мырзадан шақыту алады.

Өңірлерде қандай да бір тақырыпты танып еркін игеретін, көтеріп отырған мәселесіне орай көкейкесті ой тастай алатын, жаңа формациялық нарықтық қоғамның мән-маңызын, мақсат-мүддесін оқырмандарға түсіндіріп бере алатын осындай журналистерге зәрулік болды десем асылы артық айтқандық емес. Сондай-ақ ішкі және сыртқы саясаттан түсінік- танымы, хабары мол болуы да қажет еді. Өйткені сол жылдары еліміздің ашық қоғам орнатуы жолына түсуі, соған орай түрлі мақсаттағы сырттан ағылған діни ағым иелері, түрлі саяси қозғалыстар мен ұйымдардың өкілдері ел ішінде боданнан енді босанып азаттық алған аңқау халықтың санасын лайлап, өзінің арамза мүдделеріне бұрмалаушылар көбейіп, етек алған еді.

Осы шақта республикалық, өңірлік деңгейлердегі ұлттық басылымдар мемлекет үшін, оның іргесінің беріктей түсуі үшін зор жұмыстар атқарды. Мерзімді баспасөздің төртінші билік атануы осы жылдардан бастау алып еді.

Осы қарусыз майданда ұлт журналистері мемлекет саясатына демеу болып, шамасынша халқына қорған бола білді. Осы қарулы қалам иелерінің сапында сөз жоқ, жамбылдық журналист Көсемәлі Сәттібаевтің шығармашылық үлесі зор деп айтуға болады. Оның жекешелендіру кезінде тұралап қалған ауылдың ауыр халі, кежегесінен кейін кеткен химия өндірісінің мүшкіл ақуалы, кешегі алпауыт өндіріс ошақтарының тарылған тынысы туралы жазған толғақты дүниелері оқырмандарының көңілінен шығып, мақұлданып жататын.

1991-1994 жылдары жастар басылымында танылып, ой-өрісінде кең тыныс қалыптасқан қаламгер енді, республикалық аға басылым «Егемен Қазақстаннан» табылады. Мұндағы өткен жылдары да Көсемәлінің кесек азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Басылымның бас редакторы көрнекті ақын, парасатты азамат Нұрлан Оразалиннен бас-тап Ержұман Смайыл, Жанболат Аупбаев сынды және басқа да қарымды қаламгерлермен қатар жүріп, тек журналистік қарымын шыңдап қана қоймай, ағаларынан еңбекқорлықты, парасаттылығы мен азаматтық асыл қасиеттерін бойына жұғысты етті.

Жақсы журналист және жақсы жазушы болып қалыптасу әлгіде айтқандай үлкен еңбекқорлықты, талантпен қатар табандылықты қажет ететіні дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бірақ, олар әрине көп емес. Кешелері өмірден озған Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза және басқа да азаматтарды бұл қатарға жатқызып атауға болады. Тараз аймағынан айтқанда егіз саланы өгейсітпей қатар алып жүруі Көсемәлінің еңбекқорлығын айғақтады.

Ол көркем әдебиет жанрында ерте танылып, ерте жазушы болып қалыптасты. Әп дегеннен талай таланттың көзін ашып, жазушылыққа танытқан «Жалынның» жабық бәйгесінде «Елгезек бағдаршам», «Тоқ қуат және басқалар» атты көркем шығармалары бәйге сөресінен табылған. Содан бері бірнеше көркем прозалық және публицистикалық кітаптары жарық көріп, өз оқырмандарын тапты.

Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені мен бірнеше мемлекеттік медальдардың иегері.
Ең бастысы осы жылдар аралығында жиған бай тәжірибесімен бүгінде өзі басқарып отырған өңірлік «Ақ жол» қоғамдық-саяси басылымына білікті басшылық жасауда. Алпысқа аяқ басып отырған Көсемәлінің және «Ақ жолдың» да сөзі көсем шыға берсін деймін енді.

Ерғали САҒАТ,

жазушы, Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты

Jambyl -Taraz. — 2019. — 6 ақпан

Балалардың сүйікті ақыны.

Балалардың сүйікті ақыны. Совет Әлімқұлов тірі болса 80 жасқа толар еді

Қазақ жазушыларының қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар Одағының үйінде табаны күректей он төрт жылдай қызмет істегенім өмірімнің ішіндегі ең бір белесті кезең ғой деп есептеймін. Өйткені «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істей жүріп, қазақтың қаншама қабырғалы қаламгерлерімен танысып, үлкеніне іні, кішісіне аға болдым десеңізші…

Совет Әлімқұловтың туғанына 80 жыл толып отыр. Жерлес балалар ақыны Луговой ауданында 22 ақпанда дүниеге келген. Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесі мен қазіргі Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Луговой, Меркі, Красногор ауданы газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Жамбыл ауданында «Шұғыла» газеті редакторының орынбасары және «Әулиеата» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. Лирик ақынның тырнақалды туындысы 1958 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланған. Ал алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» деген атпен жарық көрген. Сол жинақта «Ленин және балалар» деген атпен бүлдіршіндерге арналған топтама өлеңдеріне ерекше тоқталған Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қалижан Бекхожин: «Совет үлкендерге жазудан гөрі балалар тілін табуға икемді екен. Ізденсе, осы жеңісінен қол үзбесе, бала жанын баурап әкететін дүниелер беруге икемділігі беки түсер, бәлкім» – деп атап көрсеткен. «Сол пікір ой салып, балауса балғындардың тілін тапсам деген үлкен талап қолына жармастым» депті балаларға өлең арнаудан алдына жан салмаған ақын өзінің бір жазбасында. Ақынның «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан «Жайсаң жер» (1968), «Күн көсем» (1970), «Қыран» (1971), «Еліктің лағы» (1972), «Өрімтал» (1974), «Қол айна» (1980), «Сыбызғы» (1982), «Ықылас» (1984), «Ораласың ба, көктемім?» (1986) жыр жинақтары мен бір актілі «Нұрлы дүние» пьесасы да басылымдардан жарық көрген……………(жалғасы бар)

Қайырбек Асанов

(«Ұмытып кетпе мені» кітабынан 18.02.2013 ж.)

Жамбыл-Тараз. — 2018. — 21 ақпан

  • 3253
  • 172
  • 76
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ. csmb@bk.ru,
Разработано: Агентство «5-й Элемент»

Несіпбек Дәутайұлы – халықаралық «Рух» байқауының жеңімпазы

Несіпбек Дәутайұлы – халықаралық «Рух» байқауының жеңімпазы

 

Біршама уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерді іске асыру, қоғамдық сананы жаңғырту, қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде таныту, жаһандағы қазақстандық мәдениетті дамыту мақсатында елімізде алғаш рет халықаралық «Рух» әдеби байқауы ұйымдастырылған болатын.

«Проза: роман, повесть», «Проза: әңгіме, эссе», «Поэзия: поэма», «Поэзия: өлеңдер», «Үздік драматургия», «Әдеби сын», «Балаларға арналған поэзия», «Балалар прозасы» сынды сегіз аталым бойынша өткізілген байқауға мыңнан астам шығарма түсіп, оның жарамды деп табылған 899-ы «Әдебиет» порталында жарияланған-ды. Әдебиет аламанына Ресейден – 55, Украинадан – 12, Беларусьтен – 6, Әзірбайжаннан 2 шығарма орыс тілінде қатыстырылса, Қытайдан – 40, Моңғолиядан – 23, Түркиядан 5 туынды қазақ тілінде келіп түсіпті. Жалпы, байқаудың қазақ бөліміне 403 шығарма қатыстырылса, орыс бөліміне 493 еңбек, ағылшын тілінде 3 туынды жолданыпты.

Тұңғыш рет өткен Халықаралық «Рух» әдебиет додасының барынша әділ өтуіне барлық жағдай жасалыпты. Ұйымдастырушылар қазақ әдебиетінің жаңа тұрпатына зер салып қана қоймай, сондай-ақ байқауға қатысқан шет мемлекеттер әдебиетінің де бүгінгі деңгейі мен тынысына барлау жүргізуді, олардың ортақ үйлесімін таразылауды мақұл көргені сөзімізді айғақтай түседі. Сонымен қатар, жас ұрпақты өмір ақиқаты мен көркем шындық ықпалы арқылы тәрбиелеуге де ұйымдастырушылар баса ден қойғаны қуантады. Осы байқау арқылы біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы әдебиетке үлкен серпіліс әкелгенін аңғардық. Ауқымды дүниеге ақын-жазушылардың айрықша ықылас танытқаны да көңіл тоғайтады.

Шынын айту керек, елімізде ашық-жабық шарттарға сай әдебиет аламандары көптеп өтіп келеді. Алайда «Рух» додасындағыдай деңгей бұрын-соңды болған емес. Мұнда әдебиет мәртебесіне деген бүгінгі дәуірлік көзқарас айқын сезіледі. Шараның түпкі миссиясы әдебиетке деген құрмет пен сүйіспеншілікті орнату болды. Қазылар алқасы да осыншама көп шығарманың ішінен ең үздіктерін тани білді.

Қаламгерлер қауымының рухын аспандатқан бірінші «Рух» халықаралық байқауында жерлесіміз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, өзінің шығармашылық өмірбаянында көптеген ашық және жабық әдебиет аламандарында жеңімпаз, жүлдегер атанған белгілі жазушы Несіпбек Дәутайұлы «Проза: әңгіме, эссе» номинациясында «Тағдыр» атты әңгімесімен сынға түсіп, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл – жерлес жазушының кезекті үлкен табысы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті. Салтанатты шара барысында ұйымдастырушылар Несіпбек Дәутайұлын 2 миллион теңгемен, дипломмен және кәдесыймен марапаттады.

Таяуда ғана Еуразия жазушылар қауымдастығының шешімімен Несіпбек Дәутайұлы аталмыш қауымдастықтың құрметті мүшелігіне қабылданған болатын. Жалпы, Еуразия жазушылар қауымдастығына 20 шақты елдің тек мықты қаламгерлері мүше бола алатыны әу бастан белгілі. Бұл ұлт және өңір әдебиеті үшін толайым табыс екені сөзсіз. Алдағы күндері жазушының түрік тіліне аударылған «Аты жоқ әңгіме» жинағының тұсаукесер рәсімі Түркия елінің астанасы Анкара қаласында ресми түрде өтпек.

Жерлесіміздің шығарма-шылығының шарықтай түсуіне тілектеспіз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Ақ жол. – 2017. – 16 желтоқсан


«Старостаның» баламасы – «Сақа» (Мейрамбек Төлепбергенов)

«Старостаның» баламасы – «Сақа» (Мейрамбек Төлепбергенов)

десек, әріптесіміз Мейрамбек Төлепбергенді дәл сипаттау үшін бұларға үшінші «саңлақ» сөзін де қосу керек

Староста. Бұл сөз мектептен құxadлаққа сіңген. Аударылмаған. Аударылмас та. Жарты ғасыр бұрын оқыған мектепте қай оқушының староста болғаны есте жоқ, ал елу қиырдан құйылған елу студенттің ішінен екі топқа екі староста шыққанда, бірі – Мейрамбек Төлепxadберген еді. Онда Төлепбергенов. Түскен оқуымыз – Қазақ мемлекеттік универxadситетінің журналистика факультеті.

Журфактың деканы – Қожакеев. Ол тұста «партия десең – Ленин еске түсеxadтіні» сияқты бұлар да біріне-бірі кінxadдігінен байланған егіз ұғым еді.

Темірбек Қожакеев жайында бірнеше кітап шықты. «Мықшеге» деген кітапты өзіміз құрасxadтырып, Қожакеевтің және бір алғыр шәкірті Мұхтар Құл-Мұхаммед басып берген. Сол кітаптардың өзегі журфак деканының жыл сайын орыстілді, қазақxadтілxadдісі бар екі бөлім, төрт топқа бөлінетін жүз балаxadны қалай адам етемін, қайткенде журналист қылаxadмын деп жүз түрлі тәсілге барғаны жаxadйында. Қаталдық пен әділдік те, тездік пен сөз түріндегі кездік те деканxadxadның бойынан табылатын. Жазықты студентxadтердің жатақханадан шығып, стипенxadдиядан қағылуы – жазаның оңай түріне жатады. Осындай тағдыр қыл ұшына ілінген кезде шырылдайтын біреу бар – топтың старостасы.

Бұл старостаның міндетін жиырма бес қыз-жігіт оқу бітіріп, Темекеңнің темір шеңгелінен шыққанша Мейрамбек адал атқарды. Тіпті жанын сала жүгірді десе де болады. Деканның қабағын қателеспестен бағатын мықтыға басқа кафедра меңгерушілерінің, оқытушыxadлардың қыбын табу қиын емес қой, сынақ кітапшамызды Мейрамбектің портфеліне жиып салып беріп, «кітапxadхана емес, сырахана қайдасың» деп кеткен кез болған шығар. Қазір ойласаң, өкіxadнішті.

Айтпақшы, сол кезден қолына портфель ұстады. Кейін облыс әкімінің орынбасарының портфелін ұстаxadғанда таңырқамағанымыз сондықтан. Бірақ ол студенттер старостасынан облыстың екі-үш басшыxadсының біріне дейінгі жолды оңайлықпен жүріп өтпегені хақ.

Сол университеттегі жылдары Мейxadрамбектің бойынан бірнеше қасиетті көргенбіз. Біріншісі – білімділік. Иә, білім жарыстыра алатын аз ғана үздікxadтің бірі болды. Жұмабек Кенжалин, Шархан Қаxadзығұл, Әмір Оралбай, кейін қосылған Кәрібай Мұxadсырман… Президент әкімшілігінде, Үкімет кеңсеxadсінде, «Қазмұнайгаз» сынды мығым мекемеде қызмет істеу, ақпарат саласында республикалық деңгейдегі акционерлік қоғамды басқару, Парламент деxadпутаты болу – біздің курстастардың қиналмай алxadған биігі. Биікке жеткеннің бірі – Мейрамбек те білімxadділігімен және білімге құмарлығымен тәнті етті.

Оның бойындағы келесі қасиет – жауапкершілік аталса керек. Тал боxadйынан қылдай мін табылмаса, сол қасиетінен. Өткенде Елбасы туралы бір зертxadтеуxadмен танысқанбыз. Ресейлік деректанушы-жазушы, атақты мемлекет басшылары мен қолбасылар 14 тілде шыққан кітаптардың авторы Николай Зеньxadкович былай дейді: «Әр азамат иығыxadмен үш жүкті көтереді, олар: Отанxadның, отбасының және жеке басының жүгі. Назарбаев осы үштіктің ішінен әрдайым алдымен Отанның жүгін көтеруді бірінші кезекке қойды». Біздің старостамыз тәуелсіздік тәй-тәй басқан шақта біраз уақыт Елбасының сапарxadларын сипаттап жазатын «президенттік пул» аталатын топта жүрді. Отаншылдық сезімі сол сындарлы шақта жүрекке терең ұяласа керек.

Отан алдындағы, отбасы алдындағы, жеке өз басы алдындағы жауапкершілікке адал болу абырой баспалдағы екен. Үлкен атақтарға жетті. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайxadраткері» атағы берілді. Басқа да мемлеxadкеттік наградалары болуы керек. Бірақ төсіне тағып, кеудесіне сыңғырлатып жүргенін көрмеппіз. Қазақстан Респубxadликасы Президентінің Бұқаралық ақxadпарат құралдары саласындағы сыйлыxadғынан бастап, бірқатар құрметке жетті. Бәрібір атаққа емес, иықтағы жауапкерxadшілікке жұмыс істейтіні сонау диплом алып Алматы облыстық «Жетісу» газетіне қызметке барған күнінен белгілі еді. Иә, қызметке тұрардың о жақ-бұ жағында сұлу Светаны қолынан жетекxadтей кеткен, содан бері отбасы алдындағы жауапкершілікті де бір сәт ұмытпаған.

Қызметке тұрардан бұрын диплом алдық. Диплом алар, бір-бірімізбен қоштасар күндерде біз елу курстастың әрбіріне аттарын атап, бір-бір шумақ өлең шығардық. Қадыр Мырза Әлидің атақты «Студенттер» өлеңіндегі «Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы» дегені айна-қатесіз біздердің де басымызға келген. «Бірін-бірі қолынан ұзатып салған» қыздар, «бірін-бірі қолыxadнан үйлендірген» жігіттер шынында қалай қиыссын?!

Сол қимастық әсерімен бәріне бір-бір шумақ арналғанда Мейрамбекке былай жазыппыз:

–Болған жоқ ренжуің, кектесуің,

Болған жоқ мақтануың, көп бөсуің.

Мейрамбек староста ылғи өстіп,

Аман өт ортасынан от пен судың.

