«АЗАМАТ, ҚАЛАМГЕР, ҚАҺАРМАН»

Ғани Мұратбаев атындағы кітапханасы «Ел болып оқимыз» атты жобасы аясында жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының даңқты командирі Б.Момышұлының 115 жылдығына орай ерлікті ұлықтау, жастарға патриоттық тәрбие беру, батырдың өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Азамат, қаламгер, қаһарман» атты тарихи портрет өткізді.

«АЯЛАСАҢ ТАБИҒАТТЫ АЯЛА»

«АЯЛАСАҢ ТАБИҒАТТЫ АЯЛА»

Абай атындағы орталық кітапханасында оқырмандарға адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігі мен жанашырлығын ояту мақсатында «Аяласаң табиғатты аяла» атты экологиялық дайджест өткізілді.

«БІЗ ТАБИҒАТ ҚОРҒАНЫ»

«БІЗ ТАБИҒАТ ҚОРҒАНЫ»

М.Әуезов кітапханасында оқырмандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғау мен аялауға тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Біз табиғат қорғаны» атты ойын викторинасы өткізілді

«АБАЙТАНУ САЛАСЫНЫҢ АЛЫБЫ»

«АБАЙТАНУ САЛАСЫНЫҢ АЛЫБЫ»

Абай атындағы кітапханасында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының 95 жылдығына орай «Абайтану саласының алыбы» атты библиография күні өткізілді

«ӨЛЕҢІНІҢ ӘР ЖОЛЫ ӨМІРБАЯН»

«ӨЛЕҢІНІҢ ӘР ЖОЛЫ ӨМІРБАЯН»

№4 кітапханасында шығармашылығын насихаттап, өмір жолы мен әдеби мұрасын жас буынға таныстыру мақсатында Қазақстан поэзиясына өзіндік үнімен, сырлы жырларымен үлес қосқан ақын Шырын Мамасерікованың мерейлі 80 жасқа толуына орай «Өлеңінің әр жолы өмірбаян» атты библиография күні өткізілді

 

 

 

«КІТАП-ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»

«КІТАП-ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»

Aulieata book республикалық кітап фестивалі

23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай Шоқан Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Көне тараз» тарихи мәдени кешені, «Достық үйінде» ұйымдастырған «КІТАП-ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» Aulieata book республикалық кітап фестивалінде Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, «Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін, «Тор жорға» күйін, «Қазақ» биін орындап, Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, тақырыптық театрландырылған көрініс көрсетті.
Кітапхана оқырмандары №5 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Әдия Әділахмет «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» атты , №24 мектеп гимназияның 9 сынып оқушысы Екатерина Корнилова «В тот час, когда сгущаясь тени» атты, ІТ лицейдің 10 сынып оқушысы Медина Мусин ««Эит степс» (Сегіз аяқ) атты өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды. Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Рахат Саламатова ұлы ақын туралы ой бөлісті. Абайдың өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның еңбектері мен шығармалары, сондай-ақ ол туралы белгілі тұлғалардың мақалаларынан кең көлемде «Адамзаттың шамшырағы-Абай» атты кітап көрмесі, түрлі кітап инсталяциялары ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері ойшылдың өнегелі өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттады.