«ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ТҰЛҒА»

«ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ТҰЛҒА»

М.Әуезов атындағы кітапханасында түркі халықтары ұлт- азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, тарихшы Тұрар Рысқұловтың туғанына -130 жыл толуына орай «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға» атты дөңгелек үстел өткізілді.

«АҚЫННЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы қазақтың белгілі қаламгері, талантты ақын Өкім Жайлауовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ақынның өмір жолы» атты әдеби вернисаж өткізді.

«САНДУҒАШЫ ҚАЗАҚТЫҢ»

«САНДУҒАШЫ ҚАЗАҚТЫҢ»

№ 6 кітапханасында халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың -85 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сандуғашы қазақтың» атты әдеби кеш өткізілді.

«ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР»

«ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР»

Абай атындағы орталық кітапханасында қазақтың белгілі ақыны, талантты қаламгері Өкім Жайлауовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ғибратты ғұмыр» атты шығармашылық портрет өткізілді.

«ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ»

«ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ»

№ 7 кітапханасында қазақ халқының біртуар қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына- 85 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Поэзия падишасы» атты поэзия кеші өткізілді

 

« ҚЫЗ БАЛА- ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ»

« ҚЫЗ БАЛА- ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ»

№ 6 кітапханасында «Сырғалым» клуб мүшелерімен « Қыз бала- ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты әңгімелесу сағаты өткізілді. Кеш қонақтары кітапхана саласының зейнеткері Анар Несіпбайқызы, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің оқытушысы Айдана Біржанқызы қатысып, қыз баланың бойына мәдениеттілік, ізеттілік, әсемдік тәрізді қасиеттерді ұялату мақсатында әңгіме тарқасты

«ЖОЛДАУ- ЖАРҚЫН КҮНДЕР ЖОСПАРЫ»

«ЖОЛДАУ- ЖАРҚЫН КҮНДЕР ЖОСПАРЫ»

№ 5 кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын оқырманға насихаттау мақсатында «Жолдау- жарқын күндер жоспары» атты ақпарат сағаты өткізілді.

 

«СЕНІҢ ӨМІРІҢ. СЕНІҢ ОРТАҢ. ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ»

«СЕНІҢ ӨМІРІҢ. СЕНІҢ ОРТАҢ. ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ»

Абай атындағы кітапханасында «Сенің өмірің. Сенің ортаң. Есірткіге жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде кітапхана оқырмандарына әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – нашақорлық туралы әдебиеттер ұсынылды.

 

«МҰРАҒАТ – ТАРИХ АЙНАСЫ»

«МҰРАҒАТ – ТАРИХ АЙНАСЫ»

Абай атындағы орталық кітапханасында «Киелі өлкенің кілті – біздің қолымызда» жобасы аясында және 22 желтоқсан – Архившілер күніне орай «Мұрағат – тарих айнасы» атты кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға Тараз қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысып, кітапхана оқырмандарын мемлекетіміздің тарихын қастерлеу бағытындағы жұмыстарымен,тарихи құжаттармен таныстырды.