«От» – азуын айға білеген декан Темірбек Қожаxadкеев те, «су» – староста жауап беретін топтағы қаперxadлеріне түк кірмей жайылып жатқан жиырма бес жүгірмек. Осы арада Мейрамбектің және бір қасиеті жатыр. Тіл табысу. Әрқайсысы әр қиырға ауа жайылатын жиырма бес болашақ «классик» пен диірмені дүрілдеп тұрған деканның аралығына дәнекер болғаны сондықтан.

Ол кіммен де болсын тіл табыса алады. Өйткені түсінік пен таным әлемі кең. Ел мен жер жайында сұрасаң да, тарих пен тілге тереңдесең де, ғарыш пен техника тақырыбына салсаң да, ішкі саясат пен сыртқы саясатты талқылатсаң да суырылып шығады. Кешегі өзіндей өндір студент пен Кеңес Аухадиев сынды абыз ақсақалды екі жағына алып, тонның ішкі бауындай болып ортасында отыру – оған түк те қиын емес.

Және бір қасиеті, шамасы қоғамға пайдалы, бірақ өзіне пайдасы азы – ақиқатты айтатыны. Студент кезімізде 45 минуттан қосарланған бір жарым сағаттық дәрісі жалықтыратын доцентке «аға, мына лекцияңыз түк қызық емес» дегенді айта алса, Мейрамбек айтатын. Басын кесіп алса да шындықтан жалтармайтын. Сабақты дұрыс өткізе алмаған ұстазға ол мінін бетке айту – студент үшін оңай ма? Жоқ. Бәлкім, деканымыз Мейрамбекті староста қойғанда осы тайсалмайтын, жалтарxadмайтын мінезін бағаласа керек.
«Қоғамға пайдалы, бірақ өзіне пайдасы аз» деуіміз тегін емес. Беріде үлкен мекеменің елеулі буынын басxadқарып тұрғанда жоғарыдағы министрдің қисынсыз талабын орындаудан бас тартады. Жай бас тартпайды, «мыxadнауыңызды орындайтын болсақ, онда тура керісінше жүзеге асады» деп хабарлайды. Нәтижесі… біздің турашыл досымыздың бұл қызметті өткізіп беруімен аяқталған.

Жылдар жылжыған сайын ол мінезден қайтпады, қайтқан не өткірлей түсті. Осы мінезі оны депутат етті. Жамxadбыл облыстық мәслихатына. Республиxadканың парламентіне біздің курстан бір азамат депутат болды. Облыстық және республикалық бағыныстағы қалалық мәслихатқа депутат болған үштің бірі – осы Мейрамбек досымыз.
Студент кезінде бәріміз оны Мейрамбек деп айтқанда, жалғыз қыз оған «Сақа» деп сөйлейтін. Ол қыз – Оңлагүл Арзықұлова старостамызбен бір ауылда өсіп, бірге оқыса керек. Мектепxadте, сосын факультетте бірге оқу – ерекше құбылыс. Екеуі туған топырақтың қасиетінен болса керек деп санаймыз.

Оңлагүлден білсек, оны бала кезінде бүкіл ауыл Сақа деген екен. Кейін бір кітабына алғысөз жазғанда рухани ағасы Шерхан Мұртаза да оны «Сақа» атаған.
Сақа. Ол да, біз де – асық атқан ауыл баласымыз. Сақа басқа асықтан анағұрлым ірі, сондықтан салмақты, қолға ұстағанға қолайлы келеді. Бояп қойса, тіпті көрікті. Иіріп, тастап жібергенде алшы түссе, өзіңді де айқұлақтандырып жібереді. Көзің түскен асықты шертіп атып қалғанда қалай мерейіңді үстем етеді.

Сақа – кезінде біз аударылмас деп жүрген староста сөзінің баламасы екен. Оның қызметін құйып қойғандай дәл бейнелейді. Сөйтіп, декан Қожакеев жиырма бес студенттің ішінде сақа тағаxadйындаған Мейрембекке өмір кейін де осы міндетті жүктеп отырды.

Мейрамбек Төлепбергеннің сақалыxadғы кейін өмір сатысының түрлі басқышxadтарында байқалып тұрды. Айталық «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаxadниясында департамент директоры болған жылдары. Қарамағындағы бірнеше қызметкерімен бірге біздің досымыз анау-мынау электровоз тарта алмас жүкті діттеген жерге жеткізіп жүрді. Онда Қорғастағы Алтынкөл стансасын және басқа комxadмуникациялық нысандарды салу енді басталған. Мейрамбек топты журналисті ертіп болашақта мұндай қандай сәулетті қала, экономикалық аймақ, логистикалық орталық болатынын түсіндіретін. Тілші қауымын ол жерде темір жол тұрмақ, кеден, экономика, сыртқы сауда, құрыxadлыс және басқа салалардың жілікті мамандары күтіп тұратын, кез келген сұрақтарға жауап берілетін.
Мейрамбек топты журналисті жинап алып, «Ақтөбе Қостанаймен, Арқалық Жезқазғанмен, Жезқазған Қызыxadлорxadдамен, Шалқар Бейнеумен байланысады әлі» деп сайрап тұратын. Тура геограxadфиядан сабақ беріп жатқандай. Онда Шар мен Өскеменді қосқан жол бітіп, Ақсу мен Курчатов арасындағы жол енді-енді салынып жатқан шығар. Мейрамбек ертек айтып тұрғандай көрінетін. Біледі екен, білген соң айтады екен. Енді бір кездегі курсxadтастар картаxadсымен айтсақ, Мылтықбайдың (Торғай даласы) ауылынан Әмірдің (Сыр бойы), одан Мұраттың (Маңғыстау түбегі) ауылына бір пойызбен жетуге болады. Соның бәрін әттең Сақамыздың осы үш курстасы да көрмей кеткені өкінішті.
Жоғарыдағы сөзімізде оның облыс әкімінің орынбасары болғанын тілге тиек етсек керек. Мұндай қызметке журналистер сирек жетеді. Біздің көз алдымызда облыс басқарған журналист Мұхтар Құл-Мұхаммед ғана. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне қалам ұстаған қауымнан Шыңғыс Мұқан, Мақат Садық, Рауан Кенжеханұлы сияқты аз ғана азамат жетсе, соның бірі Мейрамбек дейміз.

