«АҚЫН ЖЫРЫ-ЖҮРЕК ЖЫРЫ»

№ 4 кітапханасы қазақтың белгілі ақыны,талантты қаламгері Өкім Жайлауовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ақын жыры-жүрек жыры» атты ақпараттық шолу өткізді.
«АҚЫН ЖЫРЫ-ЖҮРЕК ЖЫРЫ»

№ 4 кітапханасы қазақтың белгілі ақыны,талантты қаламгері Өкім Жайлауовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ақын жыры-жүрек жыры» атты ақпараттық шолу өткізді.
«КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ- ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҚҰНДЫ ЖАУҺАРЛАРЫ»

Абай атындағы орталық кітапханасында Тәуелсіздік күні қарсаңында оқырмандарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында «Көркем әдебиет- ұлтымыздың құнды жауһарлары» атты оқырмандар байқауы өткізілді.
Байқауға 21-29 жас ерекшеліктерімен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Ережеде көрсетілген уақытта проза және поэзия жанрлары бойынша өзін таныстыру, ақпараттық шолу, көркемсөз шебері, сұрақ-жауап сынды байқаудың шарттарымен тапсырмалар орындады. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың шығармашылығын бағалау мақсатында олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамы бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Проза жанры бойынша І-ші орынды Сәбеков Сұлтанбек, ІІ-ші орынды Аймахан Жәнібек, ІІІ-ші орынды Досым Сұлтан иеленді.
Поэзия жанры бойынша І-ші орынды Ілиясова Лаура, ІІ-ші орынды Балтабаев Мұқағали, ІІІ-ші орынды Апбасов Дидар иеленді. Жеңімпаз оқырмандар әрбір номинация аясында алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ДАРАБОЗЫ»

№6 кітапханасында қазақтың атақты балуаны, халық композиторы Балуан Шолақтың 160 жылдығына орай «Ұлы дала елінің дарабозы» атты библиография күні өткізілді.
«ҚАЛАМЫНАН ОЙ ТАМҒАН»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы қалың елге қаламгерлігімен танылған қайраткер азамат, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мақұлбек Рысдәулеттің 75 жылдығына орай «Қаламынан ой тамған» атты дауыстап оқу өткізді.
«КІТАП ШАБЫТ БЕРЕДІ»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында «Кітап шабыт береді» атты әдеби калейдоскоп өткізді.
«ӨЗ ДӘУІРІНІҢ ШЫНДЫҒЫН КЕҢ ЖЫРЛАҒАН»

М.Әуезов атындағы кітапханасында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы демократ ақын С.Дөнентаевтың 130 жылдығына орай, шығармаларын насихаттау мақсатында «Өз дәуірінің шындығын кең жырлаған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БІРТУАР АҚЫН ҚЫЗЫ»

М.Шолохов атындағы кітапханасында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Қазақ халқының біртуар ақын қызы» атты әдеби портрет өткізілді.
«КІТАП ЖӘНЕ ЖУРНАЛ БЕТТЕРІНДЕ»

М.Әуезов атындағы кітапханасында «Кітап және журнал беттерінде» атты библиомикс өткізілді.
«ДІН- РУХАНИ ӨМІРІМІЗДІҢ НЕГІЗІ»

Абай атындағы орталық кітапханасы оқырмандарға адамзат тарихы мен мәдениетттің ажырамас бөлігі- дін туралы пікір алмасу мақсатында «Дін- рухани өміріміздің негізі» атты дөңгелек үстел өткізді
«ҚОЛӨНЕР- ЗОР ӨНЕР»

№ 5 кітапханасы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, қолөнер- халықтың өз қолымен жасаған, ұлттық мәдениет пен өнер туындысы екені жайлы ақпарат беру мақсатында «Қолөнер- зор өнер» атты шебермен кездесу өткізді.