«ТЕАТР – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ ОРТАСЫ»

«ТЕАТР – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМ ОРТАСЫ»

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойына орай М.Әуезов атындағы кітапханасы  оқырмандарға театр өнерінің адам тәрбиесіндегі, рухани дамуындағы маңызын түсіндіру мақсатында «Театр – тәлім-тәрбие мен тағылым ортасы» атты ауызша журнал өткізді. Ауызша журнал барысында театрдың құрылу тарихы, М.Әуезовтің қазақ драматургиясына қосқан үлесі, сахна саңлақтарының шығармашылығы туралы мағлұмат берілді.

 

«СУ АСТЫ ӘЛЕМІ»

«СУ АСТЫ ӘЛЕМІ»

 

М.Әуезов атындағы кітапханасының балалар бөлімі №13 орта мектебінің 4-сынып оқушыларына арналған «Су асты әлемі» атты медиа саяхатын ұйымдастырды. Бұл шара барысында оқушылар су асты әлемінің қызықты құпияларымен танысып, теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің ерекше әлеміне саяхат жасады.

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК»

   «ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК»

 

Ақбұлым алабының кітапханасында кітапхана оқырмандарының діни сауаттылығын арттыру және радикалды ағымдардың ықпалына түспеу жолдарын түсіндіру мақсатында «Жастар және діни қауіпсіздік» атты пікір алмасу шарасы өткізілді. Шара барысында оқырмандарға діни экстремизм мен радикализмнің қаупі туралы ақпарат беріліп, жастардың теріс идеологиялардың ықпалынан сақтану үшін қандай шаралар қабылдауы керектігі жөнінде кеңестер ұсынылды.

«МУЗЫКА — ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТІЛІ»

«МУЗЫКА — ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТІЛІ»

Ұлы дала шағын ауданының кітапханасында оқырмандарға  Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері  Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай композитордың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында        «Музыка — ұлттық рухтың тілі» атты өнер сағаты өткізілді.

«ХАЛЫҚ ҚИЯЛЫНДАҒЫ НЕГІЗ»

«ХАЛЫҚ ҚИЯЛЫНДАҒЫ НЕГІЗ»

 

№5 кітапханасында оқырмандарға   «Айман – Шолпан» поэмасына 130 жыл толуына орай , поэманың негізгі ойы мен тәрбиелік мәнін кеңінен ашу, әрі оқырмандардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Халық қиялындағы негіз» атты әдеби салон өткізілді.

«ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ДҮЛДҮЛІ»

«ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ДҮЛДҮЛІ»

 

Абай атындағы орталық  кітапханасында «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында  оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның ақындық мұрасын насихаттау арқылы қазақ поэзиясына деген қызығушылықты арттыру және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Өлең сөздің дүлдүлі» атты әдеби бенефист өткізілді.

«ӨНЕР ҚҰДІРЕТІ МӘҢГІЛІК»

«ӨНЕР ҚҰДІРЕТІ МӘҢГІЛІК»

Ұлы дала шағын ауданының кітапханасында оқырмандарды  өнерге деген құштарлық сезімдерін ояту арқылы қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Өнер құдіреті мәңгілік» атты фото көрме ұйымдастырды.