Мұнда да сақалығын көрсетті. Денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларын дамытуға үлес қосты. Таразxadдың мерейін асырған спорт сарайлары салынды. Қаншама әлеуметтік және өнер орындары жаңадан іске қосылды, ескілері жөнделді. Рас, қаржыны бюдxadжеттен депутаттар бөлгізетін шығар, бірақ Мейрамбектің талап қойғыштығы байқалмай қалмады.

Кейбіріне облыс әкімінің орынxadбасары ретінде тікелей жауапты болып, кейбіріне оның алдында немесе кейінірек ел-жұртқа жаны ашитын, жөн білетін ағалардың қатарында жүріп Тараздағы талай іргелі мәдени-рухани шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Иісі қазаққа ортақ Кененнің, Баукеңнің мерейтойлары тұсында, көзі тірі Шерхан Мұртазаны, Асанәлі Әшімовті, Күләш Ахметова мен Қаxadйырбек Асановты елге шақырып құрметxadтеуде бірқатар шаруаларға Сақамыз бас-көз болғанын білеміз.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Тараз қаласы таңдалғанда, бұл – аймақтағы атқамінерлерге де, менмін деген азаматтарға да үлкен сын еді. Сол сыннан сүрінбей өтуге кеңес беріп қоймай, білек түре кіріскеніне куәміз. Елдік тойын теледидар арқылы қазақ даласы тұрмақ, түркі әлеміне көрсету мақсатымен барғанымызда Мейрамбеxadгімізді аймақтағы қолынан нақты іс келген басшылар тобынан көріп, марқайғанбыз.
Сақа болмаса, депутат сайланар ма? Бергі үрдісте облыстардағы, Астана мен Алматы сияқты қалалардағы депутаттар тобында қалталы адамдар көптігі байқалатын. Орынды қаржысымен бірдеңе етіп ала ма, жоқ ақшалы адамнан аз да болса артық пайда келер деп халықтың өзі сене ме, мұны социологтар анықтай жатар. Біздің білуімізде, бұта басын шалар бизнесі жоқ журналистер: Мейрамбек Төлепбергеннің Жамбыл облыстық, Ержан Байтіxadлестің Қызыxadлорда облыстық, Қали Сәрсенбайдың Алматы қалалық мәслихаттарына депутат болуы – демократияның көріxadнісі. Ұлттық жаңғыру жорыxadғының баxadсында жүрген осындай әріптестеxadрімізге сүйсінеміз.

Депутат достарымыз сессияларда әкім баянxadдамасына бас шұлғып отырмай, дүр сілкінтер мәселе көтерxadгенде жаңғырығы Астанадағы бізге жетіп жатады. Осындайда журналисxadтердің «төртінші билік» деген алдамшы сөзді қанағат қылмай, биліктің нақты үш бұтағының бірі – заң шығарушы дәрежесіне жеткені қуандырады.

Сақа ретінде енді Қазақстан телерадио корпоxadрациясының Жамбыл облыстық филиалын басқаxadрып отыр. Төңірегінде: жас журналист, режиссер, оператор, дизайнер, тағы басқалары. Оларға журналистикада не істеуді өзі үйретеді. Студент кезімізде «ойыншы-жаттықтырушы» деген ұғым болды. Әсіресе, командалық ойындарда: футxadбол, баскетбол, регбиде кездесіп жаxadтатын. Біздің досыxadмыз – соның дәл өзі. Күніне ондаған бағдарлама шығатын «Қазақстан – Тараз» телеарнасындағы «Сыр-перненің» автор-айташысы. Эфирді жүргізгеннің қалай екенін бастан өткізген тұлғаның телеарнаны басқарғандағы жетістігі ерекше болмақ. «Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген 180-ге жуық хабарды өз авторлығымен эфирге шығарды». Бұл 2016 жылдың басындағы есеп болса, алдағы уақытта футболда Криштану Рональдудың соққан доптары сияқты бұл санның да өсе түсері күмәнсіз.

Өмірдің ғажаптығына таң қалмасқа болмайды. Студенттік жылдарды бір аудиторияда өткізген староста досыxadмызбен міне, алпыстың асқарына іліккенде тағы да бір мекемеде қызмет етіп отырмыз. Ол әлі сақа. Саны сексенxadнен асатын қызметкері бар ұжымның басшысы. Баяғы 25 баланың жауапxadкершілігіне қарағанда, мұнда талап үлкен. Мемлеxadкеттік ақпараттық саясат. Күнделікті және суыт жаңалықтар. Қоғамды жаңғыртудағы Елбасы қойған міндеттер. Аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы. Тіпті «Тараз» командасының қалай доп тепкеніне дейін. Бәріне эфирден орын берілуі керек.

Доп тепкен демекші, бұл досыxadмыздың тағы бір қабілеті – спорт комментаторлығы. Кезіндегі Қынаxadбай Аралбаев марқұм, қазір «Жетісу» арнасынxadдағы басшылардың бірі Мейрам Жанділдин сияқты сексенінші жылдар басындағы көгілдір толқында тікелей репортаж жүргізіп шыныққанның бірі. Содан шығар, ара-тұра қазіргі «Қазақxadстан» мен «Казспорт» телеарналаxadрындағы комментаторлардың орашалақ тілі мен қарадүрсін ойларын сынап көш-құлаш шолу жолдайтыны бар. Ерікxadкеннен емес, жаны ашығаннан.
Сонымен, біздің курстың сақасы енді үлкен ұжымның басшысы ретінде дүбірге толы мына дүниенің тынысын Қордай асуынан Шақпақ асуына дейінгі, Алатаудың өрінен Бетпақдаланың ортасына дейінгі алқаптағы қалың елге жеткізуде. Үлкен жауапкершілік. Қазіргі кезде күнділікті , үйреншікті тіршіліктен басқа террористік лаңкестік әрекеттер, су тасқыны, жердің дүмпуі де кездеспей қалмайды. Мұндай ақпаратты жеткізуде жеделдікпен қатар, жауапкершілік те үлкен. Сол сыннан бір ұжымның басxadшысы Мейрамбек Төлепберген сүрінген емес. Сүрінбесін де.

Саңлақ. Бұл сөзді үшінші сипатxadтама ретінде таңдап едік. Саңлақ журналист екені даусыз. Оны оқу бітіре салып орналасқан Алматы облыстық «Жетісу» газетінде дәлелдеген. Бұл – өте ерекше газет. Облыстық басылым болса да редакциясы ол жылдары астана Алматыда орналасып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің баспасының баспаханасында басылып шығатын. Редакцияның өзі «Социаxadлистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерімен, «Қазақстан коммунисі», «Ара» және басқа мүйізі қарағайдан басылымдармен бір ғимаратта еді. Осының өзі газеттің басқа облыстағы қатарластарына қарағанда, қағазының және безендірілуінің сапалы болуымен қоймай, ішіндегі материалдарының салмақты шығуына себеп болаxadтын.

Жұмабек Кенжалин «Социалистік Қазақстанда», Қали Сәрсенбаев, Дүрәлі Дүйсебаев үшеуіміз «Лениншіл жаста», Комунар Тәбеев, Болатбек Орманов «Қазақстан пионерінде» дегендей, бірнеше курстас ертеңгілік-кешкілік сол старостамызбен бір есіктен кіріп-шығатынбыз.

Алматыда басылатындықтан «Жетісу» газеті аптасына бес күн ертемен сиясы кеппеген қалпы алдымызда жатады. Басқа достар: Әмір Оралбаев, Уәлихан Тоқпатаев, Өтеген Наукиев, Мылтықбай Исмағұлов, Иса Тасқұлов, Мұрат Әбуов және басқалаxadры не жазғаxadнын оқу үшін Алматыдағы бас почтамп жанындағы аллеяға баратынбыз. Алxadлеяның екі шетінде әйнектелген тақтайxadшалар тұратын. Оған облыстық газетxadтердің Алматыға келген жаңа нөмірлерін (анығында үш-төрт күн бұрынғы) айқара беттерін іліп тастайтын. Содан курсxadтардың фамиxadлиясын іздейтін едік. Енді мына интернет, элекxadтронды-сандық заманда ертек айтып отырған сияқтыxadсың.

«Жетісудан» журналист әріптесіxadміздің талай мақаласын қызыға, құныға оқып едік. Кейбірі әлі есте. Одан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдаxadрының басында егемендікке иек арттық. Жаңғырту (ол кездегі Горбачевтің үкілеген атауы – қайта құру) желімен «Халық кеңесі» газеті шығатын болды. Жаңа республикалық күнделікті басылымға сайдың тасындай іріктелген журналистер жиналды. Жанболат Аупбаев, Марат Тоқашбаев, Самат Ибраиxadмов, Нұрдәулет Ақышев, Бақытxadжан Тобаяxadқовтармен қатар Мейрамбек те осында шақырылып, белсене қызмет атқарды. Ана тіліне мемлекеттік мәртебе әперу, республиканың тәуелсіздігі мен тұтастығына көз алартқандарға тойтарыс беру, Қазақстанның ғарыш державасы болуын негіздеу, ұлтаралық алауызxadдықты қоздырмақ болғандарды сабаxadсына түсіру – ол жылдардың басты әрі өзекті тақырыптары еді. Мылтығы, анығында қаламы қолыxadнан түспеген Мейрамбек Мылтықбайұлы осы жауапты шептерде елдікті қорғаған тілшілік күзетте тұрды.

Сосын елдің ең басты газеті «Егемен Қазақстанға» қызметке келді. Бұл – республикада жаңа Констиxadтуция арқылы экономикалық, құқықтық, әлеуметтік реформалар басталған тұс. Біздің сақамыз енді саңxadлаққа айналып, ең қажетті тақырыптарды толғады.

Жалпы, «Жетісу», «Халық кеңесі» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет еткен жылдары жазxadған мақаxadлалары бірнеше кітаптың өзегіне айналxadды. «Сағасында Таластың бір ауыл бар», «Ақиқат алдында», «Саңырақ баxadтыр», «Баһадүр Бақтыораз», «Қос жүрек – бір тағдыр», «Заман сөзі» тура қазір біздің алдымызда жатыр. Көбін баспадан шыға сала оқығанбыз. Баспадан шыққан не, талайы мақала кезінде сол газет беттерінде тамсандырған. Қарап отырxadсақ, бәрі әлі өзекті.

«Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты филоxadлогия ғылымдарының докxadторы, профессор Әлімхан Жүнісбеxadковпен сұхбаты осыдан он жыл бұрын «Атамұра» баспасынан шыққан «Замана өзі» кітаxadбына басылған. Оқыңыз: «Әліпби ауыстырудың үш деңгейі бар: біріншісі – әліпби, екіншісі – таңба, үшіншісі – емле-ереже деңгейі». Міне, қазіргі күннің бағдарламасы.

Қазір Мемлекет басшысының ұлттық сананы жаңғырту жайындағы айтулы мақаласы қоғамға қозғалыс түсірді. Бұл орайда Мейрамбек телеарна басшысы ретінде де, жеке журналист ретінде де өзіxadнің тың үлесін қосар, ал ХVІІІ ғасырда ел қорғаған Саңырық батыр, ХІХ ғасырда қазақ айтыс өнерінің жауһары болған Ұлбике Жанкелдіқызы, ХХ ғасырда бұрын ата-бабасы мінбеген әскери ұшаққа мініп Отан қорғаған Бақтыораз батыр, қазақ даласына соны спорт түрі, кейін Олимпиада алтынының кеніxadшіне айналған боксты әкелген Шоқыр Бөлтекұлы туралы зерттеу кітаптары – ұлттық сананы жаңғырxadтудың іргетасына құйылған материалдар деу керек. Әркім ұлттың рухани көгіндегі 100 есімді айқынxadдайды десек, біздің курстасымыз газеттегі, кітаптағы мақала, телеэфирдегі сұхбаттары арқыxadлы ондай тұлғалардың талайын насиxadхаттаған. Ұзақ жыл үкімет басқарған Бәйкен Әшімов, қаламгер Әкім Тарази, Қаратау қазынасын тапқандардың бірі геолог Хасан Исмурзин, кешегі күркіреп өткен соғыстың талай ақтаңдағын ашқан тарихшы Төлтай Балақаев – журналист кейіпкерлерін санап тауыса алмаймыз.

Мемлекет басшысының мақалаxadсында туған жерге қатысты терең ойлар бар емес пе?! Бұл орайда Мейрамбек Төлепберген жиырма екі жыл бұрын шыққан «Сағасында Таластың бір ауыл бар» кітабыxadнан бастап әлі күнге туған жер жайындағы толғаныстан арылған емес. Еліне арнайы апармаса да ауылыxadның әрбір адамы, әрбір сайы мен тасы бізге таныс болып кеткен. Жазбалары арқылы да.

Электронды ақпарат саласындағы еңбегі тағы бір төбе. Өзінің «Қазақстан – Тараз» арнасындағы қазіргі хабарын айтпағанда, «Хабар» мен «Жетісу» және «Қазақстанда» көптеген бағдарламасы эфирден өтті. Жетісу өңіріндегі елге елеулі, халыққа қалаулы Кеңес Аухадиев, Бижамал Рамазанова, Сәкен Иманасов, Әбілсейіт Айханов, Ізбасар Балтағұлов, Алмабек Нұрышев, Нүсіпбек Әшімбаев сияқты аға-апалар оның «Аманат» хабарына қатысып, іргелі ойларын, жарқын естеліктерін айтты. Осы және басқа кейіпкерлердің кейбірі енді о дүниеге аттанып кеткенін ойласақ, олардың бейнесінің телевизияда, яғни ұлттық жадыда сақталып қалулары – Мейрамбектің тілші ғана емес, азамат ретіндегі еңбегінің арқасы.

Шерхан Мұртаза туралы деректі фильмінің атының өзі неге тұрады – «Шындықтың жебесі». Төле би туралы фильмін қалай үкілеген – «Қазақтың кемеңгері». Мұндай журналистік ізденістер ізсіз кетуі мүмкін емес, ол үшін Мейрамбек Төлепберген респубxadликалық байқауларда талай жүлде алған.

Бір сөзбен, журналистика саңлағы.

Үш тарауды қосып түйіндесек, стаxadроста, сақа, саңлақ – біздің Мейрамбек.

Қайнар ОЛЖАЙ

Айқын. – 2017. – 3 мамыр (№64)



«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым»

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым»

Ұлт поэзиясының қара нары Жамбыл Жабаев 1846 жылдың ақ түтек, ақ боранды ақпанының соңғы күнінде Шу өзені бойындағы Жамбыл тауының етегінде дүние есігін айқара ашқаны мәлім. Ақтаңгер ақын ол туралы «Менің өмірім» атты өлеңінде бүй дейді:

«Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,

Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,

Ел көрдім, еңіреп босқан аңды көрдім,

Қойнында Алатаудың зарды көрдім…».

Иә, ол дәуірдегі ел ішіндегі әлеуметтік жағдайды теңсіздікті Жәкеңнің жыры арқылы да жазбай тани түсеміз. Қоқан хандығының езгісінен қапа болған қара орман халықтың қайғысын ақын жүрегі қарс айырыла сезбесе, кім сезсін?! Ақ патшаның әмірі мен қоқандықтардың жосықсыз алым-салығы елді титықтатқанын да ХХ ғасыр Гомерінің зарынан аңдай түсетініміз тағы бар. Ол сол дәуірдегі қалың бұқараның тұрмыс кешу қалыбын, діңкелеген кейпін айна-қатесіз жанды картина ретінде көз ұшында көлбеңдетіп қоя берді.

Әсілінде көпшілік айтыс ақыны ретінде таныған Жамбыл Жабаевтың жазба поэзияға жатық болғаны да есті жұрттың көңіл түкпірінде сақтаулы. Сегіз жасында әкесі молдаға бергенде тәлімгерінің тәлімі кәллаға қонбай, ескіше оқуды қомсынбаған Жамбыл өлеңдерінің бірінде:

«Бала келсе сабаққа,

Жем аңдыған дорбадан.

Ақ сәлдесі басында,

Бозінгендей боздаған», –

деп, молданың қисынсыз әрекетін әшкерелей түседі.

Шапыраштының Екей руынан тараған Жәкең «Екейде елу бақсы, сексен ақын» деп өз руында алдаспан ақындардың көп болғанын да сөз етеді. Қазіргіше айтсақ, осындай үлкен әдеби орта Жамбылдың қанатының қатаюына мол септігін тигізгені ақиқат. Сонымен қатар, ХІХ ғасырдағы суырыпсалмалық өнердің классигі, М.Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы» деп атаған Сүйінбай Аронұлынан бата алған. Содан болса керек, «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, ұлы ақын ұстазының атын ұран етті.

«Жылқышы», «Сараң бай мен жомарт кедей» атты өлеңдерінде сол кездегі бай мен кедей арасындағы арақатынасты шендестіре отырып жырлады.

Малы көп бай жылайды қар жауғанда,

Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.

Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,

Әйелі шелек толы сүт сауғанға.

Малы көп бай ертемен жейді қаймақ,

Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап.

Ең болмаса, айранға тойғызса деп,

Жатса, тұрса тілейді «а, құдайлап», – деп дәуір үнін жеткізген Жамбыл Жабаев ақындық сертіне адалдық танытып, елдің мұңын мұңдаудан еш танбады.

Жамбылдың да жүрегін махаббат дерті меңдеп, алпыс екі тамырын идірсе керек. Мәселен, Бұрым қыз хақындағы өлеңінде ол «Сен лашын болғанда, мен ақ сұңқар Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр» деуінен махаббаттағы сәтсіздігі аңғарылатындай. Қалай десек те, өлеңдерінде лашын, ақ сұңқар, тұлпар, қорғасын, қаңбақ, құрық, құлын секілді сөздерінен ақынның ойлары теңеулермен қымталып, ойды образға орап беретіндігін аңғару қиынға соқпайды.

Жалпы, айтыс әлемі туралы сөз бола қалса, Жамбыл мен қырғыз ақыны Тоқтағұл арасындағы сөзсайыс жұрттың есіне бірден түсіп, елең еткізері хақ. Тоқтағұл мен Жамбыл ілгеріден таныс, бір-бірінің өнерін қатты қадірлеген елдің маңдайалды ақындары екені айқын. Шәбден манаптың асында «қашқын» атанған Тоқтағұлға:

«Тұлпарды тұлпар таниды,

Ертеден шапса талмайтын.

Сұңқарды сұңқар таниды,

Ілерде жемін самғайтын.

Батырды батыр таниды,

Ұрандап жауға шапқанда.

Жауған оқтан қайтпайтын,

Жақсыны жақсы таниды,

Сыртынан ғайбат айтпайтын.

Ел бұлбұлы Тоқтағұл,

Жырымен жауын жасқайтын.

Пенде емес пе Тоқтағұл,

Ордаға аяқ баспайтын.

Қарғаны қарға таниды,

Қарқылдап қағып қанатын.

Құзғынды құзғын таниды,

Өлексеге ауыз салатын.

Болысты болыс таниды,

Параны жалмап алатын.

Манапты манап таниды,

Нашарға құрық салатын.

Ақынды ақын таниды

Сөз қадірін аңдайтын.

Тоқтағұл мен Жамбылдың

Жырлары сел боп ағатын.

Қиядан ұшса қос қыран,

Бірін-бірі табатын», —

деп сөз бастаған Жамбыл маңдайынан тарамдалып тер ағып, Тоқтағұл досының ірілігі мен серілігін, ақжарқын мінезін, пейілін толғатады. Осы сәтте жүзіне шаттықтың табы ұялаған Тоқтағұл да шамырқанып, досының ниетіне тәнті қалыппен қомузын қолына алып:
«Қазақта Жамбыл сен едің

Шалқып жатқан көл едің.

Өлеңі оттай лаулаған

Тасып бір өткен сел едің.

Қырғызда бір бауырың

Тоқтағұлың мен едім.

Қай қырғыздан кем едім,

Қарсы болып манаппен

«Итжеккенді» көргенмін.

Жаласымен бектердің

Сібірде де өлмедім.

Қорлық көріп жүргенде

Өлең болып ермегім.

Сағынып елге келгенде

Намысты қолдан бермедім», –

деп, Сібірге айдалғандағы көрген құқайлары жайлы термелеп, қыр соңына шырақ алып түскендерге ерекше екпінмен үн қатады.

– Ей, манаптар, манаптар

Шәбденнің бұл асында

Қырғыз бенен қазақтар,

Бас қосады деген соң

Жиналыпты санаттар.

Болыс пенен билерің,

Қазан аңдып бұл күнде

Бұралқы иттей жалаңдар, –

деп барып тоқтағанында, зорсынғандардың жолында жанын құрбан санаған әлдекімдердің танаулары делдиіп, шамданып, шатынап кетеді. Алайда кім не десе де, достықты ту еткен қос алыптың уытты шумақтары көпшіліктің көңіл пернесін дөп басқанын ешкім де жоққа шығара қоймас.

Жамбылдың Айкүміспен айтысы да қыз бен жігіт арасындағы айтыстың классикалық үлгісі ретінде тарихтан ойып тұрып орын алғаны мәлім. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған Ұлы абыз мінеки, 170 жасқа толып отыр. Оның мол мұрасын ұрпақтар санасында жаңғырта түсу баршамыздың парызымыз екені анық. Жалпы, Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, айтыс өнеріндегі рөлі туралы бір мақалада толыққанды айтып кету мүмкін емес. Ендеше ХХ ғасыр Гомері туралы алдағы уақытта да айтыла, жазыла жатар…

Табиғат АБАИЛДАЕВ,

Ақ жол. – 2016. – 23 ақпан. – 6 